Инвестициялық субсидияны беру қағидаларын бекіту туралы 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы»



жүктеу 116.06 Kb.
Дата15.04.2017
өлшемі116.06 Kb.



20.02.2013 ЕСЭДО ГО (версия 7.10.0) Копия электронного документа верна.



Инвестициялық субсидияны беру қағидаларын бекіту туралы

2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңының 18-5 бабының 6 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қоса беріліп отырған инвестициялық субсидияны беру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.




Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Масимов

Қазақстан Республикасының Үкіметінің «____» _____201_ жылғы № __ қаулысымен бекітілген



Инвестициялық субсидияны беру қағидалары



  1. Жалпы ережелер

1. Осы Инвестициялық субсидияны беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 18-5-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және инвестициялық субсидияны беру шарттары мен тәртібін айқындайды.

2. Осы қағидалар қолданылатын терминдер мен анықтамалар:

1) инвестициялық субсидия – инвестициялық басым жобаны орындау үшін инвестициялық келісімшарт жасаған Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына өтеусіз және қайтарылмайтын негізде инвестициялық преференция түрінде берілетін бюджеттік субсидия түрі;

2) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрылған заңды тұлға, оның ішінде шетелдік қатысумен құрылған заңды тұлға;

3) инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, инвестициялық келісімшарттар жасасу және олардың орындалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;

4) инвестор – Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырушы заңды тұлғалар;

5) инвестициялық басым жоба – тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен белгілі бір қызметтің басым түрлері бойынша жаңадан құрылған заңды тұлға іске асыратын және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін инвестициялық жоба;

6) инвестициялық келiсiмшарт – инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шарт.

7) аймақтық кеңес – жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астананың әкімдерімен құрылатын және басқарылатын кеңес беруші-консультативті орган.

Аймақтық кеңес орган құрамы мен жұмыс жасау тәртібі көрсетілген жергілікті атқарушы органның шешімімен құрылады.

3. Инвестициялық субсидия инвестициялық басым жобаға, Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасына мынадай шарттар сақталған кезде:

1) мыналарды:

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерін;

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес дербес білім беру ұйымдарын;

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күнге қолданыста болатын, айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыратын, инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге әрекет ететін Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасы алушы болып табылса;

2) инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференциялар алуға өтінім берген, Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) мемлекет және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісі болып табылмаса;

3) инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін қаржыландыру көздері не кепілдіктері ретінде бюджет қаражаты тартылмаса;

4) инвестициялық қызмет концессия шарты шеңберінен тыс жүзеге асырылса;

5) әрбір инвестициялық басым жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің инвестициялық субсидия беру туралы шешімі болса беріледі.

Инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференцияларды қолдану мақсаттары үшін мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға:

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік он екі айдан аспай жүзеге асырылса;

2) заңды тұлға инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлерін жүзеге асырса;

3) инвестициялық басым жобаны іске асыру бір инвестициялық келісімшарт шеңберінде ғана жүзеге асырылса, Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасы болып табылады.


2. Инвестициялық субсидия беру тәртібі
5. Инвестициялық субсидия алу мақсатында инвестор уәкілетті органға инвестициялық преференция беру туралы уәкілетті органмен бекітілген талаптарға сәйкес нысан бойынша өтінімді және өтінім берушінің Заңмен бекітілген талаптарға сәйкестігін растайтын келесі құжаттарды жібереді:

1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

2) заңды тұлға жарғысының заңды тұлғаның басшысы қолымен және мөрімен расталған көшiрмесi;

3) инвестициялық жобаның уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сәйкес жасалған бизнес-жоспары;

4) инвестициялық жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнын және тiркелген активтердi, шикiзатты және (немесе) материалдарды сатып алуға шығындарды негiздейтiн, тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн құжаттардың заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған көшiрмелерi;

5) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы тiркеу орны бойынша салық органының анықтамалары болған жағдайда қабылдайды және тiркейдi.

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптама қорытындысы бар жобалау алдындағы құжаттаманы ұсынады.

Егер инвестор инвестициялық субсидия түріндегі инвестициялық преференциялар алу мақсатында қосымша қолднаыстағы келісімшарт шеңберінде өтінім беретін болса, уәкілетті орган инвестициялық келісімшартқа өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу мақсатында осы Қағидалардың 7-9 тармақтарына сәйкес жұмыс жүргізеді.

5. Инвестициялық субсидия Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторға беріледі.

6. Уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде алдын ала осы Қағидалардың 4 және 5 тармағында көрсетілген құжаттардың барлығын тексеріп, өтінімді қабылдайды.

Осы қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар жоқ болған жағдайда уәкілетті орган осы тармақтың 1-ші азатжолында көрсетілген мерзімде жазбаша негіздеме арқылы инвесторға қайтарады.

Инвестициялық басым жобасына инвестициялық субсидия беру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі жоқ болған жағдайда уәкілетті орган осы Қағидалардың 7-9 тармақтарына сәйкес жұмыс жүргізеді.


7. Уәкілетті орган 10 (он) жұмыс күні ішінде:

1) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген инвестициялық субсидияны беруге арналған шарттарға сәйкестігін тексереді;

2) инвестициялық жоба бойынша құжаттарды сараптамадан өткізеді;

3) инвестициялық жобаға инвестициялық субсидияны беру мерзімін және республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемін анықтау үшін экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті органға қажетті құжаттарды жолдайды;

Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қарастыру барысында осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігі бойынша ескертулер пайда болған жағдайда уәкілетті орган инвесторға дәлелді жауап жолдайды.

8. Экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті орган құжаттарды алғаннан соң 10 (он) жұмыс күні ішінде Республикалық бюджеттік комиссияға инвестициялық жобаға инвестициялық субсидияны беру мерзімін және республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемін анықтау үшін шығарады және уәкілетті органды қабылданған шешім туралы хабарландырады.

9. Республикалық бюджеттік комиссияның шешімін алған соң уәкілетті орган инвесторды хабарландырады және заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы заңды тұлғасына инвестициялық субсидияны беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы жобасын дайындайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.

10. Қазақстан Республикасы заңды тұлғасына инвестициялық субсидияны беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі өз күшіне енген күннен бастап уәкілетті орган өтінімді тіркейді.

11. Инвестициялық субсидияны беру туралы Үкімет шешімі қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган инвестицияларды жүзеге асыру мен инвестициялық преференцияларды беруді қамтитын инвестициялық жобаны атқарушы үлгілік келісімшарт ережелерін ескере отырып инвестициялық келісімшартты немесе инвестициялық келісімшартқа қосымша келісімді қол қою үшін дайындайды.

12. Инвестициялық келісімшарт немесе инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім оның тараптары қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органмен тіркеледі.

Инвестициялық келісімшарттың немесе инвестициялық келісімшартқа қосымша келісімнің жасау күні болып уәкілетті органмен оны тіркеген күн болып табылады.

13. Уәкілетті орган тиісті жергілікті атқарушы органға инвестициялық басым жобаның іске асырылуы туралы ақпарат жолдайды.

14. Инвестициялық субсидия қосымша құн мен акциздерге салықты есептемегенде, растаушы құжаттар негізінде, бірақ Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіптегі мемлекеттік сараптама қорытындысы бар жоба алдындағы құжаттамада қамтылған шығындар құнынан аспайтын құрылыс-монтаж жұмыстары мен жабдықтарды сатып алуға кеткен нақты шығындардың 30 % (отыз) дейін өтеу арқылы беріледі.

15. Инвестициялық субсидияны төлеу кестесі мен жылдық көлемі инвестициялық субсидияны инвестициялардың көлемі мен инвестициялық басым жобаның рентабельділігіне қарай кезеңге, бірақ өндіріс пайдалануға берілгеннен кейін және инвестициялық келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғанға дейін кемінде үш жылға тең үлестермен бөлу арқылы инвестициялық келісімшарт шеңберінде белгіленеді.

16. Инвестициялық келісімшартта белгіленген толық көлемде инвестициялық субсидияларды жергілікті атқарушы органмен төлеу, инвестор жұмыс бағдарламасына сәйкес кәсіпорынды жүктеу бойынша міндеттемелерін орындаған жағдайда жылдың қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.

17. Инвестор шығындардың бір бөлігін өтеуді қамтамасыз ету мақсатында тиісті жергілікті атқарушы органға өндірісті пайдалануға бергеннен кейін кейінгі және келесі жылдар бойы инвестициялық келісімшарт туралы ақпаратты осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген нұсқада жергілікті атқарушы органға есеп жолдайды.

Инвестор жұмыс бағдарламасында бекітілген өндіріс жүктемесі бойынша жылдық көрсеткішті орындамаған жағдайда, инвесторға берілген көрсеткішті орындау пайызына пропорционалды субсидия көлемі төленеді.

18. Жергілікті атқарушы орган жыл сайын, шығындарды нақты өтеу бойынша субсидияны игеру туралы осы Қағидалардың қосымшасында көрсетілген нұсқада уәкілетті органға есеп жолдайды (2-қосымша).




«__» ____ 2014 жылғы № _ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Инвестициялық субсидиялар беру қағидаларына 1 Қосымша

Нысан
Жергілікті атқарушы органмен инвестициялар бойынша уәкілетті органға беріледі


________ жыл үшін субсидияларды игеру туралы есеп


Инвестициялық келісімшарт № және мерзімі




Инвестициялық жоба атауы





Инвестор





Инвестициялық келісімшарт бойынша _____ жыл үшін субсидиялар сомасы (жоспар)





_______жыл үшін игерілген субсидиялар сомасы (факт)





Хаттамалық шешім мерзімі және нөмірі







Аймақтық үйлестіруші кеңес Төрағасы

(облыс, Астана немесе Алматы қаласының)


________________________

Толық аты-жөні










«__» ____ 2014 жылғы № _ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Инвестициялық субсидиялар беру қағидаларына 2 Қосымша

Нысан
Инвестициялар бойынша уәкілетті органмен инвестициялық келісімшарт жасаған заңды тұлғамен жергілікті атқарушы органға беріледі


______ жылдың ____ тоқсаны үшін өндірістік көрсеткіштер бойынша есеп

«_____________________________» инвестициялық жобасы бойынша

жоба атауы




п/п №

Тауарлардың, жұмыстың және (немесе) қызметтің атауы

Келісішарт бойынша өндірістік көрсеткіштер

% (жоспар)



Заттай түрінде өндірілді

Зат түрінде таратылды















Қорытынды: Есептік тоқсан үшін зат түрінде ________ өнім (қызмет) өндірілді, бұл тиісті жарты жыл үшін инвестициялық келісімшарт бойынша өндірістік қуаттылықтың ___% құрайды.


Инвестициялық келісімшарт бойынша өндірістік қуаттылық жоспары 20__ жылдың ___ жарты жылы үшін _____% құрайды.

______________________________



Заңды тұлға атауы
______________________________М.О.

Басшының толық аты-жөні, қолы

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет