ЖҚ пайдалану және жөндеу 280440 «Іштен жану қозғалтқыштары» мамандығы тәлімгерлеріне зертханалық жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Павлодар



жүктеу 0.67 Mb.
бет1/3
Дата26.04.2017
өлшемі0.67 Mb.
  1   2   3


Қазақстан республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетi
Металлургия, машинажасау және көлік факультеті
Қозғалтқыштар және жол қозғалысын ұйымдастыру кафедрасы

ІЖҚ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ

280440 «Іштен жану қозғалтқыштары» мамандығы тәлімгерлеріне зертханалық жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Павлодар


УДК 623.73.06 (07)

КБТ 34.–623-5я7

І 81
С. Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кенесі ұсынған

Пiкiрсарапшы:

техника ғылымдарының кандидаты, доцент С. Дүзелбаев




Кұрастырушы: Құмаров Т.Қ.
І-81 ІЖҚ пайдалану және жөндеу. Зертханалық жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар / Құрастырушы Құмаров Т.Қ. – Павлодар: С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2007. – 57 бет

Әдiстемелiк нұсқаулықта зертханалық жұмыстарын орындауға ұсыныстар берiлiп, жұмыстардың мақсаты көрсетiлiп, бақылау тапсырмалары келтiрiлген.

Әдiстемелiк нұсқаулық 280440 «Іштен жану қозғалтқыштары» мамандығының ҚР МЖМБС талаптарына сәйкес әзiрлендi.

УДК 623.73.06 (07)

КБТ 34.–623–5я7

© Құмаров Т.Қ., 2006

© С.Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттiк университетi, 2007


Кіріспе
Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқаулар. Зертханалық жұмысты орындаған кезде студенттер теориялық білімді дамытып бекітеді және ақау анықтау, комплектілеу, жинау, қозғауыштарды жөндеу, технологиялық операцияларды және технологиялық үрдістерді жобалау, техникалық анықталған уақыт нормасын, «Автомобильдердің күрделі жөндеу жұмысы» құжаттарымен қолдануының практикалық дағдыларына, «Пайдалану және ІЖҚ жөндеу» пәні бойынша жаңа ақпаратты біліп үйренеді.

Зертханалық жұмысты орындағанда студенттен шығармашылық және өздік жұмыстарын талап етеді. Сонымен бәрге сапа, еңбек және материалдың үнемділігіне назар аударылуы керек.

Әр зертханалық жұмыста: мақсаты мен мазмұны; зертханалық жұмысты атқаруға негізгі теориялық мағлұматтар; ауысуларды орындауға керекті технологиялық нұсқаулар; зертхаланық жұмысты орындаудың тізбегін белгілейтін пиктограммалар жүйесі; кестелер мен бақылау сұрақтары берілген.

Зертханалық жұмысты орындау үшін топты екі топшаға бөледі, әрбір топша өз ішінде төрт студенттен тұратын буындарға бөлінуі керек. Сабақ, сабақ кестесі бойынша «ІЖҚ пайдалану және жөндеу» пәнінің зертханаларында жүргізілуі керек.

Зертханалық жұмысты орындауға дайындық. Зертханалық жұмысты атқару бір-бірімен байланысты төрт бөлімнен тұрады:

Үй жұмысы, өзіне жұмыстың берілгендерін үйден дайындау, кестелерді сызу, есеп бланкін дайындау;

Зертханалық жұмысқа студенттің дайындығын тексеру;

Бастапқы берілгендерді толықтыру және зертханалық жұмысты орындау;

Жұмыс орнының ұйымдастыру-техникалық қызмет көрсету, есепті жасау және қорытындыларды қорғау.

Келешек инженерлердің шығармашылық және кәсіби дағдыларын, қозғауыштарға қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын атқаруын дамыту үшін, оларға өздік жұмыс көлемін үлкейту керек.

Осы мақсатпен студенттерге бастапқы берілгендерді, есеп формулаларын, эскиздерді, кестелерді өзі осы практикум конспектілерін және сәйкес оқулықтарды зерттеп дайындауы керек.

Студенттердің өздік жұмысының көлемін оқытушы өзі белгілеуі керек.

Студенттің өздік жұмыс көлемін атқармауы, жұмыстың сапасы төмен болуы және қауіпсіздік техникасының білмеуі зертханалық жұмысты қосымша сабақтарға көшіруге әкеледі.

Зертханалық жұмыстың ретін және студенттердің өзік дайындалуына пиктограммалар жүйесі берілген.

Зертханалық жұмыстың есебі. Жұмысты орындап болған студенттер буыны оқытушыға осы практикум талаптарына сейкес есепті көрсетеді. Жұмыс қорытындыларын қорғағаннан кейін оқытушы студенттер буынын келесі жұмысты орындауға рұқсат береді.

Зертханалық жұмыстарды жүргізу жоспары
Зертханалық жұмыс уақыт бойынша келесі бөлімдерге бөлінеді:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2. Жұмысты орындауға студенттердің дайындығын тексеру.

3. Жұмыс орнының комплекттілігін тексеру.

4. Бастапқы берілгендерді толықтыру, операцияларды жобалау, эскиздерді жасау және т.б.

5. Техникалық қауіпсіздік ережелерін оқу және станоктардың басқару мүшелерін зерттеу.

6. Технологиялық операцияны жасау.

7.Жұмыс орнының техникалық-ұйымдастыру қызметін көрсету және жұмыс қорытындыларын қорғау.

Нақты жағдайға байланысты жұмысты орныдауда басқа да ұйымдастыру бөлімдері болуы мүмкін.

Кейбір түсініктер анықтамасы. Бөлшектердің ақаулау жұмыстарын жүргізгенде бөлшек деген түсініктің құрам элементтеріне бөлу керек, оларды бөлшектің конструктивтік элементтері деп атайды. Сонымен, бөлшектің конструктивтік элементі – нақты қызмет атқаратын бөлшектің конфигурациялық беті.

Конструктивтік элементтер беттері әр түрлі жүктемелердің, үйкеліс күштерінің және күрделі орта әсерінде жұмыс атқарады. Осы факторлар жинағы конструктивтік элементтің жұмыс шарты деп аталады.

Бөлшектердің конструкциясын талдағанда (қалың қабырғалы корпусты, дөңгелек, стержень, қуыс стержень, дөңгелек емес стержень және т.б.) әр қайсысына әр түрлі конструктивтік элементтерді қоюға болады. Осы элементтер әр зертханалық жұмыс мазмұнында берілген.

Технологиялық үрдісті жобалаған кезде бөлшектің конструктивтік және технологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Осы жағдайда бөлшектің конструктивті-технологиялық мінездемесі деген түсінікпен қолданған ыңғайлы. Сол мінездеменің негізгі параметрлері: материал; дайындаманы алу тәсілі; термиялық өңдеу түрі; жұмыс беттерінің қаттылығы; өлшемдердің дәлдігі; орналасуы; беттерді өңдеу тәсілдері және олардың кедір-бұдырлығы; негізгі конструктивтік элементтері; базалар; массасы және бағасы.

Ақауды жою тәсілдерін таңдау және оның қолдануының оңайлығы бөлшектің конструктивті-технологиялық мінездемесіне сай болуын, нормативті-технологиялық құжат талаптарына сай болуын қамтамасыз етуі керек.



жұмыс орнының құрал-саймандары
Орналасуы, құралдар, жабдықтар. Зертханалық жұмысты орныдаудың материалдық базасын әр қайсысының ауданы 50...60 шаршы метр екі бөлмеде (ақау анықтау және комплектілеу және жөндеу бөлмесі) орныластыру керек. Әрбір жұмыс орнының комплектілері әр зертханалық жұмыс мазмұнында берілген.

Студенттерге екі жұмыс орын қамтамасыз ету керек, бірінші оқу – құжаттарды дайындауға, есептеуге, әдебиетпен жұмыс істеуге; екінші арнайы технологиялық операцияны жасауға.

Құжаттар. Құжаттар және көрнекілік материалдар келесіден тұрады:

жұмысты орындаудың әдістемелік нұсқаулары (осы практикумде берілген);

КЖ талаптары (ақауды анықтау, жинақтау, комплектілеу, жөндеу және т.б. талаптары,);

жөнделетін және ақау анықталатын бөлшектер сызбалары;

анықтамалық ақпарат (кесу режимі, операциялық эскиздер, уақыт нормативі, кесу инструментінің мінездемесі, станокты басқару ықшам сызбасы, ақауды анықтаудың және комплектілеудің негізгі берілгендері);

жұмыс орнының құжатына жұмыс орнының планы және оның құралдары, негізгі ауысулардың атаулары және олардың тізбегі, құрал-саймандар, қауіпсіздік техникасының негізгі талаптары.

Қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы шаралар. Жазатайым оқиғалар болмауы үшін зертханалық жұмысты атқарған кезде қауіпсіздік техникасын және өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстану керек. Осы ережелерді оқып білгеннен кейін дәптерге қол қойған студенттер ғана зертханалық жұмыстарға жіберіледі

Қауіпсіздік техникасы өртке қарсы шаралар зертханаларда кәсіби одақпен және университет әкімшілігімен белгіленген келесі құжаттардан тұрады: «Кіріспе таныстыру қауіпсіздік техникасының инструкциясы», «Жұмыс орнының қауіпсіздік техникасының инструкциясы», «Өрт қауіпсіздігінің инструкциясы».

Өрт болған жағдайда:

құралдар мен жабдықтардың электр өрісінен айыру керек;

өрт ошағын сөндіру үшін өртсөндіргіштер мен басқа да құралдарды қолдану керек;

керек жағдайда өрт жайлы өрт сөндіруші бөлімге немесе университет әкімшілігіне хабарлау қажет.

Зертханалар белгіленген талаптар бойынша өрт сөндіруші құралдармен қамтамасыз етілуі қажет. Зертханаларда бірінші медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмегі бар аптечкалар болу керек.

1 Зертханалық жұмыс. Ақауларды анықтау жұмысы
1.1 Жұмыс мақсаты

Жаттығу дағдалырының ақауларын табу және әр түрлі класстағы түтіктердің үйлесуі, техникалық бақылау құралдарының қолданылуы және «Автомобильдердің күрделі жөндеу басқарылуы (КЖ) жұмыстар пайдалануы, ақау жұмыс сипаттамасын айқындау. Бұл мақсатты орындау үшін ақау жұмыстарының жүргізілуі тәртібі көрсетіледі.


1.2 Жұмыс орнының жабдықтары мен құралдыры

Зертханалық үстел, төрт есе ұлғайтатын лупа, М11 – 6Н бұрандалы калибр-тығыны, НЕ 25,04мм калибр-тығыны, штангенциркуль ШЦ – П – 250 – 0,05 (МЕСТ 166 - 80), иінді микрометр МР – 100 (МЕСТ – 4381 - 87), индикаторлы нутромер НИ 80 – 100 (МЕСТ 868 - 82), цилиндр шығыры мен гильзалар.


1.3 Негізгі теориялық мағлұматтар

Түтіктердің құрылым-технологиялық сипаттамаларын және күрделі жөндеу талаптарын білу;

Құрылым элементтерінің мөлшері мен түрлерін орнату және бақылау тізбегін тағайындау (қабырға: суыту көйлегі және жоғары картер, беріліс қорабының картері, артқы белдік картері т.б.)

Әр құрылым элементтеріне КЖ немесе сызу тетіктерінің технологиялық-геометриялық параметр мөлшерін анықтау; ақау талаптары, ақаулауға жұмыс сызығының мөлшері, жөндеусіз жүргізу, мөлшер дәлдігінің жөндеу талаптары; түрлері және орналасу орны, беттік жұмыс сапасы (қаттылық, кедір-бұдырлық);

Тетіктердің жұмыс жағдайлары мен ақауларын анықтау (тозықтар, бүлінуі, форма өзгеруі), олардың сипаттамалары (мөлшері, өлшемдік өзгеруі, түрлері мен орналасуы; беттік сапасы дәрежесінің төмендеуі, алаңы, ұзындығы, тереңдігі, пішін бүлінуі; бүгілу мөлшері, ширату және т.б.).

Ақауды анықтау құралдары мен тәсілдерін тағайындау (сайман және визуалды бақылау құралдарды тексеру, қондырғылар, ақау анықтағыш)

Тетіктердің техникалық жағдайын анықтап, тексеру.

Ақау түрлерін орнату (КЖ қара) немесе орналасу сипаттамалары, тесіктер сынықтар бұранда тозуы және басқа ақауларды анықтау.

Аспаптық бақылау мен құрал бақылауларын жүргізу.

Тозық сипаттамасын есептеу (ΔИЗН; ΔОВ; ΔКОН) және деформация (ΔИЗГ; ΔСКР; ΔНЕСООС; ΔКОР);

Бақылау көрсеткіш нәтижелерінің КЖ талаптарымен салыстыру, түтік жағдайларының категорияларын анықтау «Жөндеусіз», «Жөндеуге», «Ақау»;

Жөндеу жолын тағайындау;

Ақаулау ведомосін толтыру.
1.4 Жұмыс мазмұны

Цилиндрлар шығыры мен гильза ақаулары

Ақаулану мәліметтерін дайындау; құрылымдық элементтердің техникалық ақау жағдайларын анықтау; сарапталған тетіктердің бақылау нәтижесі; жөндеу тәсілдерін тағайындау және ақаулау технологиясының жүргізілу мазмұны.

Қозғауыштың жұмыс істеу кезінде цилиндр шығыры мен гильзаға үйкеліс күші әсер етеді, металдағы ішкі кернеу, дірілдеу, орта әсері және басқа да себепкер шарттар, осының бәрі тозуға себепкер болады (ΔИЗН до 0,150 мм), орналасуынан ауытқу (ΔРАС до 0,10 мм), түрінен ауытқу (ΔНЕЦИЛ до 0,120 мм), бетіндегі сапаның нормалауы (тотығу, сызықтар, кетіктер) механикалық бұзылыстар (жарықтар, бұранда ақаулары).

Тозуларды, механикалық және тотығу ақауларын жөндеу мөлшерімен тетіктерді өңдеу арқылы жүргізеді немесе (ДРД) қосымша жөндеу тетіктерін қосады, аргон ортасында және синтетикалы материалдармен. Түрлі ақаулармен сипаттамаларын слесарлы-механикалық өңдеу арқылы кетіреді.
1.5 Жұмысты орындауға технологиялық нұсқаулары

Цилиндр шығырының құрылымдық элементтерінің ерекшеліктерін анықтау (суыту көйлегінің қабырғаларын және жоғарғы картер, бұранда және тегіс саңылаулар, біліктің түпкі айналмалы тіректерінің ұялары т.б.) технологиялық параметрлер, жұмыс қабілетін анықтайтын (мөлшер дәлдігі, түрлі және орналасуы, кедір-бұдырлық, жөндеу мөлшері мен жөндеусіз жүргізілетін мөлшерлер) және ақаулау тәсілдері, тағыда цилиндр гильзалары

Есептеу бланкына жазу; бәріне бірдей ақаулау жұмыстары, ақауға берілген құрылым элементтерінің аталымы, технологиялық параметрлерінің шамасы және ақаулау құралдары;

Есептеу бланкасына есептеп және өлшеу нәтижелерін кестеге сызу;

Оқытушы оқушылардың зерттеу жұмысына дайындалғанын тексеру керек;

Жұмыс орнымен танысу және орналасуын анықтау, құралдардың құрылысы мен тағайындалуын, құралдар мен аспаптар, құжаттар мен анықтама тарату мазмұнына. Тізім бойынша жинақтарды тексеру. Аспаптарды жұмысқа дайындау

Ақауларының мәліметтерін толықтырып және дәлелдеу.

Цилиндр шығырының құрылым элементінің жағдайын анықтау;

Суыту көйлегі мен жоғары картердің ақауларының қандай көрсеткішпен бар екендігін тексеру арқылы анықтау. КЖ көрсеткіші бойынша, егер ол болмаса – орналасу орны мен сипаттамасы (ұзындық аумақ, тереңдік) т.б. жарық, сынық, кетік және басқа көрініп тұрған ақаулар.

Бұрандалы тесікке бұранда калибр М11-6Н бұрау. Бұранда калибр тығының теңселуі мен өстік орын ауыстыруы, шыбық бұрандасы астындағы бекітілген цилиндр қақпақшасының тесігіне бұралған, ол жөндеу жұмысын жүргізуге әсер етеді.

Калибр-тығынның итергіш саңылауына кіргізу керек. Егер, өтпейтін калибр тығыны (НЕ 25,04 мм) итергіш саңылауы арқылы өтетін болса, онда оған жөндеу жұмысы керек.

Цилиндр гильзасының құрылым элементтерінің жағдайын анықтау;

Тексеру арқылы көрсетілген гильза ақаулары жұмысқа жарамсыз деп танылады.

Индикаторлы нутромер немесе кинематикалық нутромер ұзындық өлшегіш арқылы I-I және II-II, III-III белдіктегі саңылаудың диаметрін және өзара перпендикулярлы А-А және Б-Б жазықтығын өлшеу. I-I белдігі үстіңгі піспек сақинасына орнатады, II-II гильза ортасына, III-III төменгі гильза кесігінің 20 мм жоғары орнатады. Саңылауды өлшеуге дейін индикаторлы нутромерді негізгі өлшемге орнатады. Ол өлшенетін саңылаудың толық өлшемі болып табылады.



Сурет 1.1 – Гильзадағы саңылаудың өлшем ықшамсызбасы
Индикаторлы нутромерді негізгі өлшемге орнату мынадай тәртіп бойынша құралады:өлшенетін саңылауды штангенциркульмен өлшейді. Негізгі болып толық өлшем (саңылау диаметрі 100,65 мм – негізгі өлшем 101,0 мм) саналады;

Микрометрге негізгі өлшемді орнату (алдымен «0»-ге дұрыс орнатылғанын тексеру керек).

Индикаторлы нутромердің өлшеуіш қалпақшасына өлшеуіш жамауын орнатады;

Нутромердің өлшеуіш қақпақшасын табан мен микрометрге орнатылған кіші бұранда арасына өткізеді, индикатор циферблатын бұрап «0» тілімен дәлдейді. Осы жағдай негізгі өлшемге сай келеді;

Жалпы тозуды есептеу (Иобщ), мм:
,
мұндағы Dи – шығыр гильзасының өлшемдерінің түгел диеметр

мағынасы;

Dн – пайдаланғанға дейінгі гильза диаметрі (жөндеу

сызығы мен жұмысты өлшем);

Бір жақты қалыпты қозғалыс тозуы өлшемдерін есептеу(И), мм:
,
мұндағы β – бірқалыпсыз тозу коэффициенті (β = 0,6).

Цилиндрліктен ауытқуды есептеу (овалдық, көлбеулік), мм:



Әр мойнақ үшін овалдық және көлбеулік ені мәнін аламыз. Бес нәтижені ақаулау картасына енгіземіз.

Саңылау өңдеуін есептеу (Dp), мм:


,
мұндағы Z – минималды біржақты өңдеу әдібі (қырнауға және

жоныштауға 2Z = 0.150 мм);

Dp мөлшерін Dpp жөндеу мөлшері категория мағынасымен салыстыру және жөндеу мөлшер категориясын түгел гильзаларға бірдей тағайындау (жақын үлкен РР категориясын анықтау):

Бір поястағы орнату бетінің диаметрін микрометрмен өлшеу (ортасында) және екі өзара перпендикулярлы жазықтығын өлшеу. Ең аз мөлшерін ақау картасын жазу керек.

Құрылым элементтерінің параметрлерінің жағдайын КЖ талаптарымен салыстыру және «Нәтиже» графасына тетік жағдайы категориясының есептеу бланкасына жазу («Жөндесіз», «Жөндеуге», «Ақау»). Тетікті жөндеуге жіберілген кезде ақау жөндеу тәсілін көрсету.

Ақау түрі мен сипаттамасын анықтау, бақылау кезінде орнатылған және операция аталымын тағайындау. «Жөндеуге» категориясындағы тетіктердің ақауларын жөндеуге технологиялық ауысуы мен қосымша мазмұндамасын анықтау керек.

Жұмыс орнының техникалық қызмет етуін қамтамасыз ету. Құралды белгілі жағдайда көрсету құжаттар, тетіктер, сүрту, стол бетін және тетікті сүрту жұмыс орнын тапсыру керек;

Есеп тапсыру және жұмыс нәтижесін қорғау. Мұғалімге толтырылған бланк есебін көрсету. Оқушы орындалған есептер мен алынған техникалық шешімдер, маңызды құрал сипаттары, аспаптар жұмысты орындауға қолданылған технологиялық инструкция мағынасын біліп, түсіндіре білуі керек.

Зерттеу жұмысының орындалуы пиктограмма жүйесімен анықталады (сурет 1.2)



Сурет 1.2 - Дайындамалық-соңғы өткізулер жұмыс пиктограммалар жүйесі
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары


  1. Ақауға жататын құрылым элементтерін тізбектеу, цилиндр шығыры мен параметрі, сипаттамалары.

  2. Гильзада дәл солай.

  3. Микрометрді «0»-ға қалай орнатады?

  4. Индикаторлық нутромерді бақылау өлшемге қалай орнатады?

  5. Гильза саңылауына жөндеу өлшемінің мөлшерін қалай анықтайды?


2 Зертханалық жұмыс. Иінді біліктің ақауын анықтау

2.1 Жұмыс мақсаты

Иінді біліктің ақауларын анықтауды және ақауларды жоюды үйрену


2.2 Негізгі теориялық мағлұматтар

Ақауларды анықтау үшін бастапқы мәліметтерді дайындау; ақауланған конструктивтік элементтердің техникалық сапасын анықтау; сынау берілгендерімен бөлшектерді сұрыптау; дефектті технологияға жөндеу әдістерін және үрдістер мазмұнын тағайындау; жұмыс бойынша есепті дайындау.

Жұмыс кезінде иінді білікке үйкеліс, тербеліс күші, жүктелу заңдары, қоршаған орта әсер етеді. Сондықтан тозулар пайда болады, (ΔИЗН дейін 0,10 мм дейін, ΔНЕЦИЛ 0,08 мм дейін), мойыншақтар беттері сапасының төмендеуі (рискалар, тот, кетік), механикалық дефектілер (жарықшалар, бұранда ақаулары) орналасу ауытқулары (ΔБИЕНИЯ 0,150 мм дейін), сонымен қатар көзге көрінбейтін ақаулар.

Пайда болған ақауларды жөндеу өлшемдерге келтіріп, слесарлық-механикалық жөндеу, плазманы шашырату немесе легірленген флюсті қабатын құю арқылы жою. Соғуды пластикалық деформациялаумен жөндейді.


2.3 Жұмыс орнының жабдықтары мен құралдыры

Зертханалық үстел, бөлшектерді центрге орнату және соғуды тексеру ПБМ-500 аспабы, микрометр стойкасы, штатив Ш-П-Н (МЕСТ 10197-87), төрт есе үлкейткіш лупа, иінді микрометр МР-75 (МЕСТ 4381-87), штангенциркуль ШЦ-1-160-0,1 (МЕСТ 164-80), сағаттық индикатор (МЕСТ 577-68), бірінші тамыр мойынның ұзындығын өлшеу аспабы.


2.4 Жұмысты орындауға технологиялық нұсқаулары

Үй жұмысындағы бастапқы мәліметтерді дайындау.

Иінді біліктің конструктивтік элементтерінің ерекшеліктерін зерттеу (шатун мен тамыр мойыншақтары, айнашық, маховикті бекіту фланеці, храповик бұрандасы, иінді білік және т.б.), технологиялық параметрлер, жұмыс қабілетін анықтайтын (өлшем дәлдігі, форма мен орналасу, кедір-бұдырлық, жөндеу өлшемдері) және ақауды анықтау әдістері.

Мазмұндау бланкіне конструктивтік элементтердің ақауын анықтау берілгендерінің атауын енгізу, олардың технологиялық параметрлерін масштабын және ақау әдістерін бланкіге есептеу және өлшеу кестесін сызу.

Оқытушы студенттердің зертханалық жұмысқа дайындығын тексеру керек, жұмыс орнымен танысу керек. Жұмыс орнында, сызбалар арқылы, үй жұмысындағы алынған ақауын анықтау бастапқы берілгендерін орындау және дәлдігін келтіру.

Иінді біліктің конструктивтік элементтерінің сапасын анықтау.

Бақылау арқылы ақауды іздеу, ал ол жоқ болса, кетіктердің орналасуын және сипаттамасын анықтау. Көрінетін ақауларды, және центрленген тесіктердің фаскаларының сапасын анықтау. Центрленген фаскаларда қашама болмауы керек. Егер бұрандада қашалған сымдар болса, олардың санын анықтайды.

Оқытушының рұқсатымен білікті ПБМ-500 центріне орнату.

Микрометр арқылы тамыр мойнақтардың диаметрін өлшеу. әр мойнақты 1-1, 2-2 және бір-біріне перпендикуляр А-А және Б-Б (А-А барлық тамыр мойнақтар үшін айналмақ жазықтықта оң жақтағы тамыр мойнақта алынады) жазықтықтарда өлшенеді. Белдік мойнақ шегінен, жалпы ұзындығынан ¼ қашықтықта орналасқан; алғашқы белдік иіннің басына жақын орналасқан.

Сурет 2.1 – Иінді білігінің мойнақтарының диаметрлік өлшемдерін алу тізбегі: а – тамыр (коренной), б – шатун.
Барлық мойнақтар үшін жалпы тозу масштабын есептеу (Иобщ), мм:

,
мұндағы dН – пайдалану алдында мойнақ диаметрі (жұмыстық

немесе жөндеу сызбаның минималды шекті

өлшемі);

dИ – мойнақтың минималды диаметрі (тозудың ең

үлкен мәнін алсақ).

Бір қалыпты емес бір нақты тозу масштабын есептеу (И), мм:


,
мұндағы β – бір қалыпты емес тозу коэффициенті, β = 0.75.

Цилиндрлықтан ауытқуды есептеу (овалдық, көлбеулік), мм:



Әр мойнақ үшін овалдық және көлбеуліктің екі мәнін аламыз. Ең үлкен ақау мәнін ақау картасына енгіземіз:

Тамыр мойнақтардың жөндеу өлшемін есептеу (dpk), мм (тозу коэффициенті үлкен мойнақпен есептейміз):


,
мұндағы: Zp – минималды бір жақты әдіп (ажарлау үшін

2Z= 0,10 мм);

dpk – шамасын категориялық жөндеу өлшемдерімен

dppk салыстырып, ең жақын минималды шамасын

барлық мойнақтар үшін аламыз:
,
180° бұрышында глубиномер арқылы екі жерден, бірінші тамыр мойнағының ұзындығын өлшеу.

Микрометр арқылы серіппе мойнақтарының диаметрін есептеу. әр мойнақты 1-1, 2-2 және бір-біріне перпендикуляр а-а және Б-Б (А-А – сынақтағы мойнақтың айналшақ жазықтығына паралель) жазықтықтарында өлшейміз. Белдік мойнақ шегінен жалпы ұзындығынан ¼ қашықтығында орналасқан;

Бір жақты бір қалыпты тозудың шамасын есептеу (И), мм:

Барлық серіппелі мойнақтар үшін жалпы тозу шамасын есептеу (Иобщ), мм:

Цилиндрліктен ауытқуды есептеу (овалдық, көлбеулік), мм:

Әр мойнақ үшін овалдық және көлбеулік ені мәнін аламыз. Ең үлкен мәндерді дефектациялау картасына енгіземіз.

Шатун мойнақтардың жөндеу өлшемін есептеу (d), мм (есептеуді тозу шамасы үлкен мойнақпен жүргізу):

dрш шамасын категорияның жөндеу өлшемдерімен dppш салыстырып, ең жақын минималды категорияны барлығы үшін тағайындаймыз:
dРРШ dРШ
Штангенциркуль арқылы шатун мойнақтарының ұзындығын өлшейміз.

Штангенрейсмус арқылы айналшақ радиусын Rкр (сурет 2.2) өлшеу бірінші шатун мойнақты жоғары орналастырып тіректі жазықтыққа дейінгі қашықтықты өлшейміз а1, иінді білікті 180º айналдырып а2 өлшемін аламыз:




1 – серіппелі мойнақ жоғары орналасқандағы;

2 – тамыр мойнағының өсі;

3 – серіппелі мойнақ төмен орналасуында.
Сурет 2.2 – Иінді білігінің айналшағының радиусын анықтау тізбегі

Иінді біліктің радиалды соғуы ортаңғы мойнақ арқылы анықтаймыз. Ол үшін индикатор стерженін ортаңғы мойнаққа тірейміз. Тартуды қамтамасыз етіп, иінді, бағыттама шеткі мәнді көрсеткішіне дейін айналдырамыз. Сонан соң иінді 180º градусқа айналдырып жаңа қалпын анықтаймыз. Иіннің соғуы екі шама арасындағы айырмашылығын құрайды.

Конструктивтік элементтердің ақиқат параметрлерін КЖ сұраныстарымен салыстырып, бланктің «Нәтиже» графасына бөлшектің сапалық категориясын енгізу («Жөндеусіз» және т.б.). Бөлшекті жөндеуге жібергенде дефектті жою әдісін келтіру.

Ақау түрін және сипаттамасын зерттеу.

Жұмыс орнын техникалық ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

Жұмыс нәтижелерін қорғап, есепті тапсыру.

Жұмыс орындау тізбегін пиктограмма жүйесінен анықтаймыз (сурет 2.3).


Өлшеу объекті

Өлшеу белдігі

Өлшеу жазықтығы

Мойындардың номері

1

2

3

4

5

Тамыр мойыншағы

I – I

А – А

Б – Б


Овалдық
















II – II

А – А

Б – Б


Овалдық
















Конустәріздестік

А – А

Б – Б

















Шатун мойыншығы

I – I

А – А

Б – Б


Овалдық
















II – II

А – А

Б – Б


Овалдық
















Конустәріздестік

А – А

Б – Б



















Сурет 2.3 – Дайындамалық-соңғы өткізулер жұмыс пиктограммалар жүйесі
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары.


  1. Ақауға қатысты иінді білігінің конструктивтік жиектерінің тізбегін және технологиялық параметрлерінің сипаттамасын келтіреміз.

  2. Иінді білігінің жұмысына бірінші тамыр мойнақтың ұзындығының өзгеруі қалай әсер етеді?

  3. Қозғауыш жұмысына айналшақ радиусының өзгеруі қалай әсер етеді?

  4. Иінді біліктің майысу шамасын қалай анықтау керек?

  5. Біліктің мойнақтарының жөндеу өлшемдерін қалай анықтау керек?



3 Зертханалық жұмыс. Таратқыш білігінің ақауын анықтау
3.1 Жұмыс мақсаты

Жұмыс бойынша алғашқы мәліметтерді дайындау; ақауланған конструктивтік элементтердің техникалық жағдайын анықтау; бақылау нәтижесі бойынша тетіктерді іріктеу; ақаулау технологиясы бойынша операция мазмұны және жөндеу әдісінің тағайындамасы; жұмыс бойынша есеп құрастыру.


3.2 Негізгі теориялық мағлұматтар

Ақаулау мәліметтерін дайындау, құрылымдық элементтер ақауларының техникалық жағдайын анықтау, бақылау нәтижесі бойынша тетіктерді саралап айыру, жөндеу тәсілдерін тағайындау және ақаулау технологиясының жұмыс мазмұны; жұмыс орындалуын сипаттап жазу.

Жұмыс үрдісінде таратқыш білікке үйкеліс күші әсер етеді, теңселу, айналмалы шайбалы жүктеме, орта т.б. Сондықтан тозу пайда болады (ΔИЗН до 0,05 мм), мойын беттері мен жұдырықшалар сапасын бұзады, (кетіктер, сызық тотығу), механикалық бұзылулар (дөңгелек, тістердің үгілуі, жұдырықшалардың сынуы), орнынан ауытқуы (ΔБИЕН до 0,10 мм).

Ақаулар, егер олар жарамсыз болып көрінбесе, жөндеу өлшемі бойынша өңдеу арқылы жолды, слесарлы-механикалық өңдеу, пластикалық деформировкалау, плазмамен балқыту, қоспалы флюс қабатынан қорытып қосу.


3.3 Жұмыс орнының жабдықтары мен құралдыры

Зертханалық үстел, ПБМ-500 ортасына тетіктерді орнату құралдары, төрт есе үлкейтетін лупа, иінді микрометр МР-50 және МР-75 (МЕСТ 43-81-87), сағат тәрізді индикатор (МЕСТ 577-68), енгізу және шығару жұдырықшаларының үлгі пішіні.


3.4 Жұмысты орындауға технологиялық нұсқаулары

Таратқыш біліктерінің құрылымдық элемент ерекшеліктерін анықтау (мойын тіректері, жұдырықшалар, бойы таратқыш тісті дөңгелекті қондыру орны, таратқыш білік т.б.) техникалық параметрлер, олардың жұмыс қабілетін анықтайтын (пішіні мен орналасу өлшем дәлдігі, кедір-бұдырлық, жөндеу өлшемдері, жөндеусіз жіберілетін) және ақауды анықтау тәсілдері.

Құрылымдық элементтерінің ақауларының аталымдарын есептеу бланкасын жазу, техникалық параметрлер мөлшері және ақаулау құралдары;

Есептеу бланкасына 3 және 4 түрлерін есептеу және өлшеу нәтижелерін кестеге енгізу;

Оқытушы оқушылардың зертханалық жұмысқа дайындығын тексеру;

Жұмыс орнымен танысу;

Ақаулау мәліметтерін дәлелдеу және толықтыру

Таратқыш біліктерінің құрылымды элементтер жағдайын анықтау;

Тексеру арқылы ақаулар түрлерін анықтау, КЖ көрсетілген, олар болмаған жағдайда орналасу орындары мен кетік мінездемелерін және басқа да бүлінулерді, бұрандалар және орта тесіктерінің қиық жиектерінің жағдайларын тексеру. Орта қиық жиектерінде кесік болмауы керек.Бұрандадағы сымдардың үзілуіне байланысты олардың санын анықтау.

Оқытушының рұқсатымен ПБМ-500 ортасына білікті орнату;

Микрометр арқылы тірек мойнының диаметрін өлшеу, әр мойын өлшемін I-I, II-II белдіктеріне өлшеу және өзара перпендикуляр жазықтықтарда А-А және Б-Б (А-А жазықтығы оң жақ жұдырықша жазықтығында орналасқан).

Әр мойынға жалпы тозу мөлшерін есептеу(Иобщ), мм:


,
мұндағы dН – пайдалануға дейінгі мойын диаметрі (аз шектелген

жұмыс жөндеу сызбаларының өлшемі),

dИ – минималды мойын диаметрі (көптеген тозу

мәндеріне қолданылады).

Біржақты бірқалыпты емес тозу мөлшерін есептеу(И), мм:
,
мұндағы – қалыпсыз тозу коэффициенті, β =0,75.

Цилиндрліктен ауытқуды есептеу (овалдық, көлбеулік), мм:



Әр мойнақ үшін овалдық және көлбеулік ені мәнін аламыз. Ең үлкен мәндерді дефектациялау картасына енгіземіз.

Тірек мойын тозуының өңдеуін жөндеу мөлшерін есептеу (dP). РР тозу шектеуінде, мм (есепті мойында жүргізу керек, себебі ол көп тозуға бейімделген):



Мөлшерді жөндеу өлшем категориясы мағыналарымен салыстыру және барлық мойынға аздаған бір категория тағайындау:

Микрометр көмегімен жұдырықша цилиндрлі бөлік диаметрін өлшеу, ортадағы белдік және жұдырықша биіктігіне өлшеу. әр қақпақшаның көтеру биіктігін есептеу h = a – b. Цилиндр бөлігі өлшемін және қақпақша көтеру биіктігін ақаулау картасына жазу;

Сурет 3.1 – Таратқыш білігінің тірек мойындары(а) және жұдырықшаларды (б, в) өлшеу ықшамсызбасы
Жұдырықша жағдайын пішініне қарап анықтау, үлгіні жұдырықшаға тіреп және тозу мінездерін анықтау.

Бөліп таратқыш біліктің радиальдік соғуын ортаңғы мойын арқылы анықтайды (салыстырмалы шеткі). Ол үшін индикатор өзегін ортаңғы мойынға тірейді. Нығыздағышты қамтамасыз етіп, білікті бұрайды, тіл белгісі шеткі күйге келгенше. Одан білікті 180º бұрайды және тілдің жаңа жағдайын анықтайды. Екі көрсеткіштердің әр түрлі болуы біліктің соғуын анықтайды. Біліктің майысу мөлшері соғудың жарты мөлшеріне тең;

Құрылымдық элементтер параметрлерінің негізгі жағдайын КЖ талаптарымен салыстырып және «Нәтиже» сызық жолынадағы бланкыға тетік категориясының жағдайын жазу керек. Тетікті жөндеуге жіберген кезде, ақау жөндеу тәсілдерін көрсету керек;


Жұдырықшалар

Өлшеу орындары

Жұдырықшалар номері

1

4

5

8

Енгізу

a

b

h=a-b















шығару

a

b

h=a-b



2

3

6

7












Ақау түрлері мен мінездерін анықтау.

Жұмыс орнының ұйымдастыру-техникалық қызмет етуін қамтамасыз ету.

Жұмыс нәтижелерін қорғап тапсыру.

Зертханалық жұмыстың орындау тәртібі пиктограмма жүйесімен анықталады. (сурет 3.2).
Форма 4

Өлшеу объектісі

Өлшеу белдігі

Плоскость

измерения

Мойындар номері

1

2

3

4

5

Тірек мойыны

I – I

А – А

Б – Б


Овалдық
















II – II

А – А

Б – Б


Овалдық
















Конустәріздік

А – А

Б – Б


















Сурет 3.2 - Дайындамалық-соңғы өткізулер жұмыс пиктограммалар жүйесі


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары


  1. Таратқыш біліктің құрылымдық элементтерін есептеп, ақаулауға арналған оларды сипаттайтын технологиялық параметрлері.

  2. Жұдырықша пішінінің өзгеруі қозғауыш жұмысына қалай әсер етеді?

  3. Қақпақшаның жұдырықшамен көтеру биіктігін қалай анықтайды?

  4. Қақпақша көтеру биіктігі азайтуы қозғағыш жұмысына қалай әсер етеді?

  5. Тірек мойындарына жөндеу өлшемінің мөлшерін қалай анықтайды?



4 Зерханалық жұмыс. Шатунның ақауын анықтау
4.1 Жұмыс мақсаты

Жұмыс бойынша алғашқы мәліметтерді дайындау; ақауланған конструктивтік элементтердің техникалық жағдайын анықтау; бақылау нәтижесі бойынша тетіктерді іріктеу; ақаулауды анықтау технологиясы бойынша операция мазмұны және жөндеу әдісінің тағайындамасы, жұмыс бойынша есеп құрастыру.


4.2 Негізгі теориялық мағлұматтар

Жұмыс үрдісінде инерциялық күштердің және цилиндрлар ішіндегі газдар қысымынан шатунға едәуір жүктеулер әсерінен, саңылау бетіне циклдік жанасу жүктеуден және жоғары температура жағдайында бұралуға және бүгілулікке күш салуын туындатады. Бұл төменгі головканың кесіктерінің (ΔИЗН до 0,10 мм) және саңылаудың (ΔИЗН до 0.05 мм) тозуына әкеп соқтырады. Бұралу және майысу деформациясы ΔИЗГ = 0,20 мм 100 мм ұзындығына жетуі мүмкін.

Тозуды жою үшін темірлік немесе слесарьлы механикалық өңдеу үшін деформацияны «суытып» жөндеп, содан кейінгі термиялық стабилизациялау. Механикалық зақым келуінен шатунды ақаулау.
4.3 Жұмыс орнының жабдықтары мен құралдыры

Ақаулаушы үстелі, 0,6 МПа қысыммен сығылған ауаның көзі, слесарлық қысқыш, шатундарды бақылауға арналған аспап, пневматикалық гайка бұрғыш (МЕСТ 10210-83) головкалармен динамометрлік кілт,индикаторлық нутромер НИ 18-50 және 50-100 (МЕСТ 868-82), иінді микрометр МР-50 және МР100 (МЕСТ 4381-87) штангенциркуль ШЦ-11-160-0,05 (МЕСТ 166-80).


4.4 Шатунды бақылау аспабы (сурет 4.1)

Плитаға кіретін тораптың өлшегіш негізінен, бөліп таратқыш шүмектен және цангалық қыспақтың пневматикалық жетектің тұлғасы қондырылған. Тетіктің негізгі аспаптары: бақылау аудандары, индикатор тұтқасы, сағат тәріздес индикаторлар, цангалық қыспақ. Қыспақты басқару үшін шүмектің бөліп таратқыш сабы, индикаторларды «0»-ға қондыруға арналған эталон.



Сурет 4.1 – Шатундарды бақылау аспабы
4.5 Аспапта жұмыс істеу

Индикатордың екі шкала құрылғысын «0» келтіріп, содан кейін эталонды аудандарға орналастырып қою; индикаторлық головкалармен тұтқаны жоғары жағдайға апару; индикатордың өлшегіш меткені эталонның үстіңгі бөлігіне сүйеп қою; шкаланы «0»-ге тұрғызып және тұтқаны көлденең жағдайына апарып тастау; шатун головкасының үстіңгі саңылауына оправканы қоямыз (піспектің саусағын қойғандай); шатун мен оправканы жинақтап құралға бекітіп шатунның төменгі головкасын цанганың қыспаққа кигізіп шатунды сағат тіліне қарсы айналдырып шетіне дейін басу, үстіңгі головкамен оправканы бақылау аудан негізіне түсіріп және бөліп таратқыш шүмектің сабын сағат тілі бойымен шетке дейін бұрау (жүргізгенде ауа қысымы 0,4-0,5 МПа болуы керек); тұтқаның көлденең жағдайында индикатор тілінің көрсеткішін жазып алу; көрсеткіштердің айырмасын анықтау h , мм; майысу шамасын есептеу


,
мұндағы L – өлшегіш базасы (индикатордың өлшегіш шкала

арасындағы арақашықтық), мм.

Индикаторлық головкамен тұтқаны тік тұрғызып, индикатордың көрсеткіш айырмасын табу, мм; шатунның бұралу шамасын есептеу

Тұтқаны көлденең жағдайына ауыстырып шатунды аспаптан шешіп, кран сабын сағат тілі бойымен бұрап, шатунды шешіп головканың үстіңгі саңылаудын оправканы алып шығару.
4.6 Жұмысты орындауға технологиялық нұсқаулары

Үй жұмысы жүрісінде бастапқы мәліметтерді дайындау;

Шатунның конструктивтік элементінің ерекшелігінің технологиялық жұмыс қабілетінің ақау көрсеткіштерін анықтау әдісін айқындау;

Берілген элементтердің конструктивтік ақаулауға есеп беру бланкіге ақау құрамы және оның технологиялық параметрлердің шамасын жазып алу;

5 және 6 түрі бойынша есептеулерді және нәтижелерді өлшеу үшін кестеге есеп беру бланкіге сызып алу;

Мұғалімге студенттің зертханалық жұмысты орындалуына дайындығын тексеру;

Жұмыс орнымен танысу;

Жұмыс орнында КЖ талаптарына немесе сызулар бойынша үй жұмыстарынан алынған ақауды анықтауға арналған бастапқы мәліметтерді дәлдеп және толықтыру;

Шатун элементтерінің конструктивтік жағдайын анықтау;

КЖ көрсетілгендей бақылау жүргізгенде ақаудың бар болу нышанын тіркеу, ал оның жоқтығы болса – орнатылған орнын және сотқар сипаттамасын және басқа көрініп тұрған зақым жерін тексеру;

Талап етілген моментпен және біртіндеп динамометрлік кілтпен головканың төменгі қақпақ болтының гайкасын тарту. Жазықтықта және головка енінен ары қашықтығын тұрған I-I, II-II белдіктің индикаторлық нутромермен диаметр саңылауын өлшеу: АА (разъемнің перпендикуляр жазықтығы), Б-Б және В-В (екі А-А жазықтықтарынан 45º бұрышында).

Ақау картасына алынған шамадан бәрінен үлкенін жазып алу;



Сурет 4.2 – Шатун төменгі (а) және жоғарғы (б) головкаларының тесіктерінің диаметрлерін өлшеу тізбегі
Головканың төменгі саңылаудың тозу жалпы шамасын () есептеу
,
мұндағы DИ – өлшеуден анықталған саңылау диаметрдің ең

үлкені;


DН – пайдалану басынан бұрын саңылау диаметрі

(жұмыстың сызбасы бойынша ең үлкен шектік

өлшемі).

Тозудың теңсіздік бір жақты шамасын есептеу, мм


,
Цилиндрліктен ауытқуды есептеу (овалдық және конустәріздестік), мм;

Головканың төменгі саңылауына екі овалды және үш конустәріздесті мағына алу керек. Ақау картасына ең үлкен мәнін жазып алу;

Г-Г және Д-Д жазықтығына және головка ұзындығынан L1=¼ және L2 = ¾ арақашықтығында тұрған I-I және II-II белдікте головканың үстіңгі саңылаудың диаметрін индикаторлық нутромермен өлшеу.

Ақау картасына ең үлкен мәнін жазып алу;

Головканың үстіңгі саңылауының жалпы тозу шамасын есептеу (), мм:


,
мұндағы DИ – қалыпты жағдайында анықталатын саңылаудың

ең үлкен диаметрі;

DН – пайдаланудан бұрын саңылау диаметрі (жұмыстың

сызбасы бойынша ең үлкен шектік өлшемі).

Тозудың (И) теңсіздік бір жақты шамасын есептеу, мм:
,
мұндағы – тозудың теңсіздік коэффициенті; β =0,65;

Головканың үстіңгі саңылауының цилиндрлі болмауын (овалдық және конустәріздік) есептеу, мм



Овалдықтың екі және екі конустәріздетік мағынасын алу, ақау картасына ең үлкенін жазып алу;

Шатун головкасының осі арасындағы арақашықтығын өлшеу, мм



мұндағы - головкалар арасындағы арақашықтық;

DB- шатунның үстіңгі головкасының диаметрі;

DH – шатунның төменгі головкасының диаметрі.

Бұралу және майысу шамасын анықтау үшін (δ) бір жазықтықта табылған осьтік ауытқуы және паралельдік еместік (h) шамасын өлшеп, шатунды бақылауға арналған аспапты реттеуді өткізу;

Тетік жағдайының категориясын есеп беру бланкасына «Нәтиже» графасына жазып алу және КЖ талаптарына элементтердің конструктивтік параметр нақты жағдайын салыстыру («Жөндеусіз және т.б.). тетікті жөндеуге бағыттауда ақауды жою әдісін көрсету;

Ақауды мінездемесін және түрін анықтау;

Жұмыс орнының техникалық ұйымдастыру қызмет жасалуын көрсету;

Жұмыс нәтижелерін қорғау және есеп беріп тапсыру;

Зертханалық жұмыстың орындалу тәртібі пиктограммалар жүйесінде көрсетілген (сурет 4.3)


Индикаторлар орналасуы

Индикаторлардың көрсеткіштерінің әр түрлілігі



Шатундар номері

Шатундар номері

1

2

3

1

2

3

көлденең

вертикалды
























өлшеу белдігі

Төменгі головка

Жоғарғы головка

Диаметр мәні, мм

овалдық

Диаметр мәні, мм

овалдық

А-А

Б - Б

В - В

Г - Г

Д - Д

I – I

II – II


Конустәріздестік























Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет