Ж. Ж. Жарылғапов



жүктеу 146.39 Kb.
Дата07.06.2017
өлшемі146.39 Kb.
Ж.Ж. Жарылғапов

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті

(E-mail: zharylgapov_zhan@mail.ru)
М.С. Амангельдина, М.Т. Оспанғалиева

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

(E-mail: mereke_amangeldina@mail.ru)
ОӘЖ 82-31

Қазіргі қазақ романы туралы
Мақалада қазіргі қазақ романының жанрлық ерекшелігі қарастырылады. Қазіргі қазақ романы талқыланып, оның басқа жанрлардан ерекшелігі сараланады. Қазіргі қазақ романының жазылу ерекшелігі мен көркемдік стилі жан-жақты сипатталады. Қаламгерлердің сөз саптаулары мен олардың тілдік-эстетикалық бояуларының көрінісі талданды. Роман стилі, оның ішінде қазақ романы жайлы зерттеулерге шолу жасалады. Өткен ғасырда жазылған романдар мен қазіргі жазушылардың туындылары салыстырылып, қазіргі романдардың көлемі, мазмұны мен құрылымы көрсетіліп, оның мазмұны ашылады. Сонымен қатар, роман жанрықазіргі ғылыми бағытта зерттеліп, әдеби-теориялық тұрғыда талданады.

Кілт сөздер: сөз, роман, әдебиет, жазушы, постмодернизм, роман теориясы.


Асылында жер бетіндегі барша халықтардың даму жолы біркелкі еместігі аян. Алғашқы қауымдық құрылыстан неғұрлым күрделі қоғамдық өмір формаларына әр халық түрлі жолдармен, түрлі уақыттарда өтіп отырды.

Соңғы жылдары қазіргі романның жай-күйі көп сөз болып, талай талқыға түсті. Роман проблемасының актуал мәселеге айналғаны соншалық – кейінгі кезде бұған бағышталып ерекше кітаптар да жарық көрді.

Ғалым Р. Бердібайдың роман теориясының негізгі мәселелері жайлы еңбектерін бағалау үшін, ең алдымен, романтанудағы әлем әдебиетіндегі ұстанымдарды, роман жанрының ерекшеліктерін, қазақ романының пайда болу мен қалыптасу тарихын, таразылап алу керек екендігіне көз жеткіздік.

Роман – күрделі қоғамдық сана дамуының жемісі. Ол жекелеген авторлардың туындысы болғанмен, оны дүниеге әкелетін қоғамдық ойлау жүйесін де естен шығаруға болмайды. Қоғамдағы ой-сана толып жетілмей, роман дүниеге келе алмайды. «Роман жанры дамуының өзіндік тарихи ерекшелігі бар. Барлық әдеби жанрлар ішінде болмыс, өмір, адам, қоғам, тіршілік тарихын, уақиғаларын, проблемаларын, уақыт, кеңістік өлшемдерінде көлемді түр, кестелі түрде бейнелей алатын, тереңдей қозғайтын, көркем көрсетуге мүмкіндігі өлшеусіз мол жанр – роман.

«Аяз би», «Жармақ», «Қылкөпір», «Ән салуға әлі ерте», «Жаңғырық», «Қараөзек», «Мешкей», «Алаң», «Қаһарлы Алтай», «Туажат», «Тар кезең», «ХХ ғасыр», «Гүлдер мен кітаптар», «Талтүс», «Мұнара», «Ай қараңғысы» т.б. романдар бүгінде оқырман қауымға жаңа идея мен жаңа ой сыйлауда. Аталған романдардың жазылуы стилі де әртүрлі.

«Адамзат барда – роман бар. Эпосқа жүк боларлық адам тағдыры андағайлайды. Бар құпия осында, сондықтан да адамзат мифы қилы да қиян қоғаммен әдеби әлем ретінде қатар өмір сүре берері хақ. Роман, ұлы Ахаңның (Байтұрсынов) айтуынша, бар-жоғы – әңгіме. Иә, «ұлы әңгіме». Ал адам жүрген жерде әңгіме пәлсапаланып, өсек өре жөнеледі... Романда толқын-толқын болып туып отырады [1,85].

Әр тағдыр – бір роман. Кез келген пенденің қысқа өмірі – ұзақ эпос, ұзын әңгіме. Олай болса, эпос жыры ғұмыр бойы жырлана бермек», деп Асқар Алтай айтқандай романның халық үшін берері көп.

Роман жанрының өзінен бұрынғы жанрлардан айырмашылығы туралы ғалымдар онда фабула болмайтынына, қарапайым өмірдегі жағдайдан басталып, жеке кейіпкердің әрекеті суреттелетініне назар аударады. «Сервантес начинает писать «Дон Кихота» не зная, чем закончится и даже какие этапы и дороги пройдет его повествование. Он исходит из определенной коллизии, начальной ситуации, а далее события развиваются уже как бы сами по себе»-дейді орыс ғалымы Кожинов.



Адамзаттың сезімталдыққа, пәктікпен ажарланған сұлулыққа, асқақ арман мен мұратқа жету нәтижесінде дүниеге келіп, адамзат баласының рухани азығына айналған әдебиеттің даму белестерінде айрықша бір кезеңдер болады. Әдебиетте Қ. Ысқақов, М. Мағауин, Ә. Тарази, О. Бөкей, М. Сүндетов, Д. Исабеков тағы басқа жазушылар қазақ прозасыАдамның өз ортасынан, өз-өзiнен жатсыну, проблемалары кейiнгi қазақ прозалық шығармаларында кеңiнен көрiнiс табады. Ә.Нұрпейiсовтың «Соңғы парыз» роман – диологиясы, М.Мағауиннiң «Жармақ» романы, «Қыпшақ аруы» хикаяты, Т.Әбдiковтiң «Парасат майданы» повесi, А.Жақсылықовтың «Аласталғандардың түсi» трилогиясы, Х.Әдiбаевтың «Жұлдыздар шоғыры» ашық сырласу романы, С.Елубайдың «Жалған дүние» толғау-романы, Б.Мұқайдың «Өмiрзая» романы, Т.Әсемқұловтың «Талтүс» романы, К.Сегiзбаевтiң «Аюдың өтi» повесi, А.Алтайдың «Алтайдың алқызыл модағайы» роман-мифi, «Казино» абсурд әлем новеллаларында, Т.Нұрмағамбетовтiң «Айқай» повестер мен әңгiмелер жинағында, Ж.Ахмадидiң «Айтұмар» этнографиялық романында, А.Егеубайдың «Жүсiп Баласұғын» роман-эссесi, Д.Нақыповтың «Күл шеңберi» романы-интенциясы, Д.Амантайдың «Түнгi жарық» романы, Р.Мұқанованың «Құдiрет – кие» повестер жинағында, А.Кемелбаеваның «Мұнары», «Майа» роман-повестерiнде және кейiнгi толқын жазушылар шығармаларында адам санасының екiге жарылуы, екiншi Менiмен бейсаналық түрде айтысқа түсуi, әлеуметтiк, саяси, рухани келеңсiздiктердi жан-жақты терең көркем бейнелеу үшiн аллегориялық тәсiлдер ретiнде әдеби айналымға енiп отыp [1,110].

Әрбiр жазушы өз шығармашылығында өмiр шындығын өзiнше түсiнедi. Қазақ әдебиетiнде постмодернистiк ұғымның да жат емес екендiгiн М.Мағауиннiң 2007 жылы Прага қаласында жарыққа шыққан «Жармақ» романынан көремiз. Романда бүгiнгi Қазақ елiнiң екi ғасыр шегiндегi көкейкестi мәселелерi көтерiледi, қазақ қоғамында асқынып, қатерлi сыпат алып бара жатқан өз ұлтынан жатсыну, дүниенiң бар байлығын ақшамен есептейтiн руханият болмысы, тәуелсiз елдiң жарқын болашағы, халық тағдырына байланысты терең толғаныстары шертiледi.

Нәтижесiнде күнделiктi өмiрде мың құбылып өзгерген заман ырқын пайымдау, ұлт психологиясына сызат түсiрген құбылыстарды суреттеу романның тынысын кеңейте түскен. Романда авторлық позицияны жеткiзуде көркемдiк құрал ретiнде қолданған шартты, қажеттi әдеби тәсiлдер, шығарманың замана шындығын аңғартуда реалистiк сыпат екендiгiне күман туғызбайды. Әсiресе, бүгiнгi күн ұлттық дiлiмiздiң, тiлiмiздiң қасiретiн таңбалаған «Жармақ» ұлттық прозамыздың көкжиегiн кеңейте түскендiгi шындық.

Адам мiнез-құлқының себеп-салдарын, «сана ағымының» екiге қақ жарылу себептерiн, қос тұлғалықтың тұйыққа тiрелiп жол таба алмай жолайрыққа тiрелуiн, кейiпкер әлемiне терең бойлау арқылы жоғары философиялық-моральдық деңгейде шешуi авторлық позицияның жарқын көрiнiсi «Жармақ» романында бүгiнгi кеңiстiк пен уақытты мифтiк сана, аретиптiк жады арқылы кейiнге шегерiлiп түс көру, елес, аян беру мифтiк-фольклорлық тәсiлдермен жаңа көркемдiк формаға келтiрiле суреттеледi.

Бұл көркемдiк тәсiлдер қазақ әдебиетiнде бұрыннан қолданылып келе жатқан үрдiс. Бұлардың түп-төркiнi мифологиядағы: тотемистiк, магиялық, анимистiк және т.б. нанымдар мен сенiмдерге барып тiреледi. «Жармақ» романының күрделi және қайшылықты психологиялық iшкi сана тартысына құрылғаны туралы ғалым С.Қасқабасов былайша ой айтады: «Бiр адамның екiге бөлiнуi философиялық тұрғыдан алғанда өте күрделi құбылыс, көркем өнерде, әдебиетте өмiрдегi қайшылықтарды, кейде ашық айта беруге болмайтын әлеуметтiк, саяси, қоғамдық, рухани келеңсiздiктердi көрсету үшiн кейiпкердi екiге жарып, суреттейтiн аллегориялық тәсiл» керек, мұны М.Мағауиннiң «Жармақ» романында тереңнен суреттелгендiгiнен аңғарамыз дейдi. Романдағы тартыстың негiзгi арқауы Мұрат Бейсенұлы Қазыбеков пен оның көлеңке сыңары Марат Бейсенұлы Қазыбеков туралы [2, 95].

Очерк, новелла сынды ықшам жанрлар жазушылар үшін кең құлашты, эпикалық тынысты туындылар жазу алдындағы шеберлік мектебі, кесек туындылардың эстетикалық эскиздері екені рас. Мұны өзінің шығармашылық лабораториясы арқылы көз жеткізген Ғ. Мүсірепов айтқан болаты: «Көркем очерк алдағы күндерде туар үлкен еңбектердің барлаушысы. Бұл – әрбір үлкен жаңалықтарға тез жаңғырығып отыратын, жазушының белсенділігін арттыратын сала» - дейді ол. Осы очерк, новеллалардан бастау алатын қазақ романдарының бүгінде жазылу ерекшелігі, стилі ерекше. Мәселен, біз қазіргі қазақ романының бірі де бірегейіне айналған «Жармақ» романын басқа бір романмен салыстырып көрсек екеуінің арасы жер мен көктей. Мысалы, қазақ әдебиетіндегі реалистік роман бастауында тұрған шығарма – Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» романы. Реализм болғанда да, ағартушылық реализм үлгісінде жазылған туынды. Қай ұлттың әдебиетін алсақ та, реализм кемелденген сайын, роман, роман-эпопея сияқты ірі жанрлардың өркендеуіне жол салды. Өйткені реалистер адам тағдырын суреттей отырып, әлеуметтік байланыстарға көңіл бөле отырып қоғамның барлық салалары мен иерархиясын қамтуға тырысты. Және оны оқырман қауым назарына толық жеткізді.

Алпысыншы-жетпісінші жылдарға дейін романдар көлемді жазылса, одан кейінгі жылдардан бүгінге дейін жал-құйрығы қысқарып келеді. Оны оқырмандармен де байланыстырып жатады. Бірақ ол оқырманнан гөрі әдебиеттің өзіне көп байланысты. Әдебиеттің даму жолы сол қыс­қалыққа әкеледі. Аз сөзге көп мағына сыйдыру терең білімнің, ізденістің белгісі болса керек.

Жиырмасыншы ғасырдың басында Әлихан Бөкейханов «Роман деген не?» атты мақала жазды. Және алғашқы қазақ романы «Бақытсыз Жамал» дестік. Ал, бүгінде романдар сан қилы.[3,74].

Бүгiнгi күнгi замана суретiн таңбалаған «Жармақ» романында қазақ руханиятының болмыс-бiтiмi Мұрат мен Марат бейнесi (амбиваленттiлiктi) арқылы қарапайымдылық¬тан күрмеуi қиын күрделiлiкке желi тартып, шынайылылық пен шындықтан ауытқымай мүлдем жаңа қияларға жол бастайды.

Романда авторлық позицияны жеткiзуде көркемдiк құрал ретiнде қолданған шартты, қажеттi әдеби тәсiлдер, шығарманың замана шындығын аңғартуда реалистiк сыпат екендiгiне күман туғызбайды. Әсiресе, бүгiнгi күн ұлттық дiлiмiздiң, тiлiмiздiң қасiретiн таңбалаған «Жармақ» ұлттық прозамыздың көкжиегiн кеңейте түскендiгi шындық. Адам мiнез-құлқының себеп-салдарын, «сана ағымының» екiге қақ жарылу себептерiн, қос тұлғалықтың тұйыққа тiрелiп жол таба алмай жолайрыққа тiрелуiн, кейiпкер әлемiне терең бойлау арқылы жоғары философиялық-моральдық деңгейде шешуi авторлық позицияның жарқын көрінісі «Жармақ» романында бүгінгі кеңістік пен уақытты мифтік сана, аретипті жады арқылы кейінге шегеріліп түс көру, елес, аяң беру мифтік-фольклорлық тәсілдермен жаңа көркемдік формаға келтіріле суреттеледі.

«Жармақтағы» Мұрат алғашқы университеттегi оқу жылдарында-ақ ғылымға деген икемдiлiгiмен көзге түседi. Университеттегi студенттердiң ғылыми конференциясында тарихи тақырыптарға баяндама жасап, ғылымдағы алғашқы зор мүмкiншiлiктерiн танытады. Университеттi қызыл дипломмен бiтiрiп, аспирантураға қалдырылады. Тақырыбы да бекiтiледi. Бiрақ кеңестiк жүйенiң қитұрқы, саяси саясаты оның ғылымындағы ойлаған, алға қойған арман-мақсатына тұсау салады. Қараңғылықта, жалғыз өзi ой-қиялынан өткiзедi. Ешқандай түс те, елес те жоқ. Кәдiмгi шын Мұрат. Өткен өмiрiне өкiнетiн сияқты. Анау емес – Мұрат. Ал, Марат барлықта, тоқшылықта өмiр кешуде. Оның арманы рухани байлық емес, дүние қоңыздық. Өз халқының үстiнен баю.

Сөйтiп романдағы Мұрат пен Марат екi дүниетанымға, екi антогонистiк идеологияға бөленедi. Романдағы оқиғалар тәуелсiздiк жылдарындағы әр отбасының басынан өткерген әр түрлi қиын жағдайлары. Жармақ образдары арқылы суреттеледi. Бiреулер үшiн ол Мұрат бейнесi сияқты трагедиялық «тар жол тайғақ кешу» болса, Мараттар үшiн ол комедиялық түрде «ауырдың үстi, жеңiлдiң астымен» өткендей әсер бередi. «Жармақ» романында осы ащы шындықтың бастау алар негiзi ұлтсыздықта екенiн алдымызға жайып салады: «Ұлтсыздық деген. Ұлтсыздық – ұлттық сана, ұлттық сезiм, ұлттық танымның жоқтығы ғана емес, адамдық кейiптен айырылу, қасиетсiздiк деген сөз».

Иә, романдағы Мұраттың жанталаса, шыр-пыр болып қорғайтын идеясы өз ұлтына адал қызмет ету. Ұлттық менталитеттiң киесi бар. Сол үшiн ұлттың тiлiн, дiнiн, дiлiн көзiнiң қарашығындай сақтау керек. Бұл – сенiң қазақ болып, ұлт болып, мемлекет болып өмiр сүруiңнiң бiрден-бiр шарты дейдi. Постмодерндiк нышанда жазылған романның электрондық хаттары, бағдарлы мәлiмдеме, күнделiктi бұқаралық ақпарат құралдарының жаңалықтары, қарама-қарсы қаһармандардың монологтары шығарманың поэтикалық тынысын кеңейте түседi. Мұраттың қарапайым тiршiлiгi мен Мараттың аста-төк байлығы, Мұраттың ұлттың болашағы үшiн жазылған ғылыми еңбегi мен Мараттың даяр дүниеге тап болар пасықтығы т.т. осының бәрi романның iштей тұйықша тiзбектелген байланысын арттырып, үстеме мағына тудырар факторын нақтылай түседi.

Адамның іштей екіге бөлінуі, қостұлғалық қасиеті пяихологиялық-әлеуметтік тұрғыдан жазылған Т. Әбдіковтің «Парасат майданы», С.Елубаевтің «Жалған дүние», Б. Мұқайдың «Өмірзая» романдарында және тағы басқа жазушылардың шығармаларында өзіндік жанрлық-синкреттілік сипаттарымен ерекшеленіп, қазақ прозасының көкжиегін кеңейте түскені шындық [3, 93].

Мәселен, осыған ның іргелеуіне ықпал жасады. Қаламгерлер ерекше тың идея мен тақырып сонылығын ұлттық әдебиетімізге әкелуімен ерекшеленеді. Басты мәселе мында: аталмыш қаламгерлер қандай жанрда, қандай тақырыпта жазбасын, ең алдымен адам болмысын, оның ішкі жан әлемінің бұлқынысынан туындайтын әдеби-эстетикалық категория – драматизмді, барша сезім-күйлерін тап басып, тамаша өрнектей білді және де жекелеген адам тағдыры, іс-әрекеті арқылы сол кейіпкер өмір сүріп отырған дәуірге тән сипатты ашып, ақ пен қараны ажырату жағын оқырманның өз үлесіне қалдырып отырғаны да мәлім.

Ұлттық әдебиеттану ғылымының оқу процесі барысында негізгі деп табылатын мәселелерін сөз еткенде үнемі назарда ұстайтын жайттар да аз емес. Біз қай шығарманы алсақ та, бізде тамсану басым, тандану басым, ал көркем шығарманы мәтініне сүйене отырып талдау, сол арқылы қаламгердің көркемдік әлеміне барлау жасау қашанда маңызды.

Жалпы алғанда, қазіргі қазақ прозасында, қазіргі қазақ романдарында постмодернизм мәселесі жиі бой көтеруде.

Ақын-жазушыларымыз тарапынан постмодернизмнің алғашқы сатыларының игеріліп жатқанын жоққа шығара алмаймыз. Әдебиет зерттеушісі, көркем шығарманың көкжиегін кемел білімімен шалатын Бақытжан Майтанов 2009 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған «Басты назар бүгінгі әдебиетте» атты екеудің әңгімесінде «Постмодернизм – соншалық жат, өзгеше құбылыс емес. Біз тек дабырайтып айтамыз. Бадырайып тыңдаймыз. Мәселен, М. Мағауинде әлемдік постмодернизмнің негізгі стильдік белгілері бар екені ертеде айтылса, таңқалар едік. Ал, расында, солай деп ұғынуға бейіммін. Р. Тоқтаровта модернистерде қатты дамыған «сана ағымы» , постмодернистік тәсілдер ұтымды қолданылады. Беріде Р. Мұқанова, Д. Амантай, А. Кемелбаева, А. Алтай, А. Жақсылықов, А. Ықсан тәрізді қаламгерлердің дүниетанымы, қолтаңбасында мұндай өрнек неғұрлым табиғи сипат алып барады. Постмодернистік сипат бір жерде ерте, бір жерде кейін пайда болады. Ол соншалық жетістік те емес, кіналауға да келмейді. Әдеби және өмірдегі заңдылық [4, 89].

Мәселе – жалпы шығарма рухын дұрыс, сауатты саралап беруде. Тегі, біз, әдебиет, өнер, гуманитария адамдары – Рух планетасының өкілдеріміз. Р. Нұрғали ағамыздың «Сөз билейді халықты» деген сұхбат беруінде үлкен мән бар. Әдебиет, өзгелер қаласа да, қаламаса да – өмір сүреді. Өйткені дүниенің адамдар үшін ең айқын таңбалық белгісі – Сөз» -деп терең көзқараста тың ойларды көтеруі біраз даулы мәселелердің алдын орайтыны белгілі.

Соңғы кездері қазақ романдарында сөз болып жүрген мәселелердің басым көпшілігі жатсыну.


дейінгі 1970-90 жылдардың үлесіндегі романдар мүлдем басқаша. Қаламгерлердің әдеби-эстетикалық ұстанымдары әр түрлі. Қаламгерлердің ұлттық рух, діл, намыс мәселелерін көркемдік идеяға жүк еткен туындыларын М. Мағауиннің «Көк мұнар», «Шақан-Шері», «Сары қазақ», С. Елубаевтың «Ақ боз үй», «Мінәжат», «Жалған дүние», О. Бөкейдің «Өз отыңды өшірме» романдарынан байқай аламыз [4, 156].

Жазушылар үшін нақты өмір шындығын танытудан гөрі өмір мен туралы таным-көзқарастар маңызды болды. Олар адам мен әлем қарым қатынастарын байыптауда заттар мен құбылыстардың эмпирикасынан тыс мазмұнға да көңіл аударды.

Әдебиетке жатсыну сынды күрделі философиялық мәселенің енгізілуі адам тұлғасын иррационалдық тұрғыдан көрсетуге себеп болды. Прозада адам бейнесін социумнан ажыраған, тегінен, айналасынан, қоғамнан жатсынған кейіпкерлер арқылы бейнелеу үрдісі байқалады.

Қазіргі қазақ романдарында постмодернизм басым екенін айтып өткен болатынбыз. Бұл ағымның бастауын біз ХХ ғасыр соңы және ХХІ ғасыр басында туған шығармалармен тығыз байланыстырамыз. Атап айтқанда, Р.Мұқанова, А. Жақсылықов, А. Алтай, Д. Амантай, А. Ихсанов сынды жазушылардың шығармаларында жаңа поэтикалық өлшемдер анықталады.

Адамзат баласының ХХ ғасыр соңы мен ХХІ ғасыр басынан бастап әдебиет әлемінде тың өзгерістер болды. Ал, өзгеріс, бетбұрыстардың өздігінен бола қоймайтыны мәлім. Адамзат қауымының ішкі әлемі, жан дүниесіндегі бұлқыныс, сілкініс пен серпіліс, бәрінен бұрын, дәл бұрынғыша ғұмыр кешудің енді мәні болмасына баршаның көзі жетті. Бұл, әрине қазақ әдебиетіндегі жаңа көзқарастар. Қазақ романындағы жаңашылдықтар.


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Жарылғапов Ж.Ж. Қазақ прозасы: модернизм және постмодернизм: монография. – Қарағанды: ҚарМУ, 2015. – 290 б.

2 Жарылғапов Ж.Ж. Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістер: монография. – Қарағанды: Гласир, 2009. – 400 б.

3 Төлеубаева К.А. Қазақ романындағы кейіпкерлердің рухани әлемі. – Қарағанды: Санат, 2007. – 104 б.

4 Камалқызы Ж. Рахманқұл Бердібай және қазақ роман. – Алматы, 2016. – 320 б.


Ж.Ж. Жарылгапов

М.С. Амангельдина, М.Т. Оспангалиева
О современном казахском романе

В статье рассматриваются жанровые особенности современного казахского романа. Всесторонне характеризуются художественный стиль и особенности написания современных казахских романов. Анализируется индивидуальная манера речи писателей и их языковые особенности. Изучаются в сопоставительном аспекте романы прошлого века. Определяются их содержание и структура. Жанр романы исследуются в контексте современных научных напрпавлений, определяются их литературно-художественные особенности.

Ключевые слова: слова, роман, литература, писатель, постмодернизм, теория романа.
Zh.Zh. Zharylgapov

M.S. Amangeldina, M.G. Ospangalieva


About modern Kazakh novel

The article examines the genre features of modern Kazakh novel. Comprehensively characterized by art style and characteristics of modern Kazakh writing novels. Analyzes the individual style of speech writers and language features. Comparative study in the novels of the last century. Determined by their content and sturture. Genre novels are studied in the context of modern scientific trends, and determine their literary-artistic feautures.

Kew words: word, novel, literature, writer, post-modernism, theory of novel.

References

1 Zh.Zh. Zharylgapov Қазақ прозасы: модернизм және постмодернизм: монография. –Karaganda: KSU publ., 2015. – 290 p.

2 Zh.Zh. Zharylgapov Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістер: монография. – Karaganda: Glasir 2009. – 400 p.

3 Toleybaeva K.A. Қазақ романындағы кейіпкерлердің рухани әлемі. – Karaganda: Sanat, 2007. – 104 p.

4 Kamalkyzy Zh. Рахманқұл Бердібай және қазақ роман. – Almaty, 2016. – 320 p.



Сведения об авторе

ФИО (полностью)

Жарылғапов Ж.Ж.

Должность

«Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор

Ученая степень

Филология ғылымдарының докторы, профессор

Место работы

Қарағанды мемлекеттік университеті

Город

Карағанды

Контактный телефон

87017361171

Электронный адрес

zharylgapov_zhan@mail.ru

Раздел журнала

Филологические науки




ФИО (полностью)

Амангельдина М.С.

Должность

«Қазақ әдебиеті және мәдениет» кафедрасының оқытушысы

Ученая степень

Гуманитарлық ғылымдар магистрі

Место работы

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

Город

Карағанды

Контактный телефон

87755579316

Электронный адрес

mereke_amangeldina@mail.ru

Раздел журнала

Филологические науки



ФИО (полностью)

М.Т. Оспанғалиева

Должность

«Қазақ әдебиеті және мәдениет» кафедрасының оқытушысы

Ученая степень

Гуманитарлық ғылымдар магистрі

Место работы

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

Город

Карағанды

Контактный телефон

87471749409

Электронный адрес




Раздел журнала

Филологические науки

Ж.Ж. Жарылғапов – «Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор

Ж.Ж. Жарылғапов – зав. кафедрой «Қазақ әдебиеті», доктор филологических наук, профессор

Zh.Zh. Zharylgapov –Heard of departments «Kazakh literature», Doctor of Philology sciences, prophessor


Амангельдина М.С. – «Қазақ әдебиеті және мәдениет» кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі

Амангельдина М.С. – преподаватель кафедры «Қазақ әдебиеті және мәдениет», магистр гуманитарных наук

M.S. Amangeldina – teacher of departments «Kazakh literature and culture» magistracy humanitarian sciences
М.Т. Оспанғалиева – «Қазақ әдебиеті және мәдениет» кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі

М.Т. Оспангалиева – преподаватель кафедры «Қазақ әдебиеті және мәдениет», магистр гуманитарных наук



M.G. Ospangalieva – teacher of departments «Kazakh literature and culture» magistracy humanitarian sciences

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет