Химиялық заттардың Қасиеттерінің Өзара байланысы мен олардың Өзара әрекеттесу ережесі



жүктеу 73.1 Kb.
Дата31.03.2017
өлшемі73.1 Kb.
ХИМИЯЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ МЕН ОЛАРДЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ ЕРЕЖЕСІ
Аннотация. Қазіргі таңда 20 млн.астам химиялық қосылыстар белгілі,осылардың ішінде бейорганикалық заттардың 0,5 млн.-ға жуық қосылыстары кездеседі (барлық тұздарды қосқанда).Заттардың химиялық қасиетін сипаттаудағы ең негізгі қиындық тудыратын мәселе – бізге оның санының көптігі емес, осы уақытқа дейін басқа заттардың химиялық қасиетінен жеке заттардың химиялық қасиеттерін толық сипаттауға мүмкіндік беретін (яғни, қосымша ақпараттар қолданбай) нақты ережелер жүйесінің (заңдардың) әлі күнге дейін жасалмауы.

Табиғаттағы заттардың химиялық қасиеттерінің өзара байланысының ережелер жүйесі бар болуы керек. Оны тек әдебиеттерден тауып және жүйеге келтіріп, яғни формалды логиканы қолдану тәсілі арқылы символды түрде жинақтап ережесін жазу қажет. Талдауды ең қарапайымынан – элементтің химиялық қасиетінен бастау қажет. Содан кейін химиялық элементтерден барлық күрделі заттардың түрлері, соның ішінде бейорганикалық заттардың шығатындығын және олардың химиялық қасиеттерін сипаттаудың ережелерін (логикалық формулалармен) көрсету қажет. Мұндай жағдайда химияда мәселе болмайды. Берілген кітапта осы жолдарды шешудің амалдары ұсынылған, бірақ та бұл мәселелерді шешу ұжымдық зерттеу жұмыстары арқылы шешімін табады.


Түсініктер мен формальды логика ережесі. Пікір түрлері (ой-пікірлер).

Белгілі бір болымды пікірді Х деп алайық. Ол көпшілікке түсінікті сөздер (пікірлер) болсын, мысалы:

«Барлық заттар атомдардан тұрады (бос немесе байланысқан)»;

Немесе дербес кездесетін пікір:

«Кейбір заттар атомдардан тұрады»;

немесе жеке (болымды):

«Тек жалғыз заттар ғана атомдардан тұрады».

Ал егерде Х-ті теріс пікір етіп аламыз (ол кезде болымсыз теріс пікірлер шығады). Теріс пікірлер де жалпылама теріс пікірлер:

«Ешқандай зат атомдардан тұрмайды»;

немесе дербес кездесетін пікір:

«Кейбір заттар атомнан тұрады»;

немесе жеке (теріс):

«Тек жалғыз заттар ғана атомдардан тұрмайды».

Пікірлердің жалпы сипаттамасында: барлығы, кез келген, әрқашан, барлық жағдайда және т.б. сөздеріне назар аудару қажет. Дербес-сөздер: кейбірлері, кейде, кей жағдайларда және т.б. Жеке-сөздер: тек, жек жағдайда, тек біреу, сонда тек сонда ғана және т.б. Бұл, мысалы, екі бірін-бірі жоққа шығаратын (қарама-қарсы) пікірлер: «Электр тогын өткізбейтін химиялық элементтерге барлық бейметалдар жатады». «Ал ток өткізетін химиялық элементтерге барлық металдар мен кейбір бейметалдар жатады».

Егер қарастырылатын мәселе туралы айтылса, (фактыға сай) ақиқатының орны болатын болсак кез келген пікір шынайы болып саналады.Егер пікір фактіге қарсы келетін болса, ол жалған болып табылады. Әрбір пікірдің шынайы не жалған болып мойындалуы оның негізділігіне байланысты.

Пікір: «Қалыпты жағдайда сутегі газ күйіндегі зат»,- фактіге сүйене отырып бұл ойдың шындық екенін білеміз.

Ал енді мына ой-пікір: «Қалыпты жағдайда сутегі сұйық және қатты зат болып табылады»,- жалған пікір, өйткені ол фактіге сәйкес келмейді, оған қарама-қарсы.

Судың жай зат екені туралы айтылса, ол ойдың жалған екенін, оны екі жай затқа бөліп қарауға болатынын айтуға болды. Ал қарама-қарсы пікір, судың күрделі зат екендігі шындық болады. Эксперименталды түрде сутегін оттекте жаққанда су түзілетіндігі байқалған.



Кез келген пікір шынайы боп саналады, егер де ол басқа да логикалық шынайы ойлардан алынған болса (яғни, жалпы көпшілікке мойындалған анықталған ережелермен айтылған). Егер логикалық жолмен қаралатын ой-пікірдің шынайы екендігі теріске шығарылса, онда ол жалған пікір деп танылады.

Әрбір шынайы ой-пікірге шынайы болса 1, ал әрбір жалған пікір үшін – жалған 0 деген мәнді қосып отырады. Сонымен, Х=1және Х=1 болса, бұл Х және Х шынайы, алХ=0, Х=0 – болса бұл мәндер пікірлердің жалған ретінде бағаланғандығын көрсетеді.

Ой-пікір қасиеттері.

1) Ешқандай да Х пікірі (немесе Х) екеуі бірдей уақытта шынайы немесе жалған бола алмайды. Кез келген Х (немесе Х) пікірлері шынайы немесе жалған деп қаралуы қажет, үшінші түрі болмайды.

2)Жалпы келісілген – Х және жалпы теріс –Х пікірлер бірдей уақытта шынайы пікір бола алмайды, бірақ екеуі де бірдей уақытта жалған бола алады. Мұндайда шындық тек үшінші пікріден қалыптасуы қажет. Сонда Х және Х пікірлерден жалпыдан тек біреуі ғана шындық бола алады, болмаса екеуі де жалған ақпарат болады.

Сонымен, жалпы бекітілген сөйлем: «Барлық элементтер электр тоғын өткізеді» және жалпы теріс сөйлем: «Барлық элементтер электр тоғын өткізбейді» - екеуі де шындық бола алмайды, алайда екеуі де жалған бола алады.Шындық нақты пікріге незізделеді: «Кейбір химиялық элементтер электр тоғын өткізеді, ал кейбірі – өткізбейді».

Тағы да мысал келтіретін болсақ, «Барлық заттар бір-бірімен әрекеттеседі» - (Х) және «Барлық заттар бір-бірімен әрекеттеспейді» -(X). Екеуі де – жалған, ал шындық – нақты талқылау: «Кейбір элементтер бір-бірімен әрекеттесе алады, ал кейбірі – әрекеттеспейді». Шынымен де егер шындықХдеп қарастырар болсақ, онда барлық элементтер бір-бірімен әрекеттеспеуі керек. Бірақ ол кезде күрделі заттардың пайда болуы да жоққа шығарылған болуы керек еді. Сонда (X) – жалған болады (Х=0). Шындық ретінде берілген Х мәні шындыққа жатпайды, өйткені мысалы, көптеген заттармен әрекеттеспейтін инертті газдардың болуы осыған дәлел бола алады. Сонда Х мәні де жалған болады(Х=0).

3) Жиі келісілген – Х және жиі теріс болатын Х мәндері болатын болса, бұларда керісінше, екеуі де жалған бола алмайды, бірақ шындық бола алады.

Осыған орай, жиі келісілген пікірлі сөйлемде: «Кейбір химиялық элементтер электр тогын өткізеді» және жиі теріс болатын пікір сөйлем: «Кейбір (басқалары) химиялық элементтер электр тоғын өткізбейді»,- екеуі бірдей жалған бола алмайды. Екеуі де шындық болып табылады. Шынымен де кей бейметалдар тоқ өткізеді, ал қалғандары – өткізбейді.



4)Жекелей келісілген – Х және жекелеген теріс пікірлер – Х екеуі де бірдей шындық немесе жалған пікір бола алмайды. Шындық екеуінің біреуінде ғана болады.

Мысалы, екі жекелеген сөйлем алайық: «Сутегі металл болып табылады» және «Сутегі металл болып табылмайды»,- шындық болып тек екінші ой ғана есептеледі, өйткені сутегі – газ. Ал газдар арасында металдар болмайды.



5)Жалпы айтылған шынай ойлардың ішінен жеке ойдың шындығы қаралады. Бірақ жалпы ойдың жалған болуы оның ішіндегі жеке ойды қарастыруды қажет етпейді. Ал жеке ойдың жалған болуы жалпы ойдың шындығына әсер етеді.

Сонымен, жалпы ойдың шынайылығы: «Барлық заттар атомдардан тұрады (бос немесе байланысқан)», - жеке ойдың шынайылығымен бірге қатар жүреді «Кейбір заттар атомдардан тұрады».

Бірақ, жалпы ойдың жалған болуы: «Барлық металдар қалыпты жағдайда газ тектес заттар болып келеді», - дейтін болсақ, жеке ойдың жалғандығына қарай оны анықтамайды «Кейбір металдар қалыпты жағдайда газ тектес болып келеді». Бұл мысалда берілген екі анықтама да жалған болып табылады. Шынайы анықтама былай болады: «Барлық металдар қалыпты жағдайда қатты және сұйық заттар болып келеді».

Ал жалған жеке анықтама: «Кейбір заттар атомдардан тұрмайды»,- «Барлық заттар атомдардан тұрмайды» деген жалпы анықтамаларға сәйкес келуі қажет.



6) Х және Х екі ой-пікірден екеуінің бірі жалпы, ал біреуі жеке (немесе дара),- шындық болып тек екеуінің біреуі ғана (үшіншісі берілмейді)-үшіншіні жоққа шығару заңы.

Осыған орай, «Барлық химиялық элементтер – металдар» және «Кейбір химиялық элементтер металл болып табылмайды» деген анықтамада екеуі де шындық та, жалған да бола алмайды. Біріншісі – жалған, өйткені, мысалы, сутегі бұл химиялық элемент, бірақ ол иһметалл емес. Сондықтан екінші анықтама, үшіншіні жоққа шығару заңы бойынша шындық деп танылу қажет.

Бірақ егер Х және Хой-пікірлері екеуі де жалпы болса, онда олар екеуі де жалған бола алады. Мысалы, жалпы келісілген (общеутвердительное) сөйлем: «Қалыпты жағдайда барлық заттар суда ериді» және жалпы теріс (общеотрицательное) сөйлем: «Қалыпты жағдайда ешқандай зат суда ерімейді»,- екеуі де жалған. Бірінші ой-пікірді шындық деуге келмейді, өйткені әлем мұхиты мен құрлықтың болатындығы, яғни барлық нәрсе суда ерісе, әлем мұхиттары мен құрлық болмас еді. Ал екінші пікірдің шындығы судың тұзды дәмінің болуында. Берілген мысалда шындық жеке пікірде болады: «Кейбір заттар суда ериді, ал кейбірі (басқалары) – ерімейді».[2]

Егер Х және Х екеуі де жеке ой-пікір болатын болса, онда керісінше, екеуі де шындық болуы мүмкін.Сонымен, жиі келісілген пікір: «Кей заттар суда ериді» және жиі теріс пікір: «Кей заттар (басқалары) суда ерімейді»,- екеуі де шындық бола алады. Мысалы, қант суда ериді, ал бор – ерімейді.



Жалпы пікірдегі берілген шындықты жоққа шығару үшін жалған болып есептелетін анықтамаға мысал бола алатын бір жағдайды алса болғаны.

Жалпы бекітілген ұсынылған шындық: «Барлық бейметалдар электр тоғын өткізбейді»,- бір ғана мысалмен жоққа шығарылыды: «Графит – бұл бейметалл, ол электр тоғын өткізеді».

Жалпы ұсынылған шындық: «Барлық металдар суда ериді» делінсе, мына мысалмен жоққа шығарылады: «Алмаз – бұл бейметалл, бірақ ол суда ерімейді».

Жалпыға ұсынылып отырған шындықтың шынайы екенін дәлелдеу үшін сол шындықты жан-жақты, мүмкін болатын барлық жағдайын қарастыру қажет.

Оны жасау қиындық туғызуы мүмкін. Ол үшін дәлелдемелердің көптеген түрлері қолданылады.


Әдебиет


  1. Евдокимов С.В . Логика в химии: Учебник для вузов. Москва. 2010

  2. Введение в психодиагностику: Учебное пособие [Текст] / под ред. К.М. Гуревича, Е.М. Борисовой. – К.: Издательский центр «Академия», 1997. – 219 с.

  3. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии [Текст] / С.Л.Рубинштейн. – СПб.: Издательство «Питер», 1999. – 720 с.

  4. Формальная логика / Под ред. И. Я. Чупахина, И. Н. Бродского. — Л.: ЛГУ, 1977. — 357 с.


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет