«Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мм-нің 2015 жылда атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер

Loading...


жүктеу 22.35 Kb.
Дата03.02.2017
өлшемі22.35 Kb.
«Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің 2015 жылда атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер.
2015 жыл бойынша бөлімге жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштеріне уақытында жауап берілді. Оның ішінде жеке тұлға бойынша 1930 арыз, заңды тұлғалар бойынша 68 өтініш түсіп қанағаттандырылды.

Құрылысы аяқталған нысандар есебі. Жаңаөзен қаласы, Теңге, Қызылсай, Рахат ауылдары бойынша қаңтар-желтоқсан айы аралығында 111,733 ш.м. тұрғын-үй пайдалануға қабылданды. Бөлімде құрылысы аяқталып жеке тұрғын үйлерді қабылдау актісін алуға 1094 өтініш түсіп, құжаттарына сәйкес қанағаттандырылды.

Пәтер ішіне қайта жоспарлау жұмыстарын жүргізіп қабылдау үшін 325 өтініш қабылданып, қанағаттандырылды.

Коммерциялық нысандар бойынша қабылдау жүргізуді сұрап, 144 өтініш түсіп, 132–ы қабылданып, қалған 12-еуі құжаттары сәйкес болмауына байланысты өтініш иесіне құжаттарын түгендеу бойынша хат жолданды.

Соның ішінде, негізгілері 8-мейрамхана, 3-балабақша, 15 - автокөліктерге қызмет көрсету, 2- дүкен нысандары пайдалануға қабылданды.


Мемлекеттік қызметтер. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы бөлімде Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру және Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік обьектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.


Сәулет-жоспарлау тапсырмасын алуға 141 қабылданып, 141 сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы жасақталды.

Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік обьектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру бойынша, «Мекен-жай тіркелімі ақпараттық жүйесі» мемлекеттік базасына енгізіліп 1521 анықтама берілді.



Нақты жоспарлау жобасы. Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілген, Жаңаөзен қаласының Рахат кенті мен Рауан шағынауданына нақты жоспарлау жобасы бекітілді.

Жаңаөзен қаласының Теңге елді мекеніне нақты жоспарлау жобасы жасақталып, қазіргі таңда тиісті орындардан сараптамалық келісімін алуға жолдануды.



Абаттандыру. Жаңаөзен қаласының әкімінінің өкімі негізінде, қаланың сәулеттік келбетін жақсарту, абаттандыру, көгалдандыру, және санитарлық гигиеналық, экологиялық жай күйін жақсартып тазалығын сақтау мақсатында, қаланың орталық көшелерінде орналасқан коммерциялық нысандарына және көше бойында орналасқан жеке тұрғын үйлерге және мекемелерге ескерту қағаздары таратылды.

Сонымен қатар, қаладағы көп қабатты тұрғын үйлерге және ауласына орнатылған спутниктік антенналарды тұрғын үйдің шатырына көшіру жұмыстары жүргізілді.



Көп қабатты тұрғын үйлердің жанынан жапсарлас бастырма (навес), тапшан, аула қосқан, қосымша бөлме құрылыстарын заңсыз жүргізіп алған нысандары бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. ЖПИК арқылы тұрғындарға ескерту таратылды.

Бөлім басшысының у.м.а. М.Джумагалиев
: media -> uploads
uploads -> Регламенті Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
uploads -> «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі
uploads -> «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мм
uploads -> «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мм
uploads -> Регламенті Жалпы ережелер «Мұрағаттық анықтамалар беру»
uploads -> Аудандық әкімдіктің регламенті Жалпы ережелер
uploads -> Регламенттерін бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»
uploads -> D-o-4 санаты үшін
uploads -> Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидалары
uploads -> Таушық селосы әкімінің 2014 жылға әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алда тұрған міндеттері туралы «Таушық селосы әкімінің аппараты»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...