Ибраимова Күнқияш Қабылқызы Астана қаласы, №69 мектеп-гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Менің сүйікті кітабым



жүктеу 175.82 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі175.82 Kb.
Ибраимова Күнқияш Қабылқызы c:\users\даурен\appdata\local\microsoft\windows\temporary internet files\content.word\img_0901.jpg

Астана қаласы,

69 мектеп-гимназиясы



бастауыш сынып мұғалімі

Менің сүйікті кітабым
Сыныптың оқушылары күнделік жазып жүрді.

Жетекші мұғалімнің рефлексиялық сұрақтарға жауабы:

Бүгінгі тәрбие сағатындағы сайыстың мақсаты - бүгінгі күннің талабы функционалдық сауаттылықты дамыту бағдарламасын қолдауы өте орынды іс. Бұл іске өз үлесімді қосып, өзіміз қалаған шығарма оқып,талдау арқылы өз оқушыларымның ой-өрісі деңгейін дамыту және республика көлеміндегі балалармен сарапқа салып, таразылауды жөн көрдім. Сынып оқушыларын және ата-аналарды сайыс туралы мәліметтермен таныстырдым. Сайыс хабарламасымен танысқаннан бастап, сыныптағы оқушылар арасынан, өз қызығушылық тілектері бойынша ата-ана келісімімен төмендегідей оқушылардан топ құралды: Бақытжан Аружан, Балхиева Әмина,Балхиева Сильвия, Айдарбек Нұрислам, Дисенбекова Мерей, Хулша Салауат, Джолдас Нұржанқожа.

Бұл топ сыныптағы қабілеттірек балалардан құралды. Өйткені ата-ана мен оқушылар бұл іске ерекше қызығушылықтарын білдірді.

Балалармен бірге кітап таңдау үшін мектеп кітапханасына келдік.Балалар кітапхана ішін аралап, барлығы бір шешімге келіп және менің де пікірімді ескеріп, Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атыма Қожа» повесін таңдады. Бұл таңдауды ата-аналарға хабарлап, ата-ана пікірлерін де тыңдадым. Бұл шығармадан әдебиеттік оқу пәнінде үзінділер оқығандықтан да, балалардың жақын болуы себеп болды. Кей балалардың теледидардан бұл шығарма жөніндегі фильмді көруі де қызықтырған болар. Кітапханашы Сәбира, Мөлдір апайларымыз да, «келісіп пішкен тон келте болмас»,-деп құп алып, балаларға бір-бір кітаптан үлестіріп, сәттілік тіледі. Шығарма таңдауда қиыншылық кездеспеді.



3 Д сынып оқушысы: Балхиева Сильвияның күнделігі

2 қараша

Біз бүгін сыныптастарымызбен мектепте «Менің атым Қожа» атты Бердібек Соқпақбаевтың жазған повесін оқыдық.Біз ол жерден түрлі – түрлі кейіпкерлермен таныстық. Ең басты кейіпкер Қожа деген бала болды. Ол өте ақылды,мейірімді,қайсар.Қожаның анасы Миллат жайлауда сауыншы болып жұмыс істейді. Қожаның әжесі өте еңбекқор кісі және диқаншы Қаратай атты кісі Қожаның анасымен бірге істейтін әріптесі. Жантас өте тәртіпсіз, сауатсыз,бұзық бала. Жанар ол Қожаның сыныбындағы ең үлгілі, үздік, тәртіпті қыз. Жанардың әжесі ақылды өте мейірімді кісі болады. Досы Сұлтан өте көп өтірік айтады, көп ұрлық жасайды. Біз бүгін осындай кейіпкерлермен таныстық.





5 қараша

Мен бүгін үйде күнделігімді жаздым. Қожа Сұлтекең әкелген атпен жайлауды 1айдай қызықты өткізді. Бір күні малшылар тойы болады. Ол тойда көкпар, күрес ойындары ұйымдастырылды. Бір кезде балалар күресі басталады. Өзінен үлкен баламен шығып оны жеңеді. Сыйлыққа Аркадий Гайдардың екі томдық кітабын құрметтеп берді. Сол оқиға келеңсіз болып өтеді. Өтіріктің құйрығын бір-ақ тұтам деген осы. Ұрыны ұстаңдаңдар деген Жұмағұлдың даусы шығады. Жұмағұлдың даусын естіген Сұлтан зыта жөнелді. Ал Қожа ұсталып қалды. Анасының көрмегені жақсы болды. Ертесіне Сүгір келіп Қожаның мініп жүрген атын алыпкетеді. Қожа қара жаяу қалады. Жайлау қызығы бітіп Қожаның анасы жем әкелуші Қайыпжанмен машинаға мінгізіп жібереді. Олар жолдашөп оратын балаларды ала кетеді. Ауылға келген шөп орушы балаларды құрметтеп қарсы алады. Шөп орушы балалардың ортасына барып Қожа суретке түседі. Жайлаудан бері Жанарды көрмеген Қожа оған арнап өлең жазады. Мен кітап жайлы отбасыммен пікірлер айтып көзім ұйқыға ілінгенше Қожаға ішімнен сұрақтар қойып жаттым.



6 қараша

Күнделігімді жазуды жалғастырдым. Қызыл бұзау айдап келе жатқан Қожа әжесімен әзілдесіп сыртқа шығады. Қызыл бұзауды әдейі Жанардың үйіне айдап оны бір көріп қайтады. Ертесіне поташы әкелген газеттен шөпшілермен түскен суретін көреді. Ұят болса да республикаға еңбекқор бала болып танылды. Қыркүйекте келді. Сабақ басталды. Сыныпқа кіріп жайғасқан Қожа партаның жанын бос сақтап отырды. Сыныпқа кірген Жантас оған тиісе бастады.

«Еңбек ері» деп кекеткені Қожаға ұнамай оны бір тепті. Жантас оған қайырым жасамады. Жантаста тірілік қасиеті жоқ еді. Күмілжіп қала берді.

7 қараша

Каникул аяқталды. Мектепке көңілді келдік. Достарымызбен бірге кездестік. Каникулда өткізген қызықтарымызды айттық. Қожа туралыда әңгіме қозғадық. Әр бала әртүрлі пікір айтты.

Сабақ аяқтала 16тараудан бастап тобымызбен бірге кітапты оқыдық. Апай бізді қадағалап отырды. Өзін ұятқа қалдырған Сұлтанмен Қожа қайта қауышты. Диірменші Иваннан тор алып екеуі бір атқа екі ер салып балық аулауға барады. Оны көрген Қожаның әжесі таңғалады. Тоғайішінен тығыз жерден күрке жасап қарақшы болуды ойластырады. Әрине бұл Сұлтекеңнің ойы. Қожа оны мақұл көрді, бірақ сабақтан қалмайтындығын айтты. Екеуі айнымас дос болуға серт берді.

Әжесінің даусын естіген Қожа сабақтан кешікенін білді. Сыныпқа асыға кірген Қожаны Анфиса апай жылы қарсы алды. Адам жанын керемет түсінетін ұстаз деп бағалайды Қожа. Мұғалім үйге берген «Қысқы кеш» атты жаттауын сұрап жатқанда, кезек Қожаға келді тура сол кезде қоңырау соғады. Мектептен келе жатқанда Сұлтанды кездестіреді.



8 қараша

Зоология мұғалімі Оспанов Майқанованың ауырып қалғанын, сабақ болмайтынын айтады. Бүкіл балалар волейбол ойнауға барады. Оның ішінде де Қожа бар. Ол Жанар қарап тұр екен деп шебер лақтырады. Қараса Жанар жоқ екен. Жанар жоқ болған соң жәй лақтырып оның тобы жеңіледі. Сосын ойын аяқталған соң Қожа сыныпқа кіреді. Онда Жантас пен Жанар кітап оқып отыр екен. Жанарды Жантаспен отырғанын көріп Қожа катты ашуланады.



9 қараша

Кітапта не ұнады ?

Маған бұл кітаптан бас кейіпкер Қожа ұнады. Ол өте күлкілі, қайсар жігіт. Жанарда ұнады ол өте мейірімді, үздік үлгілі оқушы.



Кітапты оқығанда өзінді қалай сезіндім?.

Мен өзімді жабырқаулы сезіндім. Өйткені барлығы менің әкем бар, маған әкем осындай , анандаи сатып әперді деп жатады. Ал Қожа өзімен өзі мұңайып жүреді. Оны бәрі кекетіп, мазақтайды, жек көреді. Мен Қожаны және оның анасын қатты аяймын.



Не туралы ойладым?

Мен оларға неге ешкім көмектеспейді? Қожаны неге көбісі жек көреді?-деп ойлаймын.



Кітаптағы кейіпкерлер қандай,олардың әрекетері туралы не ойладың?

Мен Қожа туралы ойладым. Неге жақсы нәрсені ойлап тұрады да жаман нәрсені істейді? Неге жақсы нәрсе туралы ойлайды бірақ соны жасамайды.



Кітапта маған менің жақын таныстарым, туыстарыма ұқсас адамдар кездесе ме? Оларкімдер? Несімен ұқсайды?

Жанар менің сыныптасым Аружан деген қызға ұқсайды. Олар екеуі өздерінің білімдерімен, ақылдылығымен, мейірімділіктерімен ұқсайды.



Бұл кітапта саған не түсініксіз болып көрінді?

Маған бәрі түсінікті болды.

Кітапта қандай жаңа сөздерді кездестірдің,олардың мағынасын қалай түсіндің?

Маған педсовет деген жаңа сөзді кездестірдім. Маған оның мағынасын түсінуге әкем көмектесті. Педсовет деген үлкен мұғалімдер жиналысы.



Досыма хат

Сәлем, Мұрат! Халың қалай, ауырып жүрген жоқсың ба? Апам қалай, жағдайларың қалай? Біз сыныптастарымызбен «Менің атым Қожа» атты Бердібек Соқпақбаевтың повесін оқыдық. Ол өте қызық кітап. Онда түрлі кейіпкерлер бар. Қожа ол өте қайсар, ақылды бала. Миллат Қожаның анасы. Ол жайлауда сауыншы болып жұмыс істейді. Қаратай диқаншы. Жанар Қожаның сыныбындағы ең үздік, үлгілі, тәртіпті, ақылды оқушы. Жантас Қожаның сыныбындағы тәртіпсіз оқушы. Майқанова Қожаның мұғалімі. Ахметов мектептің директоры. Сәйбек қарт мектеп күзетіші. Сұлтан тәртіпсіз, қу, ұрлықшы бала. Бұрында ол мектептен қуылған. Сүгір Сұлтанның әкесі және жылқышы. Дәулет ол Жұмағұлдың ұлы сенгіш. Жұмағұл Дәулеттің әкесі және қойшы. Мен кейбір кейіпкерлерден жақсы нәрселерді үйрендім. Қожадан өзімнің қателіктерімді түсінуге, Жанардан ешкімге орынсыз тиіспеуге үйрендім. Сонымен Мұрат мен хатымды аяқтаймын қош сау бол. Амандықта жүздесейік. Хатты жазған Сильвия деп білесің.



3 Д сынып оқушысы: Айдарбек Нұрисламның күнделігі

2- қараша

Демалыс. Біз мектепке келдік. Мүғаліммен бірге мектеп кітапханасына кіргенде Мөлдір апай бізді жылы жүзбен қарсы алды. Бәріміз ақылдаса келе кітап оқушылар сайысына Бердібек Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» повесін бірге оқып, талдау арқылы өз ой-өрісімізді Республика көлеміндегі өзіміздей балалармен сарапқа салуды жөн көрдік. Бізге «Менің атым Қожа» кітабынан бір-бірден үлестірген Мөлдір апай сәттілік тілеп шығарып салды.

Сыныпқа келдік. Мұғалім бізге кітап жайлы түсінік берді. 3-4сыныптан жазушы болуды армандаған Бердібек атаның кітабын қолымызға ұстап оқу ерекше қызығумен басталды. Өйткені жазушы, бұл шығармасында басты кейіпкер өзім дейді.

1-тарауда Қожаның өзі және отбасы сыныптасы Жантас туралы білдік. Қожаға әкесінің жоқтығы үлкен өкініш. Үйіне мотоциклмен келетін Қаратайды жек көреді. Ол көрші ауылдағы комбайншы. Анасы Миллат ауылға еңбегімен қадірлі кісі. Жанар – сыныптағы ақылды, үлгілі және өнерлі оқушы.Осымен бүгін 3-тарауды аяқтадық.


3- қараша

Мектепке келдім. Сыныпта Салауат, Мерей, Нұржан, Әмина, Сильвия, Аружан және мен. Мұғалім бізге кітапты ашып, келесі 4-тарауды жалғастырып тізбектей оқытты. Өзіміз сыныпта шағын болғандықтан кітаптың келесі беттерін тез түсініп отырдық.

Лагерге бара алмайтын Қожа Жантастың қыршаңқы сөздеріне де есесін қайтарды. Сынып жетекшісі Майқановамен алғашқы таныстығы да қызық болған екен. Мұғалімді алдап, дүкеннен кезексіз кітаптарын алып шыққан Қожа оған жағымсыз болып қалған. Лагерден қалған Қожа жайлаудағы анасына баруды шешті. Көлік керек. Бір белсенділердің атын мінем де кетем. Өйткені әкем де, анам да осы колхозға еңбегі сіңген деп өзіне батыл шешім жасады.

Жанар үйінде ата-анасы болмағандықтан лагерден қалған. Кетер алдында Жанармен кездесіп кеткісі келген Қожа кештетіп Жанардың үйіне келеді. Екеуі дойбы ойнап, ұтылған Қожа сәл ренжісіп қалады. Қожа келешекті армандап, өзі ренжіген адамдарынан кегімді алсам деп қиялдап кетеді.

Анасына түнделетіп ат ұрлап мініп кетемін деген ойы іске аспады.

Сонымен Қожаны үнемі бұзақы істерге үйретуші досы Сұлтанмен кездестік.

Сұлтан Қожаны жайлауға өзі алып кетпек болды.

Бүгін алтыншытарауды аяқтап, оқығандарымыз жайлы пікірлесіп, үйлерімізге тарадық.


4- қараша

Әдеттегідей мектепке келіп, мұғалімнің айтуымен кітапты тізбектей оқып жалғастырдық.

Сұлтан келіп, олар бір атқа екі ермен жайғасты. Екі ерді бір атқа салып міну Қожаның әжесін таңқалдырды.

Сұлтан келе жатып қожаның ақшасына азықпен бірге шылым да алған. Қожаға шылым тартуды үйретпек болды. Шылымнан қиналған Қожа ешуақытта бұны аузыма алмаспын деп өз-өзіне уәде етті.

Менің досым Салауат: Ондай нәрсені Сұлтан ұсынғанда бірден алмау керек еді. Бұл оның қателігі, -деді. Қойшының баласы дәулетті алдап, қымызын ішіп, етін жеп, қаракөлін ұрлап әкетті. Жолай кездескен Жұмағұл қойшыға ауылдарын жасырды.

Сұлтанның бұл қылығы Қожаны таңқалдырды. Анасына жайлауға жеткенде Қаратайды кездестіруі де Қожаға жақсы көңіл күй сыйламады. Ол Анасының жанында қалды. Сұлтан ертең ат әкеп беретінін айтып, жөніне кетті.

Бұдан соң «Менің атым Қожа» фильмін көрдік. Оқығанымызды көзбен көру, түсінігімізді молайтты.Кітап бізді ерекше қызықтыра түсті. Фильм аяқталған соң, мұғалімнен сенбі, жексенбі күндерге тапсырма алып үйлерімізге тарадық.
5- қараша

Сенбі күні. Үйде әжеммен отырып, 10 тарауды оқуға кірістім.

Сұлтекең ат әкеп беріп, жайлаудың қызығын 1 айдай тамашаладым,-дейді Қожа.

Бір күні жайлауда малшылар тойы өтеді. Тойда ат жарыс, көкпар, күрес ұйымдастырылады. бір кезде балалар күресі басталады. Өзінен бойлылау баламен Қожа да шығып, оны жеңеді. Сыйлыққа Аркадий Гайдардың екі томдық кітабын алып, құрметке бөленіп тұрған сәті келеңсіз оқиғамен жалғасты. Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам деген осы болды. Ұрыны ұстаңдар!,-деген Жұмағұлдың дауысы Сұлтан қаша жөнеліп, Қожа ұсталды. Анасының көрмегені дұрыс болды.

Ертесіне жылқышы Сүгір келіп Қожа мініп жүрген атты алып кетті. Қожа қара жаяу қалды.

Жайлау қызығы бітіп Қожаны анасы жем әкелуші Қайыпжанмен машинаға мінгізіп ауылға жіберді. Олар жолда шөпші балаларды ала кетеді.

Ауылға келгенде шөпші балаларды құрметпен қарсы алды. Шөпші балалардың ортасында Қожа да суретке түседі. Жайлаудан бері Жанарды көрмеген Қожа оған сол күні сағынышын арнап өлең жазады. Кітап жайлы отбасыммен пікірлер айтып, көзім ұйқыға кеткенше Қожаға ішімнен түрлі сұрақтар қойып жаттым.
6- қараша

Кітап оқуды әрі жалғастырдым. Әрине жанымда әжем. Қызыл бұзауды айдап кел деген әжесімен әзілдескен Қожа сыртқа шықты. Ол бұзауды Жанардың үйіне қарай айдады. Осылай Жанарды бір көріп үйіне қайтты.

Келесі күні пошташы әкелген газеттен шөпшілермен бірге түскен суретін көрді. Ұят болса да, республикаға еңбекқор бала болып танылды.

Қыркүйек те келді. Сабақ басталды. Сыныпқа кіріп жайғасқан партасының жанын бос сақтап отырды. Сыныпқа кірген Жантас бұған тиісе бастады. «Еңбек ері» деп кекеткені ұнамаған Қожа оны бір тепті. Жантас оған қайырым жасамады. Жантаста тірілік қасиет жоқ еді. Күмілжіп қала берді.


7-қараша

Каникул күндері аяқталды. Мектепке көңілді оралдық. Достарымызбен кездестік. Каникул күндерінде бастан кешкен қызықтарымызды ортаға салдық. Қожа туралы да қызықтар қозғадық. Әр бала әр түрлі пікірлерін айтып жатыр.

Сабақ аяқтала 16 тараудан бастап тобымызбен тізбектей оқуға кірістік. Мұғалім бізді қадағалап отырды.

Өзін ұятқа қалдырған досы Сұлтанмен қайта қауышады. Диірменші Иваннан тор алып балық аулайды. Тоғай ішінен тығыз жерден күрке жасап қарақшы болуды да ойластырады.

Әрине бұл Сұлтанның ақылы. Қожа оны мақұл көрді, бірақ сабақтан қалмайтындығын айтты. Үлкейгенде жазушы боламын деген арманында жасырмады.

Екеуі қайта айнымас дос болуға серт байласты. Әже дауысын естіген Қожа сабақтан кешіккенін білді. Сыныпқа асыға кірген оны Анфиса апайы жылы қарсы алды. Адам жанын керемет түсінетін ұстаз деп бағалайды оны Қожа. Мұғалім үйге берілген «Қысқы кеш» жаттауын сұрай бастағанда қожаның жан сезімі арпалыста болды. Оған кезек келгенде «бақытты сәт» туып қоңырау сылдырлады.

Мектептен келе жатқанда Сұлтан кездеседі. Тоғайға барып қоян, қырғауыл атып, қарақшылық жасауды айтады. Олар сенбі күні баруға келіседі.

8-қараша

Мұғалім бізді мектепке сабақтан ертерек шақырды. Кітапты 19 тараудан бастап оқыдық.

Майқанованың ауырып қалуынан сабақ болмаған. Балалар волейбол ойнауға шығады. Қожа допты шебер қағады. Спортқа да бейім. Жанардың сыныпта Жантаспен қалуын Қожа қызғанды. Сенбі күн жаңбырлы болды. Екі дос тоғайға келіп, еш нәрсе бітірмей су жағасында жүрген бір қазды Сұлтан атып алды. Қазды үйітіп жатқанда оларды Ахмет шал көрді. Ахмет шал ауылға айтып келеді. Сол күні олар ойластырған істерінен бір жола бас тартады.

9-қараша

Кітапты мектепте 22-тараудан бастап оқыдық. Қаздың иесі Әбдібай екен.Әйелі де, өзі де ауыр сөздер айтып балағаттайды. Бұл жай мектеп директорына айтылады. Директор жайлаудан Қожаның анасын шақырады. Оның тәртібі педкеңесте қаралатын болды.

Сұлтан тағы жоғалып кетеді. Зоология мұғалімі бақа әкеліңдер дегеніне Қожа бес бақа әкеліп, бір бақаны Майқанованың сөмкесіне салып қояды. Сөмкеден секіріп шыққан бақадан қорыққан Майқанова талып қалады. Қаз жайына бақа қосылып, мектеп іші даңғаза болды. Жоңышқа арасында жатқан Қожаның ойы сан-сақты шарлады. Тәуекел деп үйіне енді. Тынысы тарылып, келбеті қыбырлаған бірдеңеге ұқсайтындай. Жылап жатқан анасының тізесін құшып жылады. Қожаның ең қайғылы сәті еді.

Бұл 13жыл ішіндегі Қожаның қатыгез күні болды. Ертесіне кешкілік анасымен бірге мектепке келді. Директор анасын күтіп алып, ішке кіргізді. Есік алдында қалған Қожа күзетші Сәйбек қартпен кездесті. Қожаға әкесінің ауылдың қадірлі азаматы болғанын әңгімеледі. Қожаны ішке кіргізгенде ол тек қана кешірім сұрай берді. Педкеңес аяқталы, сыртқа шыққан Ахметов пен Майқанованың әңгімесінен: «Қадыров түбінде адам болатын бала», «Оты бар» деген сөздер Қожаны жұмбақ күйде қалдырды.



10- қараша

Кітап аяқталуға таяу. Бүгін де 25-тарауды тізбектей оқуды жалғастырдық. Педкеңес қаулысы сынып жиналысында өз шешімін тапты. Қожа мектепте қалдырылды. Оған қатаң сөгіс берілді.

Қожаның жан дүниесінде күйзелістер. Бәрі де өзіне байланысты. Анасы ақылын айтып, жайлауға кетті. Мектепке бара жатқан жолда Нұрила кемпірдің итіне тас лақтырмақ ойынан тез тежелді, енді тәртіпті болуға бет бұрған болар...

Жанармен мектепке бірге барған ол шектен тыс сөздеріне де төтеп берді.

Сол күні кеш ол құпия кеңес өткізіп, өзінің тәртіпсіз істеріне шек қойды. Өз-өзі айна алдында сөйлеп отырған баласын әжесі ауырды деп ойлады.

Үлкен жазушы өзінің балалық сәтсіз мінездерін осы жерден аяқтаған болар?!


Досыма хат

Сәлем Әліби! Сенде бәрі жақсы ма?

Менде бәрі жақсы. Мен достарыммен бірге «Менің атым Қожа» кітабын оқыдық. Маған осы кітап ұнады. Кітапта Қожа, Жантас, Жанар, Қаратай, Майқанова, Сұлтан және Қожаның анасы Миллат. Қожа тентек болса да, өз қатесіне есеп береді. Сабақты жақсы оқиды,

спортты жақсы көреді. Абайдың өлеңдерін көп оқиды. Үлкенді сыйлайды. Сұлтан есімді тәртіпсіз балаға еріп, оғаш қылықтарын жасағанын білмей қалады. Өзі ақылды және

3-сыныпта жүрген кезінен жазушы болуды армандапты. Жанар ақылды, өнерлі сыныптағы үздік оқушы. Жантас қыршаңқы мінезді, Қожаны «қара көже» деп мысқылдайды, өзі қорқақ. Сұлтан Қожаның досы, бірақ Қожаны әркез ұятқа қалдырып кетеді екен. Кітапты оқығанда кейіпкерлердің түрлі мінез-құлықтарын түсіндім. Бұл кітап мені көп достармен табыстырды. Мен солардың жанында жүргендей болдым. Кітапты аяқтағанда олармен қоштасу маған қиынға соқты. Әрі достарымызбен кітап қызығын бірге бөлісу өте тамаша болды.

Бұл кітапты сен де оқы, өте қызық көп ақыл жинайсың. Осымен хатымды аяқтаймын.

Досың Нұрислам.

Дәл осындай күнделікті топтағы барлық оқушылар жазып отырды.



2-қараша кітапты алғаш қолға алып, оқуды бастаған күн. Каникул кезі болғандықтан, мектеп іші тыныш, балаларға кітап оқу үшін қолайлы жағдай болды. Кітаптың авторы жайлы таныстырылып және осы шығарма автордың балалық шағын баяндайтыны айтылғанда, балалар қызығушылық таныта бастады. Алғашқы тараудағы басты кейіпкер Қожа, оның әжесі,

анасы, сыныптастары жайлы айтыла келе, әкесінің майданнан оралмағандығын, әкесін әркез сағынышпен мұңая еске алатын Қожаға аяушылық танытты. Қаратай - көрші ауыл комбайншысына да, Қожамен бірдей жақтырмаушылық білдіріп отырды. Каникулдың әр күнінде үш тараудан өз басшылығыммен оқыта отырып, сабақ басталған соң да, жалғастырып кітапты 10-қараша толық аяқтадық. 4-қараша күні шығарманың фильмін көрдік. Оқығанды көзбен көру балалардың түсінігін арттырып, өз пікірлерінде кейіпкерлермен күнделікті араласып жүрген тату достарындай болып кеткенсезімдерін де жасырмады, еркін жарысып өз ойларын ашық айтуға көшті.

Шығарманы толық аяқтағаннан кейін 11-қараша күні оқығанымызды пысықтап, кітаптан ұққан жайттарымызға қорытынды жасадық.

Кітаптан не ұнады?- деген сұраққа барлық балада да, дұрыс, бұрыс істер болады. Қожаның әр кез өзінің кемшіліктеріне есеп беріп, қатесін кезінде іштей мойындауы маған ұнайды. Мен өзіме Қожаның осы қасиетін өнеге қыламын,-деді Сильвия.

Сұлтан өтірікті көп айтса да, бізге қызықты жайларды көп көрсетіп, бізді күлдіргені ұнады,-деді Мерей.

Кітапты оқығанда өзімді қалай сезіндім? Не туралы ойладым? Каникул бойы көңілді достар тауып, олармен күнде қызықты оқиғалар үстінде араласып жүріп, олардан тез ажырап қаламын деп ойламаппын,-деді Нұржан шынайы сезіммен.

Қожаның ауылының табиғаты неткен керемет! Фильмді көргенде Қожаның жанында суға шомылып, қызыл бұзауды айдасып, Сұлтанның өтірік сөздеріне ермеші, ол сені алдайды,-деп құлағына сыбырлап, Жанардың әжесі мен қара төбетінен қорық па,-деп Қожаның жанында бір елі қалмай жүр едім. Олардың менің жанымнан кетіп қалғаны, мені досыма хат жазып, тамаша сәттерімді бөлісуге әкелді,-дейді Нұрислам.



Кітаптағы кейіпкерлер қандай, олардың әрекеттері туралы не ойлайсың?

«Қателікті Сұлтан бастап Қожа амалсыз қоштайды. Соңында жаман дос ұятқа қалдырады»-деп Аружан Қожаны аяп, Сұлтанға өкпесін білдірді.

Сұлтан ұсынған шылымды Қожа бастан алмауы керек еді,-деп Салауат оған бір сәт ренішін білдірді. Балалардың бойында әлсіз де қасиеттер кездеседі ғой,- деп қоштады Әмина.

Қожаның әжесімен, Сәйбек атамен айтқан әзілдері өте ұнамды болды.

«Әзілің жарасса, атаңмен ойна» деуші еді атам,-деді Салауат.

Кітапта маған менің жақын таныстарым, туыстарыма ұқсас адамдар кездесе ме?

Олар кімдер? Несімен ұқсайды?

Бұл кітаптағы Жанар біздің сыныптағы Аружанға ұқсайды. Аружан өте тәртіпті үздік және әділ істерімен ерекше оқушы,-дейді Әмина мен Сильвия.

Қожаның әжесі менің әжеме ұқсайды, өйткені әжем мені еркелетіп, өте жақсы көреді. Еркеліктің шегі барлығын мен түсінемін,-дейді Нұржан.

Бұл кітапта не түсініксіз болып көрінді? деген сұраққа бұл кітаптың мазмұнын толығымен түсіндік,- деп жауап берді топтағы оқушылар.

Кітаптағы қандай жаңа сөздерді кездестірдің, олардың мағынасын қалай түсіндің?

Маған мына сөздер: сүйеу болу, жұмыр жер,дағдысы, байыбына деген сөздердің мағынасын әкеммен бірге түсіндім,-деді Салауат. Педсовет сөзінің мағынасын әжемнің айтуы бойынша мұғалімдердің үлкен жиналысы екенін ұқтық,-дейді Әмина мен Сильвия. Маған жұпыны өмір, мақрұм, телміру, тілін сындыру сөздерінің мағынасын анам түсіндірді,-дейді Мерей.

Күнделік соңына достарынажазған хаты туралы оқып, қызықты пікірлерді ортаға салды.

12-қараша кітапханада «Менің кітабым сөйлейді» атты кітап конференциясы күнін өткіздім.Оған біздің тобымыз, кітапхана оқырмандары, кітапханашылар, мұғалімдер және ата-аналар қатысты.Топтағы оқушылар шығарма мазмұны жайлы салған суреттерін және күнделіктерінен қызықты үзінділерді оқып, басқа оқушыларды кітап оқуға талпындырды.
c:\users\akbota\appdata\local\microsoft\windows\temporary internet files\content.word\20170121_103305.jpg

c:\users\akbota\appdata\local\microsoft\windows\temporary internet files\content.word\20170121_095954.jpgc:\users\akbota\appdata\local\microsoft\windows\temporary internet files\content.word\20170121_102826.jpgc:\users\miniats.kz\desktop\1111\новый документ 26_1.jpg
1.Күнделіктен оқу.

2.Кейіпкерлерді бейнелеу.

Қожа-Нұржан

Сұлтан-Салауат

Жантас-Нұрислам

Жанар-Әмина

Майқанова-Cильвия

Әжесі-Аружан

Анасы-Мерей



3. «Ретімен қой ойыны»(көпшіліке ұсынылды)

4. Бұл кімнің қасиеті (көпшілікке ұсынылды)

5. Сауалнама сұрақтарына жауап.

Балалары оқыған кітап жайлы ата-аналардың сауалнама сұрақтарына жауабы:

Кітап оқу адамдарға не береді?

Осы кітаптан сен не үйрендің?

Сен кітап бойынша не жасауға болады деп ойлайсың?

Кітаптан қандай жаңа сөздер үйрендің?

Сұрақтары бойынша өз пікірлерін білдіріп, кітап оқудың пайдасы мол екенін қорытындылады.

Кітапты толық оқып, фильм көрген балалар бұл шығарманы өте жақсы түсінгендігін, күнделіктерін оқып, бір сұрақты өз пікірлерімен толықтырып отыруы шығармаға ерекше қызығушылықтары болғанын айқындады.

Топ балаларының шығарманы толық түсініп оқуы, сыныптағы өзге оқушыларға да серпіліс әкелді. Сыныптағы сабақтар барысында мысалдар алып отыруға мүмкіндік берді. Қазақ тіліндегі бастауыш, баяндауыш ережелерін меңгертуде сөйлемдегі негізгі ойды білдіретін және оның қимылын білдіретін мүшелерді табу үшін, осы шығарма кейіпкерлерін мысал еттік.

Әдебиет сабағындағы өлеңдерді жаттау кезінде де, Қожаның басынан өткен жәйт мысал болды. Қожа әзілді біледі. Кез-келген іске өкпелемей ді. Атамен,әжемен әзілі сабақ үстінде де, балалардың кей мінездерін Қожа арқылы кеңдік кешірімділікке баулып отыру орын алды. Әр істі ойлана істеуі, өзіне есеп беруі, ағат істеріне ұялуы сыныптағы оқушылар үшін үлгі болды

Сынып сағатымыз да Қожаның сыныбындағы жиналыстың өтуі, сынып басшысы Темірдің орынды сөздері балалардың бойындағы адами қасиеттердің негізін оятқандай болды.

Сыныбымыздағы нашар оқушыны нашар дей бергенше бәріміз көмектессек жақсы нәтиже шықпас па еді? Солай жасайық,-деді Аружан.

Оқушылар «Кітап оқудың пайдасы» атты мәтінді де еске түсіріп, Жазира, Еркебұландарды Қожаның достарына ұқсатты. Асылбек те: Барлық қызық кітап та екен ғой деп мойындады емес пе?,-деді Нұрислам.

Біз бұл кітапты бәріміз сүйіп оқыдық. Кітапты сүйіп оқы, көңілге түйіп оқы дегендей, біздің кітаптан түйгеніміз көп болды,-деді Әмина.

Әдебиет пәнін, кітапхана кітаптарынан оқуға құлшыныс болды. Кітап оқу тек қана мектептегі біліміне емес сабақтан тыс өз бетінше оқуына жол ашты, бойларына ұлттық құндылықтарды сіңіруге негіз болды. Қайыпжанның машинасында келе жатқан Қожаның туған жеріне деген сүйіспеншілікпен айтқан толғанысын Нұржан мынадай сезімі бар Қожаның жан дүниесі маған керемет ұнады,-деп түйген. Әженің немересіне шексіз мейіріммен қарауы, қате істерден жанын сала қорғап, Қожаның келешегінен тек үлкен жеміс күтетінінің өзі-оған тағдырының ұлы жазушылықты сыйлауының себебі болар. Бұл ұлттық тәрбиеміздің жемісі баршаға өнегелі іс емес пе? Үлкен тұлғаның бойына бала кезінен құнды қасиеттер қалыптасқанын ұқты.

Қорыта айтқанда бұл жұмыстың соңында төмендегідей нәтижелерге қол жеткіздім деп ойлаймын.

Нәтижесінде, оқушылардың жаңа мүмкіндіктері ашылғандай болды.

Сөз өнеріне, тілге қызығушылығы оянды.

Оқушының қиялы дамып, еркін пікір айтуға үйрене бастады.

Өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға, өзгенің пікірімен санасып, өз пікірін қорғауға, әр түрлі шығармашылық жұмыстарға, топпен жұмыс істеуге дағдыланды.

Жан дүниесін тәрбиелеуге үйренді және сыныптас достарына да, үлкен әсер әкеліп,



кітап оқып, бар қызықты кітаптан үйренулеріне үлгі болды.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет