Глоссарий

Loading...


бет1/3
Дата22.01.2017
өлшемі0.5 Mb.
  1   2   3

Глоссарий


 

Білім беру философиясы - мәдени ортада адамның ақыл-ойы мен адамгершілік дамуы қалай жүретінін және бұл процеске білім беру жүйесі қалайша әсер ететінін қарастырады.

Білім беру ұғымы процесс ретінде бұл тұлғаның жетістікке жетуі үшін арнайы ұйымдастырлған оқу-тәрбие процесі,  яғни педагогикалық процесс. Ол мұғалімнің сабақ беруі мен оқушының оқу арқылы жүзеге асады.

Білім беру ұғымы нәтиже ретінде ол тұлғаның жеткен жетістігі, жинақтаған білімдері, іскерліктері, дағдылары, яғни жинақтаған әлеуметтік тәжірибесі.

Білім беру ұғымы жүйе ретінде бұл азаматтарға жетістікке жету үшін және педагогикалық процесті жүзеге асыратын арнайы ұйымдастырылатын әлеуемттік жүйені атаймыз.

Білім беру жүйесі ол арнайы ұйымдастырылған, тарихи қалаптасқан оқу-тәрбие мекемелерінің және оқу бағдарламаларының жиынтығын атаймыз.

Педагог – бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын қызметкерлер.

Педагогтар -  құл иеленушінің баласына жауапты құлдардың атауы (грек тілінен аударғанда баланы жетелеп жүруші құлдар дегенді білдіреді) Грек қоғамындағы ауқатты шенеуліктердің баласының тәрбиесімен айналысатын адамдар.

Дидаскалар - оқыту ісімен айналысқан ежелгі грек мұғалімдері.

Педотриб – палестра (спорт) мектебінің мұғалімінің атауы, яғни қазіргі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Педаном – Спарта полисіндегі мемлекеттік тәрбие мекемесінің басшысы (Спарта - ежелгі грек полисі).

Педагогикалық іс-әрекет – аға ұрпақтың жас ұрпаққа адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені беруіне бағытталған, олардың тұлғалық дамуына жағдай жасап, қоғамда белгілі бір әлеуметтік рольдерді орындауға дайындайтын әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрі.

Конструктивті іс-әрекет педагогикалық іс-әрекеттің жобаларын, жоспарларын құрастыру түрінде жүзеге асатын іс-әрекет.

Коммуникативті іс-әрекет педагогикалық процеске қатысушылармен қарым-қатынас орнатуға бағыттылған іс-әрекет.

Тәрбиелеу іс-әрекеті - бұл оқушыларға адамзат баласы жинақтаған әлеуемттік тәжірибені мақсатты түрде алмастыруға және олардың тұлалық сапаларын, қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет түрі.

Оқыту іс-әрекеті - бұл мұғалімнің оқушылардың бойында білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға және ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған, олардың танымдық іс-әрекеттерін басқаратын іс-әрекет түрі.  

Педагогтың кәсіби құзыреттілігі деп педагогикалық  іс-әрекетті атқару үшін қажетті теориялық және практикалық дайындық және ол мұғалімнің кәсіби профессионализімін білдіреді.           (В.А.Сластенин)

Педагогикалық іскерлік – бұл теориялық білімге негізделген және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны дамытуға бағытталған, автоматтандырылған бірізді жүзеге асатын әрекеттердің жиынтығы (В.А.Сластенин).

Педагогикалық іскерлік – мұғалімнің әр түрлі әрекеттерінің жиынтығы, ең бастысы олар педагогикалық әрекет функцияларына сәйкес, белгілі бір мөлшерде мұғалімнің жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтайды (В.А. Мижериков).

Рефлексивті іскерлік педагогтың өзіне және өз іс-әрекеттеріне бағытталған бақылау-бағалау іс-әрекетін жүзеге асыратын іскерлік түрі. Рефлексия сөзі латын тілінен аударғанда өткенге қайта оралу дегенді білдіреді.

Ақпараттық іскерлік – оқу материалын түсіндіру, оны алу және өңдеу әдістерімен байланысты қолданылатын іскерлік.

Перцептивті іскерлік – қарым-қатынаста басқаларды қабылдау, түсіну түрінде көрініс табатын іскерлік.

Педагогикалық техника мұғалімнің өзін-өзі басқара алу және өзара әрекеттесу іскерліктерінен құралады. Педагогикалық техника мұғалім іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы көрінісінің үйлесімді жарасымдықта болуына ықпал етеді.

Мотивация ұғымын ғалымдар “тұлғаның мінез-құлқы, іс-әрекетінің сипаты, бағыты, мазмұнын білдіретін мотивтер жиынтығы деп атайды (Н.И.Конюхов).

Үздіксіз педагогикалық білім беру – нақты педагогикалық іс-әрекетке дайындау  және тұлғаның білім беру қажеттеліктерін өтеу мақсатындағы педагогикалық білім беру мекемелерінің атқаратын іс-әрекеті.

 
Пән бойынша дәріс тезистері.


Тақырып 1. Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және дамуы
Тақырып 1.1. Ежелгі дәуірдегі педагогикалық мамандық және мектеп ісінің дамуы Дәріс мақсаты: Педагогикалық мамандықтың пайда болуы жайлы көзқарастарын қалыптастыру.
Тақырыпқа арналған сұрақтар:

1. Ежелгі дәуірдегі тұрмыстық жағдайда мектептің пайда болуы

2. Ежелгі Египеттегі мектептердің пайда болуы.

3. Ежелгі Грецияда мектептердің пайда болуы.

4.Ежелгі Рим мектептерінің пайда болуы

 

Педагогикалық мамандықтың пайда болуының объективті негіздері бар. Жас ұрпақ аға ұрпақтың сан ғасырлар бойы жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін шығармашылықпен игеріп, оны пайдаланбаса, қоғам одан әрі дамамас еді.



Ежелгі дәуірде еңбек бөлінісі болмаған кезде қоғам мен тайпаның барлық мүшелері балалар мен үлкендердің барлығы тамақ табуға, өздерін-өздері қорғауға бірдей қатысуға міндетті болды. Адамзат біртіндеп жинақтаған тәжірибесін жас ұрпаққа еңбек арқылы беріп отырды. Балар ерте жастан бастап әр түрлі еңбек іскерліктері мен дағдаларын игерді. Қоғамда еңбек құралдары жетіле бастағандықтан еңбек бөлінісі пайда болып, тәжірибені беру ісімен қарттар айанылса бастады. Олар балаларға қарап,  қарапайым тұрмыстық тәжірибені жеткізіп отырды. Осылайша, алғаш рет адам тәрбиешісі мамандығы пайда болды.  Тәрбиеші мамандығы кейін мұғалім мамандығана ауысты. Мұғалім мамандығы қоғамдық дамудың объективті қажеттіліктерін өтеу үшін пайда болған көне мамандықтардың бірі.

Адамзат баласы өзінің жинақтаған тәжірибесін келер ұрпаққа жеткізіп отырмаса, даму процесі болмас еді. Сондықтан да қоғам алдында тәрбиеші мамандығына деген қажеттіліктер туындады. Алғашқы мұғалімдер қызметін ақсақалдар, тәрбиелі адамдар атқарды.

Мектептің әлеуемттік институт ретінде пайда болуы және дамуына мәдениеттің дамуы (жазу, санаудың пайда болуы) ықпал етті.

Алғашқы мектептер туралы жазбаша деректер б.з.б. 2500 жылы Египет жазбаларында кездеседі. Алғашқы мектептер ежелгі шығыс елдерінде – Вавилон, Ассирия, Египет, Үндістан, Қытай және т.б. елдерде пайда болды. Бұл елдерде арифметика, геометрия, астрономия, медицина ғылымдарының негіздері пайда болды. 

Ежелгі Египетте мектеп отбасылық институт ретінде пайда болды. Сондықтан отбасындағы әке беделі жоғары болды. Әке өзінің мамандығына баласын үйретті, баласы кейін оның орнын басты.

Білім алу көп еңбекті талап етті. Мектептегі сабақтар таңертеңнен кешке дейін жүргізілді. Тыңдамағандарды қатаң жазалады. Білім алу тек ауқатты адамдардың балалары үшін ғана мүмкін болды.

Ежелгі Египетте төмендегідей  мектеп түрлері болды:

1. Отбасылық мектептер

2. Храм жанындағы мектептер

3. Патша сарайы жанындағы мектептер

4. Жазғыштар, қолөнершілер мектептері

Ежелгі өркениет орталықтарының тал бесігі болған мемлекеттің бірі –Греция. Ежелгі Грецияда білім беру ісі бір жүйеге келтіріліп, баланы оқыту ісімен айналысатын арнайы педагогтар қызмет етті. Педагог сөзінің өзі грек тілінен шыққан. Грек тілінде «Paidos» - бала, «ago» - жетелеу сөзі, яғни баланы жетелеуші, баланы өмірге дайындаушы, тәрбиелеуші деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз алғашында грек қоғамындағы ауқатты құл иеленушілердің баласын қарайтын құлдарға қатысты айтылып, кейін бұл ұғымның мағынасы кеңейіп, қазіргі уақытта барлық мұғалімдерге қатысты қолданылады.

Ежелгі Греция жерінде білім беру жүйесі бірнеше деңгейлерден тұрған.

Бастауыш білім ақылы жеке меншік мектептер, яғни Мусикалық мектептер  және Гимнастика (Палестра) мектептерінде берілді. Мусикалық мектептерде оқушылар 7-16 жасынан оқыса, гимнасиялық мектептерде 12-16 жастағы жасөспірімдер оқыды. Мусикалық мектептерде әдеби және музыкалық білім берілді.

Палестра мектептерінде дене тәрбиесі маңызды орында болды. Оқушылар жүгіру, күрес, секіру, диск лақтыру, найза лақтыру, қылыштасу өнерін игеруі тиіс болды. Бастауыш білімді алу барысында оқушылар кифаристер мектебіне де барып жүрген. Кифаристер мектебі – бұл өнер мектебі. Оқушыларды музыка, би, ән айту өнеріне үйреткен.

Мусикалық және палестралық мектептерді бітірген жасөспірім білім берудің келесі баспалдағы қоғамдық мекеме гимнасияға  өтті. Б.з.б.V- ІV Афиныдамынадай гимнасиялар жұмыс істеді - Академия, Ликей, Киносарг. Бұл мектептерде 16-18 жастағы жеткіншектер оқыды. Гимнасияда атақты саясаткерлер мен философтардан дәріс алуға мімкіндік болды.

Сапалы білім алу мен тәрбиенің келесі кезеңі – эфебия болды. Онда 18-20 жастағы балалар оқыды. Эфебия қоғамдық мекеме ретінде жұмыс істеп, онда мемлекетке қызмет жасайтын оқытушыларды, әскери істі үйретті.

 Грецияда қыздардың тәрбиесі отбасында жүргізілді, олар қарапайым жазу, оқу, музыкалық дайындық білімін ғана алды.

Грецияда білім беру және тәрбие ісімен айналысушылардың атауы әр түрлі болды, оларды  келесідей атады:



Пайданомдар- балалардың алғашқы  тәрбиешілері, жазуға, оқуға, санауға үйретті.

Педагогтар-  баланы жетелеп жүруші құлдар, ауқатты шенуліктердің баласының тәрбиесімен айналысатын адамдар.

Дидаскалар- Оқыту ісімен айналысқан мұғалімдер.

Педотриб – палестра мектебі мұғалімінің атауы, яғни қазіргі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Педаном – Спарта полисіндегі мемлекеттік тәрбие мекемесінің басшысы. 

Ежелгі өркениет орталықтарының бірі – ежелгі Рим.  Б.з.б. 2 ғасырда Рим Жерорта теңізі  жағалауындағы елдерді  жаулап, ол жерлерде мәдениет, ғылым, өнерді дамытуға ықпал етті. Ежелгі Римде мектеп ісінің дамуын императордың өзі бақылап отырды. Юлий Цезарь тұсында мұғалімдер мемлекеттік қызметкер атағын алып, мемлекеттен жалақы алып отырды. Ежелгі Рим жерінде грамматикалық және риторикалық мектептер тарады.

Грамматикалық мектептерде 11-15жастағы ұлдар оқытылды.Оларға гуманитарлық білім берілді. Бұл мектептің мұғалімдерін грамматиктер, литераторлар деп атады.

Ал, риторикалық мектептер – шешендік өнер мектебі. Оған 13-19 жастағы ұлдар қабылданып, жалпы гуманитарлық білім берілді. Бұл мектеп мемлекет үшін қызмет ететін шенеуліктерді дайындады, оған тек ақсүйектердің балаларын ғана қабылдады. Риторикалық мектеп мұғалімдерін риторлар деп атады.

 

Бақылау сұрақтары: 


  1. Тәрбиеші мамандығы кейін мұғалім мамандығана қалай ауысты?

  2. Ежелгі Египетте қандай  мектеп түрлері болды?

  3. Педагог сөзінің мағынасын ашып көрсетіңіз

  4. Ең алғаш мектептер қай жерлерде пайда бола бастады?


Негізгі әдебиеттер:

1. Мижериков В.А., Ермоленко М.Н. Введение в педагогическую деятельность: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений.-М.: Педагогическое общество России, 2002.-208с.

2.    Батурина Г.И., Кузина Т.В. Введение в педагогическую профессию.-М., 1999.-228с.

3.     Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Мамандыққа кіріспе – М.: Педагогика, 1990.- 144с.

4.     Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с.
Қосымша әдебиеттер:

5.       Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студентов педагогических ВУЗов: в 2 кн.- М.: Гуманит.изд.центр-Владос, 1999.- Кн.1:Общие основы.-576с.

6.       Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Оқу құралы.-Алматы: 2006.- 480с.

7. Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования.- М.: Просвящение, 1990.- 141с.

8.     Багаева И.Д. Учителю о профессионализме педагогической деятельности и путях его формирования.- Гомель, 1989.- 90с.

9.  Станкин Н.И. Профессиональные способности педагога: Ахмеология воспитания и обучения.- М.: Мосвовский психолого-социальный институт; Флинта, 1998.- 368с.

10.  Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Педагогическое творчество. – М.: Педагогика, 1990.- 144с.

11.  Боршова С.Г. Молодой учитель. Труд.Быт.Творчество.М.:1999


Тақырып 1.2. Орта ғасырлардағы мұғалім мамандығының дамуы

 Дәріс мақсаты: Орта ғасырлардағы мектептердің ерекше орны жайлы ақпараттар беру.



Тақырыпқа арналған сұрақтар:

  1. Орта ғасырлардағы мектеп типтері

  2. Орта ғасырлардағы тәрбие түрлері

  3. Орта ғасырлардағы алғашқы оқу орындары

Орта ғасырларда білім беру ісінің дамуы батыс және шығыс өркениеттерде әр түрлі деңгейде болды.  Батыс елдерінде христиан шіркеуі мемлекеттік істерге араласып, діни тәрбие жүргізілді. Дін өз ықпалын жоғалтып алмау үшін ғылым ісінің дамуына шектеу қойып отырды.

 Орта ғасырларда батыс елдерінде келесідей мектептің  типтері болды: монастрлік, соборлық, приходтық.  Бұл мектептерде мұғалім қызметін монахтар атқарады. Білім беру ісі адамдардың қоғамдағы әлеуметтік жағдайларына байланысты, таптық сипатта болды. Оқыту жекелей, топтық оқыту арқылы іске асты. Мұғалім әрқашанда оқушыдан жоғары тұрды. Сабақ беру барысында оқушылар қателік жасаған жағдайда оларды жазалауға да жол берілді. Шіркеулік мектептерде «жеті еркін өнер» деген пәндер жүйесі оқытылды. Ол екі бөліктен тұрды: тривиум пәндері, оған грамматика, диалектика, риторика пәндері кірсе, квадривиум пәндеріне арифметика, геометрия, астрономия, музыка кірді.

Орта ғасырлық қоғамда серілік (рыцарьлық) тәрбие ерекше орынды алды. Сері атағын алу үшін 7 жастан 21 жасқа дейін әр түрлі білімдерді игеру қажет болды. Серілік мектебі «Жеті серілік игіліктерден» құралды: өлең құрастырып, ән айту, шахмат ойнай алу, қылыштасу, аң аулау, найза, қылыш, қалқан ұстай алу, жүзу, ат құлағында ойнау сияқты жауынгерге қажетті іскерліктерді меңгеруі тиіс еді. Сері тәрбиесімен феодал және оның әйелі айналысты. 21 жасқа толғанда арнайы сынақтан өтіп, өз атағын алуы тиіс болды.

ХІІІ ғасырдан бастап еуропа жерінде алғашқы жоғары оқу орындары пайда болды (Оксфорд, Кембридж, Сарбона және т.б. университеттер). Орта ғасырлық университетте дін, медицина, заң факультеттері жұмыс істеді.

Орта ғасырлардың соңына қарай қоғамның, сауда ісі мен қолөнердің дамуына байланысты діни сипатағы білім адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырмады. Сондықтан мектептің жаңа типтері - қала мектептері пайда болды. Қала мектептеріне шеберханалық және гильдейлік мектептер бірікті. Шеберханалық мектептер қолөнершілерді дайындап, онда мұғалім қызметін шебер атқарды. Ал гильдейлік мектептер сауда ісімен айналысушыларды дайындады.

Шығыс қоғамында білім мен ғылым ісінің дамуына жақсы көңіл бөлінді. Орта ғасырлық шығыс елдерінде ғылымның әр саласы дамып жетілді. Әсіресе, математика, геометрия, физика, астрономия, география, медицина, биология, философия, тарих, тіл және т.б. салалары дамыды. Шығыс қоғамында да діни сипаттағы білім беру мекемелері болды. Бірақ дін ғылымның дамуына батыс қоғамындағыдай шектеу қоймады.

Қазақстан жерінде мектеп қызметін медреселер атқарды. Қазақстан жерінде мұғалімдік қызметпен орта ғасырларда молдалар, ишандар, ақсақалдар, тәжірибелі оқыған адамадар айналысты. Қазақстан жерінде де басқа мемлекеттердегідей білім беру ісі жолға қойылып, ғылымның дамуына жағдай жасалды. Оған қазақ жерінен табылған әр түрлі археологиялық ескерткіштер дәлел болады (Отырар кітапханасы, ескі қала орындары, көне кітаптар, ғалымдардың еңбектері т.с.с.).


 Бақылау сұрақтары: 

  1. Орта ғасырлардағы мектеп типтері қандай?

  2. Серілік тәрбиеге сипаттама бер

  3. Алғашқы оқу орындары қай жерлерде пайда бола бастады?

  4. Орта ғасырлардағы мектеп қызметкерлері


Негізгі әдебиеттер:

1.     Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с.

2. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. Ин-тов/ Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, Д.И.Гришин и др.-М.: Просвещение, 1988.-208с.

3. Кукушкин В.С. Введение в педагогическую деятельность: учебное пособие.-М.-2005-256с



Қосымша әдебиеттер:

4.  Ершов П.М., Ершова А.П., Букатов В.М. Общение на уроке, или режисура поведения учителя.- М.: Московско психолого-социальный институт, Флинта, 1998.- 336с.

5.  Жармекова Г.С. Культура профессионально-педагогического общения будущего учителя (учебное пособие).- Алматы; Издательский дом КазГЮУ, 2002.- 120с.

6.  Елканов С.Б. Основы профессионального самовоспитания будущего учителя – М., 1989

7.  Львова Ю.А. Творческая лаборатория учителя. М., 1985

Тақырып 1.3. Жаңа дәуір мен қазіргі заманғы білім беру ісінің дамуы

 Дәріс мақсаты: Жаңа дәуір мен қазіргі замаңғы білім беру ісінің айырмашылықтарын ашып көрсету.



Тақырыпқа арналған сұрақтар:

  1. Капитализм дәуіріндегі мұғалім мамандығының алған орны

  2. Ресей мен Қазақстан жеріндегі оқу орындар

  3. Қазақстандағы жоғары оқу орындары

 

Капитализм дәуірінде мұғалім мамандығы бұқаралық мамандыққа айналды. Яғни, арнайы білімі бар кез-келген адамның мұғалім болуына мүмкіндік жасалды. ХVІІ ғасырда педагогика ғылымы философилық ғылымдар жүйесінен бөлініп шығып, өз алдына жеке ғылым ретінде қалыптасты. Педагогика ғылымының негізін салушы чех педагогы - Ян Амос Коменский.  Я.А. Коменский педагогика ғылымын жеке ғылым ретінде дәледеп, оның теориялық негіздерін жасады. Кейін оның ісін белгілі педагогтар И.Г. Пестолоцци, А. Дистервег, И.Гербарт, Дж. Локк, Д. Дьюи, К.Д. Ушинский, А.С.Макренко, В. Сухомлинский, Н.К. Крупская және т.б. жалғастырды.

ХVІІІ ғасырдың соңында Ресейде педагогикалық білім берудің пайда болуына және дамуына байланысты мұғалім мамандығына қойылатын кәсіби талаптар жүйесі анықталды. Ресейдегі алғашқы мұғалімдер даярлайтын оқу орны 1779 жылы Мәскеу университеті жанынан мұғалімдер семинариясы ашылды. Семинария бастауыш пән мұғалімдерін дайындады.

1804 жылы алғашқы педагогикалық университет ашылды.  ХІХ ғасырда арнайы білім алған мұғалімдер қызмет жасай бастады. Олар ауқатты адамдардың үйлерінде және медрселерде бала оқыту ісімен айналысты.

Қазақстан жерінде жаңа дәуірде мектеп ісі біршама қарқынды дамыды. Әсіресе, ХІХ ғасырда елімізде ағартушылық идеялардың кең таралуына байланысты және Ресей империясының отаршылдық саясатының нәтижесінде мектептер ашылып, халықты сауаттандыру ісі жолға қойылды (орыс тіліндегі мектептер негізінде). Ресей империясының орыс тілдік мектептерінде елді басқаруға көмектесетін төменгі буын басшыларын дайындайтын мамандарды, тілмаштарды әзірлеуге көңіл бөлді. Сонымен бірге,  қазақ тілінде және аралас тілде оқытытатын мектептер де болды. Мысалы, ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің Торғай жерінде ашқан мектептері қазақ және орыс тілінде сабақ берді. Бұл мектекптерде мұғалімдік қызметті Ресейлік мұғалімдер даярлайтын семинарияларды аяқтаған мамандар және сауатты, білімді мамандар атқарды.

Қазақ жерінде, сонымен бірге, діни сипатта оқытатын медереселер де кең тарады. Бұл мектептер тек дін сабақтарын оқумен ғана шектеліп қалмады. Олар зайырлы пәндерді де оқытып, балаларды шығыс және батыс өркениетінің жетістіктерімен таныстырды.

ХХ ғасырдың 20-30 жж. Қазақстан жерінде жоғары оқу орындар ашыла бастады. Алғашқы мұғалімдер даярлайтын жоғары оқу орны 1928 жылы Алматы қаласында ашылды - Киров атындағы педагогикалық институт (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университеті). Ал еліміздің облыс орталықтарында жоғары оқу орындар жүйесі 1940-1950 жылдары қалыптасты. ХХ ғасырдың 80-жылдары педагогикалық институттарда мұғалім қызметіне қосымша мамандандырулар беріле бастады, мысалы екінші бір пәннің мұғалімі т.с.с.

Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздегі педагогикалық институттар университеттер болып қайта ашылды. Олар ендігі кезекте тек мұғалім мамандықтарын ғана емес, қоғамға қажетті басқа да маман иелерін дайындай бастады.

Шығыс Қазақстан жеріндегі мұғалімдер даярлайтын жоғары оқу орны 1952 жылы Өскемен қаласында Өскемен педагогикалық институты ашылды. Ол 1991 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті болып ауыстырылды. Бүгінгі күні бұл университет мектепке қажетті барлық пән мұғалімдерін даярлау ісімен айналысады. Университетте мектептке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогтарымен қатар, бастауыш сынып және орта мектеп пән мұғалімдерін даярланады.
  Бақылау сұрақтары: 


  1. Капитализм дәуіріндегі мектептер

  2. Қазақ жеріндегі оқу орындарды ата

  3. Ресей жеріндегі оқу орындарды ата


Негізгі әдебиеттер:

1.    Батурина Г.И., Кузина Т.В. Введение в педагогическую профессию.-М., 1999.-228с.

2.     Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Мамандыққа кіріспе – М.: Педагогика, 1990.- 144с.

3.     Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с.

4. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. Ин-тов/ Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, Д.И.Гришин и др.-М.: Просвещение, 1988.-208с.
Қосымша әдебиеттер:

5.  Педагогика. – Алматы, 2003

6.  Ушан А.Н. Дидактическая подготовка будущего учителя: технологический подход.- М., 1993

7.  Учителю о педагогической технике / под ред. Л.Н.Рубинского.- М., 1987

8.  Кондратеньков А.В. Труд и талант учителя: факты, мысль. М., 1989

9.       Әбиев Ж. Педагогика. Алматы., 2004.

10. Харламов И.Ф. Педагогика:Учебник для вузов.-Мн.,2000.-560с.
 Тақырып 1.4. Мұғалімге қойылатын талаптар

 Дәріс мақсаты: Қазіргі заманға сай мұғалімдерді сипаттап беру



Тақырыпқа арналған сұрақтар:

  1. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар

  2. Педагогикалық қабілет

  3. Мұғалімге ата-аналар тарапынан қойылатын талаптар

 

Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар жиынтығын педагогикалық іс-әрекетке кәсіби дайындығы анықтайды. Кәсіби дайындық өз кезегінде психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, теориялық, практикалық дайындықтардан құралады. Мұғалімнің кәсіби дайындық жүйесі кең ауқымды болғандықтан мұғалімге қойылатын талаптар да өте көп.

Мұғалімге қойылатын талаптарды шартты түрде үш топқа бөліп көрсетуге болады: жалпы адамзаттық талаптар, мұғалім мамандығының ерекшелігін анықтайтын талаптар, пәні бойынша білім, іскерлік, дағдылары. Жалпы адамзаттық талаптарға мұғалімнің адамгершілігі, қайырымдылығы, әділеттілігі, инабаттылығы, әдептілігі және т.б. жатады. Ал мұғалім мамандығының ерекшелігіне байланысты талаптарға мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің болуы, коммуникативтілігі, шыдамдылығы, ұйымдастырушылық қабілетінің болуы, шығармашылық іскерлігінің болуы, жауапкершілігі, үнемі үлгі-өнеге болуы және т.б. кіреді. Ал үшінші топ бойынша мұғалімнің терең теориялық білімінің болуы, педагогикалық-психологиялық білімдерінің болуы, әдістемелік білімдерді игеруі және т.б. өзіне меңгереді.

Педагогикалық талаптарды анықтауда педагогикалық қабілеттердің алатын орны ерекше. В.А. Крутецкий дидактикалық, академиялық, коммуникативті қабілеттерді көрсетеді. Ал зерттеуші А.И.Щербаков негізгі педагогикалық қабілеттерге дидактикалық, конструктивті, перцептивті, коммуникативті, ұйымдастырушылық қабілеттерді жатқызады.

Мұғалім мамандығы тек әлеуемттік тәжірибені алмастырушы ғана мамандық  емес, ол тұлға қалыптастырушы, адамды адам ретінде тәрбиелейтін мамандық. Сондықтан мұғалім тұлғасында мынадай қасиеттер болуы керек:

- жоғары азаматтық жауапкершілік және әлеуеметтік белсенділік;

- балаға деген сүйіспеншілік, оларға өз жүрек жылуын сыйлауға деген қажеттілігі мен қабілетінің болуы;

- шынайы зиялылық, рухани мәдениет, басқа адамдармен жұмыс жасауға деген ұмтылысының және іскерлігінің болуы;

- жоғары кәсіби шеберлік, ғылыми-педагогикалық ойлаудың инновациялық стилі, жаңа құндылықтар тудыруға және шығармашылық шешімдер қабылдауға дайындық;

- үнемі өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілігі мен дайындығының болуы;

- психикалық және физикалық денсаулығы, кәсіби жұмыс жасауға қабілеттілігі және т.б.

Мұғалімге қойылатын талаптарды анықтауда мұғалімнің бағыттылығы да маңызды роль атқарады. Мұғалім тұлғасының құрылымында кәсіби-педагогикалық бағыттылық маңызды орын алады. Негізгі педагогикалық бағыттылықтардың бірі мұғалім мамандығына деген қызығушылығының және педагогикалық призваниесінің болуы. Педагогикалық призвание негізі мұғалімнің балаға деген сүйіспеншілігі құрайды. Бұл негіз құрайтын сапа мұғалімнің өзін-өзі дамытуының және кәсіби маңызды сапаларды мақсатты түрде дамытудың алғышарты болып табылады. Мұғалімнің негізгі сапаларының қатарынан педагогикалық парыз және жауапкершілікті ерекше атап өту керек. Педагогикалық парызды басшылыққа ала отырып мұғалім үнемі балаға қамқорлық жасауға ұмтылады.

Мұғалімге оқушылар, ата-аналар тарапынан қойылатын субъективті талаптар да бар. Оларға мыналар жатады:

- балаға деген сүйіспеншілік;

- эмпатия;

- қарым-қатынасқа жылдам түсе алу,

- ізгіліктілік;

- талап қоя алушылық;

- қайырымдылық;

- рухани байлықтың болуы;

- әділеттілік;

- өз сөзінде тұра алу және т.б.


 Бақылау сұрақтары: 

  1. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар жиынтығын атап көрсет

  2. Мұғалімге қойылатын талаптарды шартты түрде қандай топқа бөліп көрсетуге болады?

  3. Мұғалімге оқушылар, ата-аналар тарапынан қойылатын субъективті талаптарды ата?


Негізгі әдебиеттер:

1.     Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с.

2. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. Ин-тов/ Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, Д.И.Гришин и др.-М.: Просвещение, 1988.-208с.

3. Кукушкин В.С. Введение в педагогическую деятельность: учебное пособие.-М.-2005-256с



Қосымша әдебиеттер:

4.  Кондратеньков А.В. Труд и талант учителя: факты, мысль. М., 1989

5.       Әбиев Ж. Педагогика. Алматы., 2004.

6. Харламов И.Ф. Педагогика:Учебник для вузов.-Мн.,2000.-560с.

7. Рыданова И.И. Основы педагогики общения.- Мн.:Беларуская навука,1998.- 319с.


: ebook -> umm
umm -> Тарау Пән бойынша глоссарий Тарау Лекциялардың қысқаша конспектісі Тарау соөЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар Тарау СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар Тарау Бақылау – тексеру құралдары. Тарау Пән бойынша глоссарий
umm -> «Қазақ тілінің стилистикасы» ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар семей 2015 Мазмұны
umm -> Әбікенова Гүлнат Төкенқызы Когнитивті лингвистика
umm -> Үш әулетті отбасы: ата-ана, бала, немере; Үш әулетті отбасы: ата-ана, бала, немере
umm -> ПОӘК 042-18 35/03-2015 №1 баспа 11. 06. 2015ж
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> 1 Менеджмент туралы түсінік Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып
umm -> Мемлекеттік басқару проблемаларын жете түсіну үшін қазіргі менеджмент теориясының кейбір жайларын білу аса тиімді және қажет
umm -> Дәріс №1 Тақырыбы: Ежелгі елдердегі мемлекет және құқық. А курстың оқыту пәні және әдісі б ежелгі Вавилон


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...