I. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы



жүктеу 402.27 Kb.
Дата07.09.2017
өлшемі402.27 Kb.
Қазақстан Республикасының адвакатурасы

Мазмұны


Кіріспе

I.Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

1.1Көліктегі қылмыстардың жеке құрамдары  



II.Жаза тағайындаудың жалпы негіздері

2.1. Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар

2.2. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау

2.3. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау



III.Қылмыстық жауапкершіліктен босату

3.1. Жазадан, босатудың түрлері

3.2 Рақымшылық және кешірім жасау

IV.Жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы 

4.1.Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол суғатын қылмыстар.

4.2 Бостандық пен жеке бастың қосұғылмаушылыгына қарсы қылмыстар



V.Меншікке қарсы қылмыстар

5.1Ұрлықтың нысандары

5.2Ұрлық , Алаяқтық

5.3,Тонау.Қарақшылық

VI.Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар

6.1.Терроризм.Террорлық әрекет туралы көрінеу жалған хабарлау



6.2.Бұзақылық

6.3.Тағылық

Қорытынды

Пайдалаған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен,Конституциялық заңдармен, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексімен айқындалады.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері,сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік қаулылары қылмыстық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі болып табылады.

Егер қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында азаматтық немесе әкімшілік құқықтарға сәйкес шешілуі тиіс мәселені қарау қажеттігі туындаса, ол азаматтық немесе әкімшілік іс жүргізу тәртібімен шешіледі.



I.Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

Қылмыс дегеніміз жаза мен қауіп төндіру арқылы тиым салынған қоғамға қатерлі жасалған әрекет не әрекетсіздік. Бұл қылмыс анықтамасы көптеген Европа елдерінде формальды түрде қолданылады. Ал отанымызда қылмыстық құқық материалды – формальды анықтамаға ие, яғни формальды анықтамада әрекеттің құқыққа қарсы екендігіне баса назар аударылса, ал материалды – формальды анықтамада әрекеттің құқыққа қарсылығымен бірге оның қоғамға қауіптілігіне көңіл бөлінеді. Жоғарыда айтылған сөздерден байқайтынымыз – қылмыстың өзіне тән міндетті бірнеше белгілерінің бар екендігі. Оларға тоқталып кететін болсақ, қылмыс анықтамасының мәні ашылады. Сонымен қылмыстың өзіне тән төрт белгісі бар: 1. қоғамға қатерлі әрекет; 2. құқыққа қайшылық, яғни қылмыстық заңмен тиым салынған әрекеттер; 3. кінәлілік; 4. қылмыстық жазалылық. 

Қоғамдық қатер дегеніміз – қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға шынайы түрде зиян келтіретін не сол зияндарды жоюға кедергі келтіретін әрекет не әрекетсіздік. Жасалған әрекет не әрекетсіздікке жаза тағайындау үшін, оның қоғамға қатері ақиқат екеніне тура көз жеткізуіміз керек.

Қоғамдық қатері бар әрекетті тек қана қылмыс деп тану қате көзқарас. Сонымен бірге ол әкімшілік құқық бұзушылық болу да әбден мүмкін. Бұнда да тұлғаға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келеді. Бірақ олардың қоғамға қауіптілігінің мөлшері анағұрлым төмен болады. Егер әрекет салдарынан тұлғаға, қоғамға ауыр не орташа ауыртпалықтағы залалдар келтірілмесе, ол әрекетке әкімшілік тәртіпте жауапкершілік жүктеледі. Мысалы, жол қозғалыс ережелерін бұзу салдарынан адам денсаулығына жеңіл түрдегі зиян келтірілсе.

Қылмыстың екінші бір міндетті белгісі болып қылмыстық құқыққы қайшылық табылады. Қайшылық – жоғарыда айтылғандай қылмыстың формальды белгісі. Қылмыс туралы тек тиым қылмыстық заңмен бекітілген жағдайларда ғана сөз болуы керек. Басқа құқық салаларына қайшы келген жағдайлар оларды қылмыс деп тануға негіз бола алмайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы территориясында шетел валютасымен шартқа отыруға «валюталық реттеу заңымен» тиым салынған, бірақ қылмыстық құқықта бұндай жағдайлар қарастырылмағандықтан, бұл әрекеттер қылмыс деп санамайды. Сонымен қылмыс туралы қылмыстық заңда көрсетілмесе, өылмыс жоқ деп саналады.Жоғарыда айтылған қылмыстық құқыққа қарсылық белгісімен өте тығыз байланысты екі белгі – кінәлілік және жазалылық.

Қылмыстық кодекстің 19-бап 2-тармақшасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік кінәсіз келтірілген зияндар үшін жүктелмейді.

Кінәлілік құқыққа қайшылықтың міндетті шарттарының бірі болғандықтан, субъектінің әрекетінде кінәнің жоқтығы оның әрекетін және қылмыстық құқыққа қайшылық белгісін де жоққа шығарады.

Жазалылық – бұл атынан-ақ айтылып тұрғандай әрбір заңға қайшы, қоғамға, қауіпті әрекет не әрекетсіздіктер заңмен міндетті түрде жазалануы тиіс. Кейбір жағдайларда қоғамға қауіпті, заңмен тиым салынған әрекетті жасаушы кінәлі тұлға жазаға тартылмауы да мүмкін, яғни қылмыстық жауапкершілікке тартуға ескіру мерзімі өтіп кетсе, амнистия, рақымшылық және т.б. жағдайлармен, бәрақ бұдан жасалған әрекет не әрекетсіздік қылмыс болып қоса береді.



1.1Көліктегі қылмыстардың жеке құрамдары

Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы (296-бап)8

Жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу (297-бап)10

Көлік құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, мас күйіндегі адамды көлік құралын жүргізуге жіберу (298-бап).12

Көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру (299-бап).14

Көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу (300-бап).17

Поезды қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату (301-бап)19

Көлікте қолданылатын ережелерді бұзу (302-бап)20

Магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (303-бап)22

Труба құбырларын зақымдау немесе қирату (304-бап)23

Кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуі (305-бап)25

Ұшудың халықаралық ережелерін бұзу (306-бап)27

Жол... Сүрлеу... Өткел... Адамның өмірі де, міне, осындай ұғымдардан басталып, сонымен бітетін тәрізді. Дүниеге келген сәби ең алдымен жүруді үйренеді, сөйтіп, жолдар мен сүрлеулер арқылы өмірді танып-біледі... Есейген соң ол іле-шала туған ошағы мен білім алатын мектебіне баратын жолды есіне сақтайды. Білім нәрімен сусындап, тәжірибе жинақтаған соң, адам баласы тағы да сол өмір өткелдері арқылы, пешенесіне жазылған сүрлеумен алдына қойған мақсатын іздеуге кіріседі. Ал жол жүру үшін көлік мінесің. Біздің алған тақырыбымыз осы көліктегі қылмыстар.   

Қазақстандағы автомобиль көлігінің жедел дамуына байланысты жол қозғалысының жиілігі артып, тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету ірі мәселеге айналып барады. 

Бұл күрделі мәселе тек жекелеген ведомстволардың назарына ілігіп қана қоймай бүкіл қоғамымыздың назарында болып келеді.  

Мұндай мәселеге көңіл аудару тегіннен тегін емес, өйткені механикалық көлік құралдары, оның ішінде автомобиль көлігі де адамзат үшін өте қолайлы болғанымен дұрыс пайдалана алмаған кезде ауыр әрі қасіретті салдарларға алып келеді. Қазақстанның заңдарында көлік құралдарын жоғары қауіптің көзі деп танылады.  

Қазақстанның көліктегі кездейсоқ жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс- шараларының арасында қылмыстық-құқықтық сипаттағылары белгілі роль атқарады. Олар қазақстандық заңдарда қылмыстық істерге жатқызылған  көліктегі заң бұзушылық әрекеттерге байланысты қолданылады. Көрсетілген қылмыстық-құқықтық нормаларды жүзеге асыру қоғамымыдағы тәртіптің нығаюына ықпал етеді.  

Біздің елімізде ХХ ғасырдың 90-жылдарының басынан бастап болып жатқан әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгеріс – жаңғырулар қоғамның құқықтық саласындағы өзгерістерге де еріксіз алып келді. Ел ішінде жүргізіліп жатқан кешенді реформалар жаңа базасыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Соңғы он жыл ішінде кез келген құқықтың мемлекеттік алғашқы тұғыры, берік іргетасы болып табылатын бірқатар заңдар: Конституция, Азаматтық кодекс, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық-атқару кодексі және т.б. қабылданды. 

Соңғы жылдары жүргізілген реформалардың нәтижесінде мемлекеттік басқару саласы да түбегейлі өзгеріске ұшырады. Осылайша мемлекеттік қызметшінің құқықтық мәртебесі де жаңаша сипатқа ие болды.

ҚР Президенті «Қазақстан – 2030»  республика халқына Жолдауында «Біздің міндет - Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы болатын мемлекттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы тиімді жүйесін жасау», - деп айтқан болатын. Міне, осындай маңыз беріліп отырған басқару саласына қарсы қылмыстарға Қылмыстық кодексте арнайы тарау бөлінген (14-тарау). Біздің курстық жұмысымыз осы қылмыстарды жіктеуге, оларды бір-бірінен ажырата білуге арналған.   



II. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері

Қылмыстық жаза мемлекеттiк күштеу шараларының брi болып табылады және ол мемлекеттiң қылмыспен қарсы күрес жүргiзу құралдарының бiрi ретiнде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргiзуде әр түрлi ұйымдастырушылық, тәрбиелiк,  экономикалық, рухани шаралардың барлық түрiн кнiнен қолданады, сөйтiп қылмыстан сақтандыру мәселелерiне ерекше көңiл бөледi. Сондықтан да бiздiң жас, тәуелсiз мемлекетiмiз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негiзгi басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешушi мәселелер жоғарыда аталып экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерiнiң белсендiлiгiн, оларың құқықтық сана-сезiмiн жетiлдiру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде тек арнаулы, заңда  көрсетiлгне жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс iстеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттiң атқаратын функцияларының бiрi ретiнде қарастырылады. Әсiресе ауыр, өте ауыр қылмыс iс-тегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын  қолдану мемлекеттiң мiндетi болып табылады. Мемлекееттiк күштеу  шаралары сан алуан. Оларға  бөлек қылмыстық құқықтық  шаралар  ғана емес, азаматтық, әкiмшiлiк, тәртiптiк шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу  шараларының жеке бiр түрi бола отырып, өз ерекшелiктерiммен оқшауланады.  



2.1. Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар

Бiрiншiден, қылмыстық жаза-мемлекеттiк күштеу шарасы  ретiнде қылмыстық заңмен ғана белгiленедi. Қылмыстық  кодексте жазаның сот үшiн мiндеттi тiзбектерi мен оны қолданудың  тәртiбi тұжырымдалған. Сот қылмысқа кiнәлi адамға қылмыстық заңда көрсетiлген шараның шеңберiнде оның шегiнен шықпай, жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетiлгеннен гөрi неғұрлым жеңiлiрек жаза тағайындауға құқылы.

Мемлекеттiң күштеу шарасы ретiндегi қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмысмтық кодекстің 38-бабында «жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбірлеу шарасы» делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды органдар арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің38-бабының 2-бөлігінде жазаның мақсаты-әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған.

Әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс істеуден оны сақтандыру жазаның арнаулы ескертуі болып табылады.

Әлеуметтік әділеттінлікті қалпына келтіру дегеніміз қылмыс істеген аламға әділетті жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі, келтірілген зиян мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің жеке басының ерекшеліктері ескеріле отырып, қылмысыны сайкелетін,әділ жаза тағайындау болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру үшін заңдылық принциппен қатаң басшылыққа алып жасалған қылмысқа әділ құқылық баға және лайықты жаза белгілеу қажет.

Заңда жаза түрлерінің және олардың көлемі және қолданылу ретінің көрсетіп орнықтырылуының сотталғандарға жаза тағайындау және оны жекешелеу кезіндегі негізгі қағидаларды жүзеге асыру үшін аса маңызды мағынасы бар. Жазалар толық тізімінің мағынасы сот сотталушыға осы тізімде көрсетілмеген жазаны тағайындай алатындығында жатыр.Жаза жүйесі деп қылмыстық заңмен бекітілген, салыстырылмалы ауырлығы ескеріле отырып, белгілі тәртіппен орналастырылған жаза түрлерінің соттар үшін міндетті және толық тізімі айтылады. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық кодексінде жаза жүйесі 39-баптың бірінші бөлігінде орнықтырылған. Жаза жүйесін белгілеудің сот әділдігі міндеттерін іске асыру үшін әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан айтарлықтай мәні бар. Әдістемелік мәні -әрбір жазаның қолданылу тәртібі, нақты шегі, жағдайлары белгіленген толық тізімнің қылмысқа қарсы жазалау саясатының бірлігіне, соттың қызметінде заңдылық қағидаттарының сақталуына  ықпал ететігінде. Қарастырылып отырған жүйенің тәжірибелік мәні –жаза түрлерінің бірізді орналасуында.

Бұл – сотқа бұған дейін сот жұмысының тәжірибесін, қоғамдық-құқықтық сана мен ғылыми ұсыныстарды ескере отырып, сотталушыға заң негізінде ықпал ету шараларын орынды әрі мүмкіндігінше тиімді қолдануға жол ашады. Заң жүзінде бекітілген жазалар жүйесінің мәні –осы жүйеге сүйене отырып, жазаның қайсысы –ең қаталы, ал қайсысы –жұмсақтау екендігін анықтап білуге болатындығында. Ал оның жаза тағайындау үшін ғана емес, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңілдеу жаза түрінде ауыстырған кезде де пайдасы бар. Жаза түрлерінің тұтас жүйесі де, жеке алғандағы әрқайсысы да, сотталушыға ықпал жасаушы кешендер тәсілдерінен тұрады. Бұл – сотқа қылмысқа қарсы күрес жүргізу үшін ең ұтымды шараларды таңдап алуға мүмкіндік жасайды. Сонымен, жаза түрлерінің салыстырмалы көптігі –жасалған қылмыспен қатар, оны жасаған қылмыскердің де қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, оның алдында тұрған мақсаттарына жету үшін әсер ететін әділ жаза тағайындауға мүмкіндік береді.



2.2. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау

Жазаның жүйесі мен түрлері сонымен қатар қылмыстылыққа қарсы күрес тәсілдеріне қатысты қоғамда қалыптасқан көзқарастарды да білдіреді. Тарих –жаза түрлері мен тәртібінің сан-алуан бостандығының куәсі. Адамның өмірі, денесі, бойындағы абыройы және оның мүлкі –жазалау объектісі болып келсе, -өлім, мертіктіру, күш көрсетіп қорлап-зорлау, қамау, қудалау,мүлкінен айыру, масқаралау –мұның барлығы жаза қолданудың салдары болды.

Айта кетерлік жайт –жазаның әрқашанда қылмыскерді мемлекет атынан айыптаумен қоса, жүретіндігі. Қылмыстық жаза қоғамда көпшілік қолдайтын, яғни қоғамда үстем саналатын және қоғамның өмір сүруінің негізгі шарттарымен үйлесетін көзқарастарға сәйкес келіп отырды және қазіргі кезде де солай болып отыр. Қазіргі заңнамаға ескірген жазаларды кіргізу қоғам үшін тарихи анахронизм болып қабылданып, олардың еш ықпал ету күші болмас еді. Бұған керісінше, қоғамдық, саяси, адамгершілік тұрғыда қабылдауға әлі де пісіп –жетілмеген жазаларды заңға кіргізу де осындай ахуалға ұшыраған болар еді. Жаза жүйесі –ауырлығы ескеріліп белгілі бір ретпен орналасқан, сот үшін міндетті болып табылатын мемлекеттік қылмыстыұ заңда белгіленген, бекітілген жаза түрінің түпкілікті тізімі. Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын жекелген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Жүйеге енетін жаза түрлерінің барлығы үш топқа бөлінеді: негізгі, қосымша және әрі негізгі әрі қосымша қолданылатын жазалар. Жзалардың неізгі және қосымша болып бөлінуінің тәжірибелік маңызы бар.Атап  айтқанда,  қосымша  жазаларды  қолдану – жазаның  жекелену  қағидасын  іске  асыру  тәсілдерінің  бірі. Жазаның  қандай  түрлерінің  негізгі,  ал  қандай  түрлерінің – қосымша  екендігін  дәл  атап  көрсету  заң  талаптарына  толық  жауап  береді. Негізгі   жазалар – жазаның  дербес  түрі  ретінде  ғана  тағайындала  алатын  түрлері,  оларды  басқаларына   қосымша  ретінде  біріктіруге  болмайды,  және  де , жазаның  мақсаттарына  жету  негізінен,  осы  негізгі  жазалармен  байланыстырылады.  ҚК – тің  39- бабына  сәйкес  жазаның  негізгі  түрлері  мыналар  болып  табылады: 1.қоғамдық  жұмыстарға  тарту; 2.түзеу  жұмыстары; 3.әскери  қызмет  бойынша  шектеу; 4.бас  бостандығын  шектеу; 5.қамау; 6.тәртіптік  әскери  бөлімде  ұстау;  7.бас  бостандығынан  айыру; 8.өлім  жазасы. Қылмыс  жасаған  тұлғаға  Қылмыстық  кодекстің  Ерекше бөлімінің  нормаларының  аясында  тағайындалатын  негізгі  жазалардың  тек  біреуі  ғана  қолданыла  алады.Мысалы, түзеу  жұмыстары  бас  бостандығынан  айырумен  қатар   тиісті  санкцияда   қарастырылғанымен,  бас  бостандығынан  айыруға  қосымша  еш  жағдайда  да  тағайындалмайды. Қосымша  жазалар – негізгі  жазаға  қатысты  көмекші  сипатқа  ие  жаза  түрлері.  Жазалардың  бұл  түрі негізгі  жазаларды  ғана  қолдану  жазаның  мақсаттарын  қамтамасыз  етпейтін  жағдайда  қолданылады.

2.3. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау

Қосымша  жазаларды  қолдану  кезінде  белгілі  бір  талаптар  сақталу  тиіс. Қосымша  жазалар  өздері  ғана  дербес  түрде  тағайындалмайды,  олар   жазаның  негізгі   түрлеріне  біріге  алады.  Жаза   негізгі  түрлеріне  оның  қосымша  түрлері  аса  ауыр  қылмыс  жасалған  немесе  заңда  көрсетілген  жағдайларда   қосылады. Тұлға заң бойынша қолдануға болмайтын қосымша жазалардың тағайындалуына жол берілмеуі тиіс; мысалы, шартты түрде соталған тұлғаға мүлкін тәркілеу жазасы қолданылмайды. Қосымша жаза негізгі жазадан қатал болмауы тиіс, әйтпесе негізгі және қосымша жазалардың үйлесімділік қағидатының өзі іске аспай қалады.

Сол сияқты, қосымша жазаның үйлесімділік қағидатының өзі іске аспайды. Сол сияқты қосымша жазаның түрі негізгі жаза түрімен бірдей болмауы керек, себебі мұндай жағдайда орын алса, қандай да бір жазаның заңда рұқсат етілгеннен көбірек мерзім мен мөлшерге асып кетуіне әкеліп соқтырар еді. Ең бастысы жазалаушы элементтері негізгі жазаның элементтерімен сәйкес келетін қосымша жазаны да тағайындауға болмайды. Егер жасалған қылмыс сараланатын заң бойынша міндетті түрде қосымша жаза тағайындалуы тиіс болса, ҚК-тің 55-бабында қарастырылған жағдайлар болса ғана, ондай жаза қолданбау мүмкіндігі орын алады.

Қосымша жазалардың қатарына жазаның екі түрі ғана жатады: 1.арнаулы әскери немесе құрмет атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемелекеттік наградаларынан айыру; 2.мүлікті тәркілеу.  Айыппұл салу және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазалаудың неізгі де, қосымша да түрлері ретінде қолданылуы мүмкін.



III.Қылмыстық жауапкершіліктен босату

Қылмыстық жауапкершіліктен босату кінәліні жасаған қылмыстан кейінгі барлық құқықтық салдардан босатуды білдіреді. Алайда қылмыстық жауапкершіліктен босату адамды кінәсіз деп тануды білдірмейді, өйткені жасалған әрекет үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен, сондай-ақ әкімшілік тәртіптік немесе қоғамдық жазадан босатылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босату тек қылмыс жасаған адамға ғана қолданылады. Сондықтан да, егер адамның әрекетінде қылмыс белгілері жоқ болса, онда мұндай адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сот, прокурор, тергеуші, анықтау органының қызметкері қолдана алады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершіліктен босатудың мынадай түрлері қарастырылған. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Адам мынадай шартпен шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін: кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасау, келтірілген зиянды өтеу, қылмысты ашуға белсенді түрде көмектесу.

Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауапкершіліктен босату. Қажетті қорғану — бұл адамның коғамға пайдалы әрекеті. Алайда қажетті қорганудың шегінен асып кетуі қылмыс деп танылады, өйткені, нәтижесінде адамды өмірінен заңсыз айыруға, сондай-ақ оның денсаулығына ауыр зардап келтіруге жол берілуі мүмкін.

Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Мұндай босатуға егер айыпты адам:

бірінші рет қылмыс жасаса;

жасалған қылмыс кішігірім немесе орташа ауыр санатқа жатқызылса;

жәбірленушімен татуласса, ол жәбірленушінің тиісті іс жүргізу нысанында айыпты адамға деген талабынан бас тартуынан көрінеді;

жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырған жағдайда жол берілуі мүмкін.

Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі деп қылмыс жасаған күннен бастап, сот үкімі заңды күшіне енген кезге дейінгі мерзімді айтады, содан кейін заңда көзделген шартты жағдайларда қылмыстық жауапкершілік жоққа шығарылады. Мұндай босату қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзімдер өткен жағдайда жүзеге асады:

кішігірім қылмыс жасалғаннан кейін екі жыл;

орташа ауырлықтағы қылмыс жасалғаннан кейін бес жыл;

ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он жыл;

аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он бес жыл. Ескіру мерзімі қылмыс жасалған күннен бастап сот үкімінің заңды күшіне енген сәтіне дейін есептеледі.



3.1.Жазадан, босатудың түрлері

Соттың қылмыс жасаған деп таныған адамын, сот тағайындаған жазадан босату — жазадан босату деп танылады. Қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын - шартты түрде босату көзделген. Жаза тағайындалған адам жазаны өтеу мерзімі біткенге дейін түзелуі мүмкін, сондықтан жазаны әрі қарай орындау мақсатсыз және қажетсіз болып қалады. Осыған байланысты қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын — шартты түрде босату институты көзделген, ол бірқатар шартты жағдайлар болғанда адамды жазаны өтеуден одан әрі босатудан көрінеді.

барлық жаза үшін мерзімінен бұрын — шартты түрде босатуға жол берілмейді, тек түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға ғана таралады. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп таныса және кемінде жиырма бес жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе, мерзімінен бұрын — шартты түрде босатылуы мүмкін.

жазаны өтеуден мерзімінен бұрын — шартты түрде босату шартсыз емес, өйткені жазаның өтелмеген бөлігінде, сотталушы сот жүктеген талаптарды орындауға міндетті.

сотталушының сот тағайындаған жазаның белгілі бір бөлігін өтеуі жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың міндетті белгісі болып табылады.

Егер айыпты өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса шартты түрде мерзімінен бұрын жазадан босату алынып тасталады. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды алып тастау дегеніміз — сотталушының жазаның өтелмей қалған бөлігін одан әрі өтеуі үшін жаза өтейтін жерге қайтарылуын білдіреді.

Мерзімінен бұрын шартты түрде босатумен қатар Қылмыстық кодексте басқа да жазадан босатудың түрлері қарастырылған, олар: жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру; ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату; жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердіц жазасын өтеуін кейінге қалдыру, төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мән жазаны өтеуді кейінге қалдыру; айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату.

3.2 Рақымшылық және кешірім жасау

Жауапкершіліктен және жазадан босатудың аралас түрі - рақымшылық және кешірім жасау.

Адамдардың жеке айқындалмаған, белгілі бір санатты кешірім жасау кезінде жазаны одан әрі өтеуден босатылуы не оған тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін.

Рақымшылық қылмыстық құқықтағы гуманизмнің бір көрінісі. Әдетте, біздің мемлекетіміздің тарихындағы атаулы күндерге немесе елдегі белгілі бір оқиғаларға байланысты жарияланады. Қазақстан Республикасының Парламентіне рақымшылық жасау актілерін шығару құкығы берілген. Рақымшылық жасау актісі, ол шығарылғанға дейін және оның заңды күшіне енгеніне дейін қылмыс жасаған адамдарға таралады. Рақымшылық жасау актісіне сәйкес қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар негізгі жаза түрінен босатылуы, оларға тағайындалған жаза неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылуы мүмкін, жазасын өтеген адамның рақымшылық жасау туралы актімен соттылығы алынып тасталуы мүмкін. Рақымшылық жасау актісіне қарағанда, кешірім ету — бұл ауыр қылмыс жасағаны үшін соттың айыпталған адамға қатысты жеке кешірім жасау актісі. Кешірім ету актісін шығару назар аударуға және қолдауға тұрарлық ерекше мән-жайларға негізделеді — шын өкіну, ізгілік. Кешірім ету нақты адамдарға қатысты, атап белгіленген бір немесе бірнешеуіне қолданылады. Кешірім ету актісінің нәтижесінде анағұрлым қатаң жазалар (өлім жазасы сияқты) жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылуы не жаза қысқартылуы немесе алынып тасталуы мүмкін.

Кешірім ету құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне берілген. Кешірім ету жасалған қылмыстың санаттарымен де, қолданылған жазаның түрімен де шектелмейді.

Сонымен, қылмыстық жауапкершіліктен босату деп, қылмыс жасаған адамды мемлекет тарапынан соттау міндетінен, оның әрекетін теріс бағалау түрінде босатуды айтады. Қылмыстық кодексте қылмыстық жауапкершіліктен босатудың көптеген түрлері қарастырылған. Жазалаудан босату деп соттың үкімімен тағайындалған қылмыстық жазаны өтеу міндетінен айыпты адамды толықтай немесе ішінара босатуды айтады.

IV.Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы түсінік және олардың жіктелуі

Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы нормалар жеке адамның игіліктерін, атап айтқанда, өмірін, денсаулығын, жеке адамның ар-намысын, еркіндігін және т.б. қорғауды өзіне мақсат тұтады. Мұнда жеке адамға ғана емес, сонымен қатар қоғамға да ең қымбат қазына болып табылатын игіліктердің жиынтығы туралы сөз болып отыр. Қылмыстық кодекстің маңызды міндеттерінің бірі ретінде адамның құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол-сұғушылықтан қорғау танылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы «Жеке адамға қарсы қылмыстар» деп аталады. Жеке адамға карсы қылмыстарға:

1) Өмірге қарсы қылмыстар: адам өлтірудің барлық түрі; абайсызда кісі өлтіру; өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу.

2) Денсаулыққа қарсы қылмыстар: денсаулыққа қасақана және абайсызда зиян келтірудің әр түрі; соз ауруларын жұқтыру, адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұктыруы.

3) Адамның өмірі мен денсаулығын қауіпті жағдайғы қалдыратын қылмыстар: заңсыз аборт жасау; науқасқа көмек көрсетпеу; қауіпті жағдайда қалдыру.

4) Жыныстық қылмыстар: зорлау; кәмелеттік жасқа толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына және қалыпты дамуына қарсы жасалған қылмыстар.

5) Жеке адамның бас бостандығына қарсы қылмысының адамды бас бостандығынан заңсыз айыру; адам ұрлау, психиатриялық стационарға заңсыз орналастыруы адамдарды саудаға салу.

6) Адамның қадір-қасиеті мен ар-намысына қарсы қылмыстар: жала жабу және қорлау.



Адам өміріне қарсы қылмыстар. Адам өміріне қарсы қылмыстардың ішінде кісі өлтіру ерекше ауыр қылмыс деп есептеледі. Адам өлтірудің ауырлық дәрежесі мән-жайларға тәуелді болады. Қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай белгіленеді: 6 жылға бас бостандығынан айырудан бастап өлім жазасына дейін. Адам өлтірудің объектісі — адам өмірі болып табылады. Адамның өмірі туу процесі басталған сәттен басталған 9 мерзім кезеңінде өмірге қол сұғуды адам өлтірудеп бағалау керек.

4.1.Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол суғатын қылмыстар.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» — деп айқын көрсеткен.



Орталық нерв жүйесінің жасушаларының жойылуы салдарынан жүрек жұмысының және ми қызметінің толықтай тоқтауы адамның өлу сәтінің басталуы деп есептеледі. Мұндай өлім биологиялық өлім деп аталады. Оған қарағанда клиникалық өлім жүрек жұмысының тоқтап қалуымен сипатталады. Бірақ адамның тірі қалу мүмкіндігі бар. Науқас адамға осындай сәтте қылмыстық ықпал етуді адам өлтіру деп есептеу керек.

Адам өлтіруде кез келген адам жәбірленуші болуы мүмкін, мұндайда жәбірленушінің жынысы, жасы, әлеуметтік жағдайы, діни сенімі, денсаулық жағдайы және басқда жеке мінездемелерінің ешқандай маңызы жоқ. Объективтік жағынан адам өлтіру белсенді әрекетпен де әрекетсіздіктен де жасалуы мүмкін. Белсенді әрекетке дене жарақаттары жатқызылады: улы заттар беру, тұншықтыру және т.б.

Немесе психикалық корқыту, инфаркт болуға себепші ойдан шығарылған мәліметтерді Барлық адам өлтіру қылмыстарын үш топқа бөлуге хабарлау және т.б. болады: жай адам өлтіру; жазаны ауырлататын мән-жайда адам өлтіру; жазаны жеңілдететін мән-жайда адам өлтіру. Осындай қылмыстарды жасаған кезде калпына келтіруге немесе өтеуге болмайтын салдарлар туындайды, өйткені өмір адамға екі рет берілмейді.

Денсаулыққа қарсы қылмыстар. Денсаулыққа қарсы қылмыстарға денсаулыққа әр түрлі ауырлықта зиян келтіру, ұрып соғу, сондай-ақ соз ауруларын жұқтыру және адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыруы жатқызылады. Мұндай қылмыстардың объектісі адамның денсаулығы болып табылады.



Адамның денсаулығы — бұл адам денесінің анатомиялың, тұтастығы және оның тәндері мен органдарының дұрыс қызмет етуі.

Мұндай қылмыстар әрекетпен немесе әрекетсіздікпен жасалуы мүмкін және басқа адамның денсаулығына зиян келтіруден тұрады. Өз денсаулығына зиян келтіру қылмыс деп есептелінбейді. Тек бір ғана жағдайда, дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтаруда ғана дене мүшесіне зақым келтіру қылмыс деп қарастырылады.

Адамның денсаулығына зиян келтіру дене жарақаттарын салудан және адам организмінің физиологиялық қызметін басқа жолмен бұзудан (жүктілікті тоқтату психикалық ауру, есірткі немесе уытқұмарлықпен ауыру көрінуі мүмкін.

Денсаулыққа зиян келтіру тәсілдері әр түрлі болуы мүмкін: механикалық ықпал ету, химиялық немесе термиялық құралдар қолдану. Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлық дәрежесіне байланысты ауыр, орташа ауырлықтағы және жеңіл деп бөлінеді.

Қылмыстық кодексте адамға қаза келтіру мен денсаулыққа зиян келтіруге ғана емес, сонымен бірге осы объектілерді зиян келтіру қаупінде қалдыратын әрекеттерге жауапкершілік бекітілген. Ондай қылмыстарға мыналар жатқызылады: қорқыту, өміріне қауіп төндіру, ауыстырып салу не басқаша пайдалану үшін адамның органдарың немесе тінін алуға мәжбүр ету, медидина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы, заңсыз аборт науқасқа көмек көрсетпеу, қауіпті жағдайдЖыныстық қылмыстар. Жыныстық қылмыстарға заңда мыналар жатқызылған: зорлау, нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану, он алты жасқа жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу секілді нәпсіқұмарлық сипатындағы өзге де іс-әрекеттер, жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипатындағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр ету, жас балаларды азғындау.

Жыныстық қатынастар адам өмірінің ажырамас бір бөлігі. Олар адамгершілік нормалары, отбасы заңдарының нормалары арқылы қамтамасыз етіледі. Алайда жыныстық еркіндікке қолсуғушылық пен қылмыстық қолсуғушылық қылмыстық жауапкершіліккеәкеліп соғады. Соған орай, мұндай қолсұғушылықтар ашық жыныстық зорлаудан немесе кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық адамгершілік нормаларын өрескел бұзудан көрінеді.

Жыныстық қылмыстардың ішінде ең қауіптісі және ең көп таралғаны — зорлау. Әйелдің жыныстық еркіндігі, жыныстық еркіндікке қолсұғылмаушылығы, жас балалар мен кәмелеттік жасқа толмағандардың қалыпты дене дамуы мен адамгершілік тәрбиесіне қарсы әрекеттер зорлау объектісі болып табылады. Әйел адам жыныстық әріптесін таңдауды өзі. Осы қылмысты жасағанда тек әйел адам ғана, адамгершілік сипатына, зорлаудың алдындағы жүріс-тұрысына, әлеуметтік мәртебесіне және т.б. қарамастан жәбірленуші болып есептеледі.

Зорлау табиғи түрдегі жыныстық қатынасты зорлықпен жасау көздейді. Жыныстық нәпсіқұмарлығын басқадай зорлықпен қанағаттандыру зорлау деп танылмайлы, бірақ нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану жауапкершілікке әкеп соғады. Әйелді еркінен тыс күштеп не психикалық мәжбүрлеу арқылы жасалған жыныстық қатынас қана зорлау деп саналады. Жыныстық қатынас жасауға әйелдің келісімін алдау немосе сенімге қиянат жасау аркылы алуға әрекеттенген адамның әрекеті зорлау деп қарастырылмайды. Мысалы, (әйлмен некеге тұрамын деп жалған уәде беру.) Айыптының еркінен тыс себептерге байланысты зорлау тоқтатылған жағдайда, оның әрекеттері зорлауға дайындалу не оқталу деп қарастырылады. Зорлауға дайындалу деп — киімдерін шешу, күштеу не психикалық мәжбүрлеу шараларын қолдануды және т.б. айтады. Физиологиялық жыныстық қатынас жасауға бағытталған зорлаушының әрекеттері оқталу деп есептеледі.



4.2.Бостандық пен жеке бастың қосұғылмаушылыгына қарсы қылмыстар

Жеке адамның бас бостандығына және қолсұғылмаушылығына қарсы әрекет, бас бостандығынан заңсыз айыру, психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру және адамдарды саудаға салу сияқты әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады. Бұл қылмыстар азаматтардың жеке бас бостандығына қарсы бағытталған. Жеке адамның бас бостандығы — орналасу орнын, жүріп тұруды, өмір сүруді таңдау құқығын білдіреді. Объективтік жағы басқа адамның бостандығын қандай да бір нысанда бейнеленетін құқыққа қайшы әрекеттерден тұрады.

Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол суғатын қылмыстар.

Әрбір адамның ар-намысымен қадір-қасиетінің құрметтелуіне және қорғалуына құқығы бар. Осыған байланысты жеке адамның қадір-қасиетін мемлекет қорғайды. Ештеңе де оны кемсітуге негіз бола алмайды. Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғатын қылмыстарға жала жабу және қорлау жатқызылады.

Отбасына және кәмелеттік жасқа толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасыҚазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ана мен бала, отбасы мемлекеттің корғауында болады. Балаларға қамқорлық, оларды тәрбиелеу — ата-аналардың тең құқығы және міндеті. 18 жасқа толған, еңбекке қабілетсіз балалар еңбекке қабілетсіз ата-аналарын қамқорлыққа алулары тиіс.Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының 16-бабына сәйкес, отбасы қоғамның негізгі және табиғи мүшесі, отбасы мемлекет пен қоғамның қорғауында болуға толық құқы бар. Сондықтан кәмелеттік жасқа толмағандардыңқалыпты адамгершілік дамуы мен тәрбиесін реттейтін қоғамдық қатынастарға қауіпті қоғамдық қолсұғушылық қылмыстық заңмен жазаланады.Отбасы мен кәмелеттік жасқа толмағандарға қарсы қылмыстарға: кәмелеттік жасқа толмағандарды қылмыстық, қоғамға карсы әрекеттер жасауға тарту, саудаға салу, баланы ауыстыру, бала асырап алу құпиясын ашу, 1 балаларды немесе еңбекке қабілетсіз ата-аналарды бағуға ақша төлеуден жалтару, кәмелеттік жасқа толмағандарды тәрбиелеу міндетін орындамау, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерін тиісінше орындамау, қорганшылық немесе қамқоршылық құқықтарын асыра пайдалану, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) бағудан жалтару жатады.Адам мен азаматтың конституциялық және өзге құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

Қазастан Республикасының Конституциясында адам, оның құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп жария етілген, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тану, сақтау және қорғау мемлекеттің міндеті болып табылады. Тиісінше, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Адам мен азаматтың конституциялық және өзге құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстарға: адам мен бостандықтарына саяси құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар; адам мен азаматтың әлеуметтік құқығы мен бостандығына қарсы қылмыстар; адам мен азаматтың жеке құқығы мен бостандығына қарсы қылмыстар жатады. Бұл қылмыстар адамның негізгі консититуциялық құқығы мен бостандығына қол сұғады



V.Меншікке қарсы қылмыстар туралы түсінік және оның түрлері

Біздің мемлекетімізде жеке меншік пен мемлекеттік меншік тең дәрежеде танылады және қорғалады. Жеке меншік құқығы заңмен қорғалады. Әркімнің меншігіндегі мүлікті иеленуіне, пайдалануына және оған билік етуіне құқығы бар. Ешкімді де өз мүлкінен сот шешімімен болмаса, айыруға болмайды. Меншікке қарсы қылмыстар деп иелік ету құқығын бұзумен, меншік иесіне басқа да тәсілдермен мүліктік зиян келтірумен немесе осындай зиян тигізуге қауіп-қатер жасаумен байланысты әрекетті айтады. Қолданыстағы заңдарда қарастырылған меншікке қарсы қылмыстардың түрлері әрекетті жасау ниеті мен тәсілдері арқылы ерекшеленеді. Пайдакүнемдік ниеттің бар немесе жоқтығына байланысты барлық қылмыстар пайдакүнемдік және пайдакүнемдік емес деп екіге бөлінеді. Өз кезегінде пайдакүнемдік қылмыстар екі топқа бөлінеді: бөтеннің мүлкін ұрлау және меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік қылмыстар. Ұрлықтың мынадай нысандары бар: ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық, бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету. Меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік мақсаттағы қылмыстардың тобына қорқытып алушылық, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу, сондай-ақ автокөлікті немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау, мақсатсыз, заңсыз иелену кіреді. Пайдадакүнемдік мақсатынсыз жасалған меншікке карсы қылмыстарға мыналар жатқызылады: жерге қатысты мүліктік құқықтарды бұзу, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру.



5.1Ұрлықтың нысандары

Қылмыстық заңнамада бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін жауапкершілік — меншікке қатысты қол сұғу қандай тәсілмен жасалатындығына байланысты белгіленеді. Мүлік жасырын немесе ашық түрде, зорлықпен немесе зорлықсыз, алдау арқылы немесе сенімге қиянат жасау және т.б. арқылы алынуы мүмкін. Қолданыстағы қылмыстық заңдарда ұрлықтың алты нысаны қарастырылған: ұрлық, тонау, қарақшылық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу не ысырап ету. Аталған әрбір ұрлық нысанына ұрлықтың бір түрін екіншісінен айырып көрсететін өз ерекшеліктері тән.



5.2Ұрлық. Алаяқтық.

Ұрлық — бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау. Айыптының бөтеннің мүлкін алған жене өз қалауы бойынша мүлікке билік етуге шынайы мүмкіндік алған сәтінен бастап бұл мүмкіндікті іске асырған, асырмағанына қарамастан ұрлық жасалған деп есептеледі. Айыпты адам жасырын түрде заңсыз және қайтарымсыз бөтеннің мүлкін алатынын біледі, өз әрекетінің нәтижесінде меншік иесіне немесе өзге иеленушіге материалдық зала келтіретінін болжайды және аталған тәсілмен осындай зиян келтіруді қалайды. Ол пайдакүнемдік мақсатты басшылыққа алады және заңсыз олжаға бату мақсатын көздейді.

Алаяқтық.

Алаяқтық — бұл нарықтық экономика жағдайында және кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде кең таралған ұрлықтың бір нысаны. Заңда ол бөтеннің мүлкін ұрлау немесе алдау не сенімге қиянат жасау арқылы мүліктік құқық алу ретінде белгіленген. Алаяқтық көрсетілген екі тәсілдің біреуімен: алдау немесе сенімге қиянат жасау аркылы бөтеннің мүлкін ұрлаудан немесе бөтеннің мүліктік құкығын алудан тұрады



Алдау — бұл жаңылыстыру, жалған мәліметтер тарату, контрагентке жеткізуі тиіс болған мәліметтерді айтпау. Алдау ауызша, жазбаша не басқа нысанда көрінуі мүмкін. Сенімге қиянат жасау, әдетте, қылмыскер мен меншік иесінің немесе мүліктің заңды иесінің арасында пайда болатын ерекше сенімгерлік қатынастарды мүлікті алып алуға пайдаланудан көрінеді. Бұл қылмыстар айыптының иелігіне мүліктің нақты заңсыз өткен сәтінен және өз қалауы бойынша оны пайдалану немесе билік ету мүмкіндігін алғаннан, сондай-ақ айыптыға жәбірленушінің мүліктік құқығының заңсыз өткен сәтінен бастап аяқталған деп есептеледі. Айыпты бөтеннің мүлкін алатынын немесе алдау не сенімге қиянат жасау арқылы алатынын және меншік иесіне мүліктік зиян келтірілетінін біледі және зиян келтіруді қалайды. Ол пайдакүнемдік мақсатты жетекшілікке алады және бөтеннің мүлкінің есебінен заңсыз олжа табу мақсатын көздейді.

5.3.Тонау.Қарақшылық.

Тонау — бұл бөтеннің мүлкін ашық ұрлау. Бұл ұрлық пен алаяқтық қылмыстарына қарағанда ұрлықтың аса қауіпті түрі.Тонау бөтеннің мүлкін ашық түрде күш қолданып иеленуден тұратын белсенді әрекетпен сипатталады. Мүлікті ашық түрде ұрлау туралы мәселе, ұрлықтағы сияқты субъективтік критерий негізінде шешіледі, яғни июлінің өзінің жағдайды субъективтік қабылдауынан келіп шығады. Егер кінәлі адам қылмысты жәбірленушінің немесе басқа адамның көзінше жасап жатқанын және олардың өз әрекетін түсініп тұрғанын білгенін сезінсе ұрлық ашық (тонау) жасалған болып табылады. Ұрлықты ашық түрде ұрлау деп тану үшін, біріншіден, меншік иесі, өзге иеленушісі немесе басқа адам айыптының құқыққа қайшы әрекетін бақылап, оның қылмыстық сипатын түсінуі керек екіниііден, айыпты осы мән-жайды елемеуі қажет.

Қарақшылық.

Қарақшылық — ұрлықтың ең қауіпті нысаны. Ол бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе осындай күшті қолданамын деп қорқытумен шабуыл жасау ретінде белгіленеді. Қарақшылықтың қауіптілігі меншікке қол сұғудан емес, шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей күш қолданамын деп қорқытумен мен ұштасатын шабуыл жасауда болып отыр. Қарақшылықтың тікелей объектісі: бірінішіден, меншіктік нақты нысаны, екіншіден, шабуыл жасалатын адамның өмірі мен денсаулығы. Қарақшылық жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе осындай күш қолданамын не қорқытумен жасалатын шабуыл.

Шабуыл жасау деп меншік иесіне, мүліктің өзге иеленушісіне басқа адамға, мысалы, күзетшіге ашық не жасырын түрде, күтпеген жерден шабуыл жасап, күш көрсету арқылы әсер етуді айтады. Шабуыл бүркемеленген сипатта болуы мүмкін (арттан жасырынып келіп ұру), сондай-ақ жәбірленушінің нерв жүйесіне уытты немесе елітетін құралдармен ашық, сондай-ақ жасырын түрде әсер етуден көрінеді. Әсер етудің мұндай тәсілдерін көбіне жәбірленуші сезіне бермейді, дегенмен ол шабуыл жасау сипатынан айырылмайды. Сонымен бірге жәбірленушіге ішімдікпен, есірткімен немесе басқа да елітетін заттармен өсер ету, егер оны жәбірленуші өз еркімен қабылдаса, шабуыл деп есептеуге болмайды.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

Қазақстан Республикасында экономикалық кеңістіктін тұтастығына, тауарлардың, қызметтер мен қаржы каражаттарының еркін қозғалысына, бәсекелестікті қолдауға экономикалық қызметтің еркіндігіне кепілдік беріледі. Осылармен қатар, монополияға және арам пиғылды бәсекеге бағытталған экономикалық кызметке жол берілмейді, Конституцияға сәйкес әрбір адам заңмен белгіленген салықтар мен алымдарды төлеуі тиіс.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар деп материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіруге, таратуға, айырбастауға және тутынуға қатысты қалыптасатын қоғамдық қатынастарға зиянын тигізетін қоғамға қауіпті әрекетті айтады.Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға: заңсыз, жалған кәсіпкерлік тауар белгісін заңсыз қолдану, көрінеу жалған жарнама, монополиялық әрекеттер мен бәсекелестікті шектеу, кәсіби спорт жарыстары мен коммерциялық жарыстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу, қолдан жасалған ақшаларды немесе бағалы қағаздарды дайындау немесе сату, экономикалық контрабанда, азаматтың салық төлеуден жалтаруы, тұтынушыларды алдау, компьютерлік ақпаратқа заңсыз жеткізу, ЭЕМ-ге арналған зиянды бағдарламаларды пайдалану, тарату және т.б. жатады.

Сонымен, мүлік иесіне иелік ету құқығын бұзумен не өзге де жолмен мүліктік зиян келтірумен немесе осындай зиянды келтіру қаупін туғызумен ұштасқан қасақана немесе абайсыз әрекеттерді меншікке қарсы қылмыстар деп айтады. Экономикалық қылмыстар материалдық игіліктер мен өндіру, реттеу, билік ету, айырбастау және тұтыну бойынша экономикалық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарға қол сұғады



VI.Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар.

Қоғамның әрбір мүшесінің өмір сүру жағдайының қауіпсіздігін және олардың қалыпты әрекетін, қоғамдық тәртіпті, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстар деп аталады.

Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстарды жасағанда зиян нақты бір адамның мүддесіне емес, қоғамдық маңызды мүдделерге — тұтастай қоғам өмірінің қауіпсіз шартты жағдайларына зиян келтіреді.

Қоғамдық қауіпсіздік дегеніміз — азаматтардың өмірі мен денсаулығын, материалдық және өзге де құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жалпы қауіп-қатер көздерін сақтандыру саласындағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы.Қоғамдық тәртіп — бұл адамдардың, мекемелердің, кәсіп орындардың, ұйымдардың қалыпты әлеуметтік-пайдалы қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар жүйесі. Қоғамдық тәртіп құқықтық нормалар кешенімен бірге өмір сүру, адамгершіліқ әдет-ғұрып және т.б. ережелермен орнатылады.

Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қол сұғатын барлық қылмыстарды мынадай топтарға бөлуге болады:

1) қоғамдық кауіпсіздікке қарсы қылмыстар (терроризм, кепілге адам алу, бандитизм және т.б.);

2) қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстар (бұзақылық, тағылық және т.б.);

3) әр түрлі өндіріс қызметіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзуға байланысты қылмыстар (кен өндіру немесе құрылыс жүргізген кезде қауіпсіздік ережелерін бұзу);

4) қауіпті заттарды қолдану ережелерін бұзуға байланысты қылмыстар (қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру, қаруды заңсыз жасау, қаруды ұрлау не бопсалау және т.б.).

Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың кейбір түрлеріне жалпы сипаттама



6.1.Терроризм. Террорлық әрекет туралы көрінеу жалған хабарлау.

Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қылмыстардың ішіндегі ең қауіптілерінің бірі — терроризм. Заңда терроризм — адамдардың қаза болуы, елеулі зиян келтіру, не қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-ерекеттер жасау деп айқындаған. Бұл іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, шетелдік мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалады. Сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаймын деп қорқыту да терроризм әрекет ретінде қарастырылады.

Терроризм — адамдар топтасқан немесе құнды мүлік сақталатын жерлерде жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыруды көздейді. Сонымен бірге терроризмге қарудың әр түрін, улы заттарды қолдану егер пұл әрекеттер адамның өміріне, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер әлеміне, топырақтың құнарлылығына және осыған ұқсас нысандарға қауіп төндіретін болса, халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін түрлі жүйелерді жою немесе бұзу, гранатометадан немесе оқпен атылатын қарудың басқа түрінен оқ жаудыру; электр және су жабдықтарын істен шығару жатқызылады. Аталған әрекеттерді жасаймын деп қорқыту дегеніміз — бірынғай ниетті шын мәнінде жүзеге асыруды айғақтайтын әрекеттермен ұштасуы мүмкін терроризм актісін жасаймын деп тікелей айтуды көрсетеді, мысалы, жарылғыш заттарды сатып алу, жарылғыш қүрылғыларды орнату және т.б.

Террорлық әрекет жасаған сәттен бастап адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру, қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер аяқталған қылмыс деп танылады. Өлімнің немесе басқа да зиянды салдардың нақты туындауы терроризмі аяқталған қылмыс деп тану үшін талап етілмейді. Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не билік органдарының шешім қабылдауына ықпал ету мақсаты — терроризмнің міндетті белгісі. Соған орай, террорлық әрекет жасаған адам қоғамды астаң-кестең қылуға, көптеген адамдардың өміріне, денсаулығына мүлкінің сақталуына және т.б. қорқыныш сезімін тудыртуға ұмтылады. Террорлық әрекетті дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттік органдарды дер кезінде ескертуімен немесе басқа жолмен террорлық әрекеттің жүзеге асырылуын болдырмауға

жәрдемдессе және егер ол адамның іс-әрекетінде өзге де қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Террорлық әрекет туралы көрінеу жалған хабарлау.

Жарылыс, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттердің дайындалып жатқандағы туралы көрінеу жалған хабарлау халық арасында үрей туғызады, нерв жүйесіне әсер етіп, қорқыныш адамдардың көпшілік бөлігін жарылғыш заттарды іздеп, зиянсыз әрекет етуге итермелейді. Сондықтан осындай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікті бекіту әбден заңға сәйкес болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы бағытталған мұндай қылмыстар тек мемлекеттік басқару органдарының қалыпты қызмет етуіне ғана емес, сонымен бірге мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың экономикалық мүдделеріне, сондай-ақ жеке азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне де зиян келтіреді.

Мұндай зиян келтіру дайындалып жатқан террорлық әрекет туралы тиісті құқық корғау органдарына, мекемелер немесе кәсіпорындарға, сондай-ақ жеке азаматтарға көрінеу жалған хабарлаудан тұрады. Дайындалып жатқан террорлық әрекет туралы хабар түрлі нысанда және түрлі тәсілмен жасалуы мүмкін: ауызша, жазбаша, телефонмен, басқа адамдардың көмегі арқылы, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, анонимді түрде және т.б. Айыпты адам өзінің көрінеу жалған мәлімет хабарлайтынын біледі және сол арқылы ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның әкімшілігін және қалың бүқарпнМ үрейлендіріп, қоркытқысы келеді. Бұл қылмыс құрамының міндетті белгісі көрінеу жалған мәлімет болып есептеледі. Ол адамның ойдан құралған мәліметінің шындықты жанаспайтынын білетіндігін білдіреді. Алайда соған қарамастан, ол қандай да бір себепке байланысты, оны біреулерге жеткізгісі келеді.

6.2.Бұзақылық.

Бұзақылық қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ең көп таралған түріне жатады. Бұзақылық жасағанда қоғамдық тәртіптің, еңбек пен тыныштықтың қалыпты жағдайы өрескел бұзылады. Бұзақылық әрекеттер жасау кезінде азаматтардың денсаулығына жиі зиян келтіріледі, сондай-ақ бөтеннің мүлігі жойылады немесе бүлдіріледі.

Бұзақылық, ең алдымен, қоғамды анық құрметтеушілікті білдіретін азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен, не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылықпен сипатталады. Арсыздықпен ерекшеленетін қоғамдық тәртіпті өрескел бұзушылыққа мыналар жатқызылады: зорлықпен ұштасқан әрекет (денсаулыққа жеңіл зиян келтіру), ұзақ және қасарыса созылған бұзақылық әрекеттер, азаматтарды жәбірлеу, мүліктерді жою, көпшілік шараларды болдырмау, мекеменің, кәсіпорынның немесе қоғамдық көліктің қалыпты қызмет етуін уақытша тоқтату. Ерекше арсыздық деп, мысалы, ұятсыздығын білдіру, науқас, кәрі, дәрменсіз күйдегі адамдарды келемеждеп қорлау және т.б. айтуға болады. Зорлық жәбірленушіні ұрып-соғу немесе денсаулығына жеңіл зиян келтіру нысаінында күшпен әсер етумен сипатталады. Ұрып-соғу, зиян келтіру отбасына, жеке жек көрушілік әсерінен туыстарына немесе таныстарына қатысты жасалса, бұзақылық деп сараланбайды. Бұзаақылық жасағанда бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру арқылы материалдық залал келтірілуі мүмкін.

Бөтеннің мүлкін жою — мүлікті толықтай жарамсыз етуді, ал бүлдіру— мүліктің тұтастығын бұзуды білдіреді.



6.3.Тағылық.

Тағылық дегеніміз — мәдени және материалдық құндылықтарды мағынасыз бүлдіруді, сәулет, мәдениет, өнер туындыларына жасалған тағылық пен қатыгездікті білдіреді. Бұл қылмыстың объектісі — қоғамдық тәртіп. Ғимараттар немесе басқа да құрылыстар, сондай-ақ қоғамдық мүлік қылмыс заты болып табылады. Ғимараттарға тұрғын үйлер, санаториялық-курорттық, мәдени-ағартушылық, өндірістіқ басқару орындары және т.б. объектілер жатқызылады. Басқа құрылыстарға ерекше қорғаудағы және құрмет тұтатын объектілер жатады, мысалы, ескерткіштер, ескерткіш тақталар, мемориалдық кешендер және т.б. Мүлікке тек қоғамдық көліктегі немесе қоғамдық орындардағы мүліктер ғана жатқызылады. Қылмыс ғимараттарды немесе басқа да құрылыстарды қиратудан, қоғамдық көліктегі немесе басқа да қоғамдық орындардағы мүліктерді бүлдіруден тұрады. Қорлау деп ғимараттарды немесе өзге де құрылыстарды неше түрлі жазулармен, суреттермен немесе белгілермен бедерлеген тағылықты айтады. Мүлікті бүлдіру деп оны қоғамдық көлікте немесе басқа да қоғамдық орындарда бүлдіруді айтады. Сонымен, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар деп қоғамның әрбір мүшесінің қауіпсіз өмір жағдайын және олардың қалыпты әрекеттерін, қоғамдық тәртіпті, экологиялық құқықтық тәртіпті және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қоғамға қауіпті ерекеттерді айтады. Бұл қылмыстар Қылмыстық кодекстің жеке тарауында қарастырылған және оларды жасағаны үшін айыппұлдан бастап, өлім жазасына дейінгі жазалар көзделген.[



Қортынды:

Қорыта айтқандаоқу тәжірибесінде сот процесі қалай жүретінін судьялардың мәртебесін қылмыстың алдын алу жолдарын үйрендім. Сонымен қатар құқықты,заңды дұрыс қолдануды білдім. Әрбір азамат заң алдында тең және бірдей болады. Қылмыстың алдын алудың негіздері құқық қорғау органдарының дұрыс қызмет жасауын үйрендім.

Сот процесіне қатысушы тұлғаларды білдім.Сот төрешесінің шешіміне наразы болған жағдайда қайта қарау процесі туралы білдім. Қылмыстық құқықтың негізгі мақсаты қылмысты болдырмау, террорлық әрекеттің алдын алу,адам өлімін болдырмау,ұрлықтың алдын алу,қарақшылықтың болмау жолдарын жасау,зорлықтың алдын алу болып табылады.

Пайдаланылған әдебиттер:

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы,Алматы ,1995ж.

2.Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар жарлығы, «сайлау туралы», 1995 ж, 28 қыркүйек.

3. .Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Президенті туралы» жарлығы. 1995ж, 26-желтоқсан

4. .Қазақстан республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» жарлығы 1995 ж, 16-қазан.

5. Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар «Қазақстан республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» жарлығы 1995 ж ,29- желтоқсан.



6. Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» жарлығы. 1995 ж, 18 желтоқсан.

7.Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері. Ғ.Сапарғалиев. «Атамұра» Алматы 1996ж

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет