Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алу үшiн жұмыстарды қабылдау

Loading...


жүктеу 64.78 Kb.
Дата16.01.2017
өлшемі64.78 Kb.

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2014 жылғы « »

№ бұйрығымен бекітілген

 

 

«Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алу үшiн жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер



 

1. «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алу үшiн жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет).

2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінімдер қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау мерзімінің аяқталу сәттен бастап күнтізбелік 75 күннен аспайды;



2) көрсетілетін қызмет алушының құжаттар пакетін тапсыру үшін кезек күту уақытының барынша ұзақтығы 1 сағаттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы 30 минуттан аспайды.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз тасымалдағыштағы құзыретті органның шешімі (бұйрық).

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің осы мемлекеттік қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген интернет-ресурсында орналастырылады.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13:00-дан 14:30-ге дейінгі түскі асқа үзіліспен, күнделікті сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін көрсетіледі.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет құжаттар тізімі.
Ғылым саласындағы сыйлықтарды беру үшін қажетті құжаттар:

1) кiтаптар, монографиялар, оқулықтар, кiтапшаланған мақалалардың баспа-таңбалары, патенттер көшiрмелерi, авторлық куәліктер, мемлекеттiк тiркеуден өткен ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есептер түрлеріндегі ғылыми жұмыс;


      2) мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негiзгi ғылыми нәтижелерi, олардың маңыздылығы мен болашақта пайдалану мүмкіндігі баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (0,5 б. т.);

3) жұмыстың қысқаша мазмұндамасы аннотациясы;

4) жұмыстың ғылыми өзектілігі мен маңыздылығын бейнелейтiн ұсыным-негiздеме;
      5) жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші орган отырысының хаттамасынан үзiндi;

6) сыйлық алуға үміткердің негiзгi қызмет орнынан анықтама;

7) сыйлық алуға үміткердің ұжым жұмыстары үшiн шығармашылық үлесi көрсетiлген ғылыми қызметiне қысқаша сипаттама;

8) негізгі ғылыми жұмыстарының тiзiмi (5-тен аспауға тиiс);

9) конкурсқа ұсынылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықтарға ие болмағанын куәландыратын анықтама.

Сыйлық алуға үміткер жұмыстан босатылған жағдайда осы баптың 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар оның соңғы жұмыс орнынан ұсынылады.
Мемлекеттік ғылыми стипендияны беру үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) тиісті ұйымның ілеспе хаты;

2) ұйымның консультативтік-кеңесші органының мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткерді ұсыну туралы отырысы хаттамасынан үзiндi;
      3) ұйымның консультативтік-кеңесші органының уәжделген қолдау хаты (ұсынымы); 
      4) мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің негiзгi қызмет орнынан анықтама; 

5) мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға үміткердің соңғы бес жылда жарияланған ғылыми жұмыстарының тізімі, сондай-ақ ең маңызды жұмыстардың баспа-таңбалары (бестен аспауы керек). Монография бойынша екі бетке дейінгі көлемдегі басылған аннотация беріледі (көрсетілетін қызмет алушының арыздануы кезінде мемлекеттік қызметті алуға жеңілдіктер көзделмеген). 



Осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет процессінде құжаттардың арнайы нысандарын толтыру қажет етпейды, құжаттарды қабылдау фактісі ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға өтінімдерді тіркеу журналында бекітіледі, онда оның реттік нөмір және қабылдау күні көрсетіледі.
3. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызмет көрсетушілердің және (немесе) олардың лауазымдық тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)

шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымдық тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым жазбаша түрде:

Көрсетілетін қызметті берушінің басшының не оның міндетін атқарушының атына осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.

Шағымның қабылдануын растау оның шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін жолданады.



Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің

ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің: www.edu.gov.kz;

2) Комитеттің: www.sc.edu.gov.kz;

13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігіне ие.



14. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: +7(7172) 74-20-29, +7(7172) 74-24-59. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

_______________
: sites -> default -> files
files -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Қр жоғарғы Соты Пленумының 1998. 05. 15
files -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
files -> Сот ісін жүргізу тілі принципін қолданудың кейбір мәселелері туралы
files -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
files -> Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы
files -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...