Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау

Loading...


жүктеу 64.81 Kb.
Дата16.01.2017
өлшемі64.81 Kb.

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы «15» сәуірдегі

№ 206 бұйрығымен бекітілген

 

 

«Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

  

1. Жалпы ережелер



 

1. «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік қызметті, аграрлық ғылым саласындағы сыйлықтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау мерзімінің аяқталу сәтінен бастап күнтізбелік 30 күн;



2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакетін тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау туралы анықтама беру.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.



7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі .

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13:00-дан 14:30-ге дейінгі түскі үзіліспен, күнделікті сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттардың тізбесі.
Ғылым саласындағы сыйлықтарды беру үшін қажетті құжаттар:

1) кiтаптар, монографиялар, оқулықтар, кiтапшаланған мақалалардың баспа-таңбалары, патенттер көшiрмелерi, авторлық куәліктер, мемлекеттiк тiркеуден өткен ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есептер түрлеріндегі ғылыми жұмыс;


      2) мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негiзгi ғылыми нәтижелерi, олардың маңыздылығы мен болашақта пайдалану мүмкіндігі баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (0,5 беттен аспайтын);

3) жұмыстың қысқаша аннотациясы;

4) жұмыстың ғылыми өзектілігі мен маңыздылығын бейнелейтiн ұсыным-негiздеме;
      5) жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзiндi;

6) сыйлық алуға үміткердің жұмыс орнынан анықтама;

7) сыйлық алуға үміткердің шығармашылық үлесi көрсетiлген ұжым жұмыстары үшiн ғылыми қызметiне қысқаша сипаттама;

8) негізгі ғылыми жұмыстарының тiзiмi (5-тен аспайтын);

9) жұмысты ұсынушы ұйымнан конкурсқа ұсынылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықтарға ие болмағанын куәландыратын анықтама.

Бұл ретте сыйлық алуға үміткер жұмыстан босатылған жағдайда осы тармақтың 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар оның соңғы жұмыс орнынан ұсынылады.

Мемлекеттік ғылыми стипендияны беру үшін қажетті құжаттар:

1) тиісті ұйымның ілеспе хаты;

2) ұйымның консультативтік-кеңесші органының мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткерді ұсыну туралы отырысы хаттамасынан үзiндi;
      3) ұйымның консультативтік-кеңесші органының уәжделген қолдау хаты (ұсынымы); 
      4) мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің жұмыс орнынан анықтама; 

5) мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің соңғы бес жылда жарияланған ғылыми жұмыстарының тізімі, сондай-ақ ең маңызды жұмыстардың баспа-таңбалары (бестен аспауы керек). Монография бойынша екі бетке дейінгі көлемде басылған аннотация беріледі (көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алуға жеңілдіктер көзделмеген). 



Қабылданған құжаттар топтамасы ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға конкурстық құжаттарды тіркеу журналында бекітіледі, онда оның реттік нөмірі және келіп түскен күні көрсетіледі.
3. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызмет көрсетушілердің және (немесе) олардың лауазымдық тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)

шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым жазбаша түрде:

көрсетілген қызметті берушінің басшысының не оны алмастырушы тұлғаның атына;

көрсетілген қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

Шағымды қабылдаған тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.

Шағымда:

1) жеке тұлға – тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны;

2) заңды тұлға – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.



Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.


4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің

ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің: www.edu.gov.kz;

2) Комитеттің: www.scedu.gov.kz – интернет – ресурстарында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтері, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігіне ие.



14. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: +7(7172) 74-20-29, +7(7172) 74-24-59. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
: storage
storage -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында
storage -> «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
storage -> Қабылдау комиссиясына
storage -> Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтарыналуғаарналғанжұмыстардыұсыну,ресімдеу және беру
storage -> Алматы отд бойынша 29. 12. 2012ж бос орындар: «Қазақтелеком» АҚ филиалы Алматы отд -на қажет: Бас аппарат бойынша бос орындар
storage -> Регламенті Жалпы ережелер
storage -> «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Акционерлерінің жалпы жиналысының 2008 жылғы 11 наурыздағы шешімімен №35 хаттама бекітілді (29. 12. 2011ж жағдай бойынша) «Қазақтелеком»
storage -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
storage -> Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы
storage -> «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...