Гендерлік психологияның Әлеуметтік мәселе ретінде қалыптасуы



жүктеу 96.63 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі96.63 Kb.
ГЕНДЕРЛІК ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ

Макашкулова Г. Б.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қаласы.

Гендер терминінің әлеуметтік талдау категорияларының бірі ретінде туындауы американың психоаналитигі Роберт Столлердің есімімен байланысты. Ол 1958 жылы бұл грамматикалық катергорияны адамның бір жағынан биологиялық, ал екінші жағынан социомәдениеттік феномен ретінде жыныстың табиғатын анықтауға қолдануды ұсынды. Күнделікті сөзде «жыныс» сөзі репродуктивті, адамды не әйел, не ер ретінде сипаттайтын денелік, мінез-құлықтық және әлеуметтік сипаттамалардың кең көлемді кешенін білдіреді.

Гендер – бұл әйелдер мен ерлердің әлеуметтік мінез-құлқын және олардың өзара қатынасын анықтайтын өзгеше мәдени сипаттамалардың жинағы. Осылайша, гендер тек әйелдер немесе ерлерге ғана тиесілі емес, олардың арасындағы қатынасқа және осы қатынастардың әлеуметтік құрылымына да қатысты.

Жалпы түрде «гендер» түсінігіне анықтама бере алатын әлеуметтік психологияда үш парадигманы көрсетеді: классикалық, модернистік, постмодернистік. Классикалық парадигма сексуалдық туралы биологиялық, эволоюциялық пікірлерге негізделеді. Модернистік- жынысты биологиялық факті және субъективті бейне ретінде сипаттауға, оның мазмұнын әлеуметтік фактормен анықталатынын сипаттауға негізделеді. Постмодернистік бағытта жыныс пен гендерді әлеуметтік құрылымның екі әдісі ретінде қарастырады.

Кеңестік психологиядағы гендерлік зерттеулердің дамуының ғылыми алғышарттарының екі тобы бар:

- жыныстық әлеуметімен психологясын бөлетін гендерлік бағытқа жақын

– феминизммен байланысты, оларға феминдік концепциялар, әйелдер зерттеулері, гендерлік зерттеулер жатады.

Алғышарттардың бұл тобы психологиядағы гендерлік бағыт үшін базалық негіздердің рөлін ғана ойнап қоймай, сонымен қатар гендерлік социология, гендерлік лингвистика, гендерлік саясатта да базалық негіз бола алады [1].

Жыныс психологиясы- жыныс мәселесін және жынысаралық қатынастар мәселесін зерттеуге арналған фрагментті және үзінді зерттеулерді біріктіретін, ғылыми білім саласы, сол себепті жыныс психологиясын гендерлік психологияның дамуына түрткі болатын ғылымдар қатарына арнайы пән ретінде жатқызуға болады ( Клецина, 2003).

Бұл ғылымды гендерлік психологияның бір тармағы деп есептеуге де болады. Оның дамуында келесідей кезеңдерді бөліп қарастырады:

1. ХХ ғасырдың І-жартысындағы жыныстар арасындағы қатынастың психологиялық мәселелері туралы пікірталастар.

2. ХХ ғасырдың ІІ-жартысындағы жыныс психологиясының дамуы ( 60-80 жж.)

3. ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы жыныс психологиясы.

ХХ ғасырдың басында жыныс психологиясы бойынша шетелдік зерттеушілер З. Фрейд, К.Юнгтің, О.Вейнингердің зерттеулері назарды аударды. Австриялық ғалым Отто Вейнингердің «Жыныс және мінез » атты кітабы үлкен пікірталас тудырды. Бұл жұмыста негізгі назар әйелдердің психолгиялық сипаттамаларын зерттеуге аударылды

ХХ ғасырдың ІІ-жартысында (60-80 жж.) психология ғылымын «жыныссыз сексизм» кезеңі ретінде анықтауға болады. 80- жылдары жыныс психологиясы сұрақтарына арналған еңбектердің саны өсе бастады. Бұл еңбектерді 2 топқа бөлуге болады. Бірінші топқа әртүрлі жыныстағы адамдардың мінез-құлық ерекшеліктері және психологиялық сипаттамалары туралы мәліметтер зерттеудің орталық кезеңі болмай, тек басқа ғылыми мәселелерді шешу кезінде қосымша факті ретінде болған кезеңдегі зерттеулерді жатқызамыз. Екінші зерттеу тобы – жыныстар арасындағы қатынас, бұл жыныс психологиясындағы қандай да бір мәселелерді зерттеуге бағытталған жұмыстар

Бұл уақыттағы еңбектер арасындағы ерекше топты отбасы өміріндегі әйелдер мен ерлер мәселелерін зерттеуге арналған ғылыми зерттеулер құрайды ( Арутюнян, 1987; Алешина, Лекторская, 1989; Алешина, Волович, 1991).

90-шы жылдардан бастап қоғамдағы жағдай өзгерді. Жыныс психологиясы мәселелері көптеген адамдарды қызықтыра бастады және адамдар танымал ғылыми әдебиеттерді сатып алып оқуға дайын болды. Бұл кездегі әдебиеттерді үш бағытқа бөлуге болады.

Бірінші бағытқа әйелдер мен ерлер психологиясы туралы ақпараттар көрсетілген, сонымен қатар ер мен әйелдің өзара қатынастарының күрделі мәселелерін реттеуге ұсыныстар берілген танымал басылымдардың сандары жатады.

Екінші бағыт ерлер мен әйелдерге арналған психологиялық энциклопедияларды біріктіреді. Бұл басылымдардың мазмұнды бөлігінде сөз жынысқа жатуынан тыс тұлғаның психологиялық ерекшеліктері туралы болады, мысалы: стресспен қалай күресуге болады, қақтығыстық жағдайда өзін қалай ұстау керек және т.б.

Үшінші бағытқа ерлер мен әйелдерге олардың тұлғалық өсуіне, өзіндік дамуына, кәсіби және отбасылық өмірінде өзіндік жетілуіне кедергі жасамайтын гендерлік стереотиптерді түсінуге көмектесу үшін жазылған шетелдік авторлардың еңбектерін жатқызамыз [2].

Ал И.С.Кон Кэрол Джеклиннің ұсынған кезеңдеріне сүйене отырып, батыс психологиясында бұл мәселенің дамуының 4 сатысын сипаттайды.

1.1910-1920ж. Ерлер мен әйелдердің психологиялық ерекшеліктерін зерттеуді жыныс психологиясы айдарына жатқызады.

2. 1930-1960ж. Жыныс психологиясы жыныстың айырмашылықтар психологиясына өзгерді.

3. 1970 ж соңында психикалық құбылыстар шеңберінің көбеюіне қарамай биологиялық детерминизм позициясы әлсірей бастады, оған қарағанда жұмсағырақ термин- жыныспен байланысты айырмашылық термині пайда болды.

4. 1980 жылдар олар биологиялық негіздерді мүлдем иеленбеуі мүмкін деп санап, гендерлік айырмашылықтар деп атай бастады [3].

Гендер ұғымымен тығыз байланысты 2 түсінік бар: гендерлік идентификация және гендерлік стереотиптер.

Гендерлік идентификация- өзінің ер немесе әйел жынысына жатуын саналы түрде түсіну. Гендерлік идентификация өзіміздің жынысымыз туралы түсінігімізбен байланысты: шынымен де біз өзімізді әйел немесе еркек ретінде сезінеміз бе? Басқа сөздермен айтқанда, гендерлік идентификация – бұл адамның белгілі бір жыныс өкілі ретінде сезінуін бейнелейтін өзіндік сананың бір аспектісі, өзінің әлеуметтік контекстіндегі жынысқа (жыныстың нақты бейнелеріне немесе эталондарына) жатуын сезіну. Г.М. Андреева идентификация ұғымына «бір нәрсені немесе біреуді тану, бір нәрсеге немесе біреуге ұқсау»,- деп екі анықтама берді. Жалпы жыныстық идентификацияның келесі түрлерін анықтайды:

1) базалық идентификация – тұлғаның дәстүрлік жыныстық айырмашылықтар, маскулиндік және феминдік туралы ой-пікірлерінің арақатынасы.

2) рөлдік идентификация – қазіргі таңдағы мәдениет пен рөлдік стереотиптерге сәйкес келетін тұлғаның мінез-құлқының арақатынасы.

3) персоналды идентификация – бірінші мен екіншінің интеграциясы. Егер базалық идентификация тұрақты болса, онда рөлдік және персоналдық идентификация жыныстық идентификацияның бітпес үрдісі ретінде жүреді.

Жыныстық бірегейліктің дамуы жайлы А.Г Асмоловтың зерттеуі құнды болып табылады, яғни жыныстық бірегейлік. Ол екі жағдайда дамиды:

- баланың соматикалық белгілері. Әр баланың дене бітімдері қалыптасады.

- мінезі мен әрекетінің нормасы –қарапайым стереотиптер қызға немесе балаға тән қылықтары. Мысалы, 2 жасар бала өзінің қай жынысқа жататынын біледі, бірақ түсіндіре алмайды, 3-4 жасар бала айналадағылардың барлығының жынысын толық ажырата алады, 6-7 жаста жыныстық бірегейлік толығымен аяқталады. Бұл санатта жыныстық рөлдің дифференциясы ойын таңдау мен топ таңдауға ұласады, яғни бір жынысқа жататын топтық әрекеттер құрыла бастайды. Осылай жасырын түрде жыныстық бірегейліктің үрдісі қарқын алады.

Гендерлік стереотиптер– еркектер мен әйелдердің бейнелері жайлы қарапайымдалған, белгілі бір жүйеге келтірілген және нормативті түсініктер. Гендерлік стереотиптерді зерттеуде бұл бағыттарда екі ракурсты бөледі:

1. Гендерлік топтардың сипаттамалары көрсетілген гендерлік стереотиптерді тұрақты когнитивті схема ретінде талдау;

2. Мәдени нормативті эталон ретінде мінез-құлықтың индивидуалды және топтық қырлары мен ерекшеліктері сәйкестендірілетін гендерлік стереотиптерді талдау.

Гендерлік әлеуметтену тәжірибесі көпшілігінде гендерлік стереотип теріс ұғымға айналатынын немесе айналмайтынын анықтайды.

Теріс ұғым ( ескішілдік) стереотиптен ажыратылады. Адамдар жиі өздерінің топтарына игі ниетті қатынаста болады және азғантай топқа кіретіндерге де игі ниетте болады. Мысалы, отбасы мүшелері өздерін басқа отбасының мүшелерінен күшті деп ойлайды- европалықтар өздерін африкалықтардан күшті деп санаса, ерлер өздерін әйелдерден күшті деп ойлайды.

Толық даму және жетілу үшін адам ер және әйелдердің мінез-құлықтарын дәстүрлі стереотиптерден көрінетін шектеулерден арылу қажет. Осы іспеттес стереотиптерден арылу – адамға рухани және физикалық денсаулықты және толық өмір сүру мүмкінідігін береді [4].

Әлеуметтік рөлдерде бекітілген гендерлік стереотиптер индивидуалды деңгейде де гендерлік қақтығыстарды тудырады. Бұл рөлдік қақтығыстарды тұлғаішілік деп атайды, олар адамның ішкі күйін көрсетеді. Ішкі қақтығыстар сәйкес келмейтін қызығушылықтар, қажеттіліктер, рөлдер арасында туындайтын қарама-қарсылық. Адамның ішкі әлемі мотив ( «қалаймын», қажеттіліктер, қызығушылық, ниет), құндылық ( «керек», «мен міндеттімін») және өзіндік бағаны ( «жасай аламын», «мен бармын» ) құрайды. Адамның ішкі әлемін осылай түсінуден шығып, зерттеушілер келесідей ішкі қақтығыстарды бөліп көрсетеді :

-Мотивациялы қақтығыс- санасыз ұмтылыс ( З.Фрейд, К.Хорни, К.Левин) мотивтерінің қақтығысы «қалаймын» және «қаламаймын» арасындағы қақтығыс;

-Көңіл қақтығысы – моральдық принциптермен жеке байланушылық ниетімен қақтығыс, сыртқы талаптарды орындаудағы міндет пен күдік, «қалаймын» және «керек» арасындағы қақтығыс ( В. Франклин );

-Жүзеге аспаған тілек немесе толымсыздық комплексі қақтығысы – тілектер мен олардағы қанағаттандыруды мүмкін етпейтін шындық арасындағы қақтығыс немесе физикалық мүмкіндіктерге жетіспеуі (оны жүзеге асырудың мүмкін еместігі) ( А. Адлер), «қалаймын» және « жасай аламын » арасындағы қақтығыс.

-Рөлдік қақтығыс, екі типке бөлуге болады: рөлішілік қақтығыс ( өзін және өзінің рөлін түрліше түсіну- «Мен және рөл») және рөларалық (бірнеше рөлдерді біріктіре алмау), «керек» және «керек» арасындағы қақтығыс.

-Бейімделу қақтығысы – адам және қоршаған орта арасындағы теңдіктің бұзылуы, атап айтқанда әлеуметтік немесе кәсіби бейімделу процесінің бұзылуы, «керек» және «жасай аламын» арасындағы қақтығыс.

-Өзіндік бағалау қақтығысы немесе жоғары өзін-өзі бағалау, «жасай аламын» немесе «жасай аламын» арасындағы қақтығыс.

-Невротикалық қақтығыс – жоғарыда сипатталған кез келген типтердегі ұзағырақ сақталатын қақтығыс [5].

Адам өзін белгілі бір жыныс иесі ретінде еркін сезінуде өзіндік баға мәселесі де маңызды орынғ ие болады. Тұлғаның өзіндік бағалау ерекшеліктерін қарастырған жұмыстарда тұлғаның әртүрлі даму жақтары нақты қарастырылған И.И.Чеснакова Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, А.И.Липкина еңбектері бар. Өзіндік бағалауды адамның мінез-құлқын реттеуші, жеке бастық феномен ретінде сипатталған көптеген эксперименттік жұмыстар бар (Коссов Б.Б, Сафин З.В, Спичак С.Ф). Ғылыми әдебиеттерге жүгінсек, ұлдар мен қыздардың өзін-өзі адекватты бағалауының айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Алайда, басқа адамдарды адекватты бағалау қабілеті ұлдармен салыстырғанда қыздарда басымырақ, бұл олардың басқа адамдарға деген үлкен қызығушылықтарымен түсіндіріледі. Жеткіншектік кезеңнен бастап қыздардың өзін-өзі бағалауы төмендей түседі. Бұл сыртқы келбетін бағалауымен тікелей байланысты. Зерттеулер бойынша жеткіншектік кезеңде тән сұлулығы қыздар үшін ерекше мәнге ие. Ал, ұлдарда өзін-өзі бағалаудың негізгі критерилерінің бірі - тәнінің табыстылығы. Бұл тәуелділік әйел мен еркектің әлеуметтік-рөлдік қызметтерімен байланыстырылады.

В. Эммерих жыныстық идентификацияның қалыптасуында ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасына маңызды орын береді. Оның ойынша, анасы қызына қатысты тәрбиелік функцияны атқарса, әкесі бақылаушы функциясын атқарады. Сондай-ақ өз жынысына жататын балаларын, басқа жыныстағы балаларына қарағанда мақтау мен жазалауды жиі қолданады. Егер гендерлік ұқсастықты адам баласы бала кезінен дұрыс сезініп өссе, онда өзіндік сананың сәйкестігі мен өзінің және басқалардың жынысын дұрыс қабылдау мүмкіндігі болар еді. Гендерлік қақтығыс негізінде ерлер мен әйелдердің полярлық туралы ой-пікірлері отбасындағы ерте әлеуметтену кезеңіндегі бекітілген ойлар қарастырылады. Бұл «жалған дилемма» өзіндік бағаға, құрметке, коммуникативтік құзіреттілікке, некеге қанағаттануға әсер етеді.

Гендерлік түсініктер балаларда оларға ұсынылатын үлгілер негізінде қалыптасады. Егер жыныстық рөл жылдам меңгерілсе (бала өзінің ұл немесе қыз екенін біледі), онда гендерлік жүйе баланың когнитивті дамуының нәтижесі болып табылады және алғашқы 6-7 жаста қалыптасып бітеді. Мұндай деректердің ақиқаттылығын осы мәселеге қатысты теориялық зерттеулер растайды [6].

Пайдаланылған әдебиеттер

1. И. Г. Малкина –Пых Гендерная терапия. Справочник практического психолога. М. Эксмо, 2006.

2.Клецина И.С. От психологии пола – к гендерным исследованиям в психологии // Вопросы психологии. 2003. № 1.

3. Кон И.С. Ребенок и общество: (Историко-этнографическая перспектива). -М.: Наука, 1998.

4. Эриксон Э. Идентичность: юность и кризис. М., 1996.

5. С.К. Нартова – Бочавер Дифференциальная психология, Изд-во «Флинт» Московский психолого-социальный институт, 2003.

6. Ильин Е.П. Дифференциальная психология мужчины и женщины. СПб.: Питер, 2002.

Мақалада гендерлік психологияның даму тарихы және әйелдер мен ер адамдардың әлеуметтік-рөлдік қызметтері, жыныстық идентификацияның қалыптасуы қарастырылады.



1. Аты, тегі, әкесінің аты: Макашкулова Гульжан Баймаханқызы

2. Ғылыми дәрежесі: әлеуметтік ғылымдар магистрі, аға оқытушысы

3. ЖОО:Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

4. Факультет: Педагогика

5. Кафедра: Психология және акмеология

6. Телефон: 87262 51 00 72

7. e-mail:makashkulova69@mai.lru

8. Қала: Тараз

9. Моб. телефон: 8747 998 17 69


Уникальность 82%

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет