Химиядан білім берудің экологиялық МӘдениетін қалыптастыру



жүктеу 94.09 Kb.
Дата29.04.2017
өлшемі94.09 Kb.
ХИМИЯДАН БІЛІМ БЕРУДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Еренова Т.Р.

"Сырдария" университетінің студенті

Ғылыми жетекшісі, х.ғ.к., доцент О.Н. Қобланова

Көптеген зерттеулерде экологиялық білім беру жалпы білім берудің бір бөлігі ретінде ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениеті, санасы, іс-әрекетке дайындығы жоғары деңгейдегі тұлғаны тәрбиелеу мақсатын көздейтін үрдістің жаңа мәні қарастырылады. Орта мектепте экологиялық мәдениетті қалыптастыру Қазақстанның тұрақты дамуының басты факторларының бірі болып саналады.

Экологиялық білім мен тәрбие беруге байланысты қазақстандық ғалымдармен бірқатар зерттеулер жүргізіліп, экологиялық білім мен тәрбие берудің қажеттілігі, мақсаты мен міндеттері, мазмұны мен принциптері зерттелді, экологиялық ұғымдар жүйесі анықталды. Табиғатты қорғау және экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздерін – Г.Т.Хайруллин; жеке пәндерді оқыту процесінде экологиялық тәрбие беруді – У.Ә.Есназарова, А.Д. Болтаев; білім беру мәселелерін – Д. Жангельдина, С.А.Орынбеков; биосфераны Ж.Ж. Жатқанбаев, Е.Ә. Мәмбетказиев зерттеді[1].

Мектеп химия курсын экологияландыруды жасау мақсатында оны бес блоктар жүйесі арқылы құру ұсынылған. Ондағы блоктар мазмұнын таңдау мен курсты меңгеруді химия-экологиялық нысандарды жан-жақты қарастыру негізінде ұйымдастыруға негізделген. Химиялық термодинамика, кинетика, зат құрылысы, элементтер мен олардың қосылыстарының қасиеттері мәселелерін қарастыру экологиялық маңызды нысандар мысалында жүзеге асырылған, ал экологияның химиялық аспектілеріне қатысты материалдарды баяндау кезінде химия мазмұнының төрт блоктарының теориялық қағидалары пайдаланылған. Олардың әрқайсысында шамамен бірдей ақпараттық сыйымдылық, өзара бірдей байланыс тығыздығы бар.

Бөлімдерді көлемі бойынша теңестіру және оларды оқыту блогына айналдыру материалдың дәстүрлі мазмұннан пәнішілік байланыстар арқылы блоктарды байланыстырмайтын материалдарды алып тастау, блоктар арасындағы пәнішілік байланысты көрсететін байланыстырушы материалды енгізу арқылы жүзеге асырылған.

Экологиядандырылған химия курсында экологиялық білімдерді проблемалардың мазмұнына, оның шешілуіне орай, жүйелеуге болады; оларды:

- экологиялық проблемалардың себептері мен салдарын көрсететін;

- тірі организмдер үшін маңызы бар элементтер мен олардың қосылыстарының мәнін ашатын;

- химиялық өндірістердің экологиялық қауіпсіз ұйымдастырылуы туралы;

- ауыл шаруашылығында қосылыстарды тиімді пайдаланудың негіздері туралы білімдер түрінде қарастыру ұсынылады.

Химия пәнінің мазмұнына экологиялық компонентті енгізу бірнеше жолдармен жүзеге асырылады:

- материалды теориялық баяндау кезінде түрлі химиялық қосылыстардың тірі организмдер мен адамға әсері жөніндегі экологиялық білімдерді қарастыру;

- қоршаған ортада түрлі қосылыстардың айналуларын термодинамикалық және кинетикалық сипаттамаларды қарастыру кезінде экологиялық білімдерді қалыптастыру;

- экологиялық бағытталған лабораториялық практикум жүргізу мен экологиялық мазмұндағы есептер шығару.

Химиялық білім беру үшін жалпы экологиялық білімдер мазмұнының проблемасы шешілген жоқ. Өмірдің барлық салаларына химияландыру енген. Химияландырудың зардаптары әлемдік масштабтағы табиғи құбылыстармен бірдей, бұл қоғам мен табиғаттың өзара байланысуы мәселесін қойып отыр. Бұл қатынастарды саналы реттеу оқушылардың санасына дейін жеткізуі тиіс:

- қоғам өмірінің өнімдері толық утилизациялануы керек, жинақталмауы және адаммен қоршаған ортаға зиянды әсерін көрсетпеуі тиіс;

- қайта қалпына келетін табиғи шикізаттардың жылдық тұтыну көлемі оның жылдық өсімінен аспауы қажет;

- қайта қалпына келмейтін табиғи шикізат үнемді, кешенді пайдаланылуы өңдеу кезінде қалдық қалдырмауы тиіс [1];

Химиялық білім берудің ғылыми және практикалық аспектілері кестедегіше болуы қажет.


Мақсатты компоненті



Химияны экологияландырып оқытудың мақсаты: оқушылардың химия-экологиялық білімдерін қалыптастыру, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту



Химияны экологияландырып оқытудың негізгі міндеттері



  1. Химия ғылымының маңызды заңдылықтары туралы, кейбір экологиялық проблемалардың пайда болу себептері, қоршаған орта нысандары мен адамға түрлі қосылыстардың және өндірістік әсерінің зардаптары, экологиялық проблемаларды шешудегі химияның рөлі

  1. Химиялық тіл мен оқушылардың химиялық және экологиялық нысандарды жан-жақты қарастыра білу қабілетін дамыту




  1. Заттармен жұмыс жасағанда, тәжірибелер орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру



Мазмұндық компоненті



  1. Химиялық және экологиялық білім

  1. Экологиялық мазмұндағы демонстрациялық тәжірибе

  1. Экологиялық мазмұндағы есептер мен жаттығулар

  1. Экологиялық мазмұндағы лабораториялық практикум



Іс-әрекет компоненті



Химия-экологиялық білімдерді меңгеру кезеңдері

Оқуға ынталандыру (мотивациялау)



Іс-әрекет-тің негізгі бағытын түсінді-ру


Іс-әрекеттің материалдық формада қалыптасуы (экологиялық бағытталған химиялық экспериментті жүргізу

Қатты дауыспен әрекетті қалыптастыру (алынған білімді бекіту мен қорыту)

Ішкі дауыспен әрекетті қалыптастыру (аудито-риядан тыс үй жұмысы)

Саналы іс-әрекетті қалыптастыру (аудито-риядан тыс жұмыс)

Дәріс сабақтары (жаңа материалды түсіндіру сабақтары)


Экологиялық проблемалық элементтері бар, мазмұндағы лаборатория-лық практикум сабақтары, оларды талдау, қорыту

Семинар-сабақтар (проблемалық ситуацияларды шешу негізінде білімдерді бекіту мен қорыту, экологиялық проблема және оны шешу, талдау)

Теориялық сипаттағы экологияландырыл-ған сұрақтарға жауапты өз бетінше іздеу, экологиялық мазмұндағы есептерді шешу.




Оқытудың формалары мен әдістері



Диагностика – нәтижелік компоненті



Химиялық шығарма жазу

Өз бетінше және бақылау жұмыстарын жүргізу

Нысанды сипаттау үшін пайдаланған мазмұн блогының орташа саны

Бір жұмыста пайдаланылған ғылыми терминдердің орташа саны

Түсінікті меңгерудің толықтығын сипаттайтын коэффициент

Білімді меңгеру коэффициенті

1-сурет. Химия-экологиялық білім жүйесін қалыптастырудың әдістемелік моделі


Соңғы жылдары оқу үрдісінде ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге экологиялық мазмұнды есептерді енгізу қажеттілігі қарастырылып жүр. Экологиялық мазмұнды химиялық есептердің дәстүрлі химиялық есептерден басты айырмашылығы оларда басты назарды адамның тәжірибелік қимыл-әрекетінде ең маңызды түрлі химиялық қосылыстарды қолдануға олардың қоршаған ортаға және адам ағзасына әсеріне аударады. Химиялық қосылыстарды, химиялық құбылыстарды білу арқылы адамның қоршаған ортасына қатынасы орнайды. Онымен бірге экологиялық мазмұнды химиялық есептерді шешу арқылы түрлі процестердің, соның ішінде химиялық процестердің күрделілігі және екі жақтылығы жөнінде көзқарас қалыптасады. Оқушылардың табиғатқа деген дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыруда қолданылатын есептер арнайы химиялық білімдерді пайдалануды талап етеді. Бұл өз кезегінде оқушы жаңадан бір нәрсе білулеріне мүмкіндік жасайды. Осы орайда есептердің мазмұны оқушылардың қызығушылықтарына сәйкес келуі абзал. Тек осындай жағдайда ғана таным белсенділігі пайда болады [2].
1-кесте – Экологиялық және табиғатты қорғау ұғымдарын қалыптастырудағы есептердің жіктелуі

Есеп

түрлері


Экологиялық мазмұнды

органикалық есептер



Ұғымдарға

жіктелуі


Мазмұны мен ұғым көлемін нақтылауға арналған есептер

1 м3 ағаш қалдығынан (бұтақ, қабық, жапырақ)
60 литр метанол алуға болады. Осындай көлемдегі спирт, тотыққан кезде алынатын 40% формалин ерітіндісінің массасын табыңыз.

Қалдықтардың түзілуін ескерту

Ұғымдар арасындағы байланысты қалыптасты-ратын есептер

Фенолмен ластану әдетте мұнаймен ластанғанымен бірдей. 2000 жыл Ульба өзенінен анализ үшін
100 мл-ден 3 үлгі алынған. Бұл үлгідегі фенол массасы 0,00145 мг, 0,00165 м2, 0,00170 мг болған. Фенолдың орташа концентрациясын есептеңіз (мг/л) және оны шектеулі концентрациямен салыстырыңыз. Фенолдың химиялық қасиетіне сүйеніп, суды тазарту жолдарын келтіріңіз.

Қоршаған ортаның ластануы, ластағыш заттарды бейтараптау

Сонымен қатар есептер қарастырылатын мәселелер мазмұнына қарай жіктеуге болады (2-кесте).

2-кесте – Экологиялық мазмұн бойынша есептің жіктелуі



Тапсырма түрі

Экологиялық мазмұнды есептер

Химияның екі жақтылығын ашатын есеп

Ауыз суынан токсиньді және наркотикалық әсері бар заттардың болатынын анықталған. Сандық және сапалық анализ негізінде өндірістік фенол және мынадай заттардан тұратыны анықталған. Олар: 36,5% көміртегі, 1,5% сутегі, 8,1% оттегі, 53,9% хлор заттың молекулалық формуласын құрыңыз. Оны алудың реакция теңдеуін жазыңыз. Табиғи ортаға осы заттардың мүмкін болатын түсу жолын көрсетіңіз.

Тірі ағзаға химиялық қосылыстардың әсерін көрсететін есеп

Бензой қышқылы Е-210 тағамдық қоспа түрінде болады. Ол табиғатта көптеген жемістердің құрамында кездеседі. Оны бактерицидтік құрал ретінде, тұмауға қарсы йогурт, джем, жеміс шырындарына қосады. Бензой қышқылын мұнайдан алынатын металциклогексаннан алу жолын көрсетіңіз, оның тірі ағзаға әсері қандай?

Технологияның жетілмегенін қарастыратын есеп

Жылу электростанциясы тәулігіне құрамында 75% көміртегі және 5% күкірт бар 6400 т көмір жұмсайды. Егер газ түтінін тазалау өндірісі болмаса, тәулігіне қоршаған ортаға түсетін CО2 және SО2 оксидтері және көмірсутектердің массасын есептеңіз. Қоршаған ортаға осы шығарылған заттар қандай зиянын тигізеді?

Аймақтық экологиялық мәселелерін қарастыратын есеп

1996 жылы Каспий теңізінде қаржының болмауынан газ өткізу құрылысында мұнай газының 3 млрд м3 факельде өртелді. Егер газ құрамы: СН4 – 40%, С2Н10 – 20% болса, С3Н8 және С4Н10 – 20% болса, атмосфераға түсетін көмірқышқыл газының көлемін есептеңіз, оның қоршаған ортаға әсері бола ма?

Сонымен, экологиялық мазмұны бар химиялық есептерде химиялық қосылыстардың қолданылуы және олардың адам ағзасына, қоршаған ортаға тигізетін әсерлері қарастырылды. Мұндай есептерді шешу химиялық білімді интерпретациялауға қазіргі жағдайда қолдануға, қоршаған ортаның реалды процесті елестетуге мүмкіндік береді. Сондықтан органикалық химия пәнінен оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда осындай экологиялық мазмұнды сандық есептердің орны ерекше. Оның мақсаты теориялық материалды бекіте отырып, практикалық есептеулер арқылы дағды мен қызығушылықты дамыту. Осы мақсатты іске асыру барысында мынандай экологиялық мазмұнды есептер беріліп, ол есептердің экологиялық және табиғатты қорғау түсініктерін қалыптастырудағы және есептің мазмұны бойынша жіктелуіне баса назар аударамыз [3].

Қорыта келгенде, жас ұрпаққа экологиялық білім беру, олардың табиғат пен адам өмірінің бірлігін терең сезінетін, табиғатты аялап, оны қорғай алатын азаматты тәрбиелеу міндеттері мен мақсаттары өз маңыздылығын бүгінгі таңда жоймай, қайта одан әрі көкейкестілігімен сипатталуда.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Даутова З. С. Экологиялық білім берудің мәні мен сипаты // Ұлт тағылымы «Ғылыми-педагогикалық басылым». – 2006. – № 1. – 10–13 бб.

2. Кузьменок М.Н., Стрельцова Е.А., Кумачев А.И. Экология на уроках химии / М.Н. Кузьменок, Е.А. Стрельцова, А.И. Кумачев. − Минск: Изд. ООО «Красикоприкт», 1999. − 208 с., 178-180.



3. Нұғманұлы Н. Химияны оқыту әдістемесі. Алмты, «Рауан» баспасы, 1993.-265б.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет