Халықаралық білім беру корпорациясына (хбк) оқуға Қабылдау ережелері

Loading...


Дата28.01.2017
өлшемі181.26 Kb.
Халықаралық білім беру корпорациясына (ХБК) оқуға

ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

  1. Жалпы ережелер

1. Халықаралық білім беру корпорациясына (бұдан әрі – ХБК) орта (жалпы, техникалық және кәсіптік), жоғары, ОПҚ-ын қайта дайындауды (біліктілікті көтеру) жүзеге асырады.

2. ХБК -да білім беру күндізгі, сырттай, сырттай-қатыстырып оқыту түрлерінде жүргізіледі.

3. Оқыту мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі.




  1. Бакалавриат мамандықтарына қабылдау тәртібі

4. ХБК -на жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) және жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар тұлғалар қабылданады.

5. ХБК -нда келесі мамандықтар бойынша бакалаврлар дайындайды:

5В020200 – Халықаралық қатынастар


5В020700 – Аударма ісі
5В030100 – Құқықтану

5В042000 – Сәулет

5В042100 – Дизайн

5В050400 – Журналистика

5В050600 – Экономика

5В050800 – Есеп және аудит

5В050900 – Қаржы

5B072500 – Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)


5В071100 – Геодезия және картография

5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация

5В072900 – Құрылыс

5В073000 – Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын өндіру.

5B075200 – Инженерлік жүйелер және желілер

5В090200 – Туризм

6.  ХБК -на қабылдау мемлекеттік бюджеттiк қаржыландыру, мамандар даярлауға мемлекеттiк тапсырысты (бiлiм беру гранты) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа қаражат көздерi есебінен оқуға төлеу арқылы жүзеге асырылады.

7. Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейде бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқық беріледі.

Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

8. Корпорацияға түсуші тұлғаларды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі - ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. Арнайы немесе шығармашылық даярлауды талап ететін мамандықтарға (бұдан әрі - шығармашылық мамандықтар) қабылдау арнайы немесе шығармашылық емтихандар (бұдан әрі - шығармашылық емтихандар) есебінен жүзеге асырылады.

ҰБТ ағымдағы жылғы жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілері үшін өткізіледі.

9. Кешендi тестiлеу өткен жылдардағы жалпы орта бiлiм беру ұйымдарының бiтiрушiлерi, техникалық және кәсiптiк (бастауыш және орта кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi) бiлiм беру ұйымдарының бiтiрушiлерi, ҰБТ-ға қатыспаған, халықаралық оқушылармен алмасу желiсi бойынша шетелде оқыған жалпы бiлiм беретiн мектеп бiтiрушiлерi, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бiтiрушiлерi, сондай-ақ оқу орнын шетелде бiтiрген тұлғалар үшiн өткiзiледi.

9-1. Осы Үлгілік қағидалардың 44-тармағында белгіленген шекті балды алмаған ҰБТ қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және ҰБТ-ға қатыспаған адамдар үшін, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын жағдайларды қоспағанда, жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ қайта өткізіледі.

9-2. Осы Үлгілік қағидалардың 44-тармағында белгіленген шекті балды алмаған кешенді тестілеудің қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және кешенді тестілеуге қатыспаған адамдар үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын жағдайларда жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдау үшін кешенді тестілеу қайта өткізіледі.

9-3. Жоғары оқу орындары осы Үлгілік қағидалардың 4-1 және 4-2-тармақтарында көзделген ҰБТ немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидалардың 37-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдарды ақылы негізде қабылдауы мүмкін.
      Бұл адамдар үшін жоғары оқу орнында білім алудың бірінші корпорациялық кезеңі аяқталғаннан кейін ҰБТ немесе кешенді тестілеу өткізіледі. Осы Үлгілік қағидалардың 44-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдар осы ҰБТ немесе кешенді тестілеудің қорытындылары бойынша жоғары оқу орнынан шығарылуға тиіс.»;

10. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші тұлғаларды ақылы негізде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындары жүзеге асырады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар (колледж) тұлғаларды жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқартылған мерзім бойынша ұқсас мамандықтарға оқуға қабылдау кешенді тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Ұқсас мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган  бекітеді.

11. Кәсіптік жоғары (жоғары) білімі бар азаматтарды ақылы негізде қысқартылған мерзімде оқуға қабылдауды корпорацияның Қабылдау комиссиясы жүзеге асырады. 5В042000-Сәулет, 5В042100-Дизайн және 5В050400-Журналистика мамандықтарына түсу барысында кәсіптік жоғары білімі бар азаматтар әңгімелесуден басқа екі шығармашылық емтихан (бірінші білімі ұқсас мамандықтардан басқалары) тапсырады.

12. Шетел азаматтарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бөлінген квота бойынша мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық жоғары оқу орындарына қабылдауды Халықаралық білім беру корпорациясы дербес жүзеге асырады.

Шетел азаматтарын ақылы негізде Халықаралық білім беру корпорациясына әңгімелесу түрінде жүзеге асырылады.

Корпорацияға оқуға қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіммен бекітілген мөлшерде қабылдау квотасы белгіленеді.

13. Ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген бакалавриат және жоғары арнайы білім мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

14. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар «Білім туралы құжаттарды мойындау және нострификациялау» (31.08.12 ж. ҚР № 1119 БҚ) Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес оқуға қабылданғаннан кейін, бірінші семестрі ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді:

- білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (құжат ресмилендірілуі тиіс);

- білім туралы құжатқа (түпнұсқа) қосымша келесі ақпараттар: өткізілген оқу пәндері мен практиканың соңғы көлемі; алған қорытынды баға, курстық және аяқтау кезендегі біліктілік жұмысы, оқу үрдісінің басқа да көрсеткіштері; (құжат ресмилендірілуі тиіс);

- білім туралы құжат аудармасы нотариалды турде куәландырылған және оған мемлекеттік және орыс тілінде қосымшасы болу керек. Аударманы куәландыру Қазақстан Республикасы аймағында немесе құжат берген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі мен органдары нотариуспен іске асырады.

Кейбір жағдайларда (мысалы, прецедент бойынша растауды анықтау) аударма құжат беріп отырған аймақтағы Қазақстан Дипломатиялық қызмет органдары орындағаны туралы көрсетілу;

- мемлекеттік және орыс тіліне аударылған, білім туралы құжат иесінің жеке куәлігі, нотариалды түрде куәландырылған құжат көшірмесі.

- білім туралы құжатты беруші оқу орнының аккредитациясы туралы куәліктің немесе лицензия көшірмесі және жалпы білім, орта жалпы білім туралы мемлекеттік үлгідегі жоғары орнының мөрімен бекітілген құжат (қажет болған жағдайда нотариальды түрде куәландырылған мемлекеттік және орыс тіліне аударылған).

15. Оқуға қабылдау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары білім берудің жекелеген мамандықтары қажет ететін мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді жүзеге асырылады, оқу орындарында, ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы.

16. Педагогикалық мамандықтарға, арнаулы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға оқуға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады. Мамандықтар тізбесі және арнаулы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібі Үлгілік қағидалармен (11-1, 11-2 тармақтары) белгіленеді.

17. Шығармашылық 5В042000-Сәулет, 5В042100-Дизайн жыне 5В050400-Журналистика мамандықтарына түсетiн тұлғалар үшiн тестiлеудiң мынадай екi пәнi бойынша балдар ескерiледi: мемлекеттiк немесе орыс тiлi, Қазақстан тарихы, сонымен қатар 2 шығармашылық (сурет және сызу) 5В050400-Журналистика мамандығына шығарма және кәсіби жарамдылық жөнінде сұхбаттасу) емтихан тапсырады.

17-1. Шығармашылық емтихандар талапкерлердің бойында шығармашылық қабілеттердің және шығармашылық бағыттағы кәсіптерді меңгеруге тұлғалық алғышарттардың болуын анықтауға бағытталған.

17-2. Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші талапкерлер екі шығармашылық емтихан тапсырады.

17-3. Талапкерлерден шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдау ҚАУ орналасқан – Қабылдау комиссиясында (1 қабат, 114 кабинет) мекенжай бойынша 20 маусым мен 1 шілде аралығында жүзеге асырылады.

17-4 Шығармашылық емтихан 2-7 шілде аралығында өткізіледі.

17-5. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін емтиханды өткізу ректордың бұйрығымен құрылады.

17-6. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты және өткізілетін орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттарды қабылдау басталғаннан кешіктірілмей талапкерлердің назарына жеткізіледі.

17-7. Талапкер арнаулы және/немесе шығармашылық емтихан өткізу аудиториясына жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде жіберіледі.

17-8. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтихан басталғанға дейін талапкерлерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың және апелляцияға өтініштер қабылдаудың уақыты мен орны көрсетіледі.

17-9. Шығармашылық емтихандар 25 балдық жүйе бойынша бағаланады.

17-10. Шығармашылық емтихан бойынша 10-нан төмен балл алған немесе емтиханға келмеген адамдар осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді.

17-11. Арнайы және/немесе шығармашылық емтихандарын өткізу кезінде ережелерді сақтау қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы және оның орынбасары, арнайы кезекшілер, техникалық хатшылар қамтамасыз етеді.

17-12. Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары бағалау ведомостарымен, арнаулы емтихан – жіберу ведомосымен, комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді және жауапты хатшыға (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі. Комиссия хаттамасына төраға және комиссияның барлық қатысқан мүшелері қол қояды.

17-13. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткен күні жарияланады.

17-14. Талаптарды сақтауды және арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандарды бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешуді, емтихан өткізу кезеңінде арнаулы немесе шығармашылық емтиханды тапсырушы адамдардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында әрбір жоғары оқу орнында апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен құрылады. Комиссия құрамы, оның төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады.

17-15. Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына арнаулы немесе шығармашылық емтиханды тапсырушы адам өзі тапсырады. Өтініш арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13-ке дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарайды.

17-16. Апелляциялық комиссия шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса заңды деп саналады. Арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім қатысушы комиссия мүшелері санының көпшілік даусымен қабылданады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және қатысушы комиссия мүшелерінің барлығының қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

17-17. Жоғары оқу орындары меншік нысанына қарамастан күнтізбелік бес күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ арнаулы немесе шығармашылық емтихан қорытындылары туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.».

18. Кешенді тестілеу тізбесі білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілетін тестілеу өткізу пункттерінің базасында (базалық жоғары оқу орындары) өткізіледі.

Шығармашылық мамандықтарға түсетін, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсетін тұлғаларды кешенді тестілеу тұлғаның таңдаған жоғары оқу орны бекітілген базалық жоғары оқу орнында өткізіледі.

19. Кешенді тестілеуге қатысу үшін түсуші Қабылдау комиссияға белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш, аттестат немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы диплом (түпнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек, 3х4 көлеміндегі екі фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.

19-1. Осы қағидалардың 4-1 және 4-2-тармақтарында көзделген ҰБТ-ға немесе кешенді тестілеуге қатысу үшін талапкер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті, жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білімі туралы құжатын (төлнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртекті, 3x4 көлеміндегі екі фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, сондай-ақ ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын (бар болса) тапсырады.

19-2. Осы қағидалардың 4-3-тармағында көзделген ҰБТ-ға немесе кешенді тестілеуге қатысу үшін тиісті адамдар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті, тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртекті тапсырады.

20. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде аралығында, осы қағидалардың 4-1 және 4-2-тармақтарында көзделген ҰБТ-ға немесе кешенді тестілеуге – 1-8 тамыз аралығында, осы қағидалардың 4-3-тармағында көзделген ҰБТ-ға немесе кешенді тестілеуге – 5-12 қаңтар аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.

21. Осы қағидалардың 4-тармағында көзделген кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі. Осы Үлгілік қағидалардың 4-1 және 4-2-тармақтарында көзделген ҰБТ немесе кешенді тестілеу 19-24 тамыз аралығында өткізіледі. Осы Үлгілік қағидалардың 4-3-тармағында көзделген ҰБТ немесе кешенді тестілеу 20-24 қаңтар аралығында өткізіледі.

22. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды 20 маусым  мен 9 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді. Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі.

20. Кешенді тестілеу түсушілердің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пән:

- 5В042000, 5В042100, 5В050400 мамандықтары үшін – Қазақстан тарихы, қазақ/орыс тілі (оқыту тілі);


- 5В050600, 5В050800, 5В050900, 5В071100, 5В090200 мамандықтары үшін - Қазақстан тарихы, қазақ/орыс тілі, математика, география;
- 5В070400, 5В071900, 5В072500, 5В072900, 5В073000, 5В075200 мамандықтары үшін - Қазақстан тарихы, қазақ/орыс тілі, математика, физика;
- 5В020700, 5В020200 мамандықтары үшін - Қазақстан тарихы, қазақ/орыс тілі, математика, шет тілі;
- 5В030100 мамандығы үшін - Қазақстан тарихы, қазақ/орыс тілі, математика, дүниежүзілік тарих.
23. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 25. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы бір балмен бағаланады. Шығармашылық мамандыққа түсуші азаматтар үшін тестілеудің екі пәні бойынша балдары есептелінеді: қазақ немесе орыс тілі және Қазақстан тарихы.

24. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыруға жол берілмейді.

25. Дұрыс жауаптар коды тестілеу нәтижелерін өңдеу аяқталғаннан кейін ілінеді.

26. Кешенді тестілеу нәтижелерін өңдеу кешенді тестілеу жүзеге асырылған жоғары оқу орнында өткізіледі.

27. Кешенді тестілеу нәтижелерін мемлекеттік комиссия тестілеу өткізілген күні жариялайды.

28. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша әрбір тестілеуге қатысушыға белгіленген үлгідегі сертификат толтырылады, оны мемлекеттік комиссия тестілеу өткеннен кейінгі күнтізбелік үш күн ішінде береді.

29. Апелляцияға берілетін өтінішті тестілеуге қатысушының өзі апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Тест тапсырмаларының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер кешенді тестілеу нәтижесі хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады.

30. Бiлiм беру грантын тағайындау конкурстық негiзде белгіленген мемлекеттiк тапсырыс шегінде нақты мамандықтар және тiл бөлiмдерi бойынша жүргiзедi. Мемлекеттік білім гранттарын алу байқауына қатысу үшін құжаттар 23-шілде мен 31-шілде аралығында қабылданады. Тағайындауды білім саласындағы уәкілетті органның конкурстық комиссиясы жүзеге асырады.

31. Мемлекеттік білім грантын тағайындау байқауына қатысу үшін азамат корпорацияның Қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтiнiш, білімі туралы құжат (түпнұсқа), ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты, 3х4 көлемiндегi екі фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама және де жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесiн өткізеді.

32. Білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін азамат өтініште өзі таңдаған ЖОО мен мамандықтарды көрсетеді. Таңдау пәндері сәйкес келген жағдайда азамат төрт мамандықты көрсете алады.

33. Білім беру грантын алу үшін басым құқыққа ие азаматтар қабылдау комиссиясына басым құқықты растайтын құжат тапсырады.

34. Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектер, бала кезден мүгедектер, мүгедек балалар таңдаған мамандығы бойынша оқу үшін теріс көрсеткіштің жоқтығы туралы медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) қорытындысын ұсынады.

Білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысушы азаматтар үшін белгіленген қабылдау квоталары (жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, I, II топ мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедек­теріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар, бала кезінен мүгедек, мүгедек балалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар үшін) барлық мамандықтар бойынша бөлінеді.

35. Шығармашылық мамандықтарын таңдаған талапкерлер, оның ішінде "Алтын белгі” белгісінің иегерлері білім беру грантын алу конкурсына бір мамандық бойынша қатысады және тек шығармашылық емтихан тапсырған жоғары оқу орнын ғана көрсетеді.

36. Білім беру грантын алу байқауында қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша жинаған балдары есепке алынады.

Байқауға қатысу үшін 50 балдан кем жинамауы тиіс, оның ішінде кемінде 7 балл профильдік пән бойынша (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10), ал қалған пәндерден кемінде 4 балл болуы қажет.

37. Білім беру грантын алу байқауы кезінде ҰБТ сертификатына немесе кешенді тестілеу балына сәйкес:

1) "Алтын белгі” белгісімен марапатталған адамдардың;

2) білім беру саласындағы уәкілетті орган тізбесін айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтары олимпиадалардың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының басым құқығы бар. Халықаралық және мемлекеттік олимпиаданың пәндері, ғылыми жарыстардың, орындаушылар байқауының, спорттық жарыстардың пәндеріне сай мамандықтар тізімін Министрлік бекітеді.

38. Білім беру гранттары бірінші кезекте Типтік ережелердің 37 бабына сәйкес ЖОО-на түсуге құқылы азаматтарға тағайындалады:

Бұдан әрі білім беру гранттарын тағайындау талапкерлер өтініш білдірген тіл бөлімдері, жоғары оқу орындары және мамандықтардың реті бойынша ҰБТ немесе кешенді тестілеудегі сертификаттар балдарына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.

39. Тiл бөлiмдерiнiң бiрiнде босаған орындар мамандықтар iшiнде конкурстық негiзiнде тағайындау үшiн берiледi.

Бiлiм гранттарын конкурстық тағайындаудан кейiн қалған бос орындар мәлiмделген оқыту нысанына және тiл бөлiмiне қарамастан, жоғары өту балымен мамандықтарға дайындау бағыттарының iшiнде қайта бөлiнедi.

40. ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатының көрсеткіші бірдей болған жағдайда мемлекеттік грантқа, сонымен қатар бюджеттік қаржыландыру арқылы тегін мемлекеттік грантқа жетім балалар; ата-ана қарауынсыз қалған балалар; І және ІІ топ мүгедектері; туа біткен мүгедектер; дәрігерлік-әлеуметтік сараптама қорытындысына сай білім беру ұйымдарына білім алуға тыйым салынбаған мүгедек балалар; оқуды үздік аяқтағандықтары туралы құжаттары бар азаматтар құқылы.

41. Ауыл жастарына бекітілген квота бойынша мынадай жағдайда мамандықтарға байқау жүргізіледі: 70 пайыз грант осы мамандықтардың жалпы санынан және оқуту тілі, жалпы байқаудың тәртібі бойынша, ал қалған 30 пайыз грант ауылдан келген жастар арасында байқау жүргізу арқылы беріледі.

Бiлiм беру грантын алған азаматтарға білім беру саласындағы уәкілетті орган белгiленген үлгiдегi куәлiкті бередi.

Аталған куәлiк иелерiнiң тiзiмi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

42. Мемлекеттік комиссия бiлiм гранттарын иеленген азаматтарды тиiстi куәлiк алу керектiгi туралы хабардар етедi.

Бiлiм беру грантын тағайындау туралы куәлiк азаматтарға корпорацияның Қабылдау комиссиясына тапсырылған құжаттарымен бірге 15 тамызға дейiн беріледі.

43. Мемлекеттік білім беру грантын алу құқығына ие болғаны туралы куәлік алған азаматтар, куәлікте көрсетілген ЖОО-ға қабылдау туралы өтініш береді және ЖОО басшысының бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.

Шығармашылық мамандық бойынша мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау туралы куәлігі бар азаматтар арнайы (шығармашылық) емтиханды ХБКда тапсырған жағдайда ғана корпорацияға қабылданады.

44. Ақылы негізде оқуға ағымдағы жылғы ҰБТ-дан өткен, жалпы орта білім беру ұйымын бітірушілер, тестілеу нәтижелері бойынша 50, келесі пәндерден: қазақ немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен, оның ішінде, бейіндік пәннен 7 балдан кем емес (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан кем емес), ал қалған пәндерден ең төмені 4 балдан жинаған кешенді тестілеуге қатысушылар қабылданады.

45. Қабылдау комиссиясы студенттер қатарына қабылдауды тамыз айынының 10-нан 28-і аралығында өткізеді.

Талапкерлер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары (жоғары кәсіптік) білімі туралы құжатын (төлнұсқа), 3х4 көлеміндегі 6 фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын, сондай-ақ білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса) қоса береді.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін:

1) еңбек кітапшасын;

2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған (бар болса) қызметтік тізімді (жұмысшының жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);

3) жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы қоса береді.

Осы Үлгілік қағидалардың 5-3-тармағына сәйкес жоғары оқу орнына қабылдау үшін адамдар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білімі туралы құжатын (төлнұсқа), 3х4 көлеміндегі 6 фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын қоса береді.

Оқуға қабылдау мамандықтар бойынша және тілдік бөлімдерге жеке жүргізіледі.

Шығармашылық емтихандар белгіленген мамандықтарға қабылдау осы емтихандар бойынша алынған балдары есепке алына отырып жүргізіледі.

46. ҰБТ қорытындысы бойынша және кешенді тестілеуден жоғары балл алған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан талапкерлерге, корпорация «Scholarships» білім беру грантына байқау жүргізеді.

«Scholarships» грантының иелері, бiрiншi емтихан сессиясының нәтижесi бойынша тек қана «өте жақсы» болатын бағалар, «Scholarships» корпорацияның арнайы стипендиясының беруі туралы ережелерге сәйкес грант бойынша оқуды жалғастырады. Басқа жағдайда, оқушы өз оқуына толық көлемде төлем ақысын төлейді бiрiншi курстың бiрiншi семестрiнен.


  1. ХБК жанындағы үздіксіз білім бері институтына қабылдау тәртібі

47. Үздіксіз білім беру институтының негізгі міндеті лицензияланған мамандықтар бойынша ҚР сәулет-құрылыс бейініндегі ЖОО оқытушыларының қысқа мерзімді біліктілігін көтеру курстарын ұйымдастыру мен жүргізу және қайта дайындау, құрылыс сұрақтары бойынша кеңес беру қызметі болып табылады.

48. Біліктілікті көтеру және қайта дайындау курстарына орта кәсіптік білімі бар немесе ЖОО-мен, компаниялармен шарттық негізде немесе мемлекеттік тапсырыс бойынша азаматтар қабылданады.

49. Қысқа мерзімдік курстардың ұзақтығы 2 аптадан 6 аптаға дейін.

50. Біліктілік курстары аяқталғанда тыңдаушыларға белгіленген үлгіде куәлік (сертификат) беріледі.


4. Қашықтықтан білім алу технологияларын пайдалана отырып оқуға қабылдау тәртібі.

51. Қашықтықтан оқыту технологияларын қолданып ХБК келесі мамандықтар бойынша бакалаврларды дайындайды :

5В020200 – Халықаралық қатынастар

5В050600 – Экономика

5В050800 – Есеп және аудит

5В050900 – Қаржы

5В071100 – Геодезия и картография

5В072900 – Құрылыс

5В073000 – Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру

5В042000 – Сәулет

5В042100 – Дизайн

5В030100 – Құқықтану

5В050500 – Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолдану саласы бойынша)

5В075200 – Инженерлік жүйелер және желілер.

52. ҚОТ бойынша келесі азаматтар білім ала алады:

1) Техникалық және кәсіптік , орта білімінен кейінгі және жоғарғы білімі бар азаматтар қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша қабылданады .

2) Барлық білім беру деңгейлерінде шектеулі физикалық мүмкіндіктерімен, соның ішінде мүгедек балалары бар, I және топтың II мүгедектігі ;

3) Шет мемлекеттерге жоғарғы білім дәрежесінде аусыпалы түрде оқитындар,"Болашақ" стипендиаттарынан басқа;

4) Жоғары білімнің деңгейде жедел әскери қызметке шақырылғандар;

5) Жоғары білімнің деңгейде көп мерзімді іс сапарда (4- айдан астам) болғандар;

6) ҚОТ бойынша білім алудың басты шарты, таңдалған мамандық бойынша қызметте болу;

53. ҚОТ бойынша білім алғысы келген азаматтар Ректордың атына өтініш жазады. Ол өтініш азаматтың ҚОТ- ны дұрыс қолдана алатыны туралы дәлелімен бірге болуы тиіс;

1)Өз мамандығы бойынша жұмыс істейтін азаматтар, жұмыс орнынан анқтамасы болуы тиіс;

2) Мүгедек балаларға психолого-медико-педагогикалық кеңестің ұсынысы болуы тиіс;

54. Өтініш 5 күнтізбелік күн ішінде қарастрылады. ҚОТ бойынша ХБК ға қабылдау туралы бұйрық 2 күнтізбелік күн ішінде рәсімделеді.

55. Бұйрыққа қосымша:

1) Білім алушының өтініші; жұмыс орнынан анықтама;

2) Білім алушының жеке білім алу жоспары;

3) Әр білім алушының жеке оқу қызметінің кестесі;

4) Психолого-медико-педагогикалық кеңестің мүгедек балалардың арақашықтық білім алу оқу үдерісіне қатыса алуы туралы ұсыныстары .

Бұйрық шыққаннан соң 2 күнтізбелік күн ішінде ХБК білім алушыларды ҚОТ бойынша білім алудың қызметінің кестесі және білім алу жоспарымен таныстырады.

56. ҚОТ бойынша білім алуға тіркелу және қабылдау 8-35,43,44 осы бөлім ережелері бойынша іске асырылады.



Халықаралық білім беру корпорациясына құжаттарды қабылдау және өткізу мерзімі туралы сұрақтар бойынша Қабылдау комиссиясына хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (727)309–77–33, 380–06–66 Манасова Бақыт Серікқұлқызы.

Халықаралық білім беру корпорациясының ҚАУ кампусына құжаттарды қабылдау және өткізу мерзімі туралы сұрақтар бойынша Қабылдау комиссиясына хабарласуыңызды сұраймыз: 226-80-00, 233-38-00, (Битембаева Токсулу Жадигеровна, toksulu@mail.ru).
Каталог: upload -> userfiles -> files
upload -> Қазақстан республикасы төтенше жағдайлар министрлігі көкшетау техникалық институты
upload -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
upload -> Сабақтың тақырыбы Сырммен Малайсарының шешендік сөздері
files -> «Мүгедектікті және/немесе еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
files -> Іске асыру туралы есепті жасаудың нысандары мен тәртібін қамтитын
files -> Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өніміділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
files -> Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...