Ii iii Локалдық және бүкіләлемдік желі



жүктеу 89.7 Kb.
Дата15.01.2017
өлшемі89.7 Kb.
i.Тақырыбы: Компютерлік желілер, желілік және телекоммуникациялық технологиялар. Желілер туралы жалпы мағлұмат, алдын-ала жағдай және компьютерлердің желілік әрекеттестік қажеттілігі. Ақпараттық және сәйкес программалық қамсыздандыру.

ii.

iii.1. Локалдық және бүкіләлемдік желі.

iv.2. Желілік топологиялар.

v.


  1. Локалдық және бүкіләлемдік желі.

Сіздер дербес компьютерлердің желілері (торабы) туралы естіген де шығарсыздар. Олардың ауқымды жалпы және жергілікті желілерге бөлінетінінен де хабардар боларсыздар. Бұқаралық ақпараттық жүйеде "Еthеrnеt... 100-мегабитті технология... Желілік технологиялар... Интернеттегі жанжал... Интражелілер..." деген сөздер жиі естіліп жатады. Бірақ біз бұл материалдарды түсіндіру кезінде оқушылар желілермен таныс емес, тек компьютер құрамын біледі деп есептейміз.

vi.Егер сіздің бір-ақ компьютеріңіз болса және модеміңіз болмаса, онда сіз компьютерлік желінің артықшылықтарын сезіне де алмайсыз. "Атыңыз егер болмаса, жорғасын қайдан білесіз", - деп өленде айтылатын сияқты ... Бірақ сіздің бірнеше компьютеріңіз болса немесе мәліметті қашықтағы компьютерге жәнелту керек болса онда желілік технология мүмкіндіктері сіз үшін өте қажет болып табылады. Желілік технологиялар орасан зор қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді.

vii.Компьютерлік желі дегеніміз - бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат еңдеудің тармақталған жүйесі.

viii.Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға. қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

ix.Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады:

x.- желімен қатынас кұруды үйымдастыру;

xi.- олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;

xii.- желі тұтынушыларьша есептеу құрылғьшарьш пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.

xiii.Екі және одан да көп компьютерлердің физикалық байланысынан компьютерлік желі туындайды. Компьютерлік желі – компьютерлер арасындағы өзара мәліметтер алмасу жүйесі. Екі компьютердің қарапайым байланысы тікелей байланыс деп аталады.

xiv.Компьютерлік желіні орнату үшін арнайы аппараттық жабдықтар (желілік құрылғылар) және арнайы бағдарламалық жабдықтар (желілік программалық жабдықтар) қажет.

xv.Компьютерлік желінің негізгі мақсаты – компьютерлік желідегі барлық ресурстарды қолданушының пайдалануына мүмкіндік беру.

xvi.Ресурс – қолданушыға бөлінетін есептеу жүйесінің физикалық немесе логикалық бөлігі. Мысалы: орталық процессордың уақыты, оперативті немесе тұрақты жады облысы, логикалық немесе физикалық сыртқы құрылғылар. Ресурстар 3 түрлі болады: аппараттық, программалық және ақпараттық. Мысалы, принтер, қатты дискі мөлшері – бұлар аппараттық ресурстар. Егер желідегі бір принтерді барлық қолданушылар пайдаланса, онда олар ортақ аппараттық ресурсты бөліседі.

xvii.Қашықтықтағы компьтерлердегі мәліметтерді қолдану – ақпараттық ресурсты қолдану болып табылады.

xviii.Локалды желі (Local Area NetWorks, LAN) – бір мекеме немесе арнайы бір территория ішіндегі бір немесе бірнеше жоғары жылдамдықтағы сандық ақпаратты алу каналы бар желі. Локалды желідегі компьютерлер үшін біртекті хаттамалар пайдаланылады. Ең көп тараған локалды желілер – Ethernet және Token Ring.

xix.Кез келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама (протокол), интерфейс, желілік программалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі.

xx.Желілік техникалық кұралдар - компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны.

xxi.Желілік программалық құралдар - компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспет қамтамасыз етеді.

xxii.Интерфейстер - желінің функциональдық элемшттерін бір-бірімен үйлестіру құралдары.

xxiii.Протоколдар - желінің функциональдық элементтерінің бір-бірімен қатынас жасау ережелері. Функиональдық элементтер рөлін әртүрлі құрылғылар және де программалық модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады.

xxiv.Желілік техникалық кұралдар

xxv.Жергілікті немесе аймақты тармақталған желілер архитектурасына байланысты негізгі компоненттер мен технологиялар мынадай бөлітерден тұрады:

xxvi.Аппараттық құралдар:

xxvii.- кабельдер;

xxviii.- серверлер;

xxix.- желілік интерфейс тақшалары (NIC, Network Interface Card);

xxx.- концапраторлар;

xxxi.- коммутаторлар;

xxxii.- аймақтық тармақталаған желілер үшін бағдарлауыштар (маршуртизаторлар);

xxxiii.- аймақтық тармақталаған желілер үшін қашытқтан қатынас құру серверлері;

xxxiv.- аймақтық тармақталаған желілер үшін модемдер;

xxxv.Серверлер.

xxxvi.Клиент/сервер желісіндегі сервер дегеніміз осы желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғары көлемді қатты дискісі бар дербес компьютер болып табылады. Бұған қоса серверде желілік операциялық жүйе (NOS, Network Operating system) орнатылып, ол шеткері құрылғыларды (принтерлер тәрізді) да басқара алады.

xxxvii.Желілік интерфейс тақшалары (NIC, Network Operating System) үстелге қойылатын және портативті алып жұруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады. Олар жергілікті желідегі басқа құрылғылармен қатынас құру үшін қажет. Компьютер жұмыс өнімділігіне бірсыпыра талаптар қоятын әртүрлі дербес компьютерлерге арналған желі тақшаларының көптеген түрлері бар. Олар мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының езгеруі мен желіге қосылу тәсілдеріне байланысты әртүрлі болып келеді.

xxxviii.Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. "Модем" деген соз осы кұрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол "модулятор/ демодулятор" сөздерінің кысқаша түрі. Модем дербес компьютерден шыккан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.

xxxix.Желілік программалық кұралдар.

xl.Жергілікті және аймақтық тармақталған желілер архитектурасына байланысты программалық құралдар:

xli.- желілік операциялық жүйеден,

xlii.- желіні басқару программалық құралдарынан тұрады.

xliii.Желілік операциялық жүйе (NOS, Network Operating system) - желіге қосылған әрбір дербес компьютерде пайдаланылатын программалық құрал. Ол желілік ресурстарды басқарып, олармен қатынас жасауды қадағалап отырады. Желілік операциялық жүйе тасымалданатын мәліметтерді баратын бағыттары бойынша бағдарлауды (маршруттауды), желілік құрылғылар үшін бәсекелік қайшылықтарды шешуді және дербес компьютердің операциялық жүйесімен, мысалы Windows 95, Windows NT, UNIX, Масіntоsh немесе ОS/2 жүйелерімен жұмыс істеуді ұйымдастырады.

xliv.Желілік операциялық жұйе файлдар мен қолданбалы программалардың үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Осындай бір жұмыс станциясында орналасқан ресурстар бірге пайдаланыла отырып, керекті мәліметтер алушыларға жонелтіліп және олар басқа компьютерлерден езгертіле алады. Желілік операциялық жүйенің негізгі белігі серверде орналасады да, қалған боліктері барлық жұмыс станцияларында қызмет етеді.

xlv.Желілік операциялық жүйе қосылған барлық құрылғыларды анықтап, ортақ пайдаланылатын шеткері құрылғыларға жұмыс станцияларының қатынасу приоритетін (егер бірнеше станция қатар сұраныс берсе) айқындап отырады. Бүған қоса операциялық жүйе трафикті реттеу релін атқарып, каталогтармен жұмыс істеуді басқарады және ақпаратты сақтау жүйесін бақылау өкілеттігін жүргізіп, желіні басқару функциясын жүзеге асырады. Кең тараған желілік операциялық жүйелерге Windows Server, Novell Netware, Ваnуаn VINES тәрізділер жатады.

xlvi.Клиент-сервер технологиясы.

xlvii.Жергілікті желілердегі компьютерлердің бір-бірімен қарым-қатынас жасау сипатын олардың функциональдық қызметімен байланыстыру қалыптасқан. Жергілікті желі аймағында да компьютерлерді тікелей байланыстыру кезіндегі сияқты клиент және сервер үғымдары қолданылады.

xlviii.Клиент-сервер технологиясы - жергілікті желідегі компьютерлерді бір-бірімен байланыстырудың ерекше тәсілі, Мұнда бір компьютер (сервер) өз құрылғыларын басқаларға - клиенттерге пайдалануға бере алады. Осыған орай жергілікті желілер бір деңгейдегі желілер және серверлік желілер болып екіге бөлінеді.

xlix.Бір деңгейдегі желілерде айрықша бөлінген сервер болмайды, мұнда әрбір жұмыс станциясы әрі сервер, әрі клиент болып қызмет атқара береді. Мұның ерекшелігі - әрбір жұмыс станциясы өз ресурстарының белгілі бір бөлігін барлық жұмыс станцияларының ортақ пайдалануы үшін бөліп береді.

l.Кебінесе бір деңгейдегі желілер мүмкіндіктері бірдей компьютерлерді біріктірген кезде құралады. Бір деңгейдегі желілер жұмыс істеуге ыңғайлы, олардың қызметі де қарапайым түрде жүзеге асырылады.

li.Егер компьютерлер саны аз болып, олардың негізгі функциясы бір-бірімен мәлімет алмасу болған жағдайда, ең тиімді шешім - оларды бір деңгейлі желілерге біріктіру болып табылады. Мұндай желі кең тараған Windows 98 операциялық жүйесінің басқаруымда жұмыс істей береді.

lii.

liii.2. Желілік топологиялар.

liv.Желі топологиясы оның негізгі функциональдық элементтерінің бір-бірімен байланысу құрылымын анықтайды.

lv.Желінің атқаратын қызметіне байланысты топологиялардың үш түрі болуы мүмкін.



Сақиналық желі – барлық ақпарат жабық орта бойымен таратылады. Әр абонент көрші екі компьютермен еріксіз байланыста болады, ал негізінде желідегі кез-келген абонентпен байланысуға мүмкіндігі бар (1-сурет).

1-сурет. Локальды желінің сақиналық типтегі байланысы.



Жұлдызша тәріздес (радиальды) желі – нақ ортада абонентпен және олардың өзара байланысын қамтамасыз ететін орталық компьютер орналасады (2-сурет).

2-сурет. Локальды желінің жұлдызша типтегі байланысы.



Шиналық конфигурацияда барлық компьютерлер ақпарат алуды қамтамасыз ететін орталық каналмен (шинамен) байланысқан (3-сурет).

3-сурет. Локальды желінің шиналық типтегі байланысы.



Ағаш бұтақтары тәріздес желіде – «бас компьютерге» бағынышты бірнеше компьютерлер болады (4-сурет).

4-сурет. Локальды желінің ағаш бұтақтары тәріздес байланысы.

lvi.

lvii.Әр түрлі хаттамалармен байланысқан компьютерлік желілер үшін арнайы құрылғы – шлюздер қолданылады. Олар аппараттық (шлюздік сервер) және программалық (шлюздік қосымша) болып бөлінеді.



lviii.Желілік қорғаныс үшін локалды және бүкіләлемдік желілер мәліметтерді рұқсатсыз көшірмеу мақсатында арнайы компьютер немесе брандмауэр деп аталатын программа орнатылады.

lix.Бүкіл әлемдік желі (Wide Area NetWorks, WAN) – бұл әр түрлі географиялық аймақтағы байланыстарды біріктіретін желі. Ең танымал бүкіләлемдік желі - Internet.



lx.

lxi.Бақылау сұрақтары:



  1. Компьютерлік желі дегеніміз не?

  2. Локальді желі дегеніміз не?

  3. Интерфейс дегеніміз не?

  4. Хаттама дегеніміз не?

  5. Желі топологиясы дегеніміз не?

  6. Желі топологиясы қаншаға бөлінеді?

  7. Олардың бір-бірінен айырмашылықтарын атаңыз.

lxii.

lxiii.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:



lxiv.

lxv.1. С.Симонович, Г.Евсеев, А.Алексеев «Специальная информатика», Москва, «Аст – Пресс – книга», 2003г.

lxvi.2. Симонович С. В. И др. «Информатика. Базовый курс.», Санкт-Петербург, Питер, -2001г.

lxvii.3. Фигурнов В.Э. «IBM PC для пользователя», Москва, ИНФРА-М, -1998г., изд.7.

lxviii.4. Е.К.Балапанов, Б.Бурибаев «Новые информационные технологий. 30 Уроков по информатике», Алматы, 2001г.

lxix.5. А.В.Андреев, И.Б.Беккерман, В.И.Гриднев «Основы информатики и вычислительной техники», «Феникс», 2002г.

lxx.6. Ермеков Н.Т. и др. «Информатика: базовый курс», Алматы «Атамұра», 2003г.

lxxi.7. Сеннов А.С «Курс практической работы на ПК», БХВ – Петербург, 2003г.

lxxii.9. М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева “Информатика” Астана, 2004.

lxxiii.10. О.Камардинов «Информатика» I, II том. Алматы, 1994г.

lxxiv.11. Қ.А.Ахметов, Б.Д.Шарипова, Г.К.Ордабаева, А.А.Тенгаева «Информатика», Алматы, 2007ж.

lxxv.12. «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша электронды оқулық» Ұлттық ақпараттандыру орталығы, 2007ж.



lxxvi.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет