Қызылорда облыстық психоневрология ауруханасы мкм-нің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау анықтамасы «Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы»



жүктеу 45.81 Kb.
Дата07.09.2017
өлшемі45.81 Kb.
Қызылорда облыстық психоневрология ауруханасы МКМ-нің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау анықтамасы
«Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы » ММ-нің 15.03.2017 ж № 013-13/2009 және аурухананың 24.03.2017 ж № 60 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа ықпал жасайтын себептер мен жағдайларды жою үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ұйымдастырылды.

Ішкі талдау уақыты 2016 жыл мен 2 ай 2017 жыл аралығын қамтиды.

Облыстық психоневрология ауытқулары бар науқастарға ем-дом көрсетеді. Аурухананың бас дәрігері А.К.Медетбаев.

«Облыстық психоневрология ауруханасы» МКМ-сі облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ-не бағынышты.

Аурухана өз қызметін ҚР «Конституциясы» ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі, ҚР ДСМ-нің бұйрықтары мен мекеменің жарғысы негіздерінде өз қызметін атқарады.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 5 тармағы негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттарда жүргізіледі:




  1. Нормативтік құқықтық актілер негізінде медициналық қызмет көрсетуде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    1. Медициналық қызмет көрсетудегі Заңдар мен нормативтік – құқықтық актілер :

  1. ҚР «Конституциясы»;

  2. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі;

  3. ҚР «Еңбек кодексі»;

  4. «Психиатриялық мекемелер қызметі туралы Ереже» ҚР ДСМ-нің 06.01.2011 ж № 15 және «ҚР психиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын бекіту туралы» ҚР ДС және ӘДМ – нің 08.02.2016 ж № 95 бұйрықтары;

  5. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;

  6. Облыстық әкімшілік қаулылары және облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен аурухананың ішкі бұйрықтары.




    1. Медициналық қызмет көрсетудегі нормативтік-құқықтық актілер негізінде болатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдігі.

Аурухана психиатриялық мекеме болғандықтан ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі мен ҚР АПК-нің талаптарына психикалық науқастарды арнайы түрде жатқызады. Осыған орай 2016 жылы стационарлық көмекке - 3000 науқас, күндізгі стационарға - 387 науқас, амбулаториялық қаралуға - 55630 науқас жүгінген. 2017 жыл 2 ай көлемінде стационарлық көмекке - 446, күндізгі бөлім- 52 науқас, амбулаториялық көмекке - 8400 науқас жүгінген. Заңдылық бұзылмаған.

Сонымен қоса аурухана анықтамалар беруде ақысыз мемлекеттік қызмет көрсетеді. Қызмет көрсету «Аранайы халыққа қызмет көрсету орталығында» және аурухананың диспансерлік бөлімшесінде беріледі.

2016 жылы «Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы – 6246 анықтама, диспансерлік бөлімше арқылы – 38458 анықтама берілген.

2017 жылы екі айлықта «Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы – 940 анықтама, диспансерлік бөлімше арқылы - 6085 анықтама берілген. Анықтамалар беруде зыңдылықтар сақталған.

Ауруханада дәрігерлік комиссия жұмыс атқарады. 2016 жылы бұл комиссияға стационарлық жағдайда 1340, амбулаторлық жағдайда 1692 науқастар, ал 2017 жыл 2 айлықта стационарлық жағдайда 379 , амбулаторлық жағдайда 367 науқастар өткен.

Мүгедектікке жолдама 2016 жылы стационар бойынша 436 науқасқа, амбулатория бойынша 497 науқасқа, 2017 жыл 2 айлықта, стационар -88, амбулатория - 60 науқастарға берген.

Ауруханада емделген жұмыс істейтін науқастарға 2016 жылы еңбекке жарамсыздық парағы 26 науқасқа, 2017 жыл 2 айлықта 1 науқасқа берілген.

Жоғарыда аталған жағдайлар бойынша барлық і-шаралар заң нормаларына сәйкес жүргізіліп, негіздемесіз атқарылмаған.




  1. Басқарудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдігін анықтау.

  1. Қызметкерлерді басқаруда, кадрлар ауысымы және еңбек қақтығысын шешу.

Ауруханада - 387 қызметкер жұмыс жасайды. 2016 жылы халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы негізінде 26 адам жұмысқа қабылданған. Зейнеткерлік жасына жетуіне және өз еркімен жұмыстан босату туралы арыздары негізінде 21 адам жұмыстан босатылған.

2017 жылы 2 айлықта жолдама негізінде 12 адам жұмысқа қабылданған және 2 адам арызы негізінде жұмыстан босатылған.

Ауруханада келісім комиссиясы жұмыс жасайды. Еңбек даулары аталған жылдары болмаған. ҚР «Еңбек кодексі негізінде жұмыс жасалып, заңдылықтар бұзылмаған.

Ауруханада 4 автокөлік бар. Әр автокөлік қойылған бағыттар бойынша жүргізіледі. Жеке мақсаттарға қолданылмайды.


3.ҚР «Мемлекеттік сатып алу» заңы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдігі.

2016 жылы мемелекеттік сатып алулар ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы негізінде жүзеге асырылған. Электронды портал арқылы шарттарға отырған. Шарт талабын орындамағаны үшін 6 талап арыз сотқа жолданған. Сотпен талаптар қанағаттандырылған.

2017 жылы 2 айлық бойынша мемлекеттік сатып алулар заң нормалар негізінде жүргізілген. 3 конкурсқа облыс әкімдігі мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлері тартылған.

Бір талап арыз сотқа жолданған. Сотта қаралу үстінде.


4.Мемлекеттік органдары тексеруі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдігі.

2016 жылы аурухананы тексеру журналындағы тізім бойынша 5 жағдай , 3 жағдайға АКТ беріліп, кемшіліктер жойылған. Сыбайлас жемқорлық фактісі анықталмады.

Оның ішінде Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Қызылорда қалалық басқармасының 12.07.2016 ж АКТ –сі туберкулез бөлімшесі бойынша түскен, яғни науқас Сүлейменова С.А-нің санитарлық - эпидемиологиялық жағдайы бойынша аурухананың жедел шақыруы - талаптарға сай.

Ұлттық алдын - алу тетігінің тексеруі: Санитарлық - эпидемиологиялық талаптарға сәйкестік жасау. Кемшіліктерді жоюға жұмыстар жасалып, ДС және ӘД министрлігінде министрдің орынбасары Цой А.В. 13.05.2016 жылы селекторлық кеңесте талқыланды. Аурухананы кеңейтуге жұмыс жасау мақсаты қойылды.

Қызылорда облысының ІІД –нің обьектінің қорғалуы бойынша тексерілуі – АКТ бойынша кемшілік жойылды.
5. Арыз- шағымдар:

1. Манасов Талғат 1989 ж.т. азамат денсаулық сақтау басқармасына стационарлық емге жатқызу бойынша арызданды. Тексеру жүргізілді. Анықтама денсаулық сақтау басқармасында .

2. Мәлік Зада – Айша Асанқызы 1977 ж.т. бінеше мәрте денсаулық сақтау басқармасына арызданған. Өзінің психикалық жағдайына байланысты бірнеше рет стационарлық емге жатқызылды.

Қорытынды: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдігін болдырмау мақсатында алдын – алу іс – шараларын жалғастыру.




Бас дәрігер м.а. Сарсенова Р.О.

Комиссия төрайымы: Колбаева Г.К.

Заңгер: Абдрасулов М.С.



Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет