Избасканова Асем Мырзабековна



жүктеу 56.44 Kb.
Дата19.01.2017
өлшемі56.44 Kb.

Проект авторы

Аты-жөні

Избасканова Асем Мырзабековна

Аумақ

Қазақстан

Мектеп орналасқан

елді-мекен



Ақтөбе облысы

Мектептің аты:

51 гимназия

Проекттің мазмұны

Проект тақырыбы: Құстар

Проекттің атауы:

Проекттің қысқаша мазмұны

 Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кетуінен хабардар ету. Құстардың адам өміріндегі маңызы мен орнын анықтау.



Пәндер:

Дүниетану

Кластар:

3
 

Проект ұзақтығы

1 сабақ

Проект негізі

Білім беру стандарттары:


Білу керек:
Проект жүргізу барысында оқушылар құстардың түрлерін,құстардың денесінің ерекшеліктерін, көбею жолдарын, құстардың табиғаттағы және адамға пайдасы, Қызыл Кітапқа енген құстардың түрлерін.

Жасай білу керек:

Жеке және топпен жұмыс жасауын жоспарлай, проект барысында жоспарды түзете білу керек

Жұмыс барысында үлкен жауапкершілікті сезіну керек.

 


Дидактикалық мақсаты/ Күтілетін нәтиже

Проект аяқталғаннан кейін оқушылар:

  • Құстардың адам өміріндегі маңызы мен орнын түсіндіре алады;

  • жұмысты жеке және топпен жоспарлап, бағалай алады;

  • алған білімдерін бағалай алады;

  • алған мәліметтерді талдай алады;

  • жазбаша, ауызша, желілік байланысты қолдана алады;

  • жұмыс барысында үлкен жауапкершілікті сезінеді.

 

 


Проектке бағытталған сұрақтар

Негізгі сұрақ

Құстарды неліктен «қанатты досымыз» деп атаймыз?


Проблемалық

сұрақ

Неліктен құстарға қыста азық табу қиынға соғады?

Неліктен кейбір құстарды Қызыл Кітапқа енгізеді?





Оқу сұрақтары

  • Құстар тірі табиғатқа ма әлде өлі табиғатқа жатады?

  • Құстардың денесі қандай бөліктерден тұрады?

  • Құстардың қандай түрлерін білесің?

  • Әнші құсты ата.

  • Құстардың неше түрі бар?

  • Әнші құс деп қандай құсты атайды?

  • Жыл құстарын ата.

  • Үй құстарын ата.

  • Орнитолог нені зерттейді?




Бағалау жоспары

Бағалау графигі

Жоба жұмысына дейін

Оқушылар проектімен жұмыс жасайды және тапсырмаларды орындайды


Жоба жұмысынан кейін

1.Кіріспе – Оқушылар өздері білетін құстардың атауларын жазады.


2.Ассоцация Табиғат

3. Бағалау критерийлері орындалған тапсырмаларды бағалау

1.Аңыз-әңгімелер. Оқушылар мұғалімдерден, кітапханалардан мәліметтер жинайды.

2. Семантикалық карта.

Оқушылар сабақта құстардың түрлері бойынша картаны толтырады.



3. Талдау.

Жиналған материалдар бойынша талдау жасалынады 




1.Конференция

2.Бағалау критерийлерінің

парағы.

топ жұмысы



3.Мультимедиялық бөлім.

(проект материалдарының презентациясы)



Бағалау әдісінің сипаттамасы

Кіріспе – Оқушылар құстар туралы толық мағлұмат жазады. Ассоциация әдісі арқылы құстар- тірі табиғаттың бөлігі екенін анықтайды.
Семантикалық карта- құстардың түрлерін анықтау.

Конференцияжүргізілген жұмысты класта қорытындылау.

Эссе- оқушылардың ой толғауын талқылау



Бағалау критерийлерінің парағы - топ жұмысын бағалау

Мультимедиялық бөлім -проект материалдарының презентациясы.

 


Проект туралы

Жалпы құстардың пайдасы туралы, көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кетуінен хабардар ету. Құстардың адам өміріндегі маңызы мен орнын анықтау.






Оқыту этаптары
Дайындық.

Оқушылар құстарға анықтама береді, оның түрлерін анықтайды, Қызыл Кітапқа енген құстар туралы мәлімет жинайды.



Негізгі бөлім.

1.Оқушылар мұғалімдерден, кітапханалардан, мәліметтер жинайды.

2.Оқушылар сабақтан тыс уақытта интернет-қорларды пайдаланады..

3.Жиналған материалдар бойынша талдау жасалынады 

 

Қорытынды бөлімі.



Конференцияға мектеп мұғалімдері, ата-аналар, оқушылар қатынасады. Жобаны қорғау мультимедиялық презентация түрінде көрсетіледі.
 


Дифференциалдық оқыту материалдар

Оқу материалдарын игермеген оқушы

Тапсырманы нақтылап беру, көмек көрсету, проектімен жұмыс нәтижесі жұмыс көлеміне, мазмұнына, оқушының даму деңгейіне сәйкес келу керек.







Дарынды оқушы

Дифференциалдық оқытуға сәйкес оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру (мысалы, оқушының мүмкіндігіне, қызығушылығына сәйкес). Проект барысында зерттелетін тақырыптың ашылуы.

Проектке қажетті материалдар және ресурстар

Технология-құралдар

Фотоаппарат, компьютерлер, интерактивті тақталар, видеокамера, сандық камера, интернет желісіне жалғанған технологиялар.


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет