Германиядағы иммигранттар мәселесі

Loading...


Дата07.09.2017
өлшемі134.56 Kb.
Германиядағы иммигранттар мәселесі
Аймахов Е.Н., тарих магистры, Нупинова Д., студент

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ.


Қазіргі жаһандық жағдайда адамдар қаржылар секілді тез орын ауыстырып тұрады. Бұрын болмаған мигранттардың ағымдары жақсы өмір іздеуде дамыған мемлекеттерге ұмтылып жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін миграция бұқаралық сипат алды және елеулі өзгерістер әкелді. Халықаралық деңгейде иммигранттар мәселесі өзекті мәселеге айналуына байланысты иммигранттар мәселесіне мемлекеттердің де ғалымдардыңда қызуғышылығы артуда, ал дамыған мемлекеттер оның ізінде Германия үкіметі иммигранттарға байланысты өткір және күрделі мәселелерді реттейтін және шешетін механизмдерді құрудың қажеттілігін түсінді. Германия сол кезден бастап, иммигранттар мәселесін бақылауға және реттеуге тырысты. Алайда тек бүгінгі күндерде бұл талпыныстар оң нәтижелер бере бастады. Германияда иммигранттардың мәселесі қазіргі танда өте күрделі мәселе болып тұр, әсіресе, ең алдымен мұсылман мемлекетерден көшіп келгендерге қатысыты.

Осы мақаланы жазуда біз өз алдымызға келесі мәселелерді қарастыруға мақсат қойдық :

1. Азаматтықты алудың қиындығы және оны алудың ұмтылысының төменділігі;


  1. Тұрғылықты немістер иммигранттардан оқшаулануы;

  2. Иммигранттардың мәдени факторы;

  3. Иммигранттардың әлеуметтік статустың төменділігі;

  4. Жасырын иммиграция.

1949 жылға дейін 12 млн.-ға жуық оралмандар Германияның негізгі төрт аймаққа қайтып оралды . 1950 жылы ГФР-ның 49 млн. тұрғындардан 8 млн. адамы қуғынға ұшырғандардан тұрды. Ал ГДР-да тұрғындардың бесінші бөлігін Шығыстан босқындар немесе қуғынға ұшырағандардан құрды (18 млн. адамнан 3,6 млн.). [1]

Жалпы Германия келісім-шарт бойынша уақытша жұмыс үшін маманданбаған және жартылай маманданған еңбек күштерді тартты. ГФР басқа батыс еуропалық мемлекттер секілді бұрынғыда отар мемлекттрге ие болмағандықтан, Түркиядан жұмыскерлердің импорттауына арқа сүйенді. 1961 жылы Батыс Германия Түркиямен еңбек күшті жалдау туралы келісімшартқа қол қойды. 1961 жылы ГФР-да 6.7 мың түріктер саналды , 1970 жылы олардың саны 429 мың, 1976 жылы миллионға жуық құрды , ал 90 жж. –дың ортасына екі миллионнан аса жетті [2, 51 б.]. ГФР 1960 жылы Испаниямен және Грециямен , 1965 жылы Туниспен және Мароккомен және тағы бір қатар мемлекеттермен келісімдерге қол қойды [3, 110 б.]. 13 жылдың ішінде – 1960 – 1973 жж. шет халықтың саны 686 мың адамнан 2,6 млн. адамға көбейді [1]. 1973 жылы бірінші энергетикалық дағдарыстан кейін, және сол себепті шыққан жұмыссыздықтан батыс еуропалық елдердің үкіметтері жұмыс күшінің иммграциясын тоқтатты, бірақ отбасы мүшелерінің біругу жобасын қолдады. Сонымен 1951- 2005 жж. шетел тұрғындардың саны 506 мың адамнан 7 млн. жуық адамға өсті [1] .

XX ғасырдың екінші жартысында Германия ешқашан «иммиграцияның мемлекет» болуға ұмтылған жоқ. Бірақ қоғамадағы болып жатқан үрдерістерге байланысты сондайға айналды және уақыт өте келе заңнама жағынан және институттрар жағынан талаптарға бейімделуге тура келді.

XXI ғасырдың басында германияның миграциялық және интеграциялық саясат туралы пікірталастардың ортасында 2005 жылы күшке енген, және 2007 жылы өзгертілген, Федеральді билікпен ұсынылған «Иммиграция туралы» заңға байланысты саяси және публистикалық дебаттар тұрды. Заң шығарушылар алғашқыда боп интеграцияны, қолдаудың әр түрлі шаралардың (тіл курстар , жалпы ақпарат ) көмегімен шешуге керек мәселе ретінде қарастырды. Содан басқа, федеральдік деңгейде Миграцияны және интеграцияны басқармасы (Нюрнбергте Миграцияның және босқындардың федеральдік ведомость (BAMF)) құрылды.

2004 жылдың заңның жобасынан канадтық үлгі бойынша жасалған, мигранттарды бөліп шығаратын баллдық жүйе жойылды. Өзгертулер миграциялық кеңес берген ғылыми консультацияларды да тиді. Нәтижесінде заң миграциялық ағымдарды бақылау функциясын орындауды тоқтатты. Бүкіл әлемде етек алған «ең жақсы бастар үшін күрес» контрпродуктивті салдарға әкелді, сондықтан 2008 жылы баллдық жүйені кіргізу және миграция пен интеграция бойынша тәуелсіз сарапшы кеңесті құру туралы пікірталастар қайтадан басталды. 2005 жылы «Иммиграция туралы» заң әр түрлі осал жерлерге қарамастан, Германияның иммиграцияны таныған ресми еместен ресмиге өтудің маңызды қадам болды [4].

Неміс азаматтың негізіне “қан құқығы” деген ұстаным жатыр. Ұлттың неміс үлгісі азаматтық негізінде емес, этникалық негізінде құрылады. Германяның заңнама бойынша оның территориясында тұған тұлға оның азаматы есептелмейді.. Азаматтық туралы заңнамасын жеңілдеткен 1999 жылы қабылданған заң бойынша, егер де ата – анасының біреуі Германияда заңды түрде 8 жыл өмір сүрсе, онда мемелкеттің территориясында тұған тұлға автоматты түрде азаматтықты алады.

Жақын-аралық уақытқа дейін неміс тегі жоқтылар Германияның азаматтықты алуға мүмкіндігі болған жоқ . Сондықтан иммигранттардың ұрпақтары өмір бойы Германияда өмір сүргеніне қарамастан азаматтары боп есепетелген жоқ. Осындай саясат сегрегацияға әкелді, яғни иммигранттық халықтың неміс азматтардан бөлінуіне. Неміс билігі, франсуз сияқты иммигранттарды уақытша жұмысшылар ретінде қарстыруына байлансыты , оларға өздерінің салт-дәстүрлерді және нормаларды қабылдауға міндеттілген жоқ еді. Бірақ сондай саясат алысқа бармады , әсіресе иммигранттардың жаңа ұрпақтары пайда болғаннан кейін. Германия өзінді иммигранттық мемелкет тануды қаламауы және мемлекеттің мақсатты әрекеттердің арқасында, оқшауланған иммигранттық қауымдардың пайда болуына әкелді [5, 53 б.].

ГФР –да сүретін түріктердің көбісі неміс паспортты алуды ұмтылмайды, өйткені түрік азамттықтан айырылғаннан кейін олар Түркияның кейбір құқықтардан айырылады. “Германияда өмір сүретіндер ГФР – ның азаматтылықты алуға бейтарапты, өйткені неміс паспорты оларға ешқандай пайда дәмеленбейді.”[6]. Тағы бір себеп, ол неміс паспортта этникалық тегінің көрсетілмеуі. Экпертшілердің көбісі бұл факт неміс азаматылықты алуға барлық құқық болғанына қарамастан, оны алуға қалайтындардың қатарын азайтты.

Deutsche Welle тұжырымдауы боыйнша, егер куәлікте ұлттық- этникалық текті көрсетсе , неміс азаматтылқты алуға ізденушілерді көбейетіні еді [7].

Мемелкетте өмір сүретін шетелдіктер азаматықты ала алды, сол үшін олар сәйкес өтінішті беру керек. Бірақ азаматтықты алу бір қатар шарттармен уағдаласқан. Мемелкетте кем дегенде 8 жыл өмір сүру керек және тұрақты баспана болу керек. Өзінді және отбасының мүшелерін өздігінен материльді қаматмасыз ету керек. Соттық болмағандық керек. Неміс тілді білуіне тест тапсыру керек, немесе интеграциялық курстарда не неміс мектепте оқу туралы расстаушы қағаз беру керек. Және ең соңғысы Германияның тарихын, мемлекеттік және өмірлік тәртібін білуіне 2008 жылдың 1 қыркүйекте енгізілген тестен өту керек. Көптеген мамандардың айтуынша дәл сол тест шетелдіктердің ГФР-дың азматтықты алуға келетіндерді қысқарқан негізгі себеп болып тұр. Бұл жағадайды осы көрсеткіштерден байқауға болады, 2000 жылы неміс паспорттарды 187 000 адам алды, 2007 жылы – 113 000, ал 2008 жылы – 100 мыңнан кем адам алды [8].

Араб мемлекеттерден, Шығыс және посткеңестік мемлекеттреден шыққандардың көбісі тұрғылықты немістердің жағынан өздерінді тең құқылы немістер ретінде танылмау мәселеге тап болады. Бұған себеп немістер өздерінді ерекше ұлт ретінде санауда жатыр. Моноұлттық мемлекетте ретінде , Гераманияда мемелкеттік тәнділік және этникалық шығу тектілік ұғымдардаң айырмашылығы жоқ., сондықтан немістер итальяндықтар, француздар, орыстар туралы айтқанда, бір уақытта азаматтық тәнділік және этникалық тектілік есептейді. Осындай көзқарас «топырақ және қан» ұстанымның күшті позициялармен түсіндіріледі, сондықтан тұрғылық немістер өздерінді «таңдамалы» қауымдастыққа жатқызады [9, 93б.].

Неміс азаматтықты алғанына қарамастан, олар өздерді неміс азаматтар деп сезбейді. Еңбек нарығында “екінші сұрыпты” немістер пайда болы. Федарльдік дискриминацияға қарсы басқармасының тапсырмасымен өткізілген зерттеу бойынша Германияның азаматтардың ,мысалы, түрік фамиялармен Мюллеров және Шмидовқа қарағанда жұмысқа кемірек шақырады. Еңбек рыногін зерттеу бойынша неміс институтты мынандай тұжырымдамаға келді, миграция тарихында тұлғаларға жұмысты табу мүмкіндіктері 14 % кем [10].

Теория бойынша әрбір иммигрант интеграцияға ұшыра алады, олардың көбісі қоғамның соңғы деңгейде қалуы тек қана оқу және басқа себептерге байланысты емес. Иммигранттардың көбісі тұрғылықты халықтан түрінен, мысалы, қараторы терімен ерекшеленеді. Және осындай сбептерге байланысты оларды әлеуметтік статусқа қарамастан бәрібір төменгі қоғамға жатқызады. Бұл барлығы қарама-қайшылықтардың тереңдеуіне әкеп соқтырып, иммигранттар әдейі бөліне бастайды. Ал исламдық саяси қозғалыстар бұл мәселелерді радикалді тәсілмен шешу үшін құрылады [2].

Тағы да бір қатар фактілерді келтіруге болады, мысалы , Алленсбахтегі халық санның Институттың мәліметтері бойынша, 55 % батыс немістер және 74% шығыс немістер мұсылман иммигранттар «әлеуметтік және қаржылық жағынан, олар экономикалық табыс әкелетіне қарағанда қымбаттырақ шығады» деп есептейді [11]. Және Bild газетінің сауалдамаға сәйкес Германияның 89 % тұрғындары социал-демокранттың, Неміс федеральдік банкінің бұрынғы мүшесі Т. Срацинның көзқарасын бөлуде. Ол өзінің “Германия самоликвидируется, или как мы ставим страну на карту” атты еңбегінде Германияның мұсылмандыру туралы, неміс халқының санның төмедеуін, және ұлттың деградациясын болжамдайды [12, 56 б.].

Әлеуметтік интеграцияның жолындағы тосқауылдардың себептердің бірін мәдени факторды айтуға болады. Әсіресе ол мұсылман иммиграннтарға қатысыты өзекті. Мемлекет дін жеке өмірдің сферадан шықпауын талап етеді . Бірақ ислам – ол өмір салты , ол діншіл адамның өмірдің барлық салаларын қамтиды, демек, жеке сферада оқшаулануға келмейді. Ал ол шешілмейтін қарама-қайшылықтарды тудырады.

Бірінші иммигранттар өмір сүретін мемлекеттің мәдени тәжірибиден қалай болса да құтыла алмады. Бірақ олардың екінші және үшінші ұрпақтар тек қана өзінің ата-ананың және туысқандардың әсерінен ғана әлеуметтенуден өтпейді. Олар мектептерде, колледждерде, басқа оқу орнындарда оқиды және оқу жүйесі арқылы өмір сүретін мемлекеттің мәдениетке қосылады. Олардың мәдени түрді гибритті ретінде сипаттауға болады. Олардың ата-анасын қабылданған мемлекетті өзінің отаны ретінде есептейді, ал өзінді тең құқылы азамат есептейді [2].

Еуропада мұсылмандардың болуы - өткен ғасырдың 60 – жылдары басталған Азиядағы, Африкадағы және Кариб бессейніндегі колония елдерінің көші-қон тасқының салдары. Бүгінгі демократиялық қоғамдардағы мұсылман азшылықтарының болуы айтарлықтай дәрежеде 1972 – 1974 жылдары еуропалық иммиграциялық саясатта ойламаған жерден болған батыл өзгерістердің салдары. Сол кезде еуропалық елдердің үкіметтері жұмыс күшінің иммиграциясын тоқтатты, бірақ отбасы мүшелерінің бірігу жобасын қолдап, Еуропаға мұсылмандардың одан әрі де келуіне ықпал етті. Бұдан кейін Еуропа елдерінде мұсылман отбасыларының орнығып, тамыр жаю процесі басталды. Мұсылмандардың еуропалықтармен жақынырақ түйісуі көбейген сайын мәдени және діни айырмашылықтардың шиеленісуі үдей түсті. Көп кешікпей мұсылманның иммигрант бейнесі пайда болды. Исламды бұлай теріс түрде көру қабылдаушы қоғамның санасында көмескілік пен қарама-қайшылықтар тудырады, олар бұдан әрі қарай тұрғылықты халық пен «шет елдіктердің» арасындағы, кейде күш қолдануға дейін апаратын қақтығыстарға итермелейді. Мұндай қарсы тұруға негіз болған жаңа жағдайда өзін мойындатуға қайсарлықпен тілек білдірген, тиянақтылық танытқан ислам діні. Уақыт өте келе мұсылмандар саяси тұрғыда белсенділік таныта бастады, әрі бұл белсенділік «екінші ұрпақтың» пайда болуына байланысты қосымша күшке ие болды. Мәселе экономикалық және діни шеңберден тез шықты, бүгін ол бәрінен бұрын саяси және мәдени таластардың арқауына айналды. Мигрант мұсылмандар мен қабылдаушы қоғамның арасындағы даудың негізі, мұсылмандардың батыстық-саяси өмірдегі тіршілік принциптерін түсінбеуден келіп тіріледі. Мұсылмандардың жаңа қоғамға мәдени және діни интеграциялануы Еуропада шешімін тапқан деген азаматтық міндеттер мен әлеуметтік парыз мәселелерін көтереді. Сондықтан исламның қазіргі таңдағы еуропалық процестерге әсеріне қарата айтқанда мұндағы проблемалардың мұсылмандар қоятын талаптарға байланысты екенін атап өту керек [13, 53 б. ].

Еуропалық мұсылмандар өз талаптарының ішінара орындалуына қол жеткізіп, өз күштеріне сенімді болған соң, салт – дәстүр қажеттіліктерімен байланысты талаптарын қоюды жалғастыра берді. Бұл жұмыс уақытында намаз оқуға да, рамазан айындағы жұмыс күнін қайта қарауға да қатысты болды. Одан басқа діни мейрамдар кезінде мұсылмандар өздеріне демалыс берілуін талап етті. Сондай-ақ жануарларды сою әдістеріне байланысты мәселе болды. Сонымен бірге мұсылмандық қауымдастықтар өздерінің зираттары болуына деген тілектерін білдірді, ал бұл болса, олардың өз елдеріне қайтқысы келмей-тіндіктерінің тағы бір белгісі еді. Бірақ бәрінен де мұсылмакндардың білім саласына қатысты талаптары көп болды. Көптеген ата-аналар өз балаларына ислам мен мұсылмандардың рухани құндылықтарына деген сыйлауды үйрететін білім беруді қалады. Мемлекеттік мектептер мұндай талапқа сәйкес келмейтін, сондықтан мұсылман мекткптерін ашу туралы талап туды. Қыздарға қатысты да мәселелер туындады, себебі кейбір ата-аналар өз балаларын аралас мектептерге беруден бас тартты немесе қыздарына гимнастикамен шұғылдануға және бессейінге баруға тыйым салды. Киім мәселесіне қатысты талаптар өз алдына жеке проблема болды. Мұсылман жастары мен мектеп мұғалімдердің арасында жастардың сунна дәстүрі бойынша сақал қою тілегіне байланысты дау-дамайдың болғаны белгілі. Мұны діни тұрғыдан түсінікті дегенмен, өз ерекшеліктерін бадырайтып көрсеткісі келу деп те түсінуге болады. Германияда, Австрияда және Бельгияда да исламнан сабақ беру мүмкіндік болғанымен, бұл елдерде көбіне оқытушылардың жетіспеушілігі білінеді. Германияда басты исламдық қоғамдардың талабы – діни мекемелер есебінде мойындалу (бұл салық төлеуден босатылады) – неміс қоғамының исламды өз орны бар және барлық жұрт мойындаған дін есебіне қабылдауға дайын еместігі фактісінің кедергісіне тап болады [13, 54 б.].

Германияда исламды мойындаудың күрделілігі институционалдық кедергілерге қарағанда қоғамдағы көңіл-күймен байланысты деген дұрысырақ.[13, 56 б.]. Себеп тек қана иммиграциялық шығуында ғана жатқан жоқ , сонымен көбінесе әлеуметтік- экономикалық статусында жатыр. Бірінші ұрпақтағы иммигранттар Германияға маманданбаған жұмыс күші ретінде келді , сондықтан көбінесе төмен төленетін қызметте жұмы істеді. Табыс алу мақсатымен келген жұмысшылар үшін статус маңызды болған жоқ , бірақ бір жола қалуға шешім қабылданғаннан қоғамның бір элементке айнала бастады және пирамиданың ең төменде қалды. Батыс қоғамдар жоғары әлеуметтік мобильділікке ие болғанына қарамастан, оның бүкіл жерде шектері бар. Ата-аналардың төмен статусы, кірістердің аздығы, кедей кварталдардың біреуінде өмір сүруі , әдетте онда иммигранттар өмір сүреді – бұл барлығы иммигранттардың балалардың жақсы оқу алуға мүмкіндіктерді төмендеттеді , демек, олардың әлеуметтік мобильділікке мүмкіндіктерді кемітеді. Олар не ата-аналар ретінде беделі төмен қызметтерде жұмыс істейді, не жұмысыздыққа ұшырайды.

ЕО-ның мүше-мемлекеттердің көбісі әлеуметтік теңдікті - иммигранттардың интеграция үшін бірінші шарт ретінде қарастыратыны кездейсоқ емес. Жеткілікті оқу деңгейі және жақсы жұмысты алуға мүмкіндігі сәтті интеграцияны қамтамасыз ету үшін маңызды алғышарттар болып табылады. Бұл екі фактордың болуы материалдық қауіпсіздіктің негізі ретінде бағаланады; әр түрлі әлеуметтік көмектерден тәуелсіз тұлға , қоғамның өмірге толық қатыса алады [2].

70 жж. мемлекет көбінесе жұмысшы иммигранттарды қаблданған еді . Ақырында иммигранттарды қабылдау отбасылардың қосылу және баспана беру жолмен бойынша жүрді. Жаңа келгендердің көбісі жұмысты табуға емес, ақшалай жәрдемақыға өмір сүруге тырысады. Нәтижесінде , қабылдайтын мемлекеттің экономикалық жүйесіне кері әсер етіп , иммигранттарға иждивенецтер ретінде жағымсыз катынасты тудырады.

Бірақ соғыстан кейінгі миграция әділетті, өзара пайдалы үрдіс болғанын, шетел жұмысшыларсыз Еуропа экономикалық өрлеуді іске асырылмас екенін, иммигранттардың арқасында “титулдық” ұлт кір, төмен ақылы қызметтерден азат еткенін туралы ұмытпағандары өте аз.

Қазір жаңа мыңжылдықтың ең маңызды міндеттерінің бірі Еуропада еркіндіктің, қауіпсіздіктің және тәртіптіліктің кеңістігін жасау болып тұрғанда, жасырын иммиграция тудыратын қылмыстың күшеюі жалпы саясат жасаудың, әсіресе ЕО шеңберінде, әрі біріккен шараларды қолданудың қажетілігін талап етеді. Жасырын миграция мәселелерін шешудегі жайбарақаттылықтың қауіптілігі Еуропада жүздеген мұсылмандардың қаза болуына алып келген көптеген елдердегі террорлық актілерден кейін ерекше айқын болды. Жасырын миграция халықаралық терроизмнің таралуының мүмкін жолдарының бірі екенін қарастыру жиіледі. Одан басқа жылдардағы қайғылы оқиғалар жеке тұлғаның еркіндігі мен қауіпсіздік дәстүрін терең меңгергені сонша, қауіпсіздік, оның ішінде П.Вирильо «қауіпсіздіктің қоғамы» деп аталған қоғамның шын мәнінде толық әрі аяқталған түрі өз бейнесін тапқан Еуропаның ең басты мәдени құндылықтарының біріне айналды. Егер 1990 жылдардың бас кезінде таңдау еркіндіктің пайдасына шешілген болса, енді еуропалықтар қауіпсіздікке жиірек ден қояды. Басқаша айтқанда, жасырын иммиграция ұлттың да, жеке бастың да қауіпсіздік деңгейіне шындап әсер етеді. Жасырын миграцияны қысқарту мен жалпыеуропалық миграция саясатын үйлестіру жолында 2002 жылы Испанияда (Сельвия қаласы) өткен ЕО саммиті маңызды қадам болды. Онда Еуропа елдерінің экономикалық дамуына қажеттіліктермен тығыз байланысты Еуропадағы жасырын миграциямен күрестің негізгі бағыттары айқындалды. Жасырын иммиграцияға қарсы тұрудың жемісті болуы үшін жасырын келушілердің адам айтқысыз тасқынын тоқтатуға не шектеуге тиімдірек механизимдер қажет, ал иммигранттардың және, ең алдымен, қашқындардың отанына оралу процесінің жеңілдетілуіне бағытталған шаралардың жиынтығы керек [13, 50-51 б.].

Қазіргі жағдай. 2010 жылдың 7 шілде тапсырылған Федеральді статистикалық мекеменнің мәліметтері бойынша ГФР-дың азаматтығын қабылданған шетелдіктердің саны өсті. Дегенмен , Британдық кеңеспен көрсетілген зерттеудің нәтижесінде , Германия интеграцияның деңгейі бойынша 31 мемлекеттердің тізімнен ортасында болды.

Интеграциялық саясаттың салыстырмалы анализде еңбек нарықта мигранттардың мүмкіндіктерді бақылайтын әр түрлі мемлекеттердің заңдарын, бір жерде тұруға белгі қағазды және азаматықты алуды, оқуды , және де мигранттардың мемлекетте саяси өмірге қатысуын ескереді. Германияда азаматтықты алудың жақсы жүйесі бар, ГФР-дың мигранттары еңбек нарықта интеграциялануға ұсыныстар алады.

Германия Гидо Янзеннің анықтамасы бойынша тізімнің “алтын ортасында” болды, ЕО-ның 27 мемлекетті арасында 12 орынға иеленді. Сарапшылар ең позитивті мигранттардың неміс еңбек нарықта шанстарды бағалады. Осында сфера 16 арнайы критериялардың негізінде бағалайды. Осыған шетел дипломдарды тану жатады. Дискриминацияға қарсы заң шаралары және билік емес ұйымдардың әлсіз позициялары сынға ұшырады. Бағалардың шкаласында Германия 100 ден 57 алды. Тізімді Швеция бастап, одан кейін Португаоия, Белгия, Нидерланды және Финляндия кетеді. Ең соңғы 31 орнында Латвия болды [14].

Қорыта келгенде Германия басқа еуропалық мемлекеттер сияқты иммигранттардың үлкен қоғамдардың өмір сүретін, олардың көбісі болашақта мемлекеттің азаматы бола алтынын үкімет мойындауы маңызды саяси қадам. Ол басқа ұлттарға қатысты қайғылы тәжиірбиеден басып өтуін, сонымен қатар жалпыеуропалқ парадигмаға сәйкес жаңа иммиграциялық саясаттың басталуының айғағы. Біздің ойымызша, егер де Германия иммигранттармен бір консенсуке келсе, онда жоғарыда айтылып кеткен мәселелрді шешуге болады. Мақаланы, еуропалық мұсылмандардың рухани басшысы болып есептелетін Тарик Рамадан сөзімен қорытынды жасауды дұрыс көрдік: «Ұлттық мәдениеті мәңгілік діннен бөліп қарау қажет. Араб мәдениеті – бұл әлі исламның мәдениеті емес. Араб болмай қалудан қорықпандар, мұсылман болудан қорқыңдар! Мен еуропалықпын, бірақ мен мұсылманмын» [13, 56 б.].

_____________________________

1. Карачурина Л. Иммиграционная политика Германии: успешный - неуспешный опыт //Мировая экономика и международные отношения.- 2008.- №7. с. 50-60. http://demoscope.ru/weekly/2008/0351/analit02.php#_FNR_1

2. Сапего Г. Иммигранты в западной Европе. // Мировая экономика и международные отношения. – 2006. - № 9.- С.50-58

3. Цапенко И. "Ренессанс" экономической миграции на Западе. // Вопросы экономики. - 2002. - № 11. - С.108-121

4. Клаус Й. Баде Иммиграция и интеграция в Германии. http://www.magazin-deutschland.de/ru/artikel/artikelansicht/article/analyse-zuwanderung-und-integration-in-deutschland.html

5. Г. Сапего Иммигранты в западной Европе. // Мировая экономика и международные отношения. – 2006. - № 9.- С.50-58

6. Вайц В Германии иностранцев намного меньше, чем выходцев из семей мигрантов. http://www.dw.de/dw/article/0,,15444865,00.html

7. Жолквер Н. Все граждане Германии считаются немцами . http://www.dw.de/dw/article/0,,14847411,00.html

8. Варкентин А. Получить гражданство ФРГ стало сложнее. http://www.dw.de/dw/article/0,,4226918,00.html

9. Скуратов А. А. Принцип "почвы и крови" в дискурсах Германии и Казахстана. // Вестник КазНУ.Сер.междунар.отношения и междунар.право. - 2010. - №3-4. - С. 91-96.

10. Жолквер Н. Все граждане Германии считаются немцами. http://www.dw.de/dw/article/0,,14847411,00.html

11. «Исламская опасность» в зарубежной Европе. http://www.memoid.ru/node/Islamskaya_opasnost_v_zarubezhnoj_Evrope#.D0.93.D0.B5.D1.80.D0.BC.D0.B0.D0.BD.D0.B8.D1.8F

12. Стрельцова Я. Интеграция иммигрантов в условиях экономического кризиса. // Мировая экономика и международные отношения. - 2011. - №1. - С. 55-68.



13. Аужанова Ә. Еуропадағы мұсылман факторы // ҚазҰУ хабаршысы.Халықаралық қатынас.және халықаралық құқық сериясы.- 2007. - №1. - Б. 49-57

14. Клаус Й. Баде Иммиграция и интеграция в Германии. http://www.magazin-deutschland.de/ru/artikel/artikelansicht/article/analyse-zuwanderung-und-integration-in-deutschland.html
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...