Г. Р. Сафарова Редакторы : Б. Е. Әлімғазинова



жүктеу 301.56 Kb.
Дата24.05.2017
өлшемі301.56 Kb.

П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапханасы

Ақпараттық-библиографиялық бөлім


Центральная городская библиотека им. П. Васильева

Информационно-библиографический отдел






http://www.adebikz.com/media/covers/%d0%94%d1%83%d0%bb%d0%b0%d1%82_%d0%91%d0%b0%d0%b1%d0%b0%d1%82%d0%b0%d0%b9%d2%b1%d0%bb%d1%8b_%d3%a9%d0%bb%d0%b5%d2%a3%d0%b4%d0%b5%d1%80%d1%96-cover.jpg

«Дулат ақын мұрасынан»
Дулат Бабатайұлы

П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапханасы

Ақпараттық-библиографиялық бөлім
Центральная городская библиотека им. П. Васильева

Информационно-библиографический отдел





«Дулат ақын мұрасынан»


Дулат Бабатайұлы
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Рекомендательный список литературы


Павлодар


2016

«Дулат ақын мұрасынан». Ұсынылатын әдебиеттер тізімі / П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапханасы. Ақпараттық- библиографиялық бөлім. - Павлодар, 2016. - 26 б.


«Дулат ақын мұрасынан». Рекомендательный список литературы / Центральная городская библиотека им. П. Васильева. Информационно-библиографический отдел. - Павлодар, 2016. - 26 с.

Құрастырушылар: Р. К. Ахметова

Г. Р. Сафарова

Редакторы : Б. Е. Әлімғазинова

Н. Д. Худякова


Оқырманға арналған сөз!


Ұлттық академиялық кітапханасы адамның тұлға болуы мен қалыптасуында маңызды функцияны орындайтын, кітап оқудың адамға көп қырлы және белсенді әсер ететінін ескеріп, қоғам дамуының басымдылықтарының бірі ретінде кітап оқуды қолдауды қарастыра отырып, Қазақстанда жыл сайын «Бір ел – бір кітап» акциясын жүзеге асыруды ұсынған болатын.

Акцияның мақсаты: оқырман мәдениетін қолдау және дамыту, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, ана тіліне құрметпен қарау.

Міндеттері:

-ұлттық әдебиетке деген оқырмандардың қызығушылықтарын қолдау және дамыту;

-кітап оқу проблемаларына ғалымдардың, мамандардың, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің назарын аударту;

-әлеуетті оқырмандарды тарту;

-баспахана ұйымдарының қазақстандық авторлардың кітаптарын шығаруға қызығушылықтарын арттыру;

-әлемдік әдеби үдерісте қазақстандық авторлардың шоғырлануы.

Акцияның мазмұны: бүкіл ел болып бір уақытта бір кітапты оқып шығу және талқылау, осы кітапқа арналған түрлі шараларды өткізу.

Акцияны өткізу үшін кітапты таңдау азаматтардың қалауларын анықтау жолымен, мекемелерде, ұйымдарда, оқу орындарында сауалнамаларды жүргізу арқылы, телефон арқылы сұрау, ауызша сұрау арқылы жүргізіледі.

Акция кезінде іс-шара өткізу формасы әртүрлі болуы мүмкін. Олар: сынып сағаттары, әдеби кештер, талқылаулар, кітап бойынша фильмдерді тамашалау және талқылау, жазушылармен, әртістермен кездесу кештері, телемарафондар, клуб отырыстары, қойылымдар.

2016 жылы бүкіл ел Дулат Бабатайұлының шығармаларын оқиды.


Электрондық мекенжай:

Pavlodar.cbs@mail.ru

Біздің сайт: cbs.pvl.kz

Біздің мекенжай: Павлодар қ. С.Торайғыров көш., 44 / 1

П.Васильев атындағы Орталық қалалық кітапханасы

Ақпараттық-библиографиялық бөлім

Тел.: 53-38-80, cbs.ibo@ mail.ru


Дулат Бабатайұлы
http://www.adebikz.com/media/covers/%d0%94%d1%83%d0%bb%d0%b0%d1%82_%d0%91%d0%b0%d0%b1%d0%b0%d1%82%d0%b0%d0%b9%d2%b1%d0%bb%d1%8b_%d3%a9%d0%bb%d0%b5%d2%a3%d0%b4%d0%b5%d1%80%d1%96-cover.jpg
(1802–1874)


«Дулат жырларының күш- құдіреті оның көркемдік 
қуаты, мазмұн байлығымен қатар, замана келбетін 
бар бедерімен көрсете білген шыншылдығында» 

(М. Мағауин) 

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ұсынылатын жыл кітабын таңдау мақсатында акцияның ұйымдастыру комитеті мүшелері мен Қазақстан кітапханалары басшыларының қатысуымен кеңейтілген отырыс болып өтті. Белгілі ақын-жазушылар мен ғалымдардан тұратын комиссия мүшелерінің жабық түрде дауыс беруімен акцияның жыл кітабы болып ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі, «Зар заман әдебиеті» өкілдерінің көш басында тұрған кемел ақын Дулат Бабатайұлының шығармалары таңдалды.

Халқымыздың маңдайына біткен санаулы ұлы ақындарының бірі - Дулат Бабатайұлы, бұрынғы Семей облысы Аягөз ауданының Қызылжолда деген атамекенінде 1802 жылы туған. Жаздық мекені Ақжайлау, Сандықтас. 1871 жылы атамекенінде қайтыс болған.

Бізге жеткен өлеңдерінде кездесетін кейбір деректерге қарағанда, Дулат ескіше оқыған, сауатты ақын боған.

XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде Дулаттың өзіндік үлкен орны бар. Өйткені, ол өзінің толғау-жырларында көптеген келелі мәселелерді көтеріп, өз заманынының шындығын бірқыдыру бере білді.

Жеке кісілерге арнаған «Кеңесбайға», «Бараққа», «Ел аралаған ишанға» т. б. өлеңдерінде ақын сол кездегі тірліктің ұсқынсыз жақтарын өлтіре шенеп, кейде өткір сатира дәрежесіне дейін көтере білді.

Дулаттың өлеңдері ауызша тараумен қатар, 1880 жылы Қазан қаласында «Өсиетнама» деген атпен кітап болып шыкты. Бұнда ақынның замана туралы толғаулары енгізілген. Ақынның шығармаларын ел аузынан жазып алып, бізге жеткізген халық ақыны - Шәкір Әбенов.

Ол - Патшалық Ресейдің қазақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобалаңдарды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген ел басы адамдарының бірі. Отарлау саясатының қазақ елін талан-таражға салу, халықтың дербестігін біржола жойып, тәуелділікке айналдыру әрекетіне қарсы шыққан, халықты күреске шақырған күрескер ақын.

Ақын өз заманындағы осы патшаның отарлау саясатынан зардап шеккен халқының қайғысын тереңнен сезініп, мұңын жырымен жазып, ел қамын ойлап, кейінгі ұрпақты тәрбиелеуде маңызды толғаулар айтады:
Сырымды менің сұрасаң, 
Тұманның суық суындай
Кеудеме қайғы толған соң
Тұнық жырмен жуынам. 
Сорғалаған нөсердей, 
Жырын тыңда Дулаттың, - деп толғанады.
Дулат шығармашылығында елеулі орын алатын батырлар жыры үлгісіндегі, Отанды қорғауға арналған патриоттық мәні бар «Еспенбет» атты толғау. Бұл шығармашылығында жетім бала, жас батырдың қалмақтармен соғыста көрсеткен ерлігін сөз қылады. Дастанның бір ерекшелігі, тек батырдың жеке тұлғасы ғана емес, сонымен бірге халық бейнесі қоса суреттеліп отырады. Ақын жорыққа атанған қалың топты табиғаттың жойқын күшіне балап, ерекше шабытпен, әсерлі жырлайды:
Жөңкерілген қалың қол, 
Жүйткіген желге ұқсайды. 
Көрінісі кей кезде, 
Толқыған гүлге ұқсайды.

Мұнар түнеп бұлт көшкен, 


Асқар белге ұқсайды, 
Кенетінен ду етсе, 
Тас қопарып, тау бұзған, 
Аққан селге ұқсайды.
Дулат қазақ әдебиеті тарихында алғаш мысал жазған ақын. Оның мысал ретінде жазған шығармалары үлгі, өнеге беру, ақыл айту ретінде келіп отырады. Атап айтқанда, «Бір патшаның бір кезде», «Шымшық пен бөдене», «Сары шымшық», «Қара қарға жем тілеп» деген өлеңдерінде орынсыз мақтаншақтықты, тойымсыздықты әшкерелеп, кішіпейілділікті, адамгершілікті, бірлікті уағыздайды. Адам бойындағы асыл қасиеттерді ардақтаған ақынның мысал өлеңдерінің тәрбиелік мәні бүгінге дейін жойылған жоқ.

Ақын шығармаларында орын алатын маңызды мәселенің бірі - оқу, өнер-білім. 


Өнер, білім оқып біл


Өнер алды қызыл тіл, 
Оқып алса, керек сөз
Алтынға құйған балмен тең, - деп, өнер, білімнің оқу арқылы табылатынын, көп ізденуді, еңбектену керек екенін ескертеді. Жырау өлеңдерінің тілі шешен, өткір тартымды.

Дулат ақын өзінің «Бесінші сөз» немесе «Ата қоныс арқада» деп аталатын өлеңінде Арқаны жайлаған қазақтардың бір кездегі тарихын баянды етеді. Ол қазақ халқының Жоңғарларға қарсы ерлік күрес жүргізу арқылы елдігін сақтап келгенін, туған жерін қалмақтардан қорғай білгенін айтып, сол кездегі ерлікті, дербестікті мақтайды.

Абайдың ел пысықтарын, би-болыстардың мінез-құлықтарын бейнелеулері Дулат ақынмен үндесіп жатыр. Бұл тұста ақынның Дулатқа үңіле қарай отырып, оның кейбір жақтарын толықтыра түседі.

Дулат шығармалары қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына үлес қосты. Дулат ақын шығармаларының көбі XIX ғасырдың 30–40-шы жылдарындағы тарихи жағдайларға байланысты қазақ әдебиеті арнасына шықты. Оның өзіндік орны бар. Дулат толғаудың асқан шебері болғандықтан өлеңдерінің барлығы дерлік еркін ұйқасты. Ақын өлеңдері ауызша тараса да, қызыл империя тұсында әркімнің қолында сарғайған қағазда сақталып қалды. Ақынның алғашқы өлең жинағы «Өсиетнама» деген атпен 1880 жылы Қазанда басылды.

Тек халқымыз тәуелсіздігін қолына алғаннан кейін ғана, 1991 жылы ақынның бір топ шығармаларын құрастырып, «Замана сазы» деген атпен «Жазушы» баспасы жинақ етіп шығарды.

Шығармашылығын зер салып, зерттеген ғалымдар көп.

М. Әуезов, Ә. Тәжібаев, Қ. Жұмалиев, Ы. Дүйсенбаев, Қ. Мұхамедханов, М. Мағауин т. б. Ұлттық Ғылым Академиясының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Р. Сыздықова: «Дулат - Абайдың алдында өткен қазақ сөз зергерлерінің ішіндегі ең мықтысы. Ол мәдени-рухани дүниемізден өз орнын, үлкен орнын алуға тиіс ақын», - деп бағалаған.



https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/d/db/%d0%94%d1%83%d0%bb%d0%b0%d1%82%d0%91%d0%b0%d0%b1%d0%b0%d1%82%d0%b0%d0%b9%d2%b1%d0%bb%d1%8b.jpg/220px-%d0%94%d1%83%d0%bb%d0%b0%d1%82%d0%91%d0%b0%d0%b1%d0%b0%d1%82%d0%b0%d0%b9%d2%b1%d0%bb%d1%8b.jpg

Әдебиет тiзiмi
Бабатайұлы, Д. Шығармалары: өлеңдер, дастандар, мысал өлеңдер. Зерттеулер, пікірлер / Д. Бабатайұлы; құраст. С. Қорабай; сурет. Е. Қожабаев. - Алматы: Ана тілі, 2013. - 295 б. / ЦБ аб, м3, м4, м8, м 10, К, М, Пм

Бабатайұлы, Д. Шығармалары. Өсиетнама: өлеңдер мен дастандар / Д. Бабатайұлы ; сурет. А. Тіленшиев. - Алматы: Раритет, 2003. - 288 б. - (Мирас) / ЦБ чз

Шығармалары / Д. Бабатайұлы, М. Өтемісұлы, Ш. Жарылғасұлы, А. Тобылбайұлы, О.Бертағыұлы. - Алматы: Нұрлы Press.kz, 2014. - 285 б. - (Ақындар аманаты. Қазақтың ауызша әдебиеті) / ЦБ аб, м3, м4, м8, м 15, м 17, К, М

**

Абайға ұстаз болған [Дулат Бабатайұлы] // Тұңғыштар. - Алматы, 2007. - 55 - 57 б.


Дулат Бабатайұлы // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы, 2005. - 169 б.
Дулат Бабатайұлы // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия . - Алматы, 2001. - 294 - 295 б.

**

Дулат жырау // Нар заман мен зар заман поэзиясы. (Асанқайғыдан Кердері Әбубәкірге дейін): жыр-толғаулар / құраст. Е. Дүйсенбайұлы. - Алматы: Раритет, 2007. - 376 б. - (Жыр жауһары. "Алтын қор" кітапханасы). - 182 - 219 б.


Дулат // Ай, заман-ай, заман-ай... (Бес ғасыр жырлайды): ХV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. 1 – 2 Т. / құраст. М. Мағауин, М. Байділдаев; пікір жазған Х. Сүйіншәлиев. - Алматы: РББ, 1991. - Т. 1. - 197 - 212 б.
Дулат // Бес ғасыр жырлайды. Екі томдық. Құраст. М. Байділдаев, М. Мағауин. - Алматы: Жазушы, 1989. - 1 Т. - 197 - 212 б.
Дулат Бабатайұлы // Жеті ғасыр жырлайды: екі томдық. - Алматы: Жазушы, 2008. - 1 том. - 130 - 164 б.
Дулат Бабатайұлы // Қазақтын тәлімдік ойлар антологиясы. Он томдық. Құраст. С.Қалиев, Қ. Аюбай. - Алматы, 2007. - 4 том. - 391 - 399 б.
Дулат Бабатайұлы // Қазақ әдебиетінің тарихы: он томдық. - Алматы: ҚАЗақпарат, 2005. - Т. 4: ХІХ ғасырдың бірінші жартысы (1800-1850). - 202 - 229 б.

Дулат Бабатайұлы // Сүйіншалиев Х. XIX ғасыр әдебиеті. - Бесінші кітап. - Алматы: Ана тілі, 1992. - 6 - 30 б.


**

Ағыбаева, Ұ. Дулат Бабатайұлының "Сары шымшық", "Қара қарға" өлеңдері: [ақын Д. Бабатайұлының шығармашылығы жайлы] / Ұ. Ағыбаева // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2009. - № 3. - 64 - 72 б.

Арықбаева, Ж. ХІХ ғасыр поэзиясындағы "адамзат" концептісі: [ақын М. Өтемісұлы мен Д. Бабатайұлының поэзиясы жайлы] / Ж. Арықбаева // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2009. - № 2. - 123 - 128 б.

Бабаева, Р. Дулат Бабатайұлы: [қазақ ақыны Д. Бабатайұлы туралы] / Р. Бабаева // Қазақстан патриоты. - 2014. - № 3 - 4. - 5 б.

Бекбосынов, М. Дулат шығармаларындағы дін мәселесі: [ақын Д. Бабатайұлы жайлы] / М. Бекбосынов // Мәдениет. - 2015. - № 3. - 56 - 57 б.

Дыбыкенова, М. «Жанымен елін сүйген ақын» / М. Дыбыкенова // Регион.KZ. - 2016. - 4 наурыз. - С. 14.

Мақсатқызы, Н. Дулат Бабатайұлының "Еспембет" поэмасы / Н. Мақсатқызы // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2012. - № 10. - 75 - 77 б.

Меңдіғалиева, А. Дулат Бабатайұлы. "Аягөз, қайда барасың?" / А. Меңдіғалиева // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2016. - № 1. - 95 - 98 б.

Түсіпбаева, М. Табиғат көркемдігінің эстетикалық тәрбиедегі маңызы: [қазақ ақындарының шығармаларындағы табиғат лирикаларын оқыту] / М. Түсіпбаева // Қазақстан мектебі. - 2012. - № 5. - 29 - 32 б.





c:\users\гайша\desktop\дулат фото\dsc04013.jpg

Бабатайұлы, Д. Шығармалары : өлеңдер, дастандар, мысал өлеңдер / Д. Бабатайұлы. - Алматы, 2013. - 296 б.



c:\users\гайша\desktop\дулат фото\dsc04012.jpg

Бабатайұлы, Д. Шығармалары. Өсиетнама: өлеңдер мен дастандар / Д. Бабатайұлы ; сурет. А. Тіленшиев. - Алматы: Раритет, 2003. - 288 б.



c:\users\гайша\desktop\дулат фото\dsc04015.jpg

Шығармалары / Д. Бабатайұлы, М. Өтемісұлы, Ш. Жарылғасұлы, А. Тобылбайұлы, О.Бертағыұлы. - Алматы: Нұрлы Press.kz, 2014. - 285 б. - (Ақындар аманаты. Қазақтың ауызша әдебиеті)

Дулат жырларының күш-құдіреті оның

көркемдік қуаты, мазмұн байлығымен

қатар, замана келбетін бар бедерімен

көрсете білген шыншылдығында.

Мұхтар Мағауин


c:\users\гайша\desktop\дулат фото\dsc04003.jpg
Бір ел – бір кітап : книжная выставка. - Павлодар, ЦГБ. - 2016.

Слово к читателю!
Сознавая, что именно чтение воздействует на человека многообразно и активно и выполняет важную функцию в становлении и формировании личности человека, рассматривая поддержку чтения, как одну из приоритетных задач развития общества, Национальная академическая библиотека предлагает ежегодно осуществлять акцию «Одна страна – одна книга» в Казахстане.

Цель акции: поддержка и развитие читательской культуры, сохранение историко-культурного и духовного наследия, бережное отношение к родному языку.

Задачи:

-поддержка и развитие читательского интереса к национальной литературе;

-привлечение к проблемам чтения вн

имания ученых, специалистов, государственных и общественных деятелей;

-привлечение потенциальных читателей;

-повышение заинтересованности книгоиздательских организаций в издании книг казахстанских авторов;

-интеграция казахстанских авторов в мировой литературный процесс.

Содержание акции: прочтение и обсуждение одной книги всей страной в одно и то же время, проведение разнообразных мероприятий, посвященных этой книге.

Выбор книги для проведения акции происходит путем выявления пожеланий граждан, учреждений, организаций, учебных заведений через анкетирование, опрос по телефону, устный опрос.

Форма, проводимых мероприятий во время Акции, может быть самой разной: классные часы, литературные вечера, обсуждение, демонстрация и обсуждение фильмов по книге, встречи с писателями, актерами, телемарафоны, заседания клубов, инсценировки, спектакли.

Определена книга читательской акции «Одна страна – одна книга». В 2016 году вся страна читает произведения акына Дулата Бабатайұлы.

Электронный адрес: Pavlodar.cbs@mail.ru

Наш сайт: cbs.pvl.kz

Наш адрес: г. Павлодар

ул. С. Торайгырова, 44 / 1

Центральная городская библиотека им. П. Васильева

Информационно-библиографический отдел

Тел.: 53-38-80, cbs.ibo@ mail.ru



Дулат Бабатайұлы
http://www.adebikz.com/media/covers/%d0%94%d1%83%d0%bb%d0%b0%d1%82_%d0%91%d0%b0%d0%b1%d0%b0%d1%82%d0%b0%d0%b9%d2%b1%d0%bb%d1%8b_%d3%a9%d0%bb%d0%b5%d2%a3%d0%b4%d0%b5%d1%80%d1%96-cover.jpg
(1802–1874)

В Национальной академической библиотеке Республики Казахстан прошло заседание глав библиотек и членов организационного комитета акции «Бір ел - бір кітап». Целью заседания был выбор книги года, приуроченный к акции «Бір ел - бір кітап». Комиссия из поэтов-писателей и ученых посредством закрытого голосования выбрали произведения акына Дулата Бабатайулы, одного из выдающихся личностей в истории казахской литературы.


Могу подарить я светлым умом,

Могу я усталым прибавить сил,

Я кладезь, наполненный чистым стихом,

Чтоб каждый им жажду свою утолил.

Пусть слушают люди, весь народ,

Меня только юный душой поймет,

Вникать не устанет поэта словам,

Кто мудрости издавна предан сам.

Дулат акын
Поэт жил в девятнадцатом столетии, и именно он воспел эти тревожные исторические десятилетия. Он своими глазами видел, как царизм колонизировал казахскую землю и угнетал казахский народ, и по мере возможностей противостоял этому.
Дулат Бабатайулы родился в местечке между Балхашом и Аягузом, где кочевали роды, называвшиеся найман-сыбаны. Дулат хорошо знал арабскую грамоту и был для своего времени образованным человеком. С его помощью до нас дошли стихотворные произведения Ахтамберды-жырау, поэта XVII столетия. А самое примечательное, что Дулат Бабатайулы - первый казахский поэт, стихи которого были изданы

типографским способом и опубликованы книгой. Первый сборник «Өсиетнама» («Книга поучений»), подготовленный к изданию человеком по имени Сейилулы Мауликен, вышел в Казани в 1880 году. В нем собрано около восьмисот строк стихов Дулата. Наряду с этим, стихи Дулата собирал человек по имени Байдильда (1839-1919), кроме них, еще были Габбас Байдильдаулы и Шакир Абенулы, которые сохранили рукописи со стихами Дулата. Так, более 1500 строк стихов Дулата дошли до людей, став бесценным духовным наследием.

В песнях акына созданы реальные картины действительности, показаны социальные противоречия в казахской степи после ликвидации ханства, когда власть была передана султанам и волостным правителям. Дулат изображает тяжелую жизнь народа, осуждает насилие царских колонизаторов («Тегімді менің сұрасаң», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ»). В произведениях «Сүлейменге», «Бараққа», «Кеңесбайға» и другие поэт критикует действия царских чиновников, обличает их пороки.

Во времена советской власти стихи Дулата назывались антинародными, враждебными, воспевающими байскую жизнь и цели феодалов, намеренно искажая их смысл и значение. Что можно сказать по поводу такого трактования стихов Дулата, если строки, в которых говорилось, что от биев и баев, не защищающих свой народ и не болеющих за него, нет никакого толку, считались восхваляющими? В 1940–1950-х годах произведения Дулата стали объектом литературных споров. На пленуме ЦК КПСС и научной конференции, посвященной основным проблемам казахской литературы (1959), Дулату была дана оценка консервативного поэта. Было принято решение не изучать его творчество в средних школах. Поэтому М. Ауэзов в романе «Путь Абая» выводит его наставника под вымышленным именем Барлас.

Дулат был одним из тех людей, которые своими делами и стихами восставали против колонизации казахской земли. В стихотворении «Ақтан жас» он пишет о том, что земля, которую раньше казахи защитили от джунгар, теперь попала в руки к колонизаторам. В длинном поэтическом размышлении «Еспембет» развивается эта же тема. Однако царская администрация не отступает от своих захватнических планов. Среди казахского народа появляются продажные правители, подхалимничающие перед колонизаторами. Стало много таких, кто берет взятки и мечтает только разбогатеть. Таким правителям, клюющим как птички с чужой руки, Дулат дает самую жесткую оценку.

Великий Абай внимательно изучал стихи Дулата и использовал некоторые его мотивы. Например, в стихотворении «Вот и стал я волостным» использована тема Дулата «Вот смеется волостной».

Дулат ввел новую систему стихосложения в казахской поэзии - рифму «а а а б». Эту рифму принял и далее развил в своих стихах Абай. Дулат был первым поэтом в казахской поэзии, который сочинял сатиру. Дошедшие до нас четыре-пять сатирических стихотворений привнесли в казахские стихи новые формы. Его стихи «Чижик и перепелка», «Синица», «Черная ворона хочет пищи», «Парикмахер» говорят именно об этом.

В стихах Дулата присутствуют размышления, интересные образы, необычные повороты слова, и этим он как поэт очень интересен. Например, характеризуя человека с трудным характером, он сравнивает его с «деревом, застывшим от мороза». Но в основном стихи Дулата дидактического, назидательного плана. Их уже оценило время. Трудно найти среди его современников таких, которые так живописно изображали бы картины природы и так образно характеризовали человека.

Научная оценка творчества Дулата связана с исследованиями К. Омиралиева, который собрал и подготовил к печати все его произведения. Сочинения акына печатались в разные годы, в разных сборниках и хрестаматиях. В 1991 году был издан сборник произведений Дулата «Замана сазы». Многие произведения поэта хранятся в рукописном фонде Центральной научной библиотеки Академии наук Казахстана.

Творчество Дулата Бабатайулы - убедительное свидетельство того, какова была социальная жизнь казахского общества первой половины XIX века, как эволюционировали философские, психологические, педагогические идеи в тогдашнем Казахстане.


В его произведениях отражена реальность того времени: социальная несправедливость в казахской степи, тяжелая жизнь различных слоев кочевого народа, последствия колонизаторской политики русского царизма (ликвидировано ханство, власть передана старшим султанам и волостным правителям).

Поэт глубоко сожалеет, что у кочевников не стало прославленных батыров, готовых защищать свою землю, что они потеряли мужество и, «подобно перепелам, живут под разными кустами и не способны собраться вместе». К сожалению, он отождествлял царских колонизаторов с простым русским народом: все русские у него выступали как недруги, в сближении с русской культурой он видел утерю самобытности казахов. Но нельзя не отметить, что гневное осуждение степных воротил, служивших верой и правдой русскому царизму, продававших свой народ ради собственной корысти, меткая характеристика уродливых и отвратительных черт их характера (подхалимство, склочничество, двуличие, продажность, взяточничество и др.) - одна из стержневых и самых сильных сторон его творчества.

Так, в своих произведениях он подчеркивал, что аульный воротила - настоящий продажный элемент, лакей царских чиновников; взяточник, ради собственных интересов готовый «стрелять по своим»: «Аткаминеры - исчадье бед, дружно они на добычу летят, брюхо набьют, и каждый рад, и до народа им дела нет». Местный степной начальник, по свидетельству Дулата,- это не только корыстолюбец, но и жалкий трус, беспечный человек с ограниченным умом; ему присущи такие черты, как

хитрость, жестокость, лицемерие, подлость, подхалимство, боязнь власть имущих и коварство.

По мнению поэта, такой образ жизни людей губительно влияет на психику человека. Безделье, подхалимство, насилие, взяточничество, межродовые распри, пренебрежительное отношение к труду, к знаниям, к творчеству неизбежно уродуют человека и приводят его к нравственному падению. Типичную психологию такого человека поэт раскрыл, в частности, в стихотворении «Ой, хан Барак, молодой Барак»: «Беки, которым досталась власть, чем они лучше плохих собак? Стоит увидеть добычу - и вот алчность всю душу их возьмет… Разум теряешь ты день ото дня… Слуги твои все засеяли злом. Нет у тебя о народе забот».

Безжалостно разоблачая различных должностных лиц из коренного населения, «продавшихся за чин царским властям», Дулат считал, что эти люди изменяют заветам своих предков, отходят от народных традиций.

В отличие от других казахских поэтов этого периода Дулат сильнее и острее обличает пороки современного ему общества. Именно здесь, на наш взгляд, заложено основное рациональное зерно его творчества, его народно-демократическая струя.
Человек с многообразием своих положительных и отрицательных черт выступает основным стержнем почти всех произведений поэта-мыслителя. На этом общем фоне он делает попытку создать некий эталон морально-психологического облика людей своего времени. В «Өсиетнаме», изданной в Казани (1880), он пытается объяснить в этико-педагогическом плане разницу между добром и злом, хорошим и дурным поступком, щедростью и скупостью, просвещенностью и невежеством.

Основные идеи его произведений, включенных в данный сборник, сводятся к следующему. Дети должны всегда подражать хорошим поступкам своих родителей и дорожить ими. Полезные советы и наставления родителей являются как бы кодексом законов поведения детей. Человек познается в делах, личность формируется в процессе труда и деятельности. Труд, противоречащий склонностям, - источник уныния и несчастий. Человек должен жить не только для себя, лишь для удовлетворения, своих потребностей, но и трудиться для общего дела («Думай о деле народа всегда, и не ленись для блага труда»). Знание, труд украшают человека от мала до велика ("Воля и труд - вот твои друзья"). Жизнь должна быть устроена на разумных началах. Красноречие - дар, пустословие - болезнь («Слово - нить шелка, а стих - узор… Красноречивым тому не быть, кто не находит нужных слов»). По мнению поэта, только знания и наука окрыляют человека, открывают его глаза на мир («Десятилетний обученный ребенок на голову выше, чем двадцатилетний неуч».

В педагогическом отношении интересно его стихотворение «Подобно железу, кованому кузнецом». В истории казахской общественной и педагогической мысли Дулат первым воспел пользу ремесла, значение металлических изделий в жизни кочевников. Поэт

перечисляет все орудия, которые создаются из железа (кетмень, топор, пила, молоток, плоскогубцы и др.) и повествует о практической значимости этих вещей в жизни, воспевает тех умельцев, которые научились владеть несколькими ремеслами. Говоря о труде, как основном смысле человеческого существования, Дулат призывает молодежь работать с металлом, овладевать профессией ювелира. Стихотворение пронизано человеколюбием, гуманностью и не утеряло своей педагогической ценности.

Исследователь А. Жиренчин в работе «Из истории казахской книги» (Алма-Ата, 1971) подчеркивал, что в начале XIX в. в казахскую степь начинает все больше просачиваться книжная продукция и через нее - элементы древней культуры тюркоязычных народов, творения классиков Востока, насыщенные гуманистическими идеями в области обучения и воспитания. Этот факт положительно сказывался на общем ходе развития казахской педагогики и психологии.

Отражение этого процесса нетрудно заметить и в творчестве Дулата. Так, во многих своих произведениях он воспевает величие ума, силу воли человека, любуется красотой родной природы, прославляет дружбу, идиллию семейной жизни. По мнению поэта, там, где нет дружбы, там нет разумных форм человеческого общения и общежития: «Разве тебе будет другом тот, переступивший порог жилья, кто с улыбкой к тебе войдет, а выйдет, зло на душе тая». Дулат с пафосом говорит также о главном богатстве патриархального аула - о скоте: «Скот для казахов - судьбы лучший дар». Наличие скота делает жизнь кочевников полнокровной, обильной и радостной.

Казахстанским ученым еще предстоит скрупулезно проанализировать воззрения Дулата Бабатайулы, связанные с воспитанием подрастающего поколения, которому он искренне желал хорошей жизни и счастья, быть достойным человеком, гражданином и хозяином своей судьбы.

Дулат Бабатайулы честно прослужил своему народу, и в 1874 году ушел из жизни. Не всякий поэт может достичь такой высоты, чтобы быть учителем великому Абаю.

О, вершин этих горных гряда,

О, степное кочевье отцов,

Где трава была мягкой всегда

На заре и в росе вечеров,

Где ручьев бушевала вода,

Где так много в предгорье лесов,

И широких для пастбищ долин !

Но лишь вспомню о бедах твоих,

Я печален, лишаюсь я сна,

Грустно думать о людях былых,

Что когда-то в степях кочевых

Жили в давние те времена…



Сулеймену. Дулат-акын
Ловчему ястребу гон не впрок,

Если он может в кустах застрять,

И для чего тебе тот стрелок,

Что не умеет ружья держать ?

Как же того батыром назвать ?

Кто не посмел на врага скакать ?

Чужим народу не назовешь

Славы достойными сгоряча.

Меч только в бою хорош,

Что успевает рубить сплеча.

Разве тебе будет другом тот,

Переступивший порог жилья,

Кто с улыбкой к тебе войдет,

А выйдет, зло на душе тая ?

Разве жыршы может стать творцом,

Если творит не своим умом,

Если стихи он крадет как вор ?

Слово - нить шелка, а стихи - узор…

сказал Дулат Бабатайулы.

Литература о нем

Дулат Бабатайулы // Казахстан. Национальная энциклопедия. - Алматы, 2005. - Т. 2. - С. 215.

Дулат Бабатайулы // Казахстан. Краткий энциклопедический словарь. - Алматы, 2006. - С. 130.

Дулат Бабатайулы // Звезды казахской литературы / Сост. М. Ш. Шабжантаева. - Кокшетау, 2005. - Ч. 1. - С. 64 - 67.

Дулат Бабатайулы // Литература Казахстана. Энциклопедический справочник. - Алматы, 2010. - С. 154.

Наставник Абая [Дулат Бабатайулы] // Они были первыми. - Алматы, 2007. - С. 72 - 74.







Высказывания Дулата Бабатайулы

«Думай о деле народа всегда, и не ленись для блага труда»
"Воля и труд - вот твои друзья"
«Слово - нить шелка, а стих - узор… Красноречивым тому не быть, кто не находит нужных слов»
«Десятилетний обученный ребенок на голову выше, чем двадцатилетний неуч»
«Разве тебе будет другом тот, переступивший порог жилья, кто с улыбкой к тебе войдет, а выйдет, зло на душе тая».
«Скот для казахов - судьбы лучший дар»

Құрастырушылар: Р. К. Ахметова

Г. Р. Сафарова

Редактор : Б. Е. Әлімғазинова













26



3



25



4



24



5



23



6



22



7



21



8



20



9



19



10



18



11



17



12



16



13



15

14


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет