Ххі ғасыр көшбасшысы

Loading...


жүктеу 70.24 Kb.
Дата28.05.2017
өлшемі70.24 Kb.
ХХІ ғасыр көшбасшысы

Мақсаты: Оқушылардың білімді,жан-жақты болуға үйрету,білуге қызығушылығын артыру,жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту,білімді,дарынды озық болуға тәрбиелеу.Жылдамдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Оқу-білім туралы қанатты сөдер, мақал-иәтелдер жинағы, интерақтивті тақта.

Жүргізушінің сөзі: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Бүгін мектебімізде «ХХІ ғасыр көшбасышысы» атты сайыс өткелі отыр. Жалпы құрметті оқушылар біздің мектебімізде өте білімді. Ал осы білімдерін одан әрі шыңдау үшін осы сайыста өз білімдерін көрсетпек.

Ендеше осы сайысқа қатысушы оқушылармен таныстырып өтейік:

Шын жүйрік сыналады жарыста,

Жарыстың ба,орта жолда қалыспа

Әділ қазы бағалайды сіздерді

Жеңіс-мәре жақын ба,әлде алыс па – дей келе сіздерді бүгінгі сайыстың әділ қазларымен таныстырсақ.

Сайыстың шарттарымен таныс болып отырыңыздар:

І кезең: Зейінді перделе

ІІ кезең: жеті жұрттың тілін біл:

ІІІ кезең: Қызықты жетілік:

ІҮ кезең: жорға

І кезең: Зейінді перделе.Қатысушы сайыскерлерге мына тақтадағы сөзжұмбақты шешу керек. Мына қызыл түсті төрт бұрыштың артында сөз жасырылған. Егер жауапты дұрыс табатын болсақ мына клеткаларда қандай сөз жасырылғанын таба аламыз.Сұрақ ортақ беріледі, және жылдамдықты талап етеді.1-кезеңнің қорытындысы бойынша ұпайы жоқ оқушылар немесе мүлдем жоқ оқушы ойыннан шығады, келесі кезеңге өте алмайды. Сонымен оқушылар іске сәт! 1-кезеңді бастаймыз.

Сөзжұмбақты шешу:

1.Жеті қазынанының бірі.

2.Басты байлық не?

3.желтоқсан құрбандары кім?

4.Елімізде 1-мамыр қандай мереке ретінде аталып өтіледі?

5.12-сәуір қандай күн?

6.Ризалық белгісі,алғыс айту кезінде қолданылатын сөз?

7.Бөбек қорының президенті және «Өзін-өзі тану» адамгершілік рухани бағдарламасының авторы?

8.Мұсылмандық қауымының қасиетті кітабы.

1 кезең бойынша қорытынды ұпайларды есептеп ұпайы аз немесе жоқ оқушыны сайыстан шығарамыз.Сайыстың аты-сайыс, бірі жеңеді,бірі жеңіледі.

Олай болса,

Ана тілің-арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте – дей келесайысымыздың келесі кезеңі «Жеті жұрттың тілін біл!»кезеңіне жеттік.Бұл кезең бойынша жұмбақ немесе мақал-мәтелдің жалғасын табу тапсырмасын беремін. Жауабын нақты тауыпоны қазақ тілінде, орыс тілінде жазу керек.

Жауабын дұрыс тауып аударылса 20 ұпай, аударма жоқ болса 10 ұпай беріледі.

ІІ кезең: «Жеті жұрттың тілін біл!»

1.Жылт-жылт етеді,

Жылғадан өтеді.

2.Өнер алды – қызыл тіл

3.Ұрсаң жерде зулайды

Жерде қарғып тұрмайды.

Тиіп кетсе басыңа

Ешбір зиян қылмайды.

4.Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса,аттама.

5.Үй үстінде ұсақ тас,

Ұстайын десем,ұстатпас.

6................етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

ІІІ кезең: «Қызықты жетілік»


10

10

10

20

20

20

20

20

20

Бұл кезеңде сіздер өздеріңіз таңдап алған сұраққа жауап бересіздер.

Мына сызбаға назар аударыңыздар. Жеңіл сұрақ алғыңыз келсе, 20 баллдық сұраққа жауап беруге болады. Әрі қарай жоғарылаған сайын сұрақ та күрделене түседі. 3 кезеңде қалған оқушыдан балы аз екеуі оыннан шығады. Ендеше бастаймыз.

10- периметрді қалай табамыз?

10- сөйлем үшелері нешеге бөлінеді?

10-Ы.Алтынсари кім?

20- көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құралды қалай атайды?

20-көкжиектің негізгі неше тұсы бар?

20-елтаңбаның авторларын ата?

30-Абайдың бес асылы мен бес дұшпанын ата?

30-дүние жүзіне саяхат жасап тарихын зерттеген саяхатшы кім?

30-математикадағы көбейту заңдылықтарын атап көрсет?

ІҮ кезең: «Жорға»

Сіздер бұл кезеңде 20 сұраққа жауап беру арқылы ұпай санын жинай аласыздар.1 сұраққа 1 ұпай есептелінеді.

Әуелі 2 нұсқаның бірін таідап берілген уақытта жауап беруге тырысу керек.



  1. Сиырдың пірі

  2. Жылдан құр қалған жануар

  3. Бір заттың кішірейтілгенін көрсететін сан

  4. ҚР мемлекеттік тілі

  5. Абайдың шын аты

  6. Ел басқару саясатындағы ең жоғарғы лауазымды тұлға

  7. Қара алтын

  8. Ұя салмайтын құс

  9. Бір жылда неше ай,неше күн бар

  10. «Кел, балалар,оқылық» өлеңінің авторы

  11. Абайдың әжесі

  12. Көру мүшесі

  13. Алматыдағы мұз айдыны

  14. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі

  15. Заттың санын білдіретін сөз табы

  16. 9 – мамыр қандай мереке

  17. Күйді орындаушы адам

  18. Ақан серінің тұлпарының аты

  19. Түйенің пірі

  20. Қазақтың атақты палуаны

  21. Үкіметті кім басқарады

  22. Күн мен түн теңелетін мезгіл

  23. Қырғызстан астанасы

  24. Орман дәрігері

  25. Есту мүшесі

  26. 12-сәуір қандай күн

  27. «Абай жолының » авторы

  28. Біржанмен айтысқан ақын қыз

  29. Қобыландының тұлпарының аты

  30. «Менің атым Қожаның» авторы

  31. Оңтүстік Қазақстанда өсетін ақ алтын

  32. Адам денесінің тірегі

  33. Заттың қимылын білдіретін сөз табы

  34. Жер қыртысын толтырып жатқан денелер

  35. Үкіметті кім басқарады

Осымен сайысымыздың шарттары аяқталды. Кезекті әділ қазы алқаларына береміз.

Мақсаты: оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыр, кітап оқуға қызықтыру, кітапты ұқыпты ұстауға үйрету, кітаптың пайдасы мен маңызын ұғындыру.

Көрнекілігі: кітаптар көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер.

Барысы: Кітапханашы: Кітап арабтың «жазу» деген сөзінен шыққан. Ол тарих шежіресі,оқу-тәрбие құралы болып табылады. «Оқымасаң ой тоқырайды» кітап оқымағанның ойы таяз, санасы төмен болатынын дәлелдейді.Біздің елімізде көптеген мерекелер бар, Олар біздің салт-дәстүрлерімізді, тарихымызды жаңғыртып отырады. Ал кітап дүние жүзінде аталып өтілетін маңызы өте жоғары рухани байлық болып табылады.

2-сәуір – «Халықаралық балалар кітабы күні» және 23-сәуір «Дүниежүзілік кітап күні» болып табылады.

Кітаптың құрамымен таныстыру:



  1. Кітаптың мұқабасы

  2. Кітаптың беттері

  3. Кітаптың не туралы екендігі туралы түсіндіретін аңдатпалық анықтама

  4. Баспаның шыққан жылы және авторлары

  5. Мазмұны

«Кітаптар әлемі» атты кітаптар көрмесіне шолу жасау.

Кітап туралы мақалдар. Оқушылар өздері білетін кітап туралы мақалдар айтып, сонан соң мазмұнын ашады.

Кітап – білім бұлағы,білім – өмір шырағы.

Кітап – ақыл ойдың айдыны

Кітапсыз үй – терезесіз бөлме

Көп жасағаннан емес, көп оқығаннан сұра.

Оқушылар кітап туралы қанатты сөздер оқиды:

-Кітаппен дос бол, оның жомарт беттері көзіңді ашар, адал дос жоқ одан тегі. (Р.Гамзатов)

-Талап қыл артық білуге, артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге (Абай)

-Әрбір адамның ең жақын досы, өмірлік досы кітап болы тиіс. (М.Горький)

-Мен өз бойымдағы барлық жақсылық үшін кітапқа борыштымын. (М.Горький)

-Кітап – өмір ұстазы. Кітап – рухани құндылық. Кітап біздің досымыз ғана емес, мәңгілік тұрақты серігіміз. Кітап ел мен жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, төзімділікке баулиды. (М.Әлімбаев)

Кітаптың шығу тарихы: Алғашқы кітап осыдан бірнеше жыл бұрын пайда болды. Ол біздің қолымыздағы кітапқа ешқандай ұқсамаған. Алғаш рет кітап балшықтан жасалады. Жұмсақ балшыққа үшкір затпен жазып, оны кептіріп, сосын күйдірген. Ол кірпіш сияқты болған. Бамбук деп аталатын өсімдіктен таяқшалар әзірленіпғсоған да жазған. Кейіннен жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып,кітап соған жазылған.Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз ХІІІ ғасырда жасалды.

Кітап туралы толғау:

- Біздің ата-бабамыз «Кітап – ғажап дос», «Кітап – білім бұлағы» деп бекер айтпаған. Ол бізді қайырымдылыққа, әдептілікке, зұлымдықтан аулақ болуға үйретеді.

-Кітап арқылы біз өткенге көз жібереміз.Жақсысысынан тағлым аламыз, оны қымбат мұра ретінде бағалаймыз.

-Кітап қай заманда да өзінің құндылығын жоғалтпаған.Ол – өлмейтін дүние.Кітаптан асқан қазына жоқ. Ешқандай байлық, ешқандай дүние оның орнын баса алмайды.

Жағдаяттан шығң: Алдымызда екі кітап жатыр: жақсы ұсталған және лас, жыртылған оқулық. Ал, балалар, қай оқулыққа жандарың ашиды? Неге? Оқулықтың қай жері ауырады? Бұл оқулықты қандай оқушы ұстаған? Ол оқушыға ризасыңдар ма?

Тапсырма: Енді осы кітапты ұстаған оқушыға қандай жаза қолданасыңдар?

-Келесі жылы ескі оқулық берілсін!

-Мектеп кітапханасына жаңа оқулық алып берсін!

-Бұл оқушының ата-анасына ескерту беру керек!

Алдағы уақытта мұндаі жағдай қайталанбас үшін әр оқушы мынадай ережелерді сақтау керек:

-кітаптың мұқабасы жыртылмас үшін тыстап ал.

-кітаптың бетін жыртпа, оған сурет салма, суреттерді бояма.

-тамақ ішіп отырып кітап оқыма

-кітапты күн көзіне қойма,беттері сарғайып кетеді.

-кітаптың арасына қалам салма, қарындаш,сызғыш қыстырма.

-кітап оқығанда арнайы қыстырма қағазды қолдану керек.

Викториналық сұрақтар:

1.Кітаптар тұрағы қалай аталады?

2.Кітаптармен жұмыс істейтін маманды қалай атайды?

3.Кітапханаға үнемі барып кітап оқитын адам қалай аталады?

4.Балаларға арналған қандай газет-журналдарды білеміз?

5.Кітап басып шығаратын жер қалай аталады?

6.Мектеп оқулықтары қандай баспалардан шығарылады?

7.Кітапты жазған адам қалай аталады№

8.Халықаралық Балалар кітабы күні қай күн№

9.Дүниежүзілік кітап күні қай күн?

Қорытынды:

Кітап-шебер ұстаз. Ол – тілсіз мұғалім. Сонымен бүгінгі іс-шарамыздың кейіпкері – кітап. Ол – бүкіл адамзаттың ұстазы. Іс – шарамызды мынадай өлең жолдарымен аяқтаймыз:

Оқы талмай,түй санаңа, жас ұлан,

Сыр құямын,жыр құямын санаңа

Білім – қару,білім керек адамға,



Ал білімді мен құямын санаңа.

-Балалар,кітап оқудан шаршамайық!
: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Сабақ 6-шы сыныптар Сабақтың тақырыбы Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлігі және оларды өңдеудің тәсілдері Сілтеме
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
attachment -> Жаңа сабақты түсіндіру 28. 11. 12 Сабақтың тақырыбы: Жанатын пайдалы қазбалар. Мағынасын аш
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту Сабақтың мақсаты
attachment -> 5 сыныпқа арналған тақырыптар бойынша тесттер
attachment -> Практикумы Тақырыбы: «Тұрақты сөз тіркестерінің түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...