Қызметтің атауы

Loading...

жүктеу 56.35 Kb.
Дата07.04.2017
өлшемі56.35 Kb.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру

Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган

  1. ХҚКО;

  2. «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.e.gov.kz арқылы жүзеге асырылады.

Қызметтің тұтынушылары

Жеке тұлғалар

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

Қызметтің көрсетілетін тәртібі

Отбасы және балалар саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «19» ақпандағы № 115қаулысымен бекітілген стандартына негізделеді.

Қажетті құжаттар

бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру кезінде:

1) ХҚО-да:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың (ата-аналардың (ата-ананың), асырап алушылардың, қорғаншының немесе қамқоршының, патронаттық тәрбиешінің және оларды алмастыратын адамдардың (бұдан әрі – заңды өкілдер) өтініші;

мұраны қалдырушының қайтыс болуы туралы куәлік;

заң бойынша мұрагерлікке құқығы туралы куәлік (нотариустан);

2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігі;

некеге тұру немесе бұзу туралы куәлік (2008 жылға дейін некеге тұрған немесе бұзған жағдайда);

аумақтық әділет органынан № 4 нысандағы анықтама (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда).

2) порталға:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанындағы сұрау;

мұраны қалдырушының қайтыс болуы туралы куәліктің электрондық көшірмесі;

заң бойынша мұрагерлікке құқық туралы куәліктің электрондық көшірмесі (нотариустан);

баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);

некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің электрондық көшірмесі (2008 жылға дейін некеге тұрған немесе бұзған жағдайда)

аумақтық әділет органынан №4 нысандағы анықтаманың электрондық көшірмесі (бала 2008 жылға дейін некесіз туылған жағдайда)

Ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүліктеріне иелік ету үшін анықтамаларды алу кезінде:

1) ХҚО-да:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың (ата-аналардың (ата-ананың), асырап алушылардың, қорғаншының немесе қамқоршының, патронаттық тәрбиешінің және оларды алмастыратын адамдардың (бұдан әрі – заңды өкілдер) өтініші;

оқу орнынан білім беру мекемесі әкімшілігінің қатысуымен еркін нысанда жазылған, жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға тұрғын үйдің меншік иесі болып табылатын кәмелетке толмағанның анықтама-келісімі;

келмеген зайыбының (жұбайының) атынан мәміле жасауға нотариус куәландырған сенімхат не қайтыс болуы туралы куәлік;

көлік құралын тіркеу туралы куәлік (көлік құралын тіркеу туралы куәлік жоғалған жағдайда – ішкі істер органдары беретін растау анықтамасы);

баланың туу туралы куәлігі (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);

некеге тұру немесе бұзу туралы куәлік (2008 жылға дейін некеге тұрған немесе бұзған жағдайда);

аумақтың әділет органынан № 4 нысандағы анықтама (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда).

2) порталға:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанындағы сұрау;

оқу орнынан білім беру мекемесі әкімшілігінің қатысуымен еркін нысанда жазылған, жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға тұрғын үйдің меншік иесі болып табылатын кәмелетке толмағанның анықтама-келісімінің электронды көшірмесі;

келмеген зайыбының (жұбайының) атынан мәміле жасауға нотариуспен куәландырылған сенімхаттың немесе қайтыс болуы туралы куәліктің электрондық көшірмесі;

анықтама ішкі істер органдарына керек болған жағдайда, көлік құралын тіркеу туралы куәліктің электрондық көшірмесі (көлік құралын тіркеу туралы куәлік жоғалған жағдайда – ішкі істер органдары беретін растау анықтамасы);

баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);

некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің электрондық көшірмесі (2008 жылға дейін некеге тұрған немесе бұзған жағдайда);

аумақтық әділет органынан алынған № 4 нысандағы анықтаманың электрондық көшірмесі (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда).

Банктерге кәмелетке толмағандардың мүліктеріне иелік ету үшін анықтамаларды беру кезінде:

1) ХҚО-ға:

осы мемлекеттік қызмет стандартына 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес өтініш;

оқу орнынан білім беру мекемесі әкімшілігінің қатысуымен еркін нысанда жазылған, банктік мүлікті иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға тұрғын үйдің меншік иесі болып табылатын кәмелетке толмағанның анықтама келісімі;

келмеген зайыбының (жұбайының) атынан мәміле жасауға нотариуспен куәландырылған сенімхат не қайтыс болуы туралы куәлік;

банк салымының бар екенін растайтын құжат;

некеге тұру немесе бұзу туралы куәлік (2008 жылға дейін некеге тұрған немесе бұзған жағдайда);

баланың туу туралы куәлігі (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);

аумақтық әділет органынан № 4 нысандағы анықтама (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда).

2) порталға:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанындағы сұрау;

оқу орнынан білім беру мекемесі әкімшілігінің қатысуымен еркін насында жазылған, банктік мүлікті иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға тұрғын үйдің меншік иесі болып табылатын кәмелетке толмағанның анықтама-келісімінің электрондық көшірмесі;

жоқ болған зайыбының (жұбайының) атынан мәміле жасауға нотариуспен куәландырылған сенімхаттың немесе қайтыс болуы туралы куәліктің электрондық көшірмесі;

банк салымының бар екенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің электрондық көшірмесі (2008 жылға дейін некеге тұрған немесе бұзған жағдайда);

баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);

аумақтық әділет органынан алынған № 4 нысандағы анықтаманың электрондық көшірмесі (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда).

Қызмет көрсетілуінің нәтижесі

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүліктеріне иелік ету үшін, банктерге кәмелетке толмаған балалардың мүліктеріне иелік ету үшін берілетін анықтамалар.

: sites -> default -> files -> Node 838
Node 838 -> Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
Node 838 -> Регламенті Жалпы ережелер «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»
Node 838 -> Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
Node 838 -> Регламенті Жалпы ережелер «Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру»
Node 838 -> «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Node 838 -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Node 838 -> Қызметтің атауы
Node 838 -> Регламенті Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
Node 838 -> Қызметтің атауы
Node 838 -> Қызметтің атауы

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...

©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...