Ынтымақов С. А. заң ғылымдарының кандидаты, доцент кепілге қатысты кейбір өзекті мәселелер

Loading...


жүктеу 71.87 Kb.
Дата23.06.2017
өлшемі71.87 Kb.
© Ынтымақов С.А.- заң ғылымдарының кандидаты, доцент
КЕПІЛГЕ ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР
Қазақстан Республкасында кепiл институтының құқықтық негiзi қаланып қарқынды дамуы нарықтық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байлансты деп айтуға болады. Алайда, кепiл институты әлi де болса құқықтық- теориялық жақтары терең де жан-жақты зерттеудi қажет ететiн институттардың бiрi болып қалуда. Мысалы, Қазақстанда өкiнiшке орай кепiл институтына арналған, кешендi ғылыми зерттеулер әлi де болса аз деп айтуға болуда. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемеге сәйкес несие беруші (кепіл ұстаушы) кепілдің күшіне сүйене отырып, борышқор кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік құнынан заң актілерінде белгіленген алымды шығарып алып, осы мүлік тиесілі адамның (кепіл берушінің) басқа несие берушілер алдында артықшылықпен қанағаттандырылу құқығына ие болады (АК-тің 299-бабы).

Мүлік кепілмен міндеттемені орындауды қамтамасыз ету несие беруші үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасайды, өйткені, борышқор міндеттемені орындамаған күнде несие беруші қолындағы кепілге алынған мүлік арқылы талабын қанағаттандыра алады. Біріншіден, кепіл салынған мүлік несие беруші-кепілді ұстаушы оны біржолата өзіне алғанға дейін ойдағыдай сақталады, екіншіден, кепілге салынған мүлік (ҚРАК-тің 303, 306, 310, 312 баптары) үшін несие беруші-кепіл ұстаушы өз талаптарын қанағаттандыруда артықшылық құқығына ие болады, үшіншіден, кепілге салынған мүлік борышқордың өзімен емес, үшінші жақ арқылы салынуы несие беруші үшін талабын қанағаттандыруда қосымша көз болып есептеледі, ал басқа несие берушілер мұндай құқықты пайдалана алмайды.

Кепіл құқығы заң немесе шарт арқылы туындайтын міндеттемеге негізделеді.Кепіл бойынша қатынастарда әр жақ кепіл беруші және кепіл ұстаушы деп аталады. Кепіл берушінің кепіл мүлкіне меншік құқығы немесе оның шаруашылық жүргізу құқығы болады. Мұндай құқықтар оған мүлікке иелік етуге мүмкіндік береді.

Кепілдің пәні кез келген мүлік бола алады, оның ішінде қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер, мүліктік құқықтар (талаптар) бар. Ал азаматтық айналымнан алынып тасталған мүліктер, несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты талаптар, атап айтқанда, алименттер, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талапар және құжаттарымен оларды басқаға беруге тыйым салынған өзге құқықтар кепіл пәні бола алмайды.

Кепіл талаптың қойылған кезіндегі мөлшерін қамтамасыз етеді. Бұған негізгі қарыздан басқа орындауды кешіктіргеннен келген айып төлеу, зиянды қалпына келтіру, кепілге алынған мүлікті кепіл ұстаушының ұстауға кеткен шығынын өтеу қосылады. Кепіл ұстаушы аталған сомалар бойынша шығынның орнын толтыруды талап етуге құқылы.

Егер тараптар мұндай талаптарды кепіл арқылы қамтамасыз ету мөлшері туралы уағдаласқан жағдайда кепіл болашақта пайда болатын талаптарға қатысты да белгіленуі мүмкін (АК-тің 302-бабы).

Кепіл туралы шарттың нысаны мен мазмұны және елеулі жағдайлары заңда белгіленген (АК-тің 307-бабы). Шартта кепілдің мәні мен оны бағалау құны, кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттеменің мәні, мөлшері мен орындалу мерзімі көрсетілуге тиіс.

Кепіл туралы шарт жазбаша түрде жасалуға тиіс. Егер негізгі міндеттеме нотариалды куәландыруға жатса, онда кепіл туралы шарт нотариалды куәландырылуы керек.

Қазіргі қолданылып жұрген заңдар кепілге салынып үлгерген затты қайтадан кепілге салу мүмкіндігін қарастырады. Кейіннен берілетін кепіл бұрынғы жасалған шартта рұқсат етілген не тыйым салынбаған болса жүзеге асады. Мұндай жағдайда кепіл беруші кепіл ұстаушыға кепілге берілген мұндай мүлік туралы мәлімет береді. Кейінгі кепіл ұстаушының талабы алдынғы кепіл ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін кепіл мәнінің құнынан қанағаттандырылады[1].

Жалпы цивилистердiң арасында, соның iшiнде Қазақстандық цивилистерi арасында соңғы кездерi кепiл институтының қай құқық саласына жатқызылуы жөнiнде, яғни кепiл заттық құқыққа жатама әлде мiндеттемелiк құқыққа жата ма деген қызу пiкiрталас орын алып жүр.

Мәселен, соңғы кезде Қазақстандық авторлар Е.Б. Осипов пен М.К. Сүлейменов кепiл заттық –құқықтық сипатқа ие деген көзқарас басым болып тұр. Бұл жағдайды азаматтық құқық теориясында және заң шығарушылық жүйесiнде болған өзгерiстер дәлелдей түседi дейдi. Яғни кепiл екi түрлi қатынасты тудырады: бiр жағынан кепiл берушiлермен кепiл ұстаушының арасында, екiншi жағынан кепiл ұстаушы мен зат арасында. Демек, кепiлдi мiндеттеменi қамтамасыз етудiң заттық тәсiлi ретiнде сипаттауға болады деп А.А.Вишневскийге[2] сiлтеме жасайды.

Өз кезегiнде А.А. Вишневскийде Д.А.Медведевке сiлтеме жасай жоғарыда айтылған Е.Б. Осипов пен М.К. Сүлейменовтың пiкiрiн толық қолдап, кепiлдi мiндеттеменi қамтамасыз етудiң заттық тәсiлi ретiнде сипаттауға болады [3] дейдi. М.И. Брагинский және В.О. Витрянский өз еңбектерiнде кепiл табиғаты таза мiндеттемелiк-құқықтық сипатқа ие, онда тек кепiл ұстаушы өз құқығын қорғау үшiн мүлiктiк құқықтық нормалардың кейбiр тәсiлдерiнiң таралуы ғана көрiнiс табады деп өз көзқарастарын дәлелдеу үшiн олар бiрнеше дәлелдер келтiредi. Соның бiрнешеуiн келтiре кетейiк.

Бiрiншiден, кепiл пәнi болып Азаматтық кодекстiң 336 бабына сәйкес тек зат қана емес, сонымен қатар мүлiктiк құқықтарда (талаптар) саналады. Ал мүлiктiк құқықтық өз алдына жеке объектi ретiнде заттық құқықтық пәнi бола алмайды.

Екiншiден, кепiл шарты бойынша кепiл берушi болашақта ие болатын мүлiктiк құқықтар мен заттар да кепiл пәнi бола алады. Басқаша айтқанда кепiл құқығы болашақтағы затқа тарайды. Ал жеке меншiк құқығының немесе басқа да кез-келген заттық құқықтық мұндай қасиетi жоқ. Себебi, меншiк құқығы Азаматтық кодексте көрсетiлгендей затты берген кезден бастап пайда болады.

Үшiншiден, кепiл ұстаушы кепiл шарты бойынша өз құқықтарын басқа тұлғаға бере алады. Талап ету құқығын 2-шi быр тұлғаға беру таза мiндеттемелiк-құқықтық институт болып табылады. Мiне осы көрсетiлген дәлелдерiн алға тартып, М.И. Брагинский және С.О. Витрянский өз еңбектерiнде М.К. Сүлейменов пен Е.Б.Осиповтың ҚР. Азаматтық кодексiнiң 316 бабына сүйенiп, яғни өз иелiгiнен және кепiл берушiнiң иелiгiнен шығып кеткен кепiл пәнiн, оған заңсыз ие болған тұлғадан кепiл ұстаушының талап ету құқықығын алға тартып, кепiл табиғатына екiжақтық сипат бергiсi келген пiкiрлерiне қарсы шығады. Заң шығарушы бұл құқықты кепiл ұстаушыға өз құқығын қорғау үшiн, қамтамасыз ету үшiн берiп отыр. Осы құқық арқылы кепiл ұстаушы тек қана кепiл берушiнiң заңсыз әрекеттерiнен ғана қорғанып қоймай, 3-шi тұлғалардың да заңсыз әрекеттерiнен қорғана алады. Бұдан шығатын қорытынды кепiл қатыстарына заттық-құқықтық нормаларының кейбiр қорғау тәсiлдерiнiң таралуы ғана көрiнiс табады деген сөз деп тұжырым жасайды[4].

Неге десеңiз, бұл екi құқықтық институттық ұқсас жерлерi көп, мәселен заттық құқықтық ең басты белгiлерi ол ерiп жүру құқығы және қорғаудың абсолюттi сипатта болды. Ал бұл екi белгi кепiл құқығына да тән белгiлер болып саналады.

Сонымен, кепiл құқығының қайнар көзiне келейiк. Әрине кепiл құқығының ең басты қайнар көзi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi болып табылады. Кодексте кепiл құқыққатынасының құқықтық реттеуiнiң жағдайлары мен жалпы принциптерi орын алған. Кәсiпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, пәтерлердi, жер учаскесiне деген құқықты және өзге де қозғалмайтын мүлiктi кепiлге салу тәртiбi арнайы заң актiсiмен реттеледi. Бұл заң актiсi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсанда шыққан «Қозғалмайтын мүлiк жөнiндегi» Заң күшi бар жарлығы боп табылады. Айта кетер нәрсе осы жарлықтың 2 бабының 3-шi тармағына сәйкес жер учаскесi және сол жер учаскiсiне деген құқық ипотекасының ерекшелiктерi 2003 жылы 20 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының «Жер Кодексiмен» [1] реттеледi. Егер қозғалмайтын мүлiк ипотекасы туралы арнайы заң актiлерiмен өзгеше көзделмесе, онда Азаматтық кодексте көрсетiлген кепiл жөнiндегi жалпы ережелер, қозғалмайтын мүлiк кепiлiне де тарайды.

Акционерлiк қоғамдармен, басқа да шаруашылық серiктестiктерiнiң бағалы қағаздарын кепiлге қою бағалы қағаздар туралы заң актiлерiн есепке ала отырып реттелетiндiктен кепiл құқығының қайнар көздерiне бағалы қағаздар және олармен операция жасау туралы нормативтiк актiлердi де жатқызуымызға болады.

Азаматтық кодекстiң 323- бабында көрсетiлгендей кепiлге салынған мүлiк ақылы немесе тегiн иелiктен айыру нәтижесiнде, не әмбебап құқықты мирасқорлық тәртiп бойынша мүлiкке деген меншiк құқығы немесе шаруашылық жүргiзу құқығы кепiл берушiден басқа адамға көшкен ретте кепiл құқығы сақталып қалады. Яғни, беру құқығы да кепiл белгiсiне жатады екен. Азаматтық кодекстiң 316-бабына тоқталар болсақ, онда құқықты қорғаудың абсолюттi сипаты көрiнiп тұр. Онда былай деп көрсетiлген. Егер кепiлге салынған мүлiк кепiл ұстаушыда болған немесе болуға тиiс болса, онда кепiл ұстаушы мүлiктi өзгенiң заңсыз иеленуiнен, соның iшiнде кепiл берушiнiң өзiнен де талап ете алады деп көрсетiлген. Дәл осы баптың екiншi тармағын қарайтын болсақ, егер шарт ережелерi бойынша кепiл ұстаушыға өзiне кепiлге берiлген нәрсенi пайдалану құқығы берiлген реттерде, ал басқа адамдардан, соның iшiнде кепiл берушiнiң өзiнен де өз құқығының қандай да болсын бұзылуын иелiктен айырылуымен байланысты болмаса да жоюды талап ете алады деп көрсетiлген. Азаматтық кодекстiң жеке меншiктi және басқа да заттық құқықтарды қорғауға арналған 15 тарауының 260-бабы, 265- бабы. Аталғандардың негізінде төмендегідей тұжырым жасауға болады, яғни заттық-құқық нормаларының кепiлге де тарайтынын көремiз. Мiне осындай маңызды ұқсастықтарға қарап біздер А.А. Вишневскийдiң, М.К. Сүлейменов пен Е.Б. Осиповтың пiкiрлерiне толық қосыламыз. Сонымен, қорыта келе айтарымыз жалпы цивилистика ғылымында кепiл табиғаты жөнiнде бiр-бiрiне қарсы пiкiрлер көп. Осы келтiрiлген және басқа да бiздер танысып шыққан пiкiрлерге сүйене отырып, бiздіңше, кепiл табиғатына екiжақтылық сипат берiп, бiр тоқтамға келген дұрыс деп санаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізбесі:


  1. Төлеуғалиев Ғ. И. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. –Алматы: ҚазМЗА, 2001. 332-334 беттер.

  2. Сүлейменов М.К., Осипов Е.Б. «Залоговое право» Әдiлет Пресс Алматы 1997 ж. 5 бет

  3. Вишневский А.А.. Залоговое право изд-во БЕК. Москва. 1995 ж. 8-9 беттер.

  4. Брагинский М.И., Вирянский А.О.. Договорное право. Москва, Статус 2004 ж. 404 бет.

  5. ҚР «Жер Кодексi» // Егемен Қазақстан 26 маусым 2003 ж.


ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада міндеттемелердің орындалуын қамтамассыз ету шарасы ретінде кепілдің құқықтық табиғатының ерекшеліктері қарастырылған.


АННОТАЦИЯ

В статье рассмотрены проблемные вопросы правовой природы залога, как способ обеспечения исполнения обязательства.




ANNOTATION

The article deals with the problematic issues of legal nature of the pledge as a way to enforce the obligations.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...