Қызметті ұсынатын мемлекеттік орган мм «Қалалық білім бөлімі»

Loading...


жүктеу 49.31 Kb.
Дата18.02.2017
өлшемі49.31 Kb.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметінің паспорты

«Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою»


Қызметті ұсынатын мемлекеттік орган

ММ «Қалалық білім бөлімі»

Мекен-жайы: Кызылорда қаласы Тәжібаев көшесі н/сіз

Телефон/эл.пошта: 30-21-72 / gorоо2008@mail.ru








Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.








Көрсетілетін қызметті алушы

Жеке тұлғалар







Қызмет нәтижесі

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала асырап алуға үміткер(лер) болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды

Порталда – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала асырап алуға үміткер(лер) болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындының дайындығы туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама).

Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін бала асырап алуға үміткер(лер) болудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындыны алу үшін хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша хабарласуы қажет








Қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.









Қызмет ақысы


Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі







Қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – күнтізбелік 15 (он бес) күн;









Қажетті құжаттар тізімі

1) бала асырап алуға тілек білдіру туралы өтініш (еркін нысанда);

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын кәуландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) жақын туыстарының бала асырап алуға арналған жазбаша келісімі;

4) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтама (жұмыс орнынан жалақысы туралы, кәсіпкерлік қызметтегі табысы және бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің өзге де табыстары туралы анықтама);

5) отбасы жағдайы туралы анықтама (2008 жылға дейін некеге тұрған (бұзған) жағдайда, некеге тұру (бұзу) туралы куәліктің көшірмесі, бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі) (бала бар болғанда)

6) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 91-бабы 1-бөлімінің 6) тармақшасына сәйкес азаматтың ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтаманың, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтама.

Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада ұсынылады, кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
      порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;

2) жақын туыстарының бала асырап алуға арналған жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі;

3) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтаманың электрондық көшірмесі (жұмыс орнынан жалақысы туралы, кәсіпкерлік қызметтегі табысы және бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің өзге де табыстары туралы анықтама);

4) отбасы жағдайы туралы анықтаманың электронды көшірмесі (2008 жылға дейін некеге тұрған (бұзған) жағдайда, некеге тұру (бұзу) туралы куәліктің көшірмесі, бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (бала бар болғанда);

5) Кодекстің 91-бабы 1-бөлімінің 6) тармақшасына сәйкес азаматтың ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтаманың, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі.









Шағымдану тәртібі

Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым бөлімнің басшысының атына жазылады, жұмыс күндері сағ.9.00-ден 19.00-ге дейін, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, түскі үзіліс 13.00-ден-15.00-ге дейін.

Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымданған жағдайда шағым қала әкімі аппараттары басшысының атына жазылады, жұмыс күндері сағ.9.00-ден 19.00-ге дейін, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, түскі үзіліс 13.00-ден-15.00-ге дейін









Өзге де талаптар

Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414» Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды ХҚО қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету статусы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы «1414» арқылы алу мүмкіндігі бар.









Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 cәуірдегі №198 бұйрығына 10–қосымша


: upload -> files -> gosuslugi -> Pasport -> kaz
kaz -> «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»
kaz -> «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
kaz -> «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау»
kaz -> 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығына 27-қосымша «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»
kaz -> Қызметті ұсынатын мемлекеттік орган мм «Қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі»
kaz -> «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу»
kaz -> «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу»
kaz -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
kaz -> «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру»
kaz -> Қызметті ұсынатын мемлекеттік орган мм «Қалалық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...