ЖАҢа жаһандық Өзгерістер жәНЕ ОТандық тарих ғылымының болашағы аннотация Мақала Қр президентінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»

Loading...


Дата10.09.2017
өлшемі48.17 Kb.
ӘБЖАНОВ Х.М.

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және

этнология институтының директоры,

т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі



ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
Аннотация
Мақала ҚР Президентінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауына арналған. Онда еліміздің стратегиялық саясаты мен ғылымның рөлі мен маңызы ашылған. Отандық тарих ғылымы мен «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының арасындағы байланыс сипатталған. Сондай-ақ тарих ғылымына қатысты қаржыландыру саясатын жетілдіру жолдарына байланысты нақтылы тәжірибелік ұсыныстар берілген.

Кілт сөздер: ҚР Президенті, Н.Ә. Назарбаев, Жолдау, отандық тарих ғылымы, ғылыми-зерттеу институттары

2015 жылғы 30 қараша күні Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты бұл құжат отандық тарих ғылымына тікелей қатысы бар пайымдарымен ерекшеленеді.

Біріншіден, Жолдауда санғасырлық тарих тағылымын бойына жинаған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы әлденеше рет ауызға алынып, оның бүгінгі және ертеңгі міндеттер үдесінен шығарар әлеуеті жоғары бағаланды. Екіншіден, тәуелсіздік жылдарында қол жеткен табыстар қатарына Қазақстан тарихын зерттеудегі ілгерілеу жатқызылды. Еліміздің дағдарысқа қарсы мүмкіндіктерін талдай келе Елбасымыз: «тарихымызды түгендеп, мәдениетімізді өркендетуге қол жеткіздік», деген тұжырымды алға тартуы тарихшы ғалымдарды қанаттандыратыны күмәнсіз. Үшіншіден, әлемдік дағдарыс тәуелсіз жас мемлекеттер үшін сын-қатерді ұлғайтып қана қоймайтынын, тың мүмкіндіктерге өріс беретінін жан-жақты дәйектеуі заманауи саяси, қоғамдық-гуманитарлық, теориялық-методологиялық ақыл-ойдың тамаша жетістігі ретінде бағалауға лайық.

«Зеңбіректер гүрсілдегенде, музаның үні өшеді», деген қағида бар. Экономикалық дағдарыстың зардабы білім, ғылым, мәдениет үшін, адам шығыны жоқ демесеңіз, соғыс уақытындағы қиыншылықтан бір мысқал жеңіл емес. Алдымен мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржы қысқарады. Қаржы қысқарған соң қызметкерлер санын оңтайландыру басталады. Ең соңында нақты жобаларды орындау тоқтайды немесе кейінге шегеріледі.

Осының бәріне төтеп беру әрі зерттеу жұмысының сапасын төмендетпеу – уақыт талабы. Елбасының Жолдауында қалыптасқан ахуалдан шығудың нақты жолы көрсетілген. Ол – бюджет саясатын оңтайландыру.

Мәселенің мәнісі мынада: биыл «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеулер бағдарламасы аяқталады. Елдің экономикасы өрлеу үстіндегі 2012 жылы қабылданған бағдарлама тұтастай алғанда ғалымдар таңдаған жобаларға құрылған еді. Енді, Елбасымыз айтқандай, «көрпеге қарап көсілу» керек. Бас-басымызға би болғанды доғарып, мемлекеттік бағдарлама аясында мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін тәртіпке көшкен жөн. Бұл – бір.

Екіншіден, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарға бөлінетін қаржының негізгі денін ғылыми-зерттеу институттарына (ҒЗИ) бағыштайтын уақыт келді. Мұнсыз ҒЗИ-ларда шоғырланған білікті мамандардан айрылып қалу оп-оңай. ЖОО-лар ақылы оқудан түсетін ақшалары есебінен ғылыми әлеуетті сақтай алады.

Үшіншіден, ғылымға бөлінетін қаражаттың ішкі балансына мән беру керек. Нақтырақ айтсақ, ғылыми бюджеттің 10%-ға дейінгі бөлігі қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарға жұмсалғанын қалаймыз. Сонда қаржылық, әлеуметтік әділдік орнығады.

Рас, жаһандану тұсында ғылыми-техникалық және технологиялық салаларда озғандардың асығы алшысынан түсіп, табысы артады, ұлттық қауіпсіздігі нығаяды. Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың ағыл-тегіл табыс әкелмейтіні де ақиқат. Бірақ қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарсыз Ұлт Жоспары айқындаған бірлік пен біртектілікке қол жеткізу де мүмкін емес қой.

Жолдаудағы: «Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!» деген сөздер отандық тарих ғылымының болашағын айқындап тұр. Біздің барлық зерттеулеріміздің мазмұны мен нәтижелерін осынау метологиялық ұстаныммен дәйектесек, өсім, реформалар, даму стратегиясына олжа саламыз.

Қазақстанда тарих ғылымының бүгіні мен ертеңіне баршаның назары ауып отыр. Осы сыннан сүрінбей өту үшін тарихшы ғалымдарға біліктілік пен бірлік, ізденіс пен ізгілік, мемлекетшілдік пен отансүйгіштік керек. Бүл қасиеттер қаражатты кажетсінбейді. Олар ақылмен, жүрекпен, қайратпен, ел тағдырымен біте қайнаған.

Тарих – ұлт байлығы. Ұлтқа тиесілі мұнайдан, көмір-темірден айырмашылығы ол жекешелендіруге, билік пен байлыққа жығып беруге көнбейді. Ешкімге ештеңені міндетсінбейді, бірақ құрметтеуді талап етеді. Өйткені ұлттың рухын асқақтатып, ғұмырын ұзартатын құдіреттің өзі. «Біздің жасампаз тарихымызды елдің әрбір азаматы мақтан етуге тиіс, - дейді Н. Назарбаев. Сондықтан да, біз тамырын тереңге тартып, тәуелсіздікпен бірге мәуесін жайған тарихи танымды ұрпақ санасына сіңіруіміз қажет». Демек, тарих ақиқатын ашуға қызмет ету елге, жерге, Отанға қызмет етудің бір парасы.



Абжанов Х.М.,

директор Института,

д.и.н., профессор, чл.-корр. НАН РК


НОВЫЕ ГЛОБАЛЬНЫЕ РЕАЛИИ И БУДУЩЕЕ ОТЧЕСТВЕННОЙ ИСТОРИЧЕСКОЙ НАУКИ
Резюме
Статья посвящена Посланию Президента РК народу «Казахстан в новой глобальной реальности: рост, реформы и развитие». В ней раскрыты роль и значение стратегической политики страны и науки. Охарактеризована связь между отечественной исторической наукой и национальной идеей «Мәңгілік Ел». Обоснованы практические рекомендации по оптимизации изучения бюджетной политики в отношении исторических исследований.

Ключевые слова: Президент РК, Н.А. Назарбаев, Послание, отечественная историческая наука, научно-исследовательские институты.

Abzhanov Kh.M.,

Director of the Institute,

Doctor of Historical Sciences, Professor, Corresponding Member of the NAS RK


THE NEW GLOBAL REALITIES AND THE FUTURE

OF NATIONAL HISTORICAL SCIENCE

Summary

The article is devoted to the Address of the President of Kazakhstan ‘Kazakhstan in the New Global Reality: Growth, Reforms and Development’. It discloses the role and importance of the strategic policy of the country and science, describes the relationship between the national historical science and the national idea "Mangilik El." The author justified practical recommendations for optimizing the study of budgetary policies in relation to historical research.



Keywords: President of the RK, N.A. Nazarbayev, Address, national historical science, research institutes.



Каталог: edu.history -> media -> upload -> 2209 -> 2016
2209 -> Мақалада қимақ қағандығын құрған тайпалардың шығу тегінің тарихы және осыған орай ғалымдардың әртүрлі пікірлері талданған. Махмут Қашқаридің «Түркі тілдерінің сөздігіндегі» яғма сөзі талданады
2016 -> Ханкелді Әбжанов, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры
2209 -> Әбжанов Ханкелді Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры
upload -> Мақалада Мәскеу мұрағаттарында және Санкт-Петербор шаһарларында жинақталған Қазақ халқының тарихи-этнографиялық жәдігерлері туралы деректер сөз болады
upload -> ӘӨЖ 930. 2: 94(574): Ж. Е. Жаппасов
2209 -> Балтабаев е. Ж
upload -> Тарихи-саяси аспекті аннотация


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...