Грант Грант сомасы



жүктеу 44.62 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі44.62 Kb.


ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕСЕП НЫСАНЫ

(жоба аяқталған кезде)




:__ грант

____________________

Грант сомасы:

____________________

Ұйымның атауы:


_______________________________________________________

_______________________________________________________



Жобаның атауы:


_______________________________________________________

_______________________________________________________



Жобаны жүзеге асыру мерзімі:

____________________

Есеп беру мерзімі:

____________________




  1. Жоба бойынша шын мәнінде өткізілген іс-шаралар

Жобаның міндеттеріне сәйкес сандық (мүмкіндігінше - сапалық) көрсеткіштерді келтіре отыра, хронологиялық тәртіпте жобаның негізгі шаралары туралы қысқаша ақпаратты тапсыру қажет. Жобаға өзгерістер енгізілді ме, егер енгізілсе, олар қандай сипаттағы өзгерістер екенін жазыңыз. Бастапқы жоспардан ауытқуға не себеп болды? Жоспарланған нәтиже мен шын мәнінде қол жеткізген нәтижені салыстырып көрсетіңіз.

  1. Жоба туралы ақпаратты тарату

Жоба туралы ақпарат қайда және қандай түрде таратылды? Оған кімдер жұмылдырылды? БАҚ-ның қай түрлері пайдаланылды? БАҚ-да жариялану саны қанша? Баспа өнімдерінің таралымы қанша? Қандай пікірлер мен ұсыныс-тілектер болды? Пікірлер мен ұсыныс-тілектерге орай қандай шаралар қабылданды?



  1. Жобаның мақсаттары мен міндеттеріне қаншалықты қол жеткізілді?

Жобаның мақсаттары мен міндеттеріне қаншалықты қол жеткізілді? Жобаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілгенін айғақтайтын сандық және сапалық мінездеме ұсыну қажет. Оған не ықпал етті? Туындаған қиындықтар. Олар қалай шешілді? Нәтижесінде алынған сабақтар.

  1. Мақсатты топтағы өзгерістер

Жобаны жүзеге асыру барысында енгізілген, жобаның мақсатты тобының жұмысындағы немесе қызметіндегі сапалық өзгерістер жөнінде бірнеше нақты мысалдар келтіру керек. Жоба бойынша жұмыс нәтижесінде, нақты бір адамдардың өмірін мысалға ала отыра, олардың өміріне қандай өзгерістер енгенін баяндап көрсетіңіз (егер қолдануға келсе

  1. Серіктес ұйымдармен қарым-қатынас

Егер Сіз жоба аясында басқа ұйымдармен ынтымақтастық қарым-қатынаста болсаңыз, әрбір ұйымның қосқан үлесін сипаттап беруіңізді өтінеміз. Жоба аяқталғаннан кейін де осы ұйымдармен серіктестік қарым-қатынасты жалғастырасыз ба? Басқа ұйымдармен байланыс жасаудан алған тәжірибені немесе ақпаратты қалайша таратып, кәдеге жаратасың? Серіктес ұйымдардың жобаға берген бағасы мен пікірлерін есепке қосымшаға енгізіңіз (егер олар болса).

  1. Гранттың ұйымның институционалдық дамуына әсері

Ұйымыңыз көрсететін қызметтер спектрі мен көлеміндегі, оның кәсіби және жұмыс деңгейіндегі өзгерістерді саралап талдау жасаңыз. Грантқа дейінгі және одан кейінгі жағдайды салыстыра отыра, ұйымның әлеуетін бағалаңыз.

  1. Жобаның ұзақмерзімді әсері

Жобаның ұзақмерзімді келешектегі әсері туралы болжам-пайымыңыз қандай? Жобаны одан әрі жалғастыруға қатысты жоспарыңыз. Грант мерзімі біткен соң да жұмыс пен қызмет көрсетуді жалғастыру, одан әрі дамыту келешегіне баға беріңіз. Жобаның өміршеңдігіне және оның өзін-өзі қаржыландыра алатындай деңгейге шығу келешегіне баға беріңіз. Жобаны дамыту бойынша ұйымның қаржылық стратегиясы қандай? Жинақталған тәжірибе тура сол қалыпта жалғасын таба ма әлде оны одан әрі дамыту шаралары қолға алына ма?


  1. Ынтымақтастық қарым-қатынасты одан әрі жақсарту жөнінде ұсынымдар

Ұсыным-кеңестеріңіз бен ұсыныстарыңыз бар ма?

Есепте мыналар болуы тиіс:



Қосымшада жобаның іс-шаралары шынымен орындалғанын растайтын құжаттар болуы тиіс. Жоба барысында қолданылған барлық баспа, аудио және бейне материалдардың көшірмелерін, сондай-ақ клиенттерден, баспасөз құралдарынан немесе басқа аудиториядан алынған кез келген материалдардың көшірмелерін бір данада тапсыру қажет. Олардың мазмұны мен мәнін қысқаша сипаттаңыз. Қосымшалар нөмірленген болуы тиіс (2,3,4… қосымша). Негізгі мазмұндық есептің мәтінінде қосымшаларға сілтеме берілуі керек. Сонымен қатар, төмендегідей қосымшалар болуы қоса берілуі тиіс:

  • курстар, тренингтер мен семинарлар үшін – олардың бағдарламалары, үлестірмелі материалдардың бір данасы, жүргізген тренерлердің байланыс деректері көрсетілген түйіндемесі, семинарға қатысушылардың тізімі, онда байланыс деректері (электронды мекен-жайлары, қалалық/ұялы телефон нөмірлері) көрсетілуі тиіс, бағалау сауалнамаларын талдау қорытындысы мен 2-3 толтырылған сауалнама;

  • консультациялар үшін – консультацияларды тіркеу журналының көшірмесі, онда кеңес алған тұлғаның байланыс деректері жазылған болуы тиіс;

  • брошюралар мен бюллетендер және өзге де басылымдар үшін – әрбір басылымның бір данасы, кімге таратылғаны жазылған тізім, оқырмандар мен сарапшылардың пікірлері;

  • деректер базасы мен компьютерлік мұрағат электронды тасымалдағыштарда тапсырылады;

  • Жоба туралы немесе жоба аясында шыққан БАҚ-дағы барлық жарияланымдар үшін — мақалалардың, аудио немесе бейнежазбалардың көшірмелері;

  • Жобаның мазмұны бойынша фотосуреттер мен өзге де ақпараттар. ция по содержанию проекта.




Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет