Жаңа дәрісті хабарлау Тақырыбы: Өндірістік шығындар Дәрістің мақсаты

Loading...


жүктеу 155.75 Kb.
Дата08.09.2017
өлшемі155.75 Kb.
Жаңа дәрісті хабарлау

Тақырыбы: Өндірістік шығындар

Дәрістің мақсаты:

Білімділік: Білімгерлерге өндіріс шығындарының мақсатын, элементтерін, ұрақты және айнымалы шығындар, өнімдлік тепе-теңдігінің ұғымы түсіндіру

Дамытушылық: Білімгерлердің алған теориялық білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету,ойлау қабілеттерін, танымдық ізденістерін өздігінен білім алуға, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдері пайдалана отырып топтасып бір - бірінің ойын іске асыру арқылы берілген тапсырмаларды дұрыс және толық орындатуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Білімгерлердің бойындағы жауапкершілікті , ізденісті, өз пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге,өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Дәрістің типі: жаңа дәрісті хабарлау

Дәрістің түрі: дәріс сабақ

Жаңа ұғымдар: «Өндірістік шығындар», «Альтернативтік шығындар», «Изокоста», «Графикалық талдау», «Орта және шекті шығындар», «Өнімділік»

Оқыту әдістері: Деңгейлік тапсырмалар , шағын топпен жұмыс, әдістерін қолдану.

Пән аралық байланыс: «Кәсіпорын экономикасы», «Экономика негіздері»,

Күтілетін нәтиже: Жаңа тақырыпты толық меңгерген білім алушы, өндірістік шығындардың негізгі құрамын, түрлерін элементтерін, сондай-ақ олардың өндірістік процестегі пайдалану тиімділігін бағалай білуі және тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар келтіре алуы қажет.

Көрнекті құралдар: тірек сызба, слайд,

Әдебиеттер:

1. «Микроэкономика» Н.Қ.Мамыров Қ.С.Есенгалиева -оқу құралы Алматы 2000ж

2. «Микроэкономика» Н.Қ.Мамыров Н.Қ Кулекеев -оқу құралы Алматы 2000ж

3. «Микроэкономика» Е.Т.Садықов --оқу құралы Алматы 2008ж



Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сыныптың сабаққа даярлығын тексеру, топтағы білім алушыларды түгендеу, жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру.

2. Студенттердің оқудағы белсенділігін арттыру / 3/мин

1. Шығындар дегеніміз не? Шығындардың жіктеуін келтіріңіз.

2.Тұрақты шығындар дегеніміз не?

3.Қысқа мерзімді өндірістің шығындарын сипаттаңыз.

4.Ұзақ мерзімдегі өндірістің шығындарын сипаттаңыз.

5.Изокоста деген не?

3. Жаңа тақырыпты меңгеру:/65/ мин

1.Өндірістің жалпы шығындарына түсінік.Өндіріс шығынының элементтері,түрлері,шығындарды төмендету

2.Альтернативтік шығындар.Тұрақты және айнымалы шығындар

3. Орта және шекті шығындар,олардың қарым-қатынасы

4. Графикалық талдау.Изокоста

5.Қысқа және ұзақ мерзімдегі шығындардың минимизациясы

6.Өнімдлік тепе-теңдігінің ұғымы.Өнімділік тепе-теңдігінің жағдайлары
ІІІ. Жаңа сабақ

Оқып пікір талдау стратегиясы (сабақты түсіндіре отырып, жетелеу сұрақтары арқылы білімгерлерді қалыптастыру)



Дәріс презентациясы (слайд)

1. Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілігі) сатып алуға шығатын шығындарды талдау қажеттілігі туындайды. Шығындар - нарықта құн формасынан алынған ресурстар шығындары. Яғни өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.

Кез-келген кәсіпорын өзінің өнімін өндірмес бұрын, қандай табыс тауып, пайда алатындығын анықтайды.

Кез-келген өнім өндірісі, жұмыс орындау және қызмет көрсету белгілі бір шығындармен байланысты, оған есеп жүргізу қажет: уақытын, өнім өндірісінің , жұмыс орындаудың,қызмет көрсетудің нақты шығындарын дұрыс көрсету, өнімнің жеке түрлері мен жалпы көлемінің анықтау.



Кәсіпорынның пайдасы екі көрсеткішке байланысты : өнім бағасы мен оның өндірісінің шығындары.Өнім өндірісі шығындары-өндіріс шығындары.

Қазіргі таңдағы экономистер өндіріс шығындарын кәсіпкер тұрғысынан қарастырады. Кәсіпорынның оңтайлы стратегиясын негіздейтін міндеттерді шешу барысында өндірістің кез келген факторын сатып алуға жұмсалған әрбір доллардың үстінен таза пайда алу принципіне негізделген мақсатқа қол жеткізіледі. Осылайша, қазіргі таңдағы экономистер дәл Маркстің нәтижесіне қол жеткізді — пайданың орташа нормасын қалыптастырды. 
Өндіріс шығындары тауарды дайындау үшін қажетті шығындарды көрсетеді. Бұндай шығындарға материалды өтеуге (шикізат, жанармай, энергия), жұмыскерлердің еңбек ақысын өтеуге, амортизацияға, өндірісті басқаруға кеткен шығындар жатады. Тауарды сату барысында оның құны ақшаға (ақшалай табысқа) айналады. Ақшалай табыстың бір бөлігі өндіріс шығындарының орнын толтыруға кетеді, ал қалған бөлігі пайда болып табылады. Осылайша, өндіріс шығындары — аталған дайын өнімнің өндірісіне кеткен шығындары болып табылады. 
Өпрямая со стрелкой 80прямая со стрелкой 81прямая со стрелкой 82прямая со стрелкой 83ндіріс шығынының келесідей элементтері ерекшеленеді:

загнутый угол 76загнутый угол 77загнутый угол 78прямая со стрелкой 79

загнутый угол 74загнутый угол 75
Өндіріс шығындары көптеген әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі:

прямая со стрелкой 73


прямая со стрелкой 52прямая со стрелкой 62прямая со стрелкой 64прямая со стрелкой 71прямая со стрелкой 72


скругленный прямоугольник 51скругленный прямоугольник 50скругленный прямоугольник 49


скругленный прямоугольник 48


скругленный прямоугольник 47
Кпрямая со стрелкой 44прямая со стрелкой 45прямая со стрелкой 46әсіпорынның шығындары туралы түсінік үш маңызды жағдайға негізделеді: 



загнутый угол 43загнутый угол 41загнутый угол 42

Өндіріс шығындары ұдайы өндірістің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынатын құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.
Өндіріс шығындарының классификациясы

прямая соединительная линия 39прямая соединительная линия 40

Бухгалтерлік шығындар


Экономикалық шығындар






прямая соединительная линия 36


прямая соединительная линия 35



Айқынсыз шығындар - кәсіпорын иесінің өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларларын пайдаланғандағы шығындар.

Айқын шығындар - шикізат, материалдарға, жолдамалы еңбеккерлердің жалақысына және т.б. кеткен ақшалай шығындар.

Жоғарыда келтірілген схемаға мынадай тұжырым жасауға болады. Бухгалтерлік шығындар - өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Онда факторлар сатып алынған бағамен көрсетіледі. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өз құны түрін алады.



Экономикалық шығындар-кәсіпорынның ресурстарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлерін айтады.

Айқын шығындар- өндіріс факторларымен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрінде жұмсалатын шығындар.

Айқын емес шығындар - өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын айтады; ғимараттардың жалға берілмеу шығындары т.б.

2.Альтернативтік  (лат. Alternus — алма-кезек) шығындар- бірін-бірі жоққа шығаратын екі немесе бірнеше мүмкіндіктердің біреуін ғана тандау қажеттілігі.

Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:

прямая соединительная линия 32прямая соединительная линия 31



Тұрақты шығындар (ҒС) – бұл шығындар өндірілген өнім көлемінің өзгеруінен тәуелсіз өзгермейтін шығындар.

Айнымалы шығындар (VС) – олар өндірілген өнім көлем өзгерген сайын өзгеріп отырады.



Тұрақты шығындар – (FC) белгілі уақыт аралығында өндіріс пен өткізу көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындарды атаймыз. Тұрақты шығындардың графикалық бейнесін бөлігіне паралельді түзу сызық көрсетеді. Тұрақты шығындарға: тұрақты салықтар, міндетті төлемдер, ренталық төлемдер; ғимараттар мен жабдықтардың амортизациялық төлемдерінің бөлшегі; сақтандыру жарналары, жұмысшылардың еңбек ақысы т.б. Олар старттық (бастапқы) және қалдық шығындар болып бөлінеді. Старттық шығындарға - өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады. Бұл шығындарды координата осінде көруге болады. Қалдық шығындар дегеніміз - өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытта толық тоқтағанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорындардың тұрақты шығындардың бір бөлігін жатқызуға болады.

Айнымалы шығындар (VC) – шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін өндірістік шығындарды айтамыз.

Апрямая со стрелкой 22прямая со стрелкой 27прямая со стрелкой 28йнымалы шығындар 3 түрге бөлінеді:
загнутый угол 19загнутый угол 20загнутый угол 21

прямая соединительная линия 17прямая соединительная линия 18 a) б) c)

прямая соединительная линия 16


полилиния 14полилиния 15 C C Vc C Vc

прямая соединительная линия 13

Vc
Q Q Qпрямая соединительная линия 11прямая соединительная линия 12прямая соединительная линия 10



3.Өндірістік шығынды талдағанда, жалпы шығындармен қатар орташа және шекті шығындарды да өте жиі қолданамыз. Өндірістің орташа жалпы шығындары ( АТС) жалпы шығынның (ТС) өндірілген өнім көлеміне (Q) қатынасымен анықталады да, өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығынды көрсетеді. Сонымен орташа жалпы шығынды көрсетеді.Сонымен орташа жалпы шығындар мына формуламен анықталады:

АТС = ТС ,

Q

Орташа жалпы шығындар екі түрге бөлінеді:



прямая со стрелкой 25прямая со стрелкой 26


АҒС- орташа тұрақты шығындар.АҒС = ҒС

Q

АVС – орташа айнымалы шығындар. АVС =



Q

Itrn3


Өнім өндірудің ең жоғары деңгейін анықтау үшін шекті шығындар МС есептеледі.

Шекті шығындар – бұл қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы. Шекті шығындардың көмегімен өндірістегі алынатын пайданың ең жоғары деңгейі анықталады. Ол үшін шекті шығындар орташа шығындар және тауар бағасымен салыстырылады.

МС= ТС, мұнда: МС-шекті шығындар,

Q Q = өндірілген өнім саны.

Орташа өнімділік пен орташа шығындар арасында, сонымен қатар шекті өнімділік пен шекті шығындар арасындағы кері байланыс бар.Жоғарыда айтылған байланыстарды түсіндіру үшін, біз еңбекті тұрақты төлем мөлшері бар PL жалғыз айнымалы фактор деп карастырамыз.Бұл жағдайда

МС= VC+ PL*L + PL+ PL

Q Q Q MPL

AVС= VC+ PL*L + PL+ PL

Q Q Q APL



Шекті шығындар – бұл қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы.

4. Изокоста –бұл жалпы шығындарының құны бірдей болатын, еңбек пен капиталдың барынша мүмкіндік болатын тіркесімен қамтитын сызық.

Изокостаның теңдеуін табу үшін, еңбектің бір сағатына деген төлемді РL арқылы белгілейік, ал Рк –арқылы капиталдың бір данасына кететін жал төлемінің құнын белгілейік.

Сонда жалпы шығын былай анықталады: ТС = РL* L + Рк *К мұнда:

РL* L- еңбекке кететін шығындар;

Рк *К- капиталға жұмсалатын шығындар;

Берілген теңдеудің жазықтығы графигі изокоста болып табылады. Изокоста теңдеуін былай жазуға болады.К= ТС/Рк-Рl/Рк* L;

К

группа 59

А

прямая соединительная линия 65прямая соединительная линия 66


В прямая со стрелкой 67прямая соединительная линия 68

L

Изокостаның бойында орналасқан кез келген Ажәне В нүктелері үшін жалпы шығындар деңгейі бірдей.А нүктесінен В нүктесіне жылжығанда қолданған капиталдың саны К-ға азаяды, ал еңбек саны L –ге көбейеді.




дуга 70 Егер факторлар бағаларырын өзгерілмейтін деп санасақ, С1, С2, С3 шығындардың әр деңгейлері үшін изокоста графиктерін салуға болады:

K B


группа 53дуга 69

C3

C2

C1 Q-200

L

Шығындардың әр деңгейлерінің изокосталары



Осы изокосталардың әр қайсысы шығындардың бір деңгейін қамтамасыз ететін факторлардың барлық мүмкін түрлерін көрсетеді. Изокоста неғұрлым жоғары болса, шығындардың соғұрлым жоғары деңгейін көрсетеді. Изокостаның еңкіштігі «алу» белгісі бар факторлар бағаларының ара қатысына тең: РL / PK = W/I

6. Өнімділік — осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген өнімдерінің сол мерзімде жасалған, немесе еңдірілген өнімдер үшін тұтынылған ресурстардың санына арақатынасы. Егер ресурстардың аталған бір түрінің (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) өнімділігін есептеу қажет болса, онда бұл есеп өнімділіктің жеке көрсеткіші болып табылады. Мысалы:

ЕӨ = Өнім көлемі/Тірі еңбек шығындары

Басқа көп түсініктер сияқты, өнімділік тиімділіктің көрсеткіштер жүйесін құруымен бірге көптеген сан көрсеткіштермен белгіленеді. Өнімділіктің' шағын және кең мағынасы болады. Өнімділіктің шағын мағынасы деп, өндірістің негізгі мақсатына көзқарас бағыты нан өндірістік процестің тиімділігін сипаттайтын, бір көрсеткіш түсіндіріледі.



Өнімділікті өлшеудің негізгі екі тобы бар.

скругленный прямоугольник 9скругленный прямоугольник 6прямая со стрелкой 7прямая со стрелкой 8

Есептер шығару:

Мысалы: «Бақдаулет» фирмасы бір тауарды өндіріп сатады, өнімнің бір бірлігінің ауыспалы шығындары төменде келтірілген ,теңге:

Шикізат пен материалдар................20

Жалақысы .........................................16

Ауыспалы өндірістік шығындар.......8

Ауыспалы өткізу шығындары ..........4

Барлығы: 48

Тауардың бір данасы 60 мың теңгеден сатылады, тұрақты шығындар 136 мың теңге фирма 32 мың теңге пайда алу үшін тауардың қандай санын сатуды керектігін анықтау керек

1.Бұл тапсырманы шешу үшін жабу сомасын анықтаймыз. Оны жалпы түсім мен ауыспалы шығындардың айырмасы, сонымен қатар тұрақты шығындар мен пайданың қосындысы түрінде анықтауға болады: 136 мың тг+ 32 мың тг = 168 теңге;

2.Жабу сомасын біле отырып, оның орташа сомасын тауар бағасы мен орташа ауыспалы шығындардың айырмасы ретінде анықтаймыз: 60мың тг - 48мың тг = 12 теңге;

3. Бір ғана тауарды өндіріліп сатылғандықтан, пайданың берілген сомасын алу үшін сатуға керекті тауар көлемін жабу сомасын оның орташа сомасына бөлу арқылы анықтауға болады:

168 мың тг/ 12 мың тг дана = 14 мың теңге;

Жаңа материалдарды бекіту:15 мин

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіздер?

1.Өндірістің экономикалық және бухгалтерлік шығындарына анықтама беріңіз?

2.Шығындардың тұрақты және өзгермелі деп бөлінуінің мағынасы неде?
3.Шекті шығындарды шекті табыспен салыстыру не үшін қажет?


1-тапсырма- терминдік сөздермен жұмыс

«Кім аз ойласа , сол қателеседі» ойыны ( топтарға терминдік сөздерді жазып шығу керек)

2-тапсырма.«Формулалар» категориясы

*Орташа жалпы шығындар формуласын толықтырыңыз: АТС =??? (АС = ТС / Q);

*Орташа айнымалы шығындар формуласын толықтырыңыз: АҒС =??? (ҒС/ Q);

*Өнімнің қосымша данасын шығарғанға кететін қосымша шығындар формуласын толықтырыңыз: МС=??? (ТС/ Q);

*Шекті шығындар формуласын толықтырыңыз: МС=??? (VС/ Q);

*Жалпы шығын формуласын толықтырыңыз: ТС = ??? ( ТС = РL* L + Рк *К);

* Изокоста теңдеуін толықтырыңыз: К= ??? (К= ТС/Рк-Рl/Рк* L);
3-тапсырма. «Есеп»

1 Кестеде автомобиль өндірісінің шекті шығындары берілген:




Автомобильдер саны

1

2

3

4

5

Шекті шығындар,мың теңге

200

180

160

150

125

4 автомобиль өндірудің жалпы шығындарын анықтаңыз,3 автомобильдің орташа жалпы шығындарын анықтаңыз.

Егер тұрақты шығындардың мөлшері 100 теңгеге тең болса,онда 5 автомобиль шығарудың жалпы айнымалы шығындары неге тең?
2 Фирманың жалпы тұрақты шығындары 300-ге тең графикте көрсетілге деректерді пайдаланып, өнім көлемі 15-ке тең болғандығы орташа айнымалы шығындардың мөлшерін анықтаңыз.

Aпрямая со стрелкой 5VC
4прямая со стрелкой 3прямая со стрелкой 40

прямая со стрелкой 2 15

3.Тігін өндірісінде капиталды еңбекпен технологиялық ауыстырудың шекті нормасы кейбір өнім көлемдері үшін 0,02-ге тең. Бұл салада құрал жабдықтың жалақысы сағатына 5000 теңге, еңбектің әр сағаттық бағасы 100 теңге. Берілген өнім көлемі үшін, жалпы шығын қандай болады?Егер фирма 1-ауысымда жұмыс істеп, айына 2000 жейде шығарса,оның орташа тұрақты шығындарының мөлшерін анықтаңыз.



4 тапсырма. «Графикалық тест»

1.Экономикалық шығындар құрамына:

А)айқын және айқын емес шығындар,сондай-ақ кәдімгі пайда да қосылады

Ә)айқын шығындар қосылып, айқын емес шығындар қосылмайды

Б) айқын шығындар қосылып, айқын емес шығындар ескерілмейді

В) айқынжәне айқын емес шығындар қосылмайды



2.Төменде айтылған тұжырымдардың қайсысы дұрыс деп ойлайсыз?

А)бухгалтерлік шығындар + экономикалық шығындар = кәдімгі пайда



Ә) экономикалық пайда- бухгалтерлік пайда = айқын шығындар

Б) бухгалтерлік пайда- айқын емес шығындар= экономикалық пайда

В) экономикалық пайда- айқын емес шығындар= бухгалтерлік пайда

3.Ұзақ уақыт мерзімінде:

А) барлық шығындар айнымалы болады

Ә)айнымалы шығындар тұрақты шығындарға қарағанда тез өседі

Б) барлық шығындар тұрақты болады

В) тұрақты шығындар айнымалы шығындарға қарағанда тез өседі

4.Төменде көрсетілгендердің қайсысы жалпы шығынды сипаттайды:

А)МС


Ә)VC - Q
Б)TC/Q
В)ҒС+VC

5.Орташа жалпы шығындар бұл өнімнің бір данасын өндіруге жұмсалатын шығындар:

А) тұрақты шығындар

Ә) шекті шығындар

Б) тұрақты және айнымалы шығындар

В) экономикалық шығындар



6.Изокоста мағынасы :

А) көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы



Ә) жалпы шығындарының құны бірдей болатын, еңбек пен капиталдың барынша мүмкіндік болатын тіркесімен қамтитын сызық.

Б) табыс пен шығындардың арасындағы айырмашылық

В) кәсіпорынның ресурстарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлерін айтады

7) Қалдық шығындар бұл...

А) өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын тұрақты шығындардың бір бөлшегі

Ә) шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін өндірістік шығындарды айтамыз.



Б) өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытта толық тоқтағанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорындардың тұрақты шығындардың бір бөлігін жатқызуға болады.

В) көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы



V. Сабақты қорытындылау

1.Білімгерлерді EXCEL программасы арқылы бағалау



VI. Үйге тапсырма :

Теориялық: дәрісті оқып келу , қосымша іздену Ә1: Т. Түсіпбеков Кәсіпорын экономикасы 146-157беттер

Практикалық: есептер шығаруӘ2: «Микроэкономика» Н.Қ.Мамыров Қ.С.Есенгалиева -оқу құралы Алматы 2000ж 214-250 беттер


: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
2016 -> АҚпараттық хат 5 мамыр 2016 жылы
2016 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 -> Силлабус пән: Психология тарихы Курс
2016 -> Силлабус пән: Практикалық психология Курс
2016 -> Мамандық бойынша оқУ – Әдістемелік кешен
2016 -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
2016 -> «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...