Қызмет көрсетілетін орын



жүктеу 49.6 Kb.
Дата19.03.2017
өлшемі49.6 Kb.

«Өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды қоса алғанда, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді, оларға тіркемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттiк қызмет көрсету

ПАСПОРТЫ



Қызмет көрсетілетін орын

- Облыстың аудандары мен қалаларының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдері.

- www.e.gov.kz «электрондық үкімет» порталы немесе www.elicense.kz «Е–лицензиялау» порталы


Қызметті алушылар

Жеке тұлғалар (бұдан әрі - қызмет алушы)

Қызмет көрсету мерзімі

Өкілетті органға- он бес жұмыс күні ішінде.

Порталда – он бес жұмыс күні ішінде.


Қажетті құжаттар

Өкілетті органға:

1) белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) тиісті санаттар бағдарламасы бойынша оқытудан өткені туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі немесе «ауыл шаруашылығын механикаландыру» біліктілігін растайтын дипломның түпнұсқасымен көшірмесі (құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесін салыстырып тексергеннен кейін түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады);

3) белгіленген үлгідегі медициналық анықтама (медициналық анықтама бланкілерін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық мекемелері береді);

4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген куәлікті беру үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6) төменгі сол жақ бұрышында ақшыл түсті реңі бар мөлшері 3,5х4,5 см. фотосурет;

7) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;

8) жоғары, техникалық және кәсіптік біліп беру оқу орындарын (арнайы оқу орындарын, орташа кәсіптік оқу орындарын) «ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша бітірген тұлғаларды қоспағанда, оқу ұйымының емтихандық комиссиясы хаттамасының көшірмесі;

9) «Б» және (немесе) «Д» санатының тракторист-машинист куәлігін алуға өтініш берген кезде – «А», «В» немесе «Г» бағандарында рұқсат беру белгілері бар және емтихан пунктінде теориялық емтихан тапсырған тракторист-машинист куәлігі, сондай-ақ «А», «В» немесе «Г» санаттарына жатқызылатын машиналарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуын растайтын құжаттар;

10) «қаршаналарды, квадроциклдерді басқаруға рұқсат» деген жазбасы бар куәлікті алу үшін – «А» және «В» немесе «Б» және «В» рұқсат беру санаттары бар тракторист-машинист куәлігінің немесе «А» рұқсат беру санаты бар жүргізуші куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі (құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесін салыстырып тексергеннен кейін түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады).

Порталда:



1) электрондық нысандағы өтініш – мәліметтер нысаны;

2) тиісті санаттар бағдарламасы бойынша оқытудан өту туралы куәліктің көшірмесі немесе «ауыл шаруашылығын механикаландыру» біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі – электрондық көшірмесі;

3) белгіленген үлгідегі медициналық анықтама (медициналық анықтама бланкілерін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық мекемелері береді) – электрондық көшірмесі;

4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген куәлікті беру үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек – электрондық көшірмесі (төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізілмеген жағдайда);

5) төменгі сол жақ бұрышында ақшыл түсті реңі бар мөлшері 3,5х4,5 см. фотосурет;

6) жоғары, техникалық және кәсіптік біліп беру оқу орындарын (арнайы оқу орындарын, орташа кәсіптік оқу орындарын) «ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша бітірген тұлғаларды қоспағанда, оқу ұйымының емтихандық комиссиясы хаттамасының көшірмесі –мәліметтер нысаны;

7) «Б» және (немесе) «Д» санатының тракторист-машинист куәлігін алуға өтініш берген кезде – «А», «В» немесе «Г» бағандарында рұқсат беру белгілері бар тракторист-машинист куәлігінің электрондық көшірмесі, сондай-ақ
«А», «В» немесе «Г» санаттарына жатқызылатын машиналарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;


8) «қаршаналарды, квадроциклдерді басқаруға рұқсат» деген жазбасы бар куәлікті алу үшін – «А» және «В» немесе «Б» және «В» рұқсат беру санаттары бар тракторист-машинист куәлігінің немесе «А» рұқсат беру санаты бар жүргізуші куәлігінің электрондық көшірмесі.


Қызметтің құны

Ақылы

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

Өкілетті органда:

- тракторларды және олардың базасында жасалған шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы,мелиоративтік және жол-құрылыс машиналар мен механизмдерді,сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәлік беру, тракторист-машинист куәлігінің телнұсқасын беру, не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап;

Порталда:



- қызмет алушы тракторист-машинист куәлігін немесе тракторист-машинист куәлігінің телнұсқасын алуы мүмкін мекенжайды көрсете отырып, рұқсат беру құжатының дайындығы туралы хабарламаны, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында беру.

Шағымдану тәртібі

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген не дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда, шағым мемлекеттiк қызмет көрсететін өкілетті органның басшысы атына немесе әкімдікке жұмыс күндерінің сағат 9.00-ден 18.00-ге дейінгі уақытта, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзілістегі уақытты және демалыс, мейрам күндерін есептемегендегі мерзімде беріледі.

Шағым қызмет алушының таңдауы бойынша:

1) жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі-ЖАО) кеңсесіне;

2)тиісті ЖАО интернет-ресурсында орналасқан әкім блогына беріледі.

Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша.



Өзге талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында;

2) ЖАО интернет-ресурстарында.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

ЖАО лауазымды тұлғаларының әрекеттерін (әрекетсіздігін) шағымдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдем көрсетуді ЖАО заң қызметінің мамандары жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет