Құқықтық актілер туралы



жүктеу 0.75 Mb.
бет1/4
Дата09.06.2017
өлшемі0.75 Mb.
  1   2   3   4


Құқықтық актілер туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ

      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.

      МАЗМҰНЫ

      Осы Заң Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қабылдау, тіркеу, қолданысқа енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру және оларды жариялау тәртібіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) әзірлеуші орган – Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және басқа да нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзыретіне сәйкес нормативтік құқықтық актілерді әзірлейтін мемлекеттік органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар;
      2) ереже – қандай да бір мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;
      3) жеке-дара қолданылатын құқықтық акт – жеке-дара айқындалған тұлғалар тобына (жеке және (немесе) заңды тұлғаларға) қолданылатын, олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын және құқық нормаларын қамтымайтын, белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат;
      4) заң – аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген негізге алынатын қағидаттар мен нормаларды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
      5) заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлер – заңнамалық және сатысы бойынша өзге де жоғары тұрған нормативтiк құқықтық актiлердің негiзiнде және (немесе) оларды орындау үшін және (немесе) одан әрі іске асыру үшін шығарылатын, заңнамалық актілер болып табылмайтын өзге де нормативтiк құқықтық актiлер;
      6) заң жобасының тұжырымдамасы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесін, оны қабылдау мақсаттарын және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де ережелерді қамтитын құжат;
      7) заңнамалық акт – Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң, конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлығы, кодекс, шоғырландырылған заң, заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжiлiсiнің қаулылары;
      8) заң сараптамасы – нормативтік құқықтық актінің жобасын не қабылданған нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан тексеру;
      9) заң техникасы – құқықтық актілерді ресімдеу тәсілдерінің, талаптары мен қағидаларының жиынтығы;
      10) заң ұқсастығы – ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдардың нормаларын реттелмеген қоғамдық қатынастарға қолдану;
      11) кодекс – осы Заңның 8-бабында көзделген бiртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқық нормалары бiрiктiрiлген және жүйеге келтiрiлген заң;
      12) конституциялық заң – Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген мәселелер бойынша қабылданатын заң;
      13) қағидалар – қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;
      14) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi – нормативтiк құқықтық актiлердiң деректемелерiн және осы актiлер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәлiметтердi қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алудың бiрыңғай жүйесi;
      15) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi – Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне олар туралы мәлiметтер енгiзiлген, қағаз жеткізгіштегі нормативтік құқықтық актілер жиынтығы және электрондық құжат нысанындағы нормативтік құқықтық актілердің электрондық жүйесі;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасы – белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлер жиынтығы;
      17) Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн заң – Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 3-тармағында және 91-бабының 1-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң;
      18) құқық нормасы – реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберiнде көп мәрте қолдануға арналған, жеке-дара айқындалмаған тұлғалар тобына қолданылатын, тұрақты немесе уақытша сипаттағы жалпыға мiндеттi мінез-құлық қағидасы;
      19) құқықтық акт – республикалық референдумда қабылданған не уәкілетті органдар қабылдаған, құқық нормаларын немесе жеке-дара билік ететін құқықтық нұсқамаларды қамтитын, белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат;
      20) құқықтық мониторинг – осы Заңның 50 және 51-баптарына сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйі және оны қолдану практикасы туралы ақпаратты үнемі бақылау, жинау, талдау жүйесі;
      21) құқық ұқсастығы – заңнаманың мәнін, құқықтың жалпы қағидаттарын және құқықтың нақты салаларының қағидаттарын реттелмеген қоғамдық қатынастарға қолдану;
      22) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын сақтау жөніндегі талапты белгілейтін және көрсетілетін қызметті берушілердің қызмет ету тәртібін, оның ішінде өзге де көрсетілетін қызметтерді берушілермен, халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;
      23) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын нормативтік құқықтық акт;
      24) нормативтік емес құқықтық акт – құқық нормаларын қамтымайтын, уәкілетті орган өз құзыреті шегінде шығарған (қабылдаған), жеке-дара айқындалған тұлғалардың заңнамада белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын не нормативтік құқықтық актіде қамтылған нормаларға түсіндірме беретін жазбаша ресми құжат, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілер;
      25) нормативтiк құқықтық акт – республикалық референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган қабылдаған, құқық нормаларын белгiлейтiн, өзгертетiн, толықтыратын, олардың қолданысын тоқтататын немесе тоқтата тұратын, белгiленген нысандағы, қағаз жеткізгіштегі жазбаша ресми құжат және сонымен бірдей электрондық құжат;
      26) нормативтiк құқықтық актiлердi кейiннен ресми жариялау – Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне сәйкестiгі тұрғысынан сараптамадан өткен нормативтiк құқықтық актiлердi баспа басылымында жариялау;
      27) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі – осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу нөмірі мен деректемелері қамтылған жазбаша тізбе;
      28) нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейi – нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысында өзiнiң заңдық күшiне қарай алатын орны;
      29) нормативтік құқықтық актінің заңдық күші – нормативтік құқықтық актінің тиісті қоғамдық қатынастарға қолданылу міндеттілігін, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге қатысты басымдығын немесе қоса бағыныстылығын айқындайтын сипаттамасы;
      30) нормативтік құқықтық актіні ресми жариялау – осы Заңда көзделген жағдайларда, нормативтiк құқықтық актiнiң толық мәтінін жалпыға бірдей мәлімет үшін электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, ресми баспасөз басылымдарында, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялау;
      31) нормативтік құқықтық актіге ресми түсіндірме беру актісі – осы Заңның 13-тарауында көрсетілген талаптар мен шарттарға сай келетін, нормативтік құқықтық актіде қамтылған нормаларға түсіндірме беретін белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат;
      32) нұсқаулық – қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында заңнаманың қолданылуын тиянақтайтын нормативтік құқықтық акт;
      33) техникалық регламент – Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын, өнімге және (немесе) олардың өмірлік циклі процестеріне қойылатын міндетті талаптар белгіленетін нормативтік құқықтық акт;
      34) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, сондай-ақ осы мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өздерінің құзыретiне сәйкес құқықтық актiлерді қабылдауға құқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi, Парламент Палаталары, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, орталық атқарушы органдар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, әкімдер, өзге де мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар);
      35) уәкілетті ұйым – әзірлеуші орган әзірлеген және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізуге жататын заңнамалық актілердің жобалары бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалылығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптаманы жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым;
      36) шоғырландырылған заң – осы Заңның 9-бабында көзделген салалардағы (аядағы) сипаты жағынан кешенді қоғамдық қатынастарды реттейтін заң.

      2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      1. Осы Заң Қазақстан Республикасының құқықтық актілері жүйесін айқындайды, нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік емес құқықтық актілердің құқықтық мәртебесінің аражігін ажыратады.
      2. Осы Заң:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау, өзгерту, толықтыру және оның қолданылуын тоқтату тәртібін;
      2) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын қабылдау, өзгерту, толықтыру және олардың қолданылуын тоқтату тәртібін;
      3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту, толықтыру және тоқтату тәртібін;
      4) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік және азаматтық процестік заңнамасында белгіленген жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерді қабылдау, өзгерту, толықтыру және олардың қолданылуын тоқтату тәртібін реттемейді.

      3-бап. Құқықтық актілерге қойылатын жалпы талаптар.


              Құқықтық актілердің түрлері

      1. Құқықтық актілер мынадай жалпы талаптарға сай келуге:


      1) нормативтік немесе жеке-дара билік ететін құқықтық нұсқамаларды қамтуға;
      2) республикалық референдумда не осы Заңда және өзге де заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен қабылдануға;
      3) айқындалмаған тұлғалар тобына немесе жеке-дара айқындалған тұлғаларға арналуға;
      4) қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталуға;
      5) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерінің туындауына, оларды өзгертуге, толықтыруға немесе тоқтатуға бағытталуға тиіс.
      2. Құқықтық актілер мынадай түрлерге:
      1) нормативтік құқықтық актілерге;
      2) нормативтік емес құқықтық актілерге бөлінеді.

2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ

      4-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының жүйесі, оның
              тұтастығын қамтамасыз ету

      1. Қазақстан Республикасы заңнамасының жүйесін Қазақстан Республикасының Конституциясы, оған сәйкес келетін заңнамалық актілер, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, оның ішінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары құрайды.


      2. Қазақстан Республикасы заңнамасы жүйесінің тұтастығы:
      1) нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін сақтау;
      2) Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Заңда бекітілген нормативтік құқықтық актілер сатысын сақтау;
      3) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау арқылы қамтамасыз етіледі.

      5-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің


              және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
              нормативтік қаулылары

      1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негізделеді және барлық өзге де нормативтік құқықтық актілер оларға қайшы келе алмайды.


      2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары оларды қабылдауға негіз болған Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларының заңдық күшіне ие болады.
      3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысында сот практикасы мәселелері бойынша түсіндірмелер қамтылады.

      6-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары

      1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту, толықтыру және тоқтату тәртібі арнайы заңмен айқындалады.
      2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар оның заңдары алдында басым болады және халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде тікелей қолданылады.

2-БӨЛІМ. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

3-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      7-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi және туынды


              түрлерi

      1. Нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi және туынды болып бөлiнедi.


      2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне мыналар жатады:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары, Қазақстан Республикасының кодекстері, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған заңдары, Қазақстан Республикасының заңдары;
      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық жарлықтары;
      3) Қазақстан Республикасы Парламентiнің және оның Палаталарының нормативтiк құқықтық қаулылары;
      4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары;
      5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;
      6) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық қаулылары;
      7) Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
      8) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
      9) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары.
      3. Нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерiне мыналар жатады:
      1) ереже;
      2) техникалық регламент;
      3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      5) қағидалар;
      6) нұсқаулық.
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде туынды түрдегі нормативтік құқықтық актілердің өзге де нысандары көзделуі мүмкін.
      4. Туынды түрдегі нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi түрдегi нормативтiк құқықтық актiлер арқылы қабылданады немесе бекiтiледi және олармен бiртұтастықты құрайды.
      5. Уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдар нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқылы емес.
      6. Орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының басшылары құрылымына осы ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде нормативтік құқықтық бұйрықтарды бекіту жөнінде тікелей құзырет болған кезде нормативтік құқықтық бұйрықтарды қабылдайды және олар адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын қозғай алмайды.

      8-бап. Қазақстан Республикасының кодекстерiмен реттелетiн


              қоғамдық қатынастар

      Қазақстан Республикасының кодекстерi мынадай:


      1) бюджеттiк;
      2) азаматтық;
      3) азаматтық процестік;
      4) неке-отбасы;
      5) экологиялық;
      6) су;
      7) жер;
      8) орман;
      9) салық;
      10) кеден;
      11) еңбек;
      12) қылмыстық жазаларды орындауға байланысты;
      13) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға байланысты;
      14) қылмыстық жауаптылыққа тартуға байланысты;
      15) қылмыстық-процестік;
      16) денсаулық сақтау саласындағы;
      17) кәсіпкерлік саласындағы;
      18) жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану саласындағы біртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады.

      9-бап. Шоғырландырылған заңдармен реттелетін қатынастар

      Қазақстан Республикасының шоғырландырылған заңдары заңнаманың құрылымын жетілдіру мақсатында қабылданады және:
      1) мемлекеттік мүлік;
      2) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару;
      3) білім және ғылым;
      4) азаматтық қорғау;
      5) тұрғын үй қатынастары;
      6) қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу, бақылау және қадағалау;
      7) көлік;
      8) рұқсаттар және хабарламалар;
      9) оңалту және банкроттық;
      10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы (аясындағы) өзінің сипаты жағынан кешенді қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарды біріктіреді.

      10-бап. Нормативтік құқықтық актілер сатысы

      1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші бар.
      2. Қазақстан Республикасының Конституциясын қоспағанда, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдық күшiнiң арақатынасы мынадай төмендей беретiн деңгейлерге сәйкес болады:
      1) Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн заңдар;
      2) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары және Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлықтары;
      3) Қазақстан Республикасының кодекстерi;
      4) Қазақстан Республикасының шоғырландырылған заңдары, заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлықтары;
      5) Қазақстан Республикасы Парламентiнің және оның Палаталарының нормативтiк қаулылары;
      6) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтары;
      7) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары;
      8) Қазақстан Республикасы министрлерiнің және орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары;
      9) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
      10) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары.
      3. Төмен тұрған деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары тұрған деңгейлердегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс.
      4. Туынды түрдегі нормативтік құқықтық актінің нормативтiк құқықтық актілер сатысындағы орны негізгі түрдегі актінің деңгейімен айқындалады.
      5. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары осы бапта белгіленген нормативтiк құқықтық актiлер сатысынан тыс тұрады.

      11-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң тiкелей қолданылуы

      1. Егер нормативтiк құқықтық актiлердiң өздерiнде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде өзгеше ескертілмесе, барлық нормативтiк құқықтық актiлер тiкелей қолданылады.
      2. Қолданысқа енгізілген нормативтiк құқықтық актiлердi қолдану үшiн қандай да болсын қосымша нұсқаулар талап етiлмейдi.
      3. Егер нормативтiк құқықтық актiнiң өзiнде оның қандай да бiр құқық нормасы қосымша нормативтiк құқықтық акт негiзiнде қолданылатындығы көрсетiлсе, онда бұл норма негiзгi және қосымша нормативтiк құқықтық актiге сәйкес қолданылады.
      Қосымша нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн тиiстi қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер қолданылады.

      12-бап. Әртүрлi нормативтiк құқықтық актiлердiң құқық


               нормаларының қайшылықтары

      1. Әртүрлі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады.


      2. Заңдар нормаларының Қазақстан Республикасы кодекстерінің нормаларымен алшақтығы болған жағдайларда, олар кодекстерге тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.
      3. Бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кешірек енгізілген акт нормалары қолданылады.

      13-бап. Заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын пайдалану


               тәртібі

      1. Нақты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалары болмаған кезде заң ұқсастығы немесе құқық ұқсастығы қолданылуы мүмкін.


      2. Нақты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалары болмаған жағдайда, заң ұқсастығы қолданылады.
      3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда заң ұқсастығын пайдалану мүмкін болмаған кезде құқық ұқсастығы пайдаланылады.
      4. Заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын қолдану процесінде жеке немесе заңды тұлғалардың жаңа міндеттерін белгілеуге немесе құқықтарын шектеуге жол берілмейді.
      Заңнаманың нақты салаларымен реттелетін қатынастарда заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын қолдану мүмкіндігі тиісті заңнамалық актілермен айқындалады.

      14-бап. Мерзімдерді есептеу

      1. Заңнамада белгіленген мерзiм күнтiзбелiк күнмен немесе басталуы сөзсiз болатын оқиға көрсетiле отырып айқындалады. Мерзiм жылдармен, тоқсандармен, айлармен, апталармен, күндермен (тәуліктермен) немесе сағаттармен есептелетiн уақыт кезеңi ретiнде де белгiленуi мүмкiн.
      2. Жылдармен есептелетiн мерзiм оның басталуы айқындалған күнтiзбелiк күннен немесе оқиға басталған күннен (тәуліктен) басталады және мерзiмнiң соңғы жылының тиiстi айы мен күнiнде аяқталады. Егер мерзiмнiң аяқталуы тиiстi күн саны жоқ айға тура келсе, онда мерзiм осы айдың соңғы күнiнде (соңғы тәулігінде) аяқталады.
      Айлармен есептелетiн мерзiм оның басталуы айқындалған күнтiзбелiк күннен немесе оқиға басталған күннен (тәуліктен) басталады және мерзiмнiң соңғы айының тиiстi күнiнде (күні) аяқталады. Егер мерзiмнiң аяқталуы тиiстi күн саны жоқ айға тура келсе, онда мерзiм осы айдың соңғы күнiнде (соңғы тәулігінде) аяқталады.
      Апталармен есептелетiн мерзiм оның басталуы айқындалған күнтiзбелiк күннен немесе оқиға басталған күннен (тәуліктен) басталады және мерзiмнiң соңғы аптасының тиiстi күнiнде (тиісті тәулігінде) аяқталады.
      Күндермен (тәуліктермен) есептелетiн мерзiм Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген оқиға басталған күннен басталатын конституциялық мерзімдерді қоспағанда, оның басталуы айқындалған күнтiзбелiк күннен немесе оқиға басталған күннен (тәуліктен) басталады және белгіленген кезеңнің соңғы күнiнде (тәулігінде) аяқталады.
      Сағаттармен есептелетiн мерзiм оның басталуы айқындалған оқиға басталған минуттан басталады және белгіленген кезеңнің соңғы минутында аяқталады.
      3. Уақыт кезеңімен айқындалатын мерзімнің өтуі Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген оқиға басталған күннен басталатын конституциялық мерзімдерді қоспағанда, оның басталуы айқындалған күнтізбелік күннен немесе оқиға басталғаннан кейінгі келесі күні басталады.
      Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күні болмаса, мерзімнің аяқталу күні сол күннен кейінгі таяудағы келесi жұмыс күні болып есептеледі.

4-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫН



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет