Ынтымақтастықпен өмір сүру



жүктеу 36.78 Kb.
Дата15.01.2017
өлшемі36.78 Kb.
Өмір Есқали

Ынтымақтастықпен өмір сүру




бүгінгі күні адамзаттың басты проблемасына айналып отырску м.м. тайжанова

Біз М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің проректоры, PhD докторы Мүкәрам ТАЙЖАНОВАМЕН Елбасының Ядролық қауіпсіздік мәселелеріне арналған саммитте көтерген бастамалары төңірегінде ой бөліскен едік.

Мүкәрам Мырзатқызы, Президентіміздің батыл байламы мен зор ерік-жігерінің арқасында Қазақстан – көлемі жөнінен әлемнің төртінші ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартқан ел. Содан бері арада ширек ғасырға жуық уақыт өтсе де, алға қойған ұстанымымыздан айныған емеспіз. Жаһандық қауіпсіздікті сақтау, бейбіт келісімдерді нығайту бағытындағы басты қағидаттар өзара сенімге, түсіністікке негізделген. Соның бір дәлеліне Вашингтонда өткен саммитті атауға болады.

– Иә, Мемлекет басшысы кемел көрегендігін, көп векторлы сындарлы саясатын халықаралық қатынастар саласында да мойындатқан. Қазақстан осыдан 25 жыл бұрын әлемде алғашқы болып Семей ядролық сынақ полигонын біржола жауып, адамзат қауымдастығының зор ілтипаты мен үлкен сүйіспеншілігіне бөленгені белгілі. Елбасының әр сөзі мен іс-әрекеті өзара үйлесіп, әлем құрылымының өзекті мәселелерімен, нақты проблемаларымен тығыз сабақтасып отырады. Өйткені, өзара сенімге, түсіністікке, достыққа, әріптестікке негізделген жаһандық, өңірлік бейбітқатар өмір сүру қағидаты өміршеңдігін ешқашан жойған емес. Өкініштісі сол, мемлекеттер арасындағы талас-тартыстар, шиеленістер саяси келісімдер арқылы шешілудің орнына, қит етсе, қару кезенетін жағдайға тап болдық. Уақыт алға озған сайын бүл үрдістің күрделене түскенін байқаймыз. Қазір сөздің емес, нақты іс-қимылдардың уақыты. «Қазақстан-2050: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері қатарында жаңа тұрақсыздық қаупінің күшейе түсуінің аталуы тектен-тек емес. Әлемдік экономика дағдарысынан ес жия алмай жатқанымызда барлық талас-тартыстарды адам қанының төгілуімен шешетін болсақ, ертең әдепкі көрініске айналып кетуі ғажап емес. Оның салқыны демографиялық теңгерімсіздік, азық-түліктің, энергетиканың жетімсіздігі, судың тапшылығы, табиғи ресустардың сарқылуы, өркениет құндылықтарының дағдарысы секілді әлеуметтік түйінді мәселелерді бірлесіп шешудің орнына бытыраңқылыққа соқтырып отыр. Міне, Елбасы осындай ұшқыр ой тастап, милитаризмнің адамдардың санасы мен мінез-құлқына тереңдеп еніп кетуінен сақтандырады, алдын алуға үндейді.

Бүгінде әлем жұртшылығы, барша адамзат аса алаңдаулы. Өйткені, ортақ үйімізде ажал себетін қарулардың зор арсеналы жинақталғаны еш құпия емес. Ғылым жетістігі негізінде ойлап табылған жаппай қырып-жоятын ядролық, химиялық, биологиялық қаруларға қарсы тұратын күш біреу-ақ. Ол Елбасымыз атап көрсеткендей, мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін бейбітшілік пен қауіпсіздікке тең жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарын қалыптастыру қажет. Бүгінде ғаламшардағы ядролық қарудың жалпы жиынтық қуаты Хиросима мен Нагасакиге тасталған бомбаның қуатынан 113 мың есе асып түседі екен. Осыған қарап-ақ ядролық қарусыздану мәселесінің ХХІ ғасырдың басты тақырыбына неге айналып отырғанын шамалай беруге болады.

Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы ұсынған «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифестің негізгі ерекшеліктеріне тоқтала кетсеңіз?

– Елбасының Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте айтқан ұсыныстарына қатысушылар да, сарапшылар да қызу қолдау білдірді. 50 елден келген делегаттар алдында саммиттің алғы сөзі Президентімізге берілуі халықаралық аренадағы зор беделін танытса керек.

Сұрағыңызға тоқталатын болсам, биік мінберден кең ауқымды бағдарлама қажеттігін атап көрсетіп, құжаттың басты басымдықтарын атап берді. Біріншіден, жаппай қырып-жоятын қарудан толықтай азат әлемге қарай дәйектілікпен ілгерілеу. Оның маңызды қадамдарына Қазақстан өмірінен мысалдар аз емес. Былтыр еліміздің бастамасы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы осы мәселе шеңберінде жалпыға ортақ декларация қабылдаған. Сондай-ақ, Қазақстан аумағында МАГАТЭ туы астында төмен байытылған ядролық отын банкі құрылды. Осы жерде саммитке қатысушылардың еліміздегі төмен байытылған уран банкіне қатысты бірлескен мәлімдеме қабылдағанын айта кету артық болмас. Мұның өзі ашық нарық немесе төмен байытылған уран жеткізудің өзге де тетіктері тұрақсызданған жағдайда елдерге ядролық отын жеткізу кепілдігін қамтамасыз ету жөніндегі жаһандық күш-жігердің бір нәтижесі екенін атап өткен жөн.

Президент жаһандық антиядролық қозғалыс құруды маңызды міндет ретінде атады. Қазақстан бастамашылық еткен, халықаралық қолдауға ие «АТОМ» халықаралық жобасы осы мақсатқа арналған. ХХІ ғасырда өмірлік іс-әрекеттің тәсілі ретінде соғыстың түп-тамырын біртіндеп жойып, орнықты әлемнің географиясын қалыптастыру идеясын ұсынды. Кең ауқымды халықаралық ынтымақтастыққа кедергі келтіретін әскери блоктар секілді рудиментін еңсеру қажеттігін алға тартты. Шынында да, әскери блоктарға бейбітшілік пен қауіпсіздікке жеке жауапкершілігін сезіне бермейтін мемлекеттер еніп кетсе, оның салдарын ойлаудың өзі қорқынышты. Өздерінің күш, қару басымдығын жеке мүддесіне пайдаланып жүрген елдер жоқ емес.



Уақыттың қандай күрделі кезеңінде болса да дұрыс шешім қабылдай білетін Мемлекет басшысының бұл мәлімдемесіне бейбітсүйгіш адамзат қызу үн қосары анық.
// Егемен Қазақстан. - 2016. - 6 сәуір

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет