Жаңа білім беру нәтижесінде интербелсенді әдістерді қолдану Біз «Өмір бойына жететін білім алу»



жүктеу 93.29 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі93.29 Kb.
Жалдама жалпы білім беретін орта мектебінің

информатика пәні мұғалімі – Тайкелдин Рауан Сиражденович




Жаңа білім беру нәтижесінде интербелсенді әдістерді қолдануijfxa2nllo8.jpg
Біз «Өмір бойына жететін білім алу» моделінен  

«өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз.


Н.Ә.Назарбаев
Әлемдік бәсекелестік заманында әрбір адамның білім сапасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселесі күн тәртібіне өткір қойылып, адамның білімі мен біліктілігі қазіргі кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Бәсекеге қабілетті, интеллектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды. Қай заманда да өркениеттің өрлеуі интеллектуалдық шығармашылық қабілеттің негізінде іске аспақ.

Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму үрдісін басқару қажеттігі айқындалып отыр. Білім алушының түрлі ақпараттың толассыз ағынында бағытталуы қиынға түсіп отыр, ол үшін оның талдау, құрылымдау, жүйелеу, мәселені шешу дағдылары жетік дамытылуы тиіс. Ал бұл, педагог жұмысындағы тікелей жасалатын әдістерден, бас тартылып, артық дидактизмнен, ғибаратты сарыннан тежелуді; оның есесіне бірінші орынға қарым-қатынас жасаудың сұхбаттық әдістерін, шындықты бірлесіп іздеуді, сан алуан шығармашылық әрекетті тәрбиелеуші шарттарды жасау арқылы дамытуды білдіреді. 

Инновациялық әдістердің негізгісінің бірі-«интербелсенді оқыту әдісі». Бұл әдістің негізгі қағидасы – педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогі арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. 

Тақырыпты ашпас бұрын әуелі «интерактивті оқыту технологиясы» сөзіне анықтама бере кеткенді жөн көрдім. Білім берудегі интерактивті технология (мұндағы интерактивті сөзі латын тілінен аударғанда - «inter» - «бірлесу», «act» - «әрекет жасау» ұғымын білдіреді) – оқушының топпен жұмыс жасауын көздейтін, бірін-бірі толықтырып отыратын, сабаққа барлық оқушының қатысуына қол жеткізуге мүмкіндік туғызатын оқыту әдісі.

Интербелсенді әдістерде басты назарды “процеске”, яғни  үйрену процесінің өзіне, білім алушылардың  “қалай” және  “қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйренетіндігіне” аударады. Яғни, интербелсенді сөзі – өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режимінде болады. Осы жерде білім алушылардың жауаптарынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды. Себебі, интербелсенді оқытудың басты мақсаты – білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету. Сабақ барысында мұғалім аз сөйлеп, оқушының ойын тыңдауға басым бағытталады.

Интербелсенді оқытудың мәні мынада, оқу процесі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде білім алушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады, ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным әрекетінің өзін де дамытады. 

Интербелсенді әдістердің мәндік ерекшелігі, сипаттамасы – бұл субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық, рухани бірігуі. Қытайдың бір нақыл сөзінде: "Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін" делінген. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады.

Интербелсенді әдістерді пайдалану кезінде оқушылар түсіну процесіне толыққанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермейді, бірақ білім алушыларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, интербелсенді оқытуда оқытушы мен білім алушылардың өзара әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі білім алушылардың белсенділігіне орын береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың бастамасы үшін жағдай жасаушы болады.

Интербелсенді әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:

-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;

-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау; (оқушының өз ойын білдіруге мүмкіндік беру)

-педагогикалық қолдау көрсету. (мадақтау, айтылған әр ойдың маңыздылығын ескеру)

Интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесінде оқу үрдісінің барысында оқушылар мыналармен қарым – қатынасқа түседі:

1. Мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде);

2. Оқушылармен (жұптасып жұмыс істеу барысында)

3. Шағын топтармен (3-4 оқушымен);

4. Оқушылардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас/дебат сынып болып әлдебір мәселені талқылау барысында);

5. Техника түрлерімен (мысалға, компьютермен,  интербелсенді тақтада жұмыс істеуде).

Интербелсенді оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтаумен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Интербелсенді әдістің тағы бір ерекшелігі оқушылардың белсенділігі мұғалімнің белсенділігімен сәйкестігінде сонымен қатар оқушы мен мұғалімнің тұрақты өзара іс әрекетінде. Интербелсенді әдістерді қолдануда оқушыларды сапалы дайындықпен қамтамасыз ету оқу процесінің нәтижелігіне тікелей байланысты. Басты тапсырма оқушыларға берілген білімнің бағасында емес ол тапсырманы орындаудағы іс – әрекетінде. 

Интербелсенді әдістерге мыналар жатады: проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, пікірталастар, топпен жұмыс, «миға шабуыл» әдісі, зерттеулер, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, «инсерт» әдісі, сахналау, тест сынағы әдісі, дебат, т.б.

Интербелсенді әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші құралдарды яғни ақпараттық қорларды пайдалану: интербелсенді тақта, бейне материалдар, слайдтар, флипчартттар, компьютерлер бейне фильмдер мен бейне сюжеттерді қарап шығып талқылау, әртүрлі науқандар мен акцияларды пайдалана отырып, таныстырулар жатады. 

Оқудың интербелсенді әдістерінің артықшылығы: 

* оқушылардың қызығушылығын туғызады;

* әрқайсысының оқу үрдісіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;

* әрбір оқушының сезіміне назар аударылады;

* оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;

* оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;

* кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады;

* оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;

* өмірлік машықтарды қалыптастырады;

* мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.

Әдіс түрлері: 


Ойын түрлері; 
Жеке және жұптық, топтық жұмыстар; 
Оқушылардың өз бетінше іс - әрекеттері;  
Нақты жағдайлар, олардың нәтижесін жасау; 
Сұрақтар қоюда ынталандыру (СТО - ға үйрету); 
Оқыту мәселелері. 

1.“ Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық. 

2.“Автор орындығы” оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады. 
Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді. 
3. «Миға шабуыл» стратегиясы 
(Мұғалімдермен жұмыс) 
Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы: “оқушылар мектепті тастамас үшін не істеу керек?” 
4. “3 таяқша” әдісі 
(мұғалімдермен жұмыс) 
Берілген тақырыпқа байланысты 
1 сұрақ 
1 жауап 
1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады. 
Мысалы: “деңгейлі оқыту туралы” 
5.«Бинго» ойыны.  
Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 - сұрақ. 
Сабаққа не үшін келдіңіз? 
Алдымен оқушыларға жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу, салыстыру. 
«Әдіс алмасу үшін.» 

6.«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі 


Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба? 
Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде 
оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды. 

7. «Он сұрақ!» әдісі. 


(Негізгі сөзді табу) 
Оқушы бір сыныптасын таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады (немесе қолына ұстатып, қолын жоғары көтеріп ұстау) – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі. 
8.«Серпілген сауал» әдісі 
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз. 
Мысалы, 
“Самат Рахаттың жауабы туралы сен не ойлайсың?” 
“Самал, Айгүлдің жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?” 
“Қанат, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?” 
9. «Құпия зат» 
– мына зат бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз: 
Бұл не? деп СҰРАМАҢЫЗ 
10. «Лездеме!» әдісі. 
Сіздің топтың екі қалған оқушысына бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін сізде бір минут бар: 
Конверттен бір сөзді бір рет алу 
Сөздің өзін атамай түсіндіру 
Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді! 

11.«9 - ромб» әдісі 


Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады (екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі болып табылады). Ромбының нысаны топқа бірқатар басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді. 

12. «Бірге ойлаймыз» әдісі. Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа тартуда. 


• көршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз. 
• мұғаліміңіз 1 – 4 дейін санды таңдайды; 
• осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді; 
• талқылау және саралау үшін тамаша тәсіл. 

13. «Детальдарын қосу» әдісі. 


(толық жауап) 

Командада жұмыс істеу кезінде сізге алынған білімдерін көрсету үшін сөйлемді кеңейтуіңіз қажет. Сөйлемі барынша дұрыс және нақты команда сыйлық алады! 


Бастапқы сөйлемнің мысалы: 
Бүгін біз мектепке жиналдық. 
Кеңейтілген сөйлемнің мысалы: 
Бүгін біз Шона Сымаханұлы атындағы мектепке, семинар - кустаға келдік. 

14. Кері байланыс түрлері 


«Алма ағашы» әдісі 
• Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. 
15. «Бір сөзбен» әдісі - Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады. 
• Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану. 

16. «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының 


1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН 
2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН*, 
3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН 

17. «Таңдау» әдісі. 


• 1. Мен үшін сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын. 
• 2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды. 
• 3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым. 
• 4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым 
• 5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін. 
• Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады. 

18. Кері - байланыс әдістерінің бірі: «Тазалық» ойыны 


• Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған: 
1. Чемодан(суреті) 
2. Қоқыс жәшігі (суреті) 
3. Еттартқыш (Суреті) 
- Оқушылар, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар) 

Өзімнің жұмыс тәжірибемде интербелсенді әдістердің элементтерін пайдаланып отырамын. Педагогикалық тәжірибемде 1-2 жылдай үзіліс болғандықтан бұрынғы өткізген сабақтарымнан мысал келтіре кеткенді жөн көрдім.

8-сыныптағы Кембридж тәсілімен өткізген «Microsoft Excel электрондық кестесімен танысу», «Microsoft Excel-де берілгендерді енгізу және өңдеу», «Microsoft Excel-де формуланы енгізу және көшіру. Берілгендерді форматтау» атты сабақтарымда түрлі интербелсенді әдістерді қолдандым. Оқушыларды топқа бөліп, жұптастырып өткізген бұл сабақтар өз деңгейінде өтті. Дәстүрлі әдіске үйреніп қалған мұғалімдер мен оқушылар үшін бұл әдістер жаңашылдық болып көрінеді. Осы әдістерді әр сабағымызда қолданып отырсақ оқушыларымыз да әдіс-тәсілдерге бейімделіп, мұғалімнің көмегінсіз ой қорытып, берілген тапсырмадан нәтиже шығара алатындай дәрежеге жетер еді.

Мектебімізде интербелсенді әдістерді сабақтарында үнемі қолданып отыратын мұғалімдер жеткілікті. Атап өтер болсам география пәнінің мұғалімі – Мади Бүркітбайұлы, математика пәнінің мұғалімі – Жанат Қонысбайқызы, қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімдері – Зина Сұлтанқызы және Лунара Ғалымбекқызы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі – Мөлдір Бектұрсынқызы. Аталған мұғалімдердің көбісі деңгейлік оқудың сертификатталушылары.

Жоғарыда аталып өткен түрлі әдіс-тәсілдерді алдағы уақытта жоспарланған апталықтар мен әдістемелік күндерде белгіленген ашық сабақтарымда кіргізіп, қолданыста көресіздер деген сенімдемін.

Қазіргі уақытта оқу сабақтары барысында оқытудың интербелсенді әдістерін және интербелсенді құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Сондықтан оқу тәрбие үдерісінде үнемі жаңа оқыту құралдарының мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, оған білім алушыларымызды үйрету – әр педагогтың басты міндеті.


Қостанай облысы,

Аманкелді ауданы,



Амантоғай ауылы

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет