Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу



жүктеу 36.02 Kb.
Дата15.04.2017
өлшемі36.02 Kb.

Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу


Мемлекеттік орган

ҚР инвестиция және даму жөніндегі министрлігі
Қызмет алушылар

Заңды тұлғалар


Қызмет көрсетілетін жері

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру ҚР инвестиция және даму жөніндегі министрлігі Инвестициялар комитетiнің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.


Қызмет құны

Тегін
Қызмет көрсету мерзімі

Келісімшарт беру 35 (отыз бес) жұмыс күні, инвестициялық субсидия беруді қоспағанда беріледі.

Инвестициялық субсидия «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-5-бабы 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте және мерзімде беріледі.


Қызметтің толық атауы

Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға келісімшарт жасасу.



Қызметті мемлекеттік органда алу

1) он бес минуттың ішінде кеңсе маманымен тіркеу нөмірі мен күні көрсетілген құжаттар тіркеліп, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына беріледі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары құжаттарды үш сағат ішінде Басқарма басшысына береді;

3) Басқарма басшысы бір сағат ішінде жауапты орындаушыны анықтап, құжаттарды қарастыруға береді;

4) жауапты орындаушы өтінім тіркелген сәтінен бастап он сегіз жұмыс күні ішінде құжаттарды қарастырады;

5) құжаттар «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабымен белгiленген талаптарға сәйкес жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар қарастырылған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде Келісімшарт жасасу туралы бұйрықты қабылдайды;

6) жауапты орындаушы Келісімшарт жасасу туралы бұйрық қабылданған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде Келiсiмшарт жобасын қол қоюға дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға жібереді;

7) тараптармен қол қойылған Келісімшарт жобасы бес жұмыс күнi iшiнде тiркеледі;

8) жауапты орындаушы Келісімшар тіркелген күнді оны кеңсе маманына береді;

9) кеңсе маманы тіркелген Келісімдшартты көрсетілетін қызметті алушуға береді.



Келісімшарт беру алу үшін

  1. мемлекеттік және орыс тілдеріндегі инвестициялық преференцияларды беруге өтінім;

  2. заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттiк (есептік) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк* көшірмесі немесе көрсетілетін қызметті алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;

ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады;

  1. заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылған көрсетілетін қызметті алушы жарғысының көшірмесі;

  2. инвестициялық жобаның бизнес-жоспары;

  3. тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленетін инвестициялық жобаны іске асыру кезінде пайдаланылатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының сметалық құнын және тіркелген активтерді, шикізатты және (немесе) материалдарды сатып алуға жұмсалатын шығындарды негіздейтін, құжаттардың көрсетілетін қызметті алушы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған көшірмелері;

  4. көрсетілетін қызметті алушының өтінімінде көрсетілген мемлекеттік заттай гранттың көрсетілетін қызметті алушы сұрау салған мөлшерін (құнын) және оны беру алдын ала келісілгенін куәландырылған құжаттар;

  5. салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы тіркеу орны бойынша мемлекеттік кіріс органының анықтамасы.

Егер инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімде инвестициялық субсидия беру көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы, заңды тұлға басшысының қолымен, мөрімен куәландырылған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік сараптама қорытындысы бар жобалау алды құжаттамасын ұсынады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт (бұдан әрі – Келісімшарт) жасасу болып табылады.



Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет