«innovation man» инновациялық жобалар байқауы туралы ереже Жалпы ереже Осы ереже «innovation man»



жүктеу 165.14 Kb.
Дата22.01.2017
өлшемі165.14 Kb.
d:\kazenergy - образовательная программа\1 - амина\лого\kazmunaygas_logo.jpegkazenergy_new

«INNOVATION MAN» инновациялық жобалар байқауы туралы ереже

1. Жалпы ереже

Осы ереже «INNOVATION MAN» инновациялық жобалар байқауын өткізу тәртібі мен ережесін белгілейді.


2. Байқаудың ұйымдастырушылары

«KAZENERGY» білім беру бағдарламасы байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ байқауды өткізуге демеушілік көмек көрсетеді.


3. Байқау өткізудің мақсаты мен міндеттері

Байқаудың мақсаты: энергетика және мұнай-газ саласындағы инновациялық қызметтерге жастарды тарту және ынталандыруға жағдай жасау;

Байқаудың міндеттері:

- ғылымды насихаттау және ғылыми ойлауды дамыту;

- жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына дағдылануын дамыту;

- инновациялық жобаларды және ГПФИИР іске асыруға, экономиканың ғылымды қажетсінетін салаларын дамытуға бағытталған идеялардың іске асырылуын қолдау.


4. Байқауға қатысу үшін жұмыстарды ұсыну талаптары және байқауды өткізу тәртібі

Байқау студенттер, оқу орындарының түлектері, мамандар, өнертапқыштар, новаторлар және және басқа да тілек білдірген қатысушылар арасында мұнай-химия, атом, мұнай-газ және энергетика саласындағы озық инновациялық жобалар әзірлемесі бойынша жүргізіледі. Әр қатысушы тек бір өтініш қана бере алады. Жобалар байқауға PDF/Power Point форматында таныстыру арқылы орыс тілінде ұсынылады. Байқау өтініші сауалнама ( №1 қосымша) және толтырылған жоба паспорты (№ 2 қосымша) нысанында ұсынылады. Егер бар болса, жобаның енгізілген кезеңдерінің макеті, сызбасы, фотосуреттері, графиктері, ұсыныс хаттары және басқа да мәліметтері қоса беріледі.
4.1. Байқау екі кезеңнен тұрады:

1) Бірінші кезең (іріктеу кезеңі) –сараптау комиссиясы 2015 жылғы қыркүйектің 1-інен 7-сіне дейін келіп түскен өтініштерді қарайды және жобаларды іріктейді. Жобалар қаралған соң, байқау ұйымдастырушылары екінші кезеңге шақыру жібереді (іріктеу өлшемдері, №3 қосымша)

2) Екінші кезең – байқаудың бірінші кезеңінде анықталған финалшылардың инновациялық жобаларын таныстыру және бағалау және жеңімпаздарды анықтау (1-орын, 2-орын және 3-орын) «ЖАСТАР, ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯЛАР» VIII KAZENERGY Жастар форумы шеңберінде, 2015 жылғы 30-қыркүйекте сағат 12.00-13.30 дейін өткізіледі. Инновациялық жобаны автор комиссия алдында жобаның өзектілігін сипаттайтын баяндама түрінде таныстырады (№4 қосымша). Регламент – 7 минут).

Ең көп балл жинаған жоба байқаудың жеңімпазы деп танылады.


4.2. Байқауға қатысу үшін инновациялық жобаға қосы мыналар ұсынылуы тиіс:

1) №1 қосымшаға сай өтініш;

2) Жобаға сипаттама берілген PDF/Power Point форматындағы таныстыру. Егер бар болса, жобаның енгізілген кезеңдерінің макеті, сызбасы, фотосуреттері, графиктері, ұсыныс хаттары және басқа да мәліметтері қоса беріледі.

4.3. Байқауға қатысу өтініштері және байқау жобалары 2015 жылғы 31 шілдеге дейін danara@kazenergy.com электронды мекенжайы бойынша қабылданады, анықтама телефоны: 8(7172)790174
5. Байқау жобаларын бағалау тәртібі

Озық байқау жобасын іріктеу және қарау үшін мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер және «KAZENERGY» қауымдастығына мүше компаниялардың өкілдері және қызметкерлері қатарынан Байқау комиссиясы құрылады. Байқау комиссиясының құрамы «KAZENERGY» қауымдастығы Бас директорының бұйрығымен бекітіледі. Байқау комиссиясы байқау өтініштерін қарайды және әзірленген өлшемдерге және тиісті баллдарға сәйкес Бағалау бюллетеньдері негізінде жеңімпаздарды анықтайды. Байқау комиссиясының жұмыс нәтижесі комиссияның іріктеуге қатысқан барлық мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді (№4 қосымша).


8. Байқау жеңімпаздарын марапаттау

Байқаудың бірінші және екінші кезеңінің нәтижелері бойынша байқау комиссиясы І, ІІ және ІІІ орын алған инновациялық жобаларды белгілейді. Екінші кезеңге өткен байқау қатысушыларына қатысушы сертификаты беріледі. Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар тапсырылады.


Байқаудың жүлде қоры:

I орын – Назарбаев Университетінің МВА дәрежесіне оқуға грант беру

II орын – Қазақ-Британ техникалық университетінің МВА дәрежесіне оқуға грант беру

III орын – “Сколково” қорының Ашық университетінің 2016 жылғы шараларына қатысуға шақыру беру.

Сонымен бірге, байқау жеңімпаздарына өз жобаларын байқау ұйымдастырушылары есебінен «Energy4us: Инновациялық энергетика» Х Еуразиялық KAZENERGY форумының көрмесі шеңберінде стенд құрып, ҚР мемлекеттік органдарына таныстыру мүмкіндігі беріледі.

1 қосымша


«INNOVATION MAN» байқауына қатысушының САУАЛНАМАСЫ

kazenergy_new

d:\kazenergy - образовательная программа\1 - амина\лого\kazmunaygas_logo.jpeg

Тегі:

Аты:


Әкесінің аты:

Университет/Мамандығы/

Компаниясы/Мектебі:

Тел.:


e-mail:



Туған күні




Тілдік дағдысы




Қосымша ақпарат




Таныстырылатын өнертабыстың/зерттеудің/ғылыми жаңалықтың атауы




Таныстыру форматы



Таныстыру тезисі




Олимпиадаларда, шығармашылық, ғылыми байқауларға қатысқаны туралы ақпарат

халықаралық/ республикалық/ облыстық/ қалалық/ аудандық/ оқу орны/ басқасы






Кәсіби, ғылыми ұйымдарға мүшелігі




Ғылыми конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға қатысуы

Баяндама жылы, өткізілген орны, атауы, тақырыбы




* барлық торлар міндетті түрде толтырылуы, жетістіктеріңізді растаушы құжаттар қоса берілуі тиіс (сертификат, диплом, алғыс хат, ұсыныс хат)



2 қосымша

ЖОБАНЫҢ ПАСПОРТЫ

1. Жобаның атауы: _______

2. Жобаның өзектілігі: ________

Экологиялық дәлелі ________

Экономикалық дәлелі ________

3. Жобаның және оның жаңалықты, бірегейлікті, жобаның нақты қолданылу нәтижесін, пайдалану перспективасын және басқасын қамтитын мақсаттарының сипаттамасы:

Жобаның мақсаты: _________________

Ғылыми жаңалығы _______________

4. Жобадан күтілетін нәтижелер (сауда объектісі): ноу-хау, патент, басқа құжаттама; зертханалық/тәжірибелік үлгі, технология, технологиялық үдерістер, бұйымның, тораптың және агрегаттың түптұлғасы; сервистік және басқа қызметтер (тиістісінің астын сызыңыз); басқасы (атап көрсетіңіз):

5. Жобаның қолданылатын саласы: мұнай өндіруші фирмалар; химия өндірісі; құрылыс индустриясы;

6. Техникалық нәтижесінің сипаттамасы (тиістісінің астын сызыңыз): жаңа өнім шығару, үдеріс, қызмет, басқасын құру (атап көрсетіңіз):

7. Жобаны іске асыру жоспары:

Реттік №

Жобаның атауы

Мерзімі, кезеңдері

Күтілетін нәтиже

1










2











8. Жобаның негізгі техникалық шешімдерін патенттік қорғау (тиістісінің астын сызыңыз): қажет, қажет емес, патенті бар, құқықтық қорғалған: _______

9. Жобаның даярлық деңгейі (тиістісінің астын сызыңыз): ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген (шифрі, коды), кәсіпорында/холдингте/корпорацияда талқыланған (Хаттама), жобалық-конструкторлық құжаттамасы бекітілген (Хаттама), өндіріске тапсыруға даярлығы және ҒЗЖ аяқталғаны туралы растаушы өзге де құжаттар (атап көрсетіңіз): _______

10. Жоба командасы (ең көбі 4 адамның Т.А.Ә., еңбек өтілі, біліктілігі, түйіндемесі қоса берілген функционалдық міндеттері). Команданың қай мүшесінің бизнесті жүргізу дағдысы бар екенін сипаттап беріңіз: ________

11. Жобаға тәуелсіз сараптама жүргізілді ме (иә, жоқ, қандай сараптама және кім жүргізді) _______

12. Маркетингілік зерттеу жүргізілді ме? Егер бар болса, жүргізілген маркетингілік зерттеу нәтижесін сипаттап беріңіз _______



13. Жобаның нәтижесін сатып алуға ниет білдіру туралы шарттар/хаттамалар бар ма ? (иә, жоқ, кім, қанша ауқымда сатып алғысы келді) _______

14. Жобаны іске асыратын орын: _________________

15. Жобаның толық құны: _________________

16. Қажетті қаржыландыру: ________________

17. Осы жоба басқа көздерден қаржыландырылды ма (иә, жоқ) және қанша ауқымда қаржыландырылды: ____

18. Жобаны салалық, өңірлік немесе мемлекеттік деңгейде қолдау бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері қабылданды ма (нөмірі, күні, атауы): ____________

19. Жобаны іске асыру мерзімі (аймен): ______

Жоба бойынша толтырылатын қосымша нысан

 Технологияның әзірлеушілері туралы мәліметтер

Кәсіпорынның атауы




Т.А.Ә.




Лауазымы




Телефоны




Факс




Хат жазысатын мекенжайы




Электронды почтасы




Технологияңыз қай кезеңде?

- Маңызды зерттеулер



- НИОКР

- Тәжірибелік үлгі






Әзірлеушілер/зерттеушілер технологияларды коммерциялауға қатысты ма




Технологияларды коммерциялау жобасының инновациялық жобаларды іске асыруды басқаруда қажетті тәжірибесі бар мегеджерлер командасы бар ма немесе тағайындалды ма? Егер бар болса, сипаттап беріңіз.




Әзірлеушілер технологияларды коммерциялау жобасына тікелей қатыса ма?




Әзірлеушілер/зерттеушілер жобаны сыртқы инвесторлар қаржыландырған жағдайда инновациялық кәсіпорындарының үлесімен немесе интеллектуалдық меншігінің бір бөлігімен бөлісуге дайын ба?




Әзірлеушілер/зерттеушілер технологияларды коммерциялау жобасын іске асыратын инновациялық кәсіпорынға жеке ресурстарын салуға дайын ба?




Технологияның/өнімнің сипаттамасы

Технологияның/өнімнің атауы




Технологияның функционалдық міндеті




Технологиияның толық сипаттамасы




Қолданылатын саласы, соның ішінде қолданылу перспективасы




Технология бағаланатын ең кемі 5-6 техникалық параметрі бойынша тізім




Ұсынылған технологияның параметрлерін қазіргі бәсекелес жобалардың параметрлерімен салыстырыңыз




Ұсынылған технологияның болжамданған басымдықтарын осы саладағы қазіргі техникалық даму деңгейімен салыстырыңыз




Қосымша анықтама жүргізу үшін бәсекелес жобалардың атауын енгізіңіз және/немесе толық сипаттамасын беріңіз




Қолданыстағы технологиялармен салыстырғандағы жобаның әрбір басымдығын ең кемі 5 сөйлеммен сипаттап беріңіз




Қолданылатын әр саласын ең кемі 5 сөйлеммен сипаттап беріңіз




Технология жұмыстарының нәтижесін әлеуетті инвесторларға/серіктестерге көрсету үшін түптұлғасын, оның сынақтарын әзірлеу мақсатында қосымша НИОКР жүргізу үшін қосымша уақыт, ақшалай қаражат және басқа ресурстар қажет пе және қандай ауқымда қажет




Технологияны пайдалануға қандай да бір шектеулер бар ма, мысалы, өнімді немесе қызметті нарықта пайдалану және сату үшін қандай да бір бақылаушы органдардың лицензиясы, рұқсаты, сертификаты қажет пе?




Интеллектуалдық меншікті бағалау

Технология авторларының Т.А.Ә.




Патентінің бар болуы (алдын ала патент, инновациялық патент, Еуразиялық патент, шетелдік патент)




Бәсекелес технологияларды патенттік іздеу нәтижесі




Know-how болуы




Патентке өтініш берілген күні




Патентке өтініш берілген ел




Патент берілген күні




Қосымша патенттерге өтініш беріле ме ?




Лицензиялаудың басталған уақыты (егер бар болса)




Лицензиялау тоқтатылған күні




Болжамды лицензиаттар




Интеллектуалдық меншіктің авторы және иесі кім (әзірлеушілер, зерттеушілер, институт, тапсырысшы, басқалары)?




НИОКР шеңберінен тыс, бірақ НИОКР нәтижесін алу үшін пайдаланылатын бұрын құрылған технология (мысалы, есептеу алгоритмдері) және интеллектуалдық меншік бар ма? Ондай интеллектуалдық меншіктің нысаны қандай және ол қайда сақталуда және оған иелік ету құқығы кімде?




Технологияның даярлық деңгейін бағалау

Теъхнологияның аналогы және орнына қолданылатын технологиялардың болуы




Өндіруші фирмалар




Осы өндірушінің өнім бірлігінің нарықтық бағасы




Осы өнімнің негізгі тұтынушылар тобы




Сіздің технологияңыздың осы өндірушімен салыстырғандағы негізгі басымдықтары




Жобаның нарықтық тартымдылығын бағалау

Инновациялық жобаға немесе қызметке нарықтық сынақтар жүргізілді ме?




Жобаның нәтижесінде не сатылады: технология немесе оның қолданылуымен өндірілген өнім/қызметтер ?




Өнімнің немесе қызметтердің мақсатты тұтынушылары кімдер?




Ұсынылатын немесе нарықта сатылатын өнімдер мен қызметтермен салыстырғанда өнімнің немесе қызметтің қандай қосымша тұтынушылық қасиеттері немесе бәсекеге қабілетті басымдықтары бар ?




Өнімнің немесе қызметтің географиялық, секторалдық және басқа белгілері бойынша сәйкестендірілген өнімді немесе қызметті сатуға арналған мақсатты нарығы қандай?




Әзірленген технологияны қолданып өндірілуі мүмкін өнімге немесе қызметке қызығушылықты айқындау арқылы нарыққа зерттеу жүргізілді ме ? Технологияға құжаттамалық түрде қызығушылық танытқан компанияның, ұйымның атауын немесе тұлғалардың аты-жөнін көрсету керек.





Өтініш беруші ұйымның басшысы _________________

                    (қолы)

М.О.
3 қосымша

Іріктеу өлшемдері
Байқаудың І кезеңіндегі жобаларды іріктеу өлшемдері:

- жобаның жаңалығы және инновациялық құрамдас бөлігі;

- тәжірибелік үлгінің немесе модельдің болуы, іске асырылған іс-қимылдардың болуы (егер жоба қолданыста болса, растаушы материалдарды ұсыну керек);

- жобаның коммерциялық әлеуеті және іске асырылуы, экономикалық себеп-салдарлары;

- жобаның өзектілігі, практикалық және әлеуметтік маңызы;

- реферативтік емес сипаттағы жұмыс;


Жобаны финалда таныстыру немесе қорғау негізінде жеңімпаз анықталады, байқаудың ІІ кезеңіндегі жобаларды іріктеу өлшемдері:

- таныстырудың мазмұндылығы;

- таныстыру дағдысы;

- мазмұндау логикасы, пайымдаулардың сендірерлігі;

- қатысушының дарындылығы және сауаттылығы;

- қатысушының жұмысты қорғау кезіндегі құзыреттілігі: жобаның/зерттеудің мақсаттарын/даму бағыттарын түсінуі, мазмұндау сапасы;

- мәселенің қазіргі жағдайымен таныс болуы;

- қатысушының мақсаты – жобаны құру және оны дамыту немесе жобаны әлеуетті инвесторға сату;

- жобаның қолданылатын саласын белгілеу, тәжірибеде қолдану өзектілігі;

4 қосымша



«INNOVATION MAN» инновациялық жобалар байқауының комиссиясы

Озық байқау жобасын іріктеу және қарау үшін мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер және «KAZENERGY» қауымдастығына мүше компаниялардың өкілдері және қызметкерлері қатарынан Байқау комиссиясы құрылады. Байқау комиссиясының құрамы «KAZENERGY» қауымдастығы Бас директорының бұйрығымен бекітіледі. Байқау комиссиясы байқау өтініштерін қарайды және әзірленген өлшемдерге және тиісті баллдарға сәйкес Бағалау бюллетеньдері негізінде жеңімпаздарды анықтайды. Байқау комиссиясының жұмыс нәтижесі комиссияның іріктеуге қатысқан барлық мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

Комиссия жобаларды әрқайсысына балл (1-ден 5-ке дейін) қойылатын және негіздеме жазылатын тармақтан тұратын өлшемдер бойынша бағалайды.

Баллдардың мәні:




Балл

Мәні

Түсіндірме

5


Үздік

Жоба жоғары ғылыми деңгейде орындалған, ғылымға жаңалық қосады, әрі қарай зерттеу үшін перспективаларға жол ашады

4

Өте жақсы

Жоба жақсы ғылыми деңгейде орындалған, зерттеулері бар, кемшіліктері жоқ

3

Жақсы

Жоба жақсы ғылыми деңгейде орындалған, алайда орындалуында аздаған кемшіліктері бар

2

Қанағаттанарлық

Жоба орташа ғылыми деңгейде орындалған, маңызды кемшіліктері бар

1

Қанағаттанарлықсыз


Жобаның сапасы нашар, кемшіліктері бар


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет