Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі эссе

Loading...


жүктеу 34.1 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі34.1 Kb.
Физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

ЭССЕ

Тақырыбы: Коғамдағы қылмыс мөлшері қылмыс туралы көрсетілген статистиканың негізгі көрінісі

Орындаған: КЕҢЕСОВ Д.К

Тексерген: БАЙЖАНОВ Е.А

Ақтөбе 2014 жыл

Коғамдағы қылмыс мөлшері қылмыс туралы көрсетілген статистиканың негізгі көрінісі

Бұл эссе қазіргі таңдағы барлық елдердің негізгі қарауында болып отырған және әр жыл сайын көбеймесе кемімейтін қылмыс жайлы болмақ. Бұл ээсенің негізгі мақсаты: статистикаларға сүйену арқылы сол қылмасқа қатысты статистикаларды қазіргі таңдағы қылмыстың негізгі бейнесі ретінде қарастырып, таныту. Бұл жайлы негізгі бөлімде толық мәліметтер мен аргументтер келтіріліп, дәлелденетін болады.



Әр әрекет жасалмас бұрын, оның жетем деп қойылған мақсаты болады, бұл қылмаста сол бір нәрсені көздеу арқылы сол мақсатына жету үшін заңсыз немесе заңға қайшы жасалған іс-әрекет болып табылады. Бұл қылмысты көбіне жүйке жүйесі шаршаған, кедей, психологиялық ауытқуға ұшараған адамдардың жасайтыны айтпаса да белгәлә секілді және менің ойымша «Тәрбие отбасынан басталады»,-демекші отбасында болатын келеңсіз жағдайлар немесе кикілжіңдердің өзі адам психологиясына әсер ететіні рас және осы себептен де қылмысқа барады. Қылмыс – қауіп төндіру арқылы тиым салынған және қоғамға қауіп келтіретін әрекет. Ал бұл қылмыс жайында көрсетілген статистикаларды сонау өзге мемлекеттерден емес, жыл сайын екі есеге өспесе кемімейтін өзіміздің Қазақстанды алайық. 2011 жылғы статистикаға назар аударар болсақ, небәрі 7 ай ішінде (қаңдар-шілде) республикада 97692 қылмыс тіркелсе, оның өткен жылға қарағанда 25%-ға өскенін яғни 19550 қылмыстың артық тіркелгені туралы Қазақстан статистика агенттігі мәлімдейді, бұл жерден шыныменде республикамыздағы қылмыстың өсіп жатқанын көруге болады. Және осы жасалған қылмыстың 61,6%-ы экономикалық саланың үлесіне тиіп отыр.

Ал қазіргі кезде тоңып емес, тойынып қылмыс әлемінде өз қолтаңбаларын қалдырып жатқан азаматтарда аз емес. Жоқтықтан емес, барын қастерлей алмай, одан мезі болып, қызық үшін және ермек үшін жасалып жатқан қылмыстарда кездеседі. Бірақ осы қылмыстың барлығы жеткіншектік кезден басталуы да мүмкін. Бесіктен белі шықпай жатып қылмыс жасап жататын жеткіншектердің қылмыс жасауы мектеп қабырғасынан басталыпта жатады және оның негізгі себептерінің бірі бопсалау мен жасөспірімдер арасындағы кикілжіңдерден басталып да жатады, бұл жағдайға қанша жағдай жасалып, қадағаланып жатса да, жас қылмыскердер саны азайар емес оны, соңғы бес жыл ішіндегі кәмілетке толмаған балдардың жасаған қылмыстарының статистикасына назар аудару арқылы білуге болады. Осы статистиканың 35%-ын жұмыссыз, оқымайтын еріккен жеткіншектер құрап отыр.

Және осы жоғарыда көрсетілген статистика арқылы Қазақстандағы қылмыс көлемінің жоғары екенін байқасақ, (УНП ООН ұйымының зерттеуі бойынша) біздің республикамыздың адам өлтіру көрсеткіші бойынша 7,8-дік көрсеткішпен 81 бірінші орында тұрғанымызды білу арқылы алдымызда орналасқан 80 мемлекеттің қылмыс көлемінің бізден де жоғары екенін көруге болады. Бұл арқылы қазіргі кезде жасалып қылмыстың қылмыс туралы көрсетілген статистиканың негізгі көрінісі болып табылатынын байқауға болады.

Қорытындылай келе, осындай әлемді уайымдататын проблемаға айналып отқан қылмыс жасаушыларды жазалап, оның жақсылыққа әкеліп соқпайтынын түсіндіру арқылы, келешекте қылмыс көлемін азайтамыз деп ойлаймын. Қылмыстың өтеуі жаза болатынын біліп тұра, қылмыс жасайтын адамдарға қайраң қалам. Осыны ескере отыра, заң бұзғанға қатаң жаза қолдану арқылы елімізді тыныш та, бақытты мемлекет қылуға ат салысайық, достар!



Анықтама:

  • УНП ООН - Управления Организации Объединенных Наций по наркотиками и преступности

Пайдаланған әдебиеттер:

  • http://gtmarket.ru/ratings/homicide-rate/info

  • http://www.elarna.com/koru_kk.php?tur=7&id=63699

  • http://kz.kostanay-city.kz/news/201/3486/

  • http://news.nur.kz/196851.html

  • http://www.bnews.kz



Қылмыстың өтеуі жаза болатынын біліп тұра, қылмыс жасайтын адамдарға қайраң қалам.


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...