Физика пәнінен емтиханға дайындалудың кейбір аспектілері

Loading...


жүктеу 49.59 Kb.
Дата22.06.2017
өлшемі49.59 Kb.
Аманжолова А.Ж., Байжигитова Л.О.

( М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті)
Физика пәнінен емтиханға дайындалудың

кейбір аспектілері
Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, логика, ақиқат, парасат, ғылыми және т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланыста әрі солар арқылы анықталады. Өмір бойы адам не нәрсеге үйренсе де, алған білімінің сапасы туралы сұрақтар оны үнемі толғандырады. Оқуға жұмсаған уақыты мен күш жігері ақталды ма? Алған білімі болашақта көмегін тигізеді ме? Алдына қойған мақсаттарына сәйкес келеді ме? Бұған және басқа да сұрақтарға жауапты екі жолмен табуға болады. Бірінші жолы – жұмсалған күштің сапасын талдап, бақылау жұмыстары, тесттар және т.б. арқылы өзін-өзі тексеру. Екіншісі – емтихан деп аталатын ұйымдастырылған, арнайы рәсімнің қатысушысы болу.

Емтихан - шәкірттер білімін тексеру тәсілдерінің бірі. Мектептің және жоғарғы оқу орындары тәжірибесінде тест түріндегі бақылау тапсырмаларын орындауға бағытталған емтихандардың пайда болуы емтихан жұмысын лотереяға, ойынға айналдырады деген пікірлерді естуге болады. Бұл пікірлер кең таралған және қауіпті. Емтиханға дайындалудан, өткенді қайталаудан, білімін жүйелеуден және т.б. оқушының көңілін компьютерді калай «алдау» деген сияқты күмәнді әдістерді іздеуге аударуымен қауіпті.

Осы оқу жылынан бастап барлық қазақстандық мектеп бітірушілер дағдыланған ұлттық біріңғай тестілеу өзінің форматын өзгертеді, осының арқасында белгілі бір пәндер бойынша дайындауды, қалған пәндерге көңіл бөлмеушілікті жояды. «Пәнді терең білу» және «меңгерудің ілгері деңгейіне» байланысты сұрақтар болады.

Емтихан қандай түрде өтсе де, оны жақсы тапсыру үшін арнайы дайындық керек. Дайындық кезінде физика пәнінен емтихан тапсырушыға қандай талаптар қойылатынын ескерген жөн. Бұл талаптар құрамына физикалық құбылыстар, физикалық шамалар, заңдар мен теориялар туралы білімнің негізгі элементтері кіреді.

Физикалық құбылыстар жайлы не білу қажет: құбылыстың сыртқы белгілері, құбылыстың өту шарттары, құбылыстың болмысы, берілген құбылыстың басқа құбылыстармен байлынысы, құбылысты сипаттайтын физикалық шамалар, құбылыстың қоршаған орта мен техникалық құрылғыларға зиянды әсер етуін ескертудің әдістері.

Физикалық шамалар жайлы не білу қажет: берілген шама денелердің (құбылыстардың) қандай қасиеттерін(сапаларын) сипаттайды, бұл қандай шама (скалярлық немесе векторлық), шаманың анықтамасы, ХЖ-дегі шаманың өлшем бірлігі (өлшем бірлігінің атауы мен белгіленуі және оның анықтамасы),шаманы өлшеу әдістері.

Физикалық заңдар жайлы не білу қажет: қандай құбылыстар (немесе шамалар) арасындағы байланыс заңды өрнектейді, заңды тұжырымдау,заңның математикалық өрнегі, заң қандай жолмен ашылды, тәжірибеде заңды қолдану және тіркеу мысалдары, оның қолданылу шегі.

Физикалық теория жайлы не білу қажет: теорияны дайындауға негіз болған тәжірибелік фактілер, теорияның негізгі түсініктері, теорияның негізгі ережелері (қағидалары, заңдары), теорияның математикалық аппараты (негізгі теңдеулері), теория ережелерінің әділеттілігін дәлелдейтін тәжірибелер мен бақылаулар.

Мұндай жалпы жоспарды қолдану оқушыға әр сұрақтағы негізгі элементтерді белгілеп алуға, физикалық түсініктердің басты қасиеттеріне зейін бөлуге мүмкіндік береді.

Физика пәнінен емтиханға дайындалған кезде күрделілігі әр түрлі есептерді көп шығарған жөн. Жеңіл есептерді шығаруды үйренгеннен кейін, күрделірек есепке көшу керек. Жұмыс өнімді болу үшін, есепті шығару кезінде алгоритмдік ұйғарым деп аталатын келесі әрекеттерді орындау қажет:



  • есептің шартың мұқият оқу керек, есепте қарастырылатын процестердің немесе құбылыстардың физикалық мазмұнын түсінуге тырысыңыз, есептің негізгі сұрағын анықтаңыз;

  • есептің шартын қайталаңдар (қайтадан оқып, есепте берілген жағдайды ойша елестетіңіз), есепті шығарудың мақсатын табыңыз, берілген шамаларды және белгісіз шамаларды белгілеңіз;

  • есептің берілгенін қысқаша жазыңыз, барлық шамалардың өлшем бірліктерін хж-ге келтіріңіз, сурет, схема немесе сызба жасаңыз. Суретте барлық векторлық шамаларды көрсетіңіз (жылдамдықты, үдеуді, күшті, импульсті, электр өрісінің кернеулігін, магнит өрісінің индукциясын және т.б.);

  • есепте берілген жағдайды қандай физикалық заңдардың көмегімен сипаттауға болатынын анықтаңыз. Егер заң векторлық шамаға жатса, онда бұл заңды векторлық түрде жазыңыз;

  • координата осьтерінің бағыттарын анықтаңыз және координат осьтеріне түсірілген проекциядағы белгілі және ізделініп отырған шамаларды байланыстыратын векторлық байланысты скаляр теңдеу ретінде жазыңыз;

  • шыққан теңдеуді (немесе теңдеулер жүйесін) жалпы түрде есептеңіз, ізделініп отырған шаманы көрсетіңіз;

  • физикалық шамалардың өлшем бірліктерінің көмегімен есептің дұрыс шығарылуын тексеріңіз;

  • жалпы шешімге физикалық шамалардың сандық өлшемін қойыңыз және жуық мән ережесін ескеріп есептеу жүргізіңіз;

  • шыққан нәтижені тексеріңіз және талдаңыз, оның шынайылығын бағалаңыз. жауапты ХЖ-ге келтіріп жазыңыз немесе есептің шартында берілген өлшем бірлігінде жазыңыз.

  • есептің басқа шығару жолдары бар ма екенін анықтаңыз. Егер есептің шартына өзгеріс енгізсек, онда есептің шешімі қалай өзгеретіндігін ойланыңыз. Жалпы шешімнің шекті және жеке жағдайларды талдаңыз, мұндай талдаудың нәтижесін түсіндіруге тырысыңыз.

Емтихан – жай ғана білімді тексеру ғана емес, жабығу жағдайындағы білімді тексеру болып табылады. Физика пәнінен емтиханды жақсы тапсырудың негізгі шарты оқушының жақсы теориялық дайындығы мен оның мектеп талабының көлемінде физикалық есептерді шығара алуы екені түсінікті. Бірақ та, физика пәнінен жақсы дайындалған оқушылар да кейде жоғары баға ала алмай жатады. Оған себеп нашар математикалық дайындық, зейінділіктің, жинақылықтың, ұқыптылықтың болмауы және т.б кедергілер болып табылады. Сондықтан емтиханға психологиялық та дайындық қажет. Ол өз кезегінде емтиханға дайындалу және тапсыруға адекватты қатынас үлгілерін жасайды. Емтиханға дайындық кезінде оқушы өзіне сену керек. Өз күшіне сенімсіз болған сайын, үрейде артады. Ол үрей сал болдырып, тіпті барлық әрекетті жоққа апарады.

Әдебиет:

  1. Болсун А.И., Галякевич Б.К. Емтихан сұрақтары мен жауаптарындағы физика. Мәскеу: Рольф баспасы, 2001.

  2. Усова А.В., Орехов В.П., Каменецкий С.Е. Орта мектептің 9-10 сыныптарында физиканы оқыту әдіснамасы. Мәскеу: Просвещение баспасы, 1990.

  3. Шамаш С.Я., Эвенчик Э.Е., Орлов В.А. Орта мектепте физиканы оқытудың әдіснамасы. Мәскеу. Просвещение баспасы. 1987.

: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...