«Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мм

Loading...


жүктеу 24.08 Kb.
Дата03.02.2017
өлшемі24.08 Kb.
«Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ
Бөлімге келіп т2014 жылға 8 ай бойынша бөлімге жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштеріне уақытында жауап берілді. Оның ішінде жеке тұлға бойынша 897 арыз, заңды тұлғалар бойынша 37 өтініш түсіп қанағаттандырылды.

Құрылысы аяқталған нысандар есебі. Жаңаөзен қаласы, Теңге, Қызылсай, Рахат ауылдары бойынша қаңтар-тамыз айы аралығында 68,1 ш.м. тұрғын-үй пайдалануға қабылданды. Бөлімде құрылысы аяқталып жеке тұрғын үйлерді қабылдау актісін алуға 470 өтініш түсіп, құжаттарына сәйкес қанағаттандырылды.

Пәтер ішіне қайта жоспарлау жұмыстарын жүргізіп қабылдау үшін 117 өтініш қабылданып, қанағаттандырылды.

Коммерциялық нысандар бойынша қабылдау жүргізуді сұрап, 36 өтініш түсіп, 35–ы қабылданып, қалған 1-еуі құжаттары сәйкес болмауына байланысты өтініш иесіне құжаттарын түгендеу бойынша хат жолданды.

Мемлекеттік қызметтер. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы бөлімде Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру және Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік обьектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.


Сәулет-жоспарлау тапсырмасын алуға 69 қабылданып, 69 сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы жасақталды.

Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік обьектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру бойынша, «Мекен-жай тіркелімі ақпараттық жүйесі» мемлекеттік базасына енгізіліп 1479 анықтама берілді.



Нақты жоспарлау жобасы.Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілген, Жаңаөзен қаласының Рахат кенті мен Рауан шағынауданына нақты жоспарлау жобасы бекітілді.

Жаңаөзен қаласының Теңге елді мекеніне нақты жоспарлау жобасын жасақтау үшін жергілікті бюджеттен 7,8 млн. теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда, аталған жобаны ұтып алған мердігер «Градкомплекс» ЖШС-де жасақтап, тиісті мекемелердің келісімін алуға жолдануда.



Абаттандыру. Жаңаөзен қаласының әкімінінің өкімі негізінде, қаланың сәулеттік келбетін жақсарту, абаттандыру, көгалдандыру, және санитарлық гигиеналық, экологиялық жай күйін жақсартып тазалығын сақтау мақсатында, қаланың орталық көшелерінде орналасқан коммерциялық нысандарына және көше бойында орналасқан жеке тұрғын үйлерге және мекемелерге ескерту қағаздары таратылды.

Сонымен қатар, қаладағы көп қабатты тұрғын үйлерге және ауласына орнатылған спутниктік антенналарды тұрғын үйдің шатырына көшіру жұмыстары жүргізілді.

Көп қабатты тұрғын үйлердің жанынан жапсарлас бастырма (навес), тапшан, аула қосқан, қосымша бөлме құрылыстарын заңсыз жүргізіп алған нысандары бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. ЖПИК арқылы тұрғындарға ескерту таратылды.

Ағымдағы жылы, қаламызда Неке сарайы іске қосылды. Қаланың Самал шағынауданындағы «Зиба» сауда ойын-сауық орталығы ғимаратына қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2014 жылдың қазан айына аталған нысанды ашу жоспарлануда.



Өркен шағынауданындағы Жаңаөзен сауда ойын-сауық орталығының қазіргі таңда негізгі құрылыс жұмыстары аяқталуда. 2014 жылдың желтоқсан айында іске қосу жоспарлануды.

Қаланы абаттандыру мен жасыл желектерді көбейту, балалар ойнайтын алаңша, спорттық ойындарына арналған алаңдарды орнату жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге заман талабына сай қаланың орталық алаңына музыкалы су бұрқағын (фонтан) салуға 4 млн. теңге қаражат көлемінде жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуды.
: media -> uploads
uploads -> Регламенті Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
uploads -> «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі
uploads -> «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мм-нің 2015 жылда атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер
uploads -> «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мм
uploads -> Регламенті Жалпы ережелер «Мұрағаттық анықтамалар беру»
uploads -> Аудандық әкімдіктің регламенті Жалпы ережелер
uploads -> Регламенттерін бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»
uploads -> D-o-4 санаты үшін
uploads -> Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидалары
uploads -> Таушық селосы әкімінің 2014 жылға әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алда тұрған міндеттері туралы «Таушық селосы әкімінің аппараты»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...