Хамзина Майра Ордалықызы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы «Аққайың» мектепке дейінгі ұйымының



жүктеу 49.56 Kb.
Дата24.05.2017
өлшемі49.56 Kb.
Хамзина Майра Ордалықызы
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы

«Аққайың» мектепке дейінгі ұйымының

тәрбиешісі

Тақырыбы: «Бауырсақ ертегісінің драматизациялық қойылымы»

Мақсаты: Бағдарлама бойынша берілген ертегілердің мазмұнын пысықтау. Көру арқылы есте сақтау, ойлау қабілетін арттыру. Берілген тапсырмалар бойынша балалардың ақыл ойын, қиялын дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер: Алдыңғы оқу іс-әрекеті барысында өткен ертегілердің суреттері, , қуыршақ театрының ширмасы көрнекі керекті құралдар.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Залда музыка ойнап тұрады, залға кірген балалар отырған қонақтармен амандасып отырады.



Тәрбиеші: Балалар, мен бүгін жаңа 2015 жыл-қой жылын қонаққа шақырып едім. Қой жылы бізге қонаққа келгенше біздер жыл мезгілі туралы әңгімелейік.

Сұрақтар.



Тәрбиеші: Балалар жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қыс мезгілі.

Тәрбиеші: Қыс мезгілінде неше ай бар?

Балалар: Қыс мезгілінде 3 ай бар.

Тәрбиеші: Қыста қандай киімдер киеміз?

Балалар: Жылы киім.

Осы кезде есік қағылып қой жылы кіріп келеді, балалармен амандасады. Қой асығып келе жатып «Сиқырлы қобдиша» тауып алғанын айтады.



Тәрбиеші: Сиқырлы қобдишаны алып ішін ашады. Сиқырлы қобдишадан өткен оқу іс-әрекетінде өтілген ертегілердің суреттері шығады. Суреттер бойынша ертегілерді еске түсіру. (жеті лақ, шалқан, мақта қыз бен мысық, бауырсақ) Соңынан бауырсақ ертегісінің суреті шыққанда, тәрбиеші балаларға ертегінің суреттерін көрсете отырып қайталап оқып береді.

Тәрбиеші: Қане, балалар енді ертегіні бүгінгі қонақтарға және жаңа қой жылына арнап көрініс етіп қойып берейік. Балалардың өздеріне тиесілі рольдеріне еніп, оны іскерлікпен орындауға бейімдеу және бағыттау. Рольдерде ойнайтындар: Шал, кемпір, бауырсақ, қоян, қасқыр, аю, түлкі.

Сергіту сәті: Қимылды ойын. «Шымшық»
Ай шымшық, ай шымшық.

Аю қалай жүреді?

Аю былай, аю былай,

Дәл осылай жүреді.


Ай шымшық, айшымшық,

Түлкі қалай жүреді?

Түлкі былай, түлкі былай,

Дәл осылай жүреді


Ай шымшық, ай шымшық,

Қоян қалай жүреді?

Қоян былай, қоян былай,

Дәл осылай жүреді,

Балалар шеңберді айнала жүріп әр жануарлардың (аюдың, түлкінің, қоянның) қимыл- қозғалыстарын келтіреді.

Қостілділік компонент: Ата-дедушка, әже-бабушка, бауырсақ-колобок қоян-заяц, қасқыр-волк, аю-медведь, түлкі-лиса

Тәрбиеші: Ал, енді балалар біз осы бауырсақ ертегісін келген қонақтарға қойылым етіп ойнап берейік.

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде бір атай мен әжей өмір сүріпті.

Бір күні Шал кемпіріне, бауырсақ пісірші,- депті.

Ата: Кемпірім, маған бауырсақ пісірші.

Әже: Шал-ау үйде ұн жоқ, қалай пісіремін.

Ата: Қаптың түбінде қалған ұнды қырып бауырсақ пісір.

Әже: Жарайды.

Тәрбиеші: Әже қаптың түбінде қалған ұнды қырып, майға шылап сап-сары бауырсақ пісіреді. Бауырсақты суысын деп терезенің алдына қояды. Бауырсақ терезенің алдынан секіріп-секіріп қашып кетеді. Домалап келе жатса алдынан қоян шығады.

Қоян: Сен кімсің? Қандай әдемісің? Иісің қандай әдемі?

Бауырсақ: Мен, бауырсақпын.

Қоян: Дәмді шығарсың? Мен сені жеймін.

Бауырсақ: Қоян сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін.

Әжей қойма тырмалап,

Екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа былғаған.

Пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған.

Бауырсақпын зулаған,

Атайдан да құтылдым,

Қоян сененде құтыламын деп-домалап кетіп қалады.

Тәрбиеші: Қоян, саған не болды?

Қоян: Бауырсақтан айырылып қалдым, қашып кетті.

Тәрбиеші: Сен ренжіме, оданда бізбен бірге көңіліңді көтер.

Бауырсақ: Әндетіп билеп келе жатса алдынан қасқыр шығады.

Қасқыр: Сен кімсің? Мында не қылып жүрсің?

Бауырсақ: Мен бауырсақпын.

Қасқыр: Дәмдісің-ай, тәтті шығарсың? Мен сені жеймін.

Бауырсақ: Қасқыр сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін.

Әжей қойма тырмалап,

Екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа былғаған.

Пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған.

Бауырсақпын зулаған,

Қояннан да сытылдым деп-домалап кетеді. Қасқыр аузын ашып қалады.



Қасқыр: Ызаланып аспанға қарап ұлиды.

Тәрбиеші: Қасқыр сізге не болды?

Қасқыр: Қарным ашып тұрғанда, бауырсақ менен қашып кетті.

Тәрбиеші: Сіз ренжімеңіз, оданда бізбен бірге бол

Бауырсақ: Адасып жүріп, билеп, секіріп келе жатса алдынан аю шығады.

Аю: Мен сені танимын. Иісің қандай әдемі, түрің қандай әдемі. Дәмдісің-ау,- деп бауырсаққа жақындайды.

Осы кезде бауырсақ: Аю тоқташы, мен саған өлең айтып беремін дейді.

Әжей қойма тырмалап,

Екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа былғаған.

Пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған.

Бауырсақпын зулаған,

Қояннан да сытылдым,

Қасқырданда сытылдым.

Аюдан да сытылдым деп-домалап жүгіре жөнеледі.

Аю: Тоқта, бауырсақ!- деп жүгіріп бара жатып құлап қалып жылайды.

Тәрбиеші: Аю саған не болды, сонша жылағаның не?

Аю: Бауырсақты ұстай алмай қалдым.

Тәрбиеші: Жарайды, жылама. Сен нені жақсы көресің соны айтшы.

Аю: Мен балды, тәтті кәмпитті жақсы көремін.

Тәрбиеші: Ендеше балалар кәмпит тасу ойынын ойнайық

Ойын: «Кәмпит тасу»

Бауырсақ келе жатса алдынан түлкі шығады.



Түлкі: Ой, мына бауырсақтың әдемісін-ай?

Бауырсақ:

Әжей қойма тырмалап,

Екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа былғаған.

Пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған.

Бауырсақпын зулаған,

Қояннан да құтылдым.

Қасқырданда құтылдым.

Аюдан да құтылдым.

Сенен құтылу оңай дей бергенде түлкі ап деп асап жеп қояды.

Қорытынды:

Өте жақсы балалар, ертегі сендерге ұнады ма?

Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

Бауырсақты кім жеп қойды?

( балалар сұрақтарға жауап береді)



Міне, балалар, ертегіні жақсы қойғандарыңыз үшін әжеміз бауырсақ пісіріп беріп жіберіпті.

Балаларды мадақтау.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет