Қылмыстық процесте адам құқығы жөніндегі уәкілдің қызметі және оны ұйымдастырудың құқықтық негіздері

Loading...


жүктеу 125.51 Kb.
Дата22.06.2017
өлшемі125.51 Kb.
Қылмыстық процесте адам құқығы жөніндегі уәкілдің қызметі және оны ұйымдастырудың құқықтық негіздері.

Омаров А. Магистрант тарих және құқықтану институты Абай атындағы КазҰПУ.

Ғылыми жетекші Алмагамбетов П.А з.ғ.к доцент Абай атындағы КазҰПУ.
Қазіргі заманғы қолданыстағы сот әділеттілігі проблемасының ең күрделісі –сот шешімдерін орындау. Сот қорғауы сот актісініңқабылдауымен емес, оның нақты орындалуымен аяқталады.

Бұл - кез келген сот шешімі орындалу қажет дегенді білдіреді. Сонымен бірге, Уәкілге сот шешімдерінің орындалмауына қатысты шағымдар түсу жалғасып отыр. Есептік кезеңге азаматтардың құқықтарын бұзу туралы барлығы 45 шағым түсті, бұл шағымдарда көтерілген мәселелердің жалпы санының 3,5 % құрайды.
Түйінді сөздер: уәкіл, омбудсмен,институт,әлемдік, құқық,бұзушылық, ақпарат, әкімшілік, әлеуметтікқұқықтық катынастар, қоғам, декларация, лауазым, сот, бюрократия, факт.

Қазақстан Республикасындағы адам құқығы жөніндегі уәкіл мемлекеттік институты жеке тұлғаның заңды құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін іске асыру мақсатында құрылған, ҚР-ғы адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен қорғау, тану жөніндегі мемлекеттің Конституциялық міндетін қамтамасыз ету жөніндегі саясаты болып табылатын, жеке тұлға мен мемлекет арасындағы демократиялық институт.

Қазақстандық омбудсменге шағымдар тікелей өзіне түседі. Өзіндік «фильтрдың» болмауы бұл қатынастың субъектілерінің барлығының қол жетімділігіне кепілдік береді [1].

ҚР-ғы адам құқығы жөніндегі уәкілдің әкімшілік-құқықтық мәртебесін әкімшілік-құқықтық нормамен бекітілген келесі элементтердің жиынтығы деп анықтауға болады: оны алу мен жою тәртібі, жалпы және біліктілік талаптары; өкілеттіктері (құқықтары мен міндеттері); жауапкершілігі, қызмет ету принциптері, қызметінің кепілдіктері; ықпал ету актілері; мемлекеттік қызметкер ретінде тәртіп нормалары; осы аталған құқықтық нормалар жиынтығы адам құқығы жөніндегі уәкіл әкімшілік-құқықтық институтын құрайды.

ҚР-ғы адам құқығы жөніндегі уәкіл қызметінің нысандары былай топтастырылады:

  1. құқықтық нысандар: өтініш берушінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау үшін лауазымды тұлғаға немесе ұйымға ұсыныстар жасау және басқалары.

  2. құқықтық емес нысандар: лауазымды тұлғалардың әрекетіне, мемлекеттік органдардың басқа да тұлғалар мен ұйымдардың құқық бұзу фактісіне қатысты тергеу жүргізе отырып, азаматтардың арыздарын қарау және басқалары.

Қазақстан Республикасындағы адам құқығы жөніндегі уәкіл қызметінің негізгі әкімшілік-құқықтық әдісі - өзінің қарауына жататын кез келген сұрақты ерікті қараумен сипатталатына көндіру; жағдайды бағалау үшін кез келген тұлғаны тыңдау; өзінің пікірлеріне және көзқарастарына жариялық сипатын беру мақсатында баспасөз органы арқылы және тікелей қоғамдастыққа жүгіну; азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау саласындағы мемлекеттік органдармен ынтымақтастығын нығайту [3, с.24].

Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі Уәкіл өз құзыры шегінде мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне келтірілген адамдардың шағымдарын тексеретін тәуелсіз лауазымды тұлға болып табылады. Омбудсманның қызметке тек мемлекет басшысымен тағайындалып, осындай жолмен қызметінің тоқтатылуы, сондай-ақ омбудсман қызметінің толығымен республикалық бюджет есебінен қаржыландырылуы оның тәуелсіздігінің негізгі кепілі болып табылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Ережеге сәйкес «Ережеде көзделмеген функцияларды Уәкілге жүктеуге ешкімнің құқығы жоқ. Уәкілдің қызметіне қандай да бір заңсыз араласуға жол берілмейді» (5-бап) [2]. Уәкілдің қызметі: заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, объективтілік, жариялылық принциптеріне негізделеді. Уәкілдің заңда белгіленген тәртіппен:



  • лауазымды тұлғалар мен ұйымдардан шағымдарды қарау үшін қажетті мәліметтер сұратуға,

  • мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдар басшыларының және басқа да лауазымды тұлғалардың кідіріссіз қабылдауында болуға;

  • адамның және азаматтың құқықтарының бұзылуымен байланысты анықтауға жататын мән-жайлар бойынша қорытынды дайындау үшін сарапшылық және консультативтік жұмыстарды орындауға шарт негізінде ұйымдар мен мамандарды тартуға;

  • адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолдануға;

  • қызметтік куәлігін көрсетіп мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, соның ішінде әскери бөлімдер мен құрылымдардың аумағында және үй-жайларына кіруге және ол арада болуға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарына баруға, оларда ұсталатын адамдармен кездесіп, әңгімелесуге;

  • іс-әрекеттері адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеп соқтырған адамдарды заңмен белгіленген жауаптылыққа тарту туралы, сондай-ақ материалдық және моральдық зиянды өтеу шараларын қолдану туралы тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуге;

  • жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша бұқаралық ақпарат құралына ресми хабарламалар жариялауға құқығы бар;.

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылу фактісін анықтау мақсатында жоғарыда айтылғандарға сәйкес Уәкіл өз құзыретінің шегінде, келіп түскен өтініштер негізінде де, және егер оған ресми көздерден немесе бұқаралық ақпарат құралдарынан аталған жолсыздықтар туралы мәлім болған жағдайда, сондай-ақ өз бастамасы бойынша да адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзу фактілері туралы мәліметтерді тексереді (16-бап). Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл қызметіне алты жыл ішінде келіп түскен өтініштердің санын төмендегі кестеден көруге болады:

Атауы

2003

жыл

2004

жыл

2005

жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008

жыл

Барлығы

Жазбаша өтініштер

855

1156

1965

2131

1286

906

8299

Ауызша өтініштер

297

358

528

482

398

894

2957

ЖИЫНЫ

1152

1514

2493

2613

1684

1800

11256

2005 және 2006 жылдармен салыстырғанда өтініштердің жалпы саны азайды. Әдеттегідей, ең үлкен топты сот шешімдерімен келіспейтін азаматтардың шағымдары құрайды. Уәкілдің қызметі мен құзырын БАҚ-та жариялау, шағымданушыларды хат алмасу, ауызша қабылдау, аумақтарға бару кезінде ақпараттандыру уәкілдің құзырына жатпайтын өтініштер санын азайтуға әкеп соқты. Сонымен қатар, діни бірлестіктерді тіркеу мәселесі бойынша эдвокаси компанияның аяқталуына байланысты жазбаша өтініштер саны азайды [3].

Түсетін өтініштердің біраз бөлігін құқық қорғау органдарының әрекетіне және әрекетсіздігіне қатысты шағымдар құрайды (22%). Тексеру процесі ҚР ІЖЖК қатаң реттелгеніне қарамастан, қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарын бұзу жиі кездеседі.Әсіресе жедел іздестіру және тергеу органдарында сонымен қоса түзету мекемелерінде

Хат авторларының басым көпшілігі, тергеудегі қамауға алынғандар болсын, бас бостандығынан айыруға сотталғандар болсын, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ҚР ҚК 24-бабын бұзатынын көрсетеді. Бұл бапқа сәйкес прокурорлар, тергеушілер, анықтаушылар істі жеткілікті дұрыс шешуге қажет және жеткілікті жағдайларды жан жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда қарастырылған барлық шараларды қолдануы қажет.

Жергілікті атқарушы органдарда әкімшілік ету мәселелері өтініш берушілер жағынан жиі даулар туғызатын мәселелердің бірі болып отыр (11,2%). Әкімшілік етудің тиісінше ұйымдастырылмауы еліміздің барлық облыстарына тән нәрсе және шағымдар нақты бір облыс әкімдеріне де және барлық деңгейдегі аппарат әкімдеріне, әкімдіктерге келіп түсіп жатыр.

Азаматтардың өз құқықтарын іске асыруға ықпал ету оны қорғау туралы өтініштеріне жергілікті атқарушы органдар селқос қарайтын жағдайлар жиі кездеседі. Көп жағдайларда өтініш берушілер өздерінің жергілікті атқарушы органдардың басшыларына кіру құқықтарын да іске асыра алмайды.

Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері еліміздің тұрғындарының ең өзекті мәселесі (4,6%) болып табылады. Алайда, халық арасында негізінен жасы келген адамдардан көп шағым түседі.

Жерге деген сұраныстың артқан кезеңінде және оның бағасының қымбаттауы кезінде жерге деген құқықтардың бұзылуы туралы шағымдар (4,6%) көбейген.

Азаматтардың еңбек құқығын бұзу туралы саласындағы қабылданған маңызды шараларға қарамастан, азаматтардың еңбек құқығын бұзу туралы өтініштері бұрынғысынша барынша жиі шағымданатын мәселелердің (4,5%) санатына кіреді.

Қазіргі заманғы қолданыстағы сот әділеттілігі проблемасының ең күрделісі – сот шешімдерін орындау. Сот қорғауы сот актісінің қабылдауымен емес, оның нақты орындалуымен аяқталады. Бұл - кез келген сот шешімі орындалу қажет дегенді білдіреді. Сонымен бірге, Уәкілге сот шешімдерінің орындалмауына қатысты шағымдар түсу жалғасып отыр. Есептік кезеңге азаматтардың құқықтарын бұзу туралы барлығы 45 шағым түсті, бұл шағымдарда көтерілген мәселелердің жалпы санының 3,5 % құрайды.

Сот орындаушылары қызметінің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуге және олардың кәсіби дайындығы мәселелеріне назарды күшейту қажет.

Әлеуметтік қорғау саласында негізгі мәселе зейнетақымен қамтамасыз ету болып отыр (3,4%).

Шағымдардың басым көпшілігінде зейнетақы төлеу мөлшерін анықтауда зейнеткердің еңбек өтілі мен жалақысын есепке алмау айтылады.

2007 жылы түскен шағымдардың жалпы санының 3,1 % тіркеу, азаматтық, тұруға ықтияр хат алу, азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттар мәселесі бойынша шағымдар.

Уәкіл балалар құқығының бұзылуына қатысты шағымдарға ерекше назармен қарайды. Есептік кезеңде осындай 32 шағым түсті (2,4%). Шағымданушылар алимент мөлшерін өндіру және белгілеу туралы сот шешімдерін орындамау, медициналық көмек көрсету, әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ тұрғын-үй мәселелері бойынша мәселе көтереді.

Денсаулық сақтау құқығы азаматтар үшін аса маңызды құқықтардың бірі болып табылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілге келіп түскен өтініштердің жалпы санының 2% құрайтын өтініштер денсаулық сақтау саласында адам құқықтарының бұзылуы жиі кездесетін жағдай екендігін куәландырады.

Өтініштердің көптеген бөлігі көрсетілетін медициналық қызметтің сапасына, дәрігерлік-әлеуметтік сараптау комиссиясының шешімімен келіспеуге, соның ішінде денсаулық сақтау мекемелері қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымдануға қатысты болып келеді.

Өтініштердің жалпы санының 1,8% пенитенциарлық мекемелер қызметкерлерінің әрекеттері мен әрекетсіздіктеріне шағымдануды құрайды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілге азаматтардың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты азаптау, күш қолдану, басқа да қатыгез немесе адамгершілік ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер қолданылатындығына шағымданған өтініштері көптеп келіп түседі.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілге өтініш иелерінің мүгедектік топтарын белгілеу немесе қайта қарауға ықпал етуді, мүгедектігі бойынша жәрдемақы алуға көмек көрсетуді сұрайтын мүгедектер құқықтарына байланысты мәселелер бойынша шағымдары жиі келіп түседі (1,4 %).

Есептік кезеңде Адам құқықтары жөніндегі уәкілге ар-ождан және діни сенім бостандығы құқықтарын іске асыру мәселелері бойынша өтініштер келіп түсті (1,4 %).

Есептік кезеңде оралмандар құқықтарының бұзылуы туралы (0,9℅) осыған ұқсас өтініштер келіп түсті. Оралмандар құқықтарының бұзылуы туралы өтініштер негізінен Қазақстан азаматтығын алу және тұрғын үй мәселесін шешуге қатысты.

Ағымдағы жылы білім алуға азаматтар құқықтарының бұзылғандығы туралы 8 өтініш келіп түсті (0,6%). Өтініштер мүгедек-балалардың білім алуы, балаларды мектепке орналастыру, бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижелерімен келіспеу мәселелеріне қатысты. Балаларды мектепке орналастыру мәселесі бойынша М. (12.07.07 кіріс № 665/03), .Б. (05.09.07 кіріс № 29003-852 (2)) өтініш жасады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына соңғы екі жыл ішінде келіп түскен өтініштерді талдау нәтижесі көп шағымдар соттардың шешімдеріне келіспеушіліктермен байланысты екендігін көрсетеді, осыған орай ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының атына сот жүйесіндегі бұзушылықтардың алдын алу және соттарда азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдау мүмкіндігін қарауын өтініп хат жіберілді.

Қатыстылығы жоқ хаттар санының көбею үрдісі жалғасты: 2005 жылы осындай 82 хат түссе, 2006 жылы 130 хат келді, есептік кезеңде 188 хат келіп түсті.

Қосымша құжаттарды талап ететін хаттар саны (25-40), кері қайтарып алынған өтініштер (2-4) саны екі есеге жуық өсті, анонимді өтініштер саны екі еседен астам көбейді (2-6). Мазмұны түсініксіз хаттар саны (11-12), алғыс хаттар саны (3-4) сәл көбейді.

Уәкіл Қазақстан Республикасының Президентінің, Парламентінің және оның депутаттарының, ҚР Үкіметінің, Конституциялық Кеңестің, Бас прокурордың, Орталық сайлау комиссиясының, ҚР соттарының іс-әрекеттері мен шешімдеріне жасалған шағымдарды қарамайды (18-бап).

Уәкіл өз құзыреті шегінде ҚР- ның адам құқықтары мен бостандықтарына, олардың қорғалу нысандары мен әдістеріне қатысты заңнаманы жетілдіруге, оларды халықаралық құқықтың жалпыға ортақ принциптері мен нормаларына сәйкес келтіруге, ҚР мемлекеттік органдарына тиісті ұсыныстар енгізу арқылы адам құқықтары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді. Адам құқықтары мен бостандықтары саласында құқықтық ағартушылыққа жәрдемдеседі, адам құқықтары бойынша білім беру бағдарламалары мен халықтың білім деңгейін көтеруге, ұлттық заңнамалар мен маңызды құжаттар әзірлеуге қатысады. Уәкілдің пікірі бойынша қоғамдық маңызы ерекше деген жағдайларда, ол өз үндеуін тікелей Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне немесе Үкіметіне жолдауға хақылы. Уәкіл өз қызметін жүзеге асыру барысында:


  • ҚР Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;

  • Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдануға;

  • Заңнамада белгіленген тіртіппен және мерзімде азаматтардың лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне жасалған арыздарын қарауға және олар бойынша тиісті шаралар қолдануға;

  • Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, өтінішті қарау нәтижесінде мәлім болған құпия сипаттағы ақпаратты жария етпеуге;

  • Арыз берушімен қарым-қатынаста ықылас пен әдеп танытуға;

  • өтініштерді қарау барысында әділ болуға және алаламауға;

  • өзін қорғауды өтінетін адамның құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіретін қандай да бір іс-әрекеттер жасамауға міндетті. Сонымен қатар, жыл сайын ҚР Президентінің қарауына өзінің қызметі туралы есеп табыс етеді.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.




  1. Чалых Д.В. Европейские стандарты в области прав человека: деятельность Уполномоченного по правам человека в Республике Казахстан. // Актуальные проблемы современности. 2008. № 2. С. 22-29.

  2. ҚР Президентінің 2002 жылғы № 947 Жарлығымен бекітілген «Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл туралы» Ереже. // САПП РК. – 2002. - №328.

3. 2006 жылғы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің жылдық есебі//www.ombudsman.kz.

Резюме
Ғылыми жетекші Альмагамбетов П. А- Абай атындағы КазҰПУ-нің

Тарих және құқық иститутының қылмыстық құқықтық пәндер кафедрасың доцент з.ғ.қ.

Омаров А. Магистрант Тарих және құқық иститутының қылмыстық құқықтық пәндер кафедрасы.




Қылмыстық процесте адам құқығы жөніндегі уәкілдің қызметі және оны ұйымдастырудың құқықтық негіздері.

Серединное положение Уполномоченного по правам человека между гражданским обществом и государством обусловили специфику его места и роли в системе органов государственной власти. Институт Уполномоченного – своеобразный элемент, способствующий развитию эффективного механизма системы сдержек и противовесов.



Данный институт должен сдерживать произвол исполнительной власти, показывать пробелы в области законодательства, давать рекомендации по вопросам совершенствования механизма реализации права, показывать в некоторых случаях несостоятельность судебной системы.
summary

Almaganbetov P. A. - Candidate of Law Sciences, senior lecturer of Criminal Law Institute of History and Law at the Kazakh National Pedagogical University named after Abay, @mail.ru
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...