Хаттың мәтіні Шолудың мақсаты: Жамбыл облыстық сотының төрағасымен 23. 12

Loading...


Дата15.05.2017
өлшемі113.46 Kb.



Ішкі құжаты

3199-16-1-2-9/5 / 27.01.2016

Жамбыл облыстық соты / Жамбыл облыстық сотының кеңсесі / Талдау және жоспарлау бөлімі











Жамбыл облысы аудандық және оған теңестірілген соттарының

2015 жылдың төртінші тоқсанында талап арыздарды қараусыз

қалдыру негізділігі жайлы

Ш О Л У

Хаттың мәтіні.1. Шолудың мақсаты:


Жамбыл облыстық сотының төрағасымен 23.12.2015 жылы бекітілген Жамбыл облыстық сотының 2016 жылдың бірінші жарты жылдығының жұмыс жоспарымен талап арыздарды қараусыз қалдыру негізділігіне тоқсан сайын шолу жасалу қарастырылған.

Аталған шолу ең алдымен аудандық және оған теңестірілген соттардың талап арыздарды қараусыз қалдыру кезінде азаматтық іс жүргізу заңнамасын қатаң сақтауға, азаматтық істерді мерзімінен артық қарауға жол бермеуге және ондай жағдайларды алдына алуға бағытталған.


2. Заңнама:
01.01.2016 жылдан бастап, қолданысқа жаңа азаматтық процестік кодекс (бұдан әрі - АПК) енгізілді. Талап арыздарды қараусыз қалдыру негіздері аталған Кодекстің 279-бабымен қарастырылған.

Осы баптың талаптарына сай, сот, егер:

1) талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген немесе шартта көзделген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса;

2) талап қою арызын әрекетке қабілетсіз адам берсе;

3) талап қою арызына қол қоюға және оны беруге өкілеттігі жоқ тұлға қол қойса немесе оны берсе;

4) осы немесе басқа бiр соттың не төреліктің іс жүргізуінде сол бір тараптар арасындағы дау бойынша, сол бір нысана туралы және сол бір негiздер бойынша бұрын қозғалған iс болса;

5) егер заңда өзгеше көзделмесе, тараптар арасында заңға сәйкес осы дауды төреліктің шешуіне беру туралы келісім жасалса;

6) істі өзінің қатысуынсыз қарауды өтінбеген талап қоюшы екінші шақыру бойынша сотқа келмесе;

7) өзінің мүддесіне сай іс қозғалған тұлға мәлімделген талапты қолдамаса;

8) талап қоюшы талап қою арызын қайтарып алу туралы арыз берсе;

9) көрсетушіге арналған күші жойылған бағалы қағаздар және ордерлі бағалы қағаздар бойынша құқықтарды қалпына келтіру туралы істер жөніндегі арыз жарияланған күннен бастап үш ай мерзім аяқталғанға дейін берілсе;

10) жылжымайтын затқа коммуналдық меншік құқығын тану туралы арыз заңда белгіленген мерзімнен бұрын берілсе немесе заңда көзделген жылжымайтын мүлікті иесіз деп тіркеу рәсімдері бұзыла отырып берілсе;

11) осы Кодекстің 105-бабының үшінші бөлігінде және 106-бабының екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік баж төленбесе;

12) осы Кодекстің 34-тарауында көзделген ерекше талап қою ісін жүргізу бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаны туралы мәліметтер ұсынылмаса;

13) істі ерекше іс жүргізуде қарау кезінде талап қою ісін жүргізуде қаралуға жататын, соттың ведомстволығындағы құқық туралы даудың бар екені анықталса, арызды қараусыз қалдырады.

Жоғарыда көрсетілген арызды қараусыз қалдыру туралы негіздерді екі топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа 279-баптың 1-5), 9, 10) тармақшаларында көрсетілген негіздер азаматтық іс қозғалғанға дейін орын алғандығын және судьяның арызды АПК-нің 152-баптарында қарастырылғандай қайтарудың орнына, өз өндірісіне қате қабылдағананын көрсетеді.

Екінші топқа 279-баптың 6-8, 12, 13) тармақшаларындағы негіздер істі мәнімен қарауды басталғаннан кейін пайда болып, азаматтық істі мәнімен қарауға объектиті кедергі келтіреді.

АПК-нің 279-бабында көрсетілген негіздер түпкілікті болып табылады. Басқа негіздер бойынша талап арызды қараусыз қалдыруға жол берілмейді.
3. Статистикалық мәліметтер:
2015 жылы Жамбыл облысының аудандық және оған теңестірілген соттарына барлығы – 32231 талап арыз және 336 азаматтық істер түскен және 2014 жылдан қалдық ретінде осы жылға 2649 азаматтық істер мен 366 талап арыздар өткен.

Оның ішінде 31081 арыз өндіріске қабылданған, 1010 арыз қайтарылып, 436 арыз қабылдаудан бас тартылған, 20463 іс бойынша қаралып, шешім шығарылған, ал 1266 талап арыз қараусыз қалдырылған.

2015 жылдың 4 тоқсанында барлық қараусыз қалдырылған талап арыздар саны 313 құраған. Яғни, өткен жылдың 4-тоқсанымен салыстырғанда қараусыз қалдырылған арыз 602-ге кеміген.

2015 жылдың 4-тоқсаны мен 2014 жылдың 4-тоқсанында қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарылып қаралған істер саны соттар бойынша кесте түрінде төмендегідей:




Соттардың атауы

2014 жылдың

4 тоқсаны

2015 жылдың

3 тоқсаны

2015 жылдың

4 тоқсаны

Байзақ а/с

14

7

10

Жамбыл а/с

20

9

7

Жуалы а/с

42

-

3

Қордай а/с

33

3

25

Мерке а/с

33

9

17

Мойынқұм а/с

4

1

2

Сарысу а/с

14

1

6

Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік соты

-

-

-

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

26

10

12

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты

162

69

40

Т.Рысқұлов а/с

12

5

13

Талас а/с

32

11

13

Тараз қ/с

474

95

149

Шу а/с

49

14

16

БАРЛЫҒЫ:

915

234

313

Жоғарыда аталған кестеден 2015 жылдың 4-тоқсанында арызды қараусыз қалдрылған соттардың ішінде алдыңғы қатарда Тараз қалалық соты – 149 арыз, Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 40, Қордай аудандық соты – 25 арыз.

2015 жылдың 3-тоқсанына қарағанда 79 арыз артық қараусыз қалдырылған.
Апелляциялық сот алқасында қаралған істер:
2015 жылдың 4-ші тоқсанында апелляциялық сот алқасында аудандық және оған теңестірілген соттардың талап арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарымға келтірілген жеке шағым бойынша 3 ұйғарым апелляциялық сот алқасымен бұзылып, істер сол сотқа жаңадан қаралуға жолданған. Атап айтқанда:

Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 18.09.2015 жылғы ұйғарымымен талап қоюшы «Сенім» шаруа қожалығының басшысы Е.Бижибаевтың жауапкерлер «Жеті төбе» су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативіне, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы Байзақ ауданы «Базарбай» коммуналдық мемлекеттік су шаруашылығы кәсіпорынына 31.03.2015 жылы жасалған шартты бұзу туралы талап арызы Қазақстан Республикасының азаматтық істер жүргізу кодексінің (бұдан әрі – АІЖК бұрынғы редакциясында) 249-бабының 3) тармақшасына сай қараусыз қалдырылған, яғни сот егер арызға қол қойған және оны берген адамның арызға қол қоюға және оны беруге өкілеттігі жоқ болса арызды қараусыз қалдырады.

Алайда, талап арызға тіркелген құжаттарға сай Е. Бижибаев «Сенім» шаруа қожалығының басшысы, бұл мән-жай оның жеке кәсіпкер ретінде Байзақ аудандық салық басқармасында 11.01.2005 жылы тіркелген куәлігімен расталады. Сондықтан оның аталған талап арызға қол қойып, сотқа өткізуіне толық өкілеттегі бар екендігі анықталған.

Осы көрсетілген мән-жайларға байланысты бірінші сатылы сот талап арызды негізсіз қараусыз қалдырған, ал жеке шағымның уәждері дұрыс болғандықтан, апелляциялық сот алқасымен сот ұйғарымының күші жойылып, азаматтық іс экономикалық сотқа мәні бойынша қаралуға жолданған (судья Ясарова Р.К).

Талап қоюшы «АгроКалибрПлюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысушысы А.К. Козмидидің жауапкер «АгроКалибрПлюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне және осы Серіктестіктің сенімгерлікпен басқарушысы С.А. Козмидиге таза кіріс 27 476 444 теңгені өндіру туралы талап арызы Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 14.08.2015 жылғы ұйғарымен, АІЖК-нің 249-бабының 1) тармақшасы негізінде қараусыз қалдырылған, яғни талап қоюшы осы санаттағы iстер үшiн заңда белгiленген дауды алдын ала сотқа дейiн шешудiң мiндеттi тәртiбiн сақтамаса және осы тәртiпте қолданудың мүмкiндiгi жоғалмаса.

Азаматтық іс құжаттарында Серіктестіктің жалғыз қатысуышсының 31.03.2013 жылғы және 31.03.2014 жылғы таза пайданы бөлу туралы шешім тіркелген. Олар салық мекемесіне тапсырылған тиісті декларациялармен негізделген. Одан бөлек, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңының талаптарына сай, таза пайданы бұзу туралы дауды алдын ала сотқа дейiн шешудiң мiндеттi тәртiбi белгіленбеген.

Сондықтан талап қоюшы А.К. Козмидиден жеке шағымы Жамбыл облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 01.10.2015 жылғы ұйғарымымен қанағаттандырылып, Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының14.08.2015 жылғы ұйғарымының күші жойылып, іс сотқа қарауға жолданған. (судья Тәжібаев Е.З.).

Талап қоюшы «БМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік сот орындаушы А.А. Заурбековке, «Сервис центр Далер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, «Жамбыл облыстық әділет департаменті» мемлекеттік мекемесіне сот орындаушының әрекетіне және мүлікті бағалау қортындысын даулау туралы талап арызы Тараз қалалық сотының 06.10.2015 жылғы ұйғарымымен АІЖК-нің 249-бабының 3) тармақшасымен қараусыз қалдырылған, яғни арызға қол қойған және оны берген адамның арызға қол қоюға және оны беруге өкiлеттiгi жоқ болуы.

Алайда сот ұйғарымында келтірілген талап арызды қараусыз қалдыру туралы заңсыз тұжырымы іс бойынша маңызы бар мән-жайларға дұрыс баға берілмегендіктен орын алған, сондықтан апелляциялық сот алқасының 30.10.2015 жылғы ұйғарымымен Тараз қалалық сотының 06.10.2015 жылғы ұйғарымының күші жойылып, сол сотқа жаңадан қаралуға жолданған (судья Тлеубеков М.М.).
4. Талап арызды қараусыз қалдыру туралы істерді талдау:

Арызды қараусыз қалдыру негізділігі туралы талдау Тұрар Рысқұлов, Меркі, Шу аудандық соттарының және Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының азаматтық істері бойынша жүргізілді.

Негізінен талдау жасалынған азаматтық істер бойынша арызды қараусыз қалдыру кезінде, аудандық соттардың тарапынан айтарлықтай қателіктер орын алмаған. Қараусыз қалдырылған арыздардың басым көпшілігі АІЖК-нің 249-бабының 9) тармақшасымен негізделген, яғни талап-арызды қайтарып алу туралы өтiнiш берiлген.

№2-1569/2015 Тұрар Рысқұлов аудандық сотында қаралған азаматтық іс бойынша талап арыз сотқа 03.12.2015 жылы келіп түскен. 07.12.2015 жылғы сот ұйғарымымен азаматтық іс қозғалған. Осы күнгі істі сотқа қарауға әзірлеу туралы ұйғарымында мүдделі тұлғаларды сотқа істің мәні бойынша сұрастыру үшін шақыру кереткігі көрсетілген. 15.12.2015 жылғы сот ұйғарымымен істі мәнімен қарауға 21.12.2015 жылға тағайындалған.

АІЖК-нің 129-бабының 3-бөліміне сай, хабарлаулар мен шақырулар хабарландырылған немесе шақырылған адамның сотқа уақтылы келуi және iске даярлануы үшiн жеткiлiктi мерзiмi болуы есептеле отырып жолдануға тиiс.

21.12.2015 жылғы сот мәжілісіне тараптардың келмеуіне байланысты, сот отырысы 24.12.2015 жылға ауыстырлған. Алайда іс құжаттарында тараптарға аталған сот отырыстары жайлы хабарланғандығы туралы құжаттар тіркелмеген.

24.12.2015 жылғы сот мәжілістеріне тараптар қайтадан келмегендіктен, 24.12.2015 жылғы сот ұйғарымымен талап арыз АІЖК-нің 249-бабының 4) тармақшасымен қараусыз қалдырылған (судья С.Т. Узбеков).

Бұл азаматтық іс бойынша судьяның тарапынан тараптарға сот хабарлаулары мен шақырулары жолданбаған, шақырылған адамның сотқа уақтылы келуi және iске даярлануы үшiн жеткiлiктi мерзiмi болуы ескерілмеген.

Сонымен қатар, АІЖК-нің 249-бабының 4) тармақшасында көрсетілген негіздер талап арызды сот өндірісіне қабылдамай тұрып, анықтауға болатын еді, яғни судьяның арызды сот өндірісіне қате кабылдағанын көрсетеді. Бұл мән жай судья тарапынан істі сотқа қарауға әзірлеу жұмыстары дұрыс жүргізілмейтіндігін көрсетеді.

Сот отырыстары тым жақын тағайындалған, яғни шақырылған адамның сотқа уақтылы келуi және iске даярлануы үшiн жеткiлiктi мерзiмi болуы ескерілмеген кемшіліктер Меркі аудандық сотында қаралған №2-1069/2015 азаматтық іс бойынша орын алған.

Талап арызды қараусыз қалдыра отырып, бірінші сатыдағы соттар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 17.03.2010 жылғы №66 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы соттарының сот актілерін дайындау туралы әдістемелік ұсынымдарының талаптарын сақтамайды. Атап айтқанда аталған өкімнің 2.2., 2.3. бөліктерінде компьютерлік тәсілмен дайындалған сот актілерінің параметрлері көрсетілген.

Сонымен қатар, ұйғарымның мазмұны АІЖК-нің 252-бабында қарастырылған. Осы баптың талаптарына сай, ұйғарымда: ұйғарымның шығарылған күні мен орны; ұйғарым шығарған соттың атауы, сот отырысындағы судьяның және хатшының тегі, аты-жөні; іске қатысушы адамдар, даудың нысанасы немесе мәлімделген талап; ұйғарым шығарылған мәселе; соттың өз қорытындыларын шығару себептері және сот басшылыққа алып сілтеме жасаған заңдар; соттың қаулысы; егер ұйғарым бойынша шағымдануға болатын болса, шағым берудің тәртібі мен мерзімі көрсетілуге тиіс.

Мысалы, азаматтық істер бойынша талап арызды қараусыз қалдыру туралы сот ұйғарымының сипаттау бөлігінде талап қоюшының талап арызын толығымен көрсетіп шыққан. Соның салдарынан сот ұйғарымы тым көлемді, екі парақтан асып кеткен.

Арызды қараусыз қалдыра отырып, онда талап қоюшының талабын толығымен көрсетудің қажеті жоқ. Мұндай сот ұйғарымында талап қоюшының талабын қысқаша көрсетіп кету жеткілікті болып табылады. Мұндай жағдайда соттың жұмысыда жеңілденіп, ұйғарымдыда оқу оңай болады.

Мұндай ұйғарымдар Тұрар Рысқұлов аудандық сотында қаралған №2-1349/2015, 2-1127/2015 азаматтық істер бойынша орын алған.

Ал №2-3166/2015 Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралған азаматтық іс бойынша, осы соттың талап арызды қараусыз қалдыру туралы 26.11.2015 жылғы ұйғарымында жауапкерлердің атаулары қате көрсетілген, атап айтқанда, ұйғарымда «Бект1бай», «Бект1бай-1», «Ерк1н» шаруа қожалықтары деп көрсетілген.

Ал негізінен жауапкерлердің атауы Бектібай», «Бектібай-1», «Еркін» шаруа қожалықтары болып көрсетілуі керек. Аталған мән-жай судья тарапынан клавиатура тілін қазақ тіліне ауыстыруына еріне отырып, орыс тілінде жаза салғандығын көрсетеді.
5. Ұсыныстар мен қорытындылар:
Жоғарыда аталғандардың негізінде, арызды қараусыз қалдыру туралы заңнамасын дұрыс қолдану мақсатында, соттың төрағаларына арызды қараусыз қалдыру туралы жаңа заңнаманы зерттеуді ұйымдастыруды міндеттеп, арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарымдарда қате жібермеу, оларды негізсіз бұзылуына жол бермеу шараларын қабылдау керектігін назарларына жеткізілуі қажет.

Сонымен қатар, Қордай, Меркі, Жамбыл облысының ауданаралық экономикалық сотының төрағаларына талап арыздарды қараусыз қалдыру санын азайтуға шаралар қабылдау керек.



Жамбыл облыстық сотының

азаматтық және әкімшілік істер

жөніндегі апелляциялық сот алқасы


Судья




Ғ.Құлекеев


Орынд.: Бисембаева И. Т.

тел.: 8-7262-99-91-49, 726-0310@sud.kz


Каталог: sites -> default -> files
files -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Қр жоғарғы Соты Пленумының 1998. 05. 15
files -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
files -> Сот ісін жүргізу тілі принципін қолданудың кейбір мәселелері туралы
files -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
files -> Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы
files -> Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алу үшiн жұмыстарды қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...