Әзілхан нұршайықовтың шығармаларындағы педагогикалық идеялардың мазмұНЫ



жүктеу 81.41 Kb.
Дата10.09.2017
өлшемі81.41 Kb.
ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
Рустембеков М.К.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.,
ӘОЖ 37.013 (092)

Р 86

Еліміздің өз тәуелсіздігін алғалы дамыған елу елдің қатарынан көрінуді мақсат етіп, жаһандық кеңістікке бет бұруда болашақ ұлттың ұрпағына сапалы білім беру мен жан-жақты, саналы тәрбиелеудің әлеуетін аша түсуге, жетілдіруге ғылыми-педагогикалық тұрғыдан күрделі міндеттер жүктейді.

«Қазақстан-2050» стратегиясы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халықтарына жолдауында жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялды қоғамымыздың табысының негізі екендігіне аса мән бере отырып: «Қазақстан патротизмнің ірге тасы – барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапгершілігі. Жаңа қазақстандық патротизм. Болашаққа деген сенім болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайды. Мемлекет пен адамзаттың мақсаттары барлық бағыттар бойынша сәйкес келуі өмірлік тұрғыдан маңызды. Мемлекеттің басты міндеті де осы. Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялтады. Бірақ бүгінде қалыптасқан мемлекеттің жаңа даму кезеңінде бұл түсініктің өзі жеткіліксіз. Біз бұл мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарауымыз керек. Егер мемлекет әр азаматтың өмір сапасына, қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктеріне және болашағына кепілдік беретін болса, біз елімізді сүйеміз, онымен мақтанамыз. Осындай тәсіл ғана патриотизімді және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады. ...Біздің бір-бірімізбен біріктіретін де, бауыр ететін де бабаларымыздың бостандық жолында төгілген осы қаны деп білемін. Елдік мұрат жолындағы ұлы ерлік әрқашан аталарымыздың бойынан табылған. Бабаларымыз тірі болу үшін бір болса, біз әрдайым ірі болу үшін бір болуымыз керек. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдығы сындардан сүрінбей өтерміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік ел» етуді мұрат қылдық» деген болатын [1, 5-6 бб.].

Еліміздің «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бығытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» [2, 16 б.] – деп, ұлт зиялыларының құнды мұраларын білім беру мен тәрбие ісіне пайдалануға бағыт береді.

Қазіргі кезде жастарымызды ұлттың азаматы болуы үшін ұлттық рухта тәрбиелеуге негіз болатын тұлғалардың өмірбаяны мен шығармашылығы кеңінен зерттеліп, олардың тәлім-тәрбиелік идеялары білім беру жұйесінің оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуі маңызды. Тарихи-педагогикалық зерттеулер осы бағытта шешуші рөл атқарады. Қазақ жері – түркі халықтарының тарихи Отаны. Сондықтан да тарихтың тамыры тереңге кеткен халық ретінде тәлім-тәрбие мәселесін де ертеден қозғаймыз. Тарихы тереңдеген сайын болашағымыз айқынырақ болатыны сөзсіз. Бұл күнде қазақ халқының шыққан тарихи тұлғалары мен батырлардың, ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлердің тұлғалық бейнесін сомдап, рухани тамырына көз жіберер болсақ, өткенімізбен сабақтастыруға негіз бар. Қазақ халқының дара тұлға азаматтарының бейнесін жас ұрпаққа үлгі етерде даралықтың тамыры тереңге бойлап, ізгілік пен батырлықтан, имандылық пен руханилықтан нәр алып, сапалық қасиеттерімен асқақтай түскенін байқаймыз.

Жаңарған қоғамда жаңа бағыт алып келе жатқан педагогика ғылымына Қазақстаннның халық жазушысы, жас ұрпаққа өмірі мен шығармалары үлгі Әзілхан Нұршайықовтың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері мен идеялары қосылса, қазақ педагогикасының әлеуеті арта түседі.

Ұлттық құндылығымызға негіз болып табылатын тарихи тұлғаларымыздың тағылымдық мұраларын жастар тәрбиесіне пайдалану қажеттігіне түрткі болар ойларды біз басшылыққа аламыз. Тәлім-тәрбиелік идеяларға бай, оқырмандардың өз туындылары арқылы тәрбиелеуге ықпалды жазушылар қатарында Әзілхан Нұршайықовтың да өзіндік орны ерекше. Қазақ тарихында өткен шығармашыл тұлғалар мұрасының тәлім-тәрбиелік идеяларын, тағылымдық ой-пікірлерін, педагогикалық көзқарастарын зерттеп-зерделеу соңғы жиырма жылдың көлемінде қолға алынып келеді. Бұл қазақ педагогикасының тарихын тереңдетіп әрі байыта түсетіні сөзсіз. Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылығындағы педагогикалық идеялар мен тағылымдық ой-пікірлерінің мәнін ашу, құрылымын мен мазмұнын көрсету қажеттілігі айқын. Халыққа аты мәшһүр болып, сөздеріне елді ұйыта білген, өмір сүруде оның тағылымын басшылыққа алған халықтың ісіне сүйсінер, сөзіне сенер, ұрпағына үлгі етер тұлғалары аз болмаған «Ел болса, ер туғызбай тұра алмайды» деген қағидаға сенсек, бұл өмір сабақтастығы жалғаса бермек. Кеңес өкіметі тұсында білім алып, қайраткерлігімен, ағартушылығымен танылған Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиевтердің шығармашылығы-ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне таптырмас оқулық, баға жетпес құнды еңбектер. Аталмыш алаш ардақтыларының ісін ұзағырақ жалғаған Мұхтар Әуезов, Сабит Мұқанов, Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Ғабит Мүсірепов, Әбділда Тәжібаев, т.б. ақын-жазушылардың үлгісін рухани өміріне бастау еткен Әзілхан Нұршайықов шығармашылығындағы ой-пікірлерінің мазмұнын ашу үшін өзімізге белгілі білім мазмұнындағы басты талаптар. Білім мазмұны ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі деп көрсетілген, оның деңгейін көтеретін негізгі қағидалары: тәрбиенің бағыттары мен ұлттық мәдени байлықты жалпы азаматтық мәдени мұрасымен байланыстыру, ұлттық тілді, мәдениетті халықаралық қатынас тілдері мен мәдениетімен тәрбиені мәдениет деңгейінде таныту басшылыққа алынады.

Әзілхан Нұршайықовтың тағылымдық ой-пікірлерінің мазмұнын шығармашылығы аясында қарастырып көрейік. Жазушы шығармашылығын қамтитын тақырыптар төмендегідей:

- еңбекті сүю, еңек арқылы құрметтелу:

- ерлік пен батырлық,Отан қорғаудың принциптері;

- туған ел мен жер, Отанды сүю, құрметтеу;

- сұлулықты тану, оның сезімге әсер ету әлеуеті;

- адами асыл қасиеттің дәріптелуі, адамгершілік идеясы;

- ана тілі, туған тілді үйрену, ардақтау, құрметтеу;

- жаман әдеттерден аулақ болу, салауатты өмір салты;;

- ұлттық мәдени мұра-құндылықтарды сақтау;

- жастарды өмірге бейімдеу, өмірді сүюге бағыттау;

- отбасылық тәрбие-ұрпаққа жынысына сай тәрбие беру т.б.

Шығармашылығына тәлім-тәрбиені басты идея етіп алған Әзілхан Нұршайықов тағылымдық мұрасының басты қағидалары:

- Ерлік пен батырлықты жас ұрпақтың елжандылық пен ұлжандылық сапаларын дамытуға үлгі ету;

- Жас ұрпақты өмірге дайындауда адамгершілік идеяларын басшылыққа алудың қажеттілігі;

- Ұлттық тарихи тұлғалардың өнегелі істерін сабақтастықта дәріптелуі;

- Адамды жан-жақты, үйлесімді дамытуға өнердің ықпалы және эстетикалық тәрбиені басшылыққа алу;

- Жастардың мінез-құлқы мен іс-әрекетіне үлкендердің үлгі болуы, қамқорлығы;

- Туысқандық қарым-қатнастардың ұлттық дәстүрге, мәдениетке кепіл болатындығын жеткізу;

- Ұлттық құндылықтарды ұлттық тәрбиенің негізі ету идеясын басшылыққа алу;

- Бұқаралық ақпарат құралдарының ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін арттыру;

- Достыққа адал, махаббатқа берік болу, жастарды, махаббатқа тәрбиелеу т.б [3].

Жазушы шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды басшылыққа алған аталмыш қағидалары қарастыра отырып, жазушы педагогиканы шығармашылығына басты мақсат етпегенін білеміз, алайда, жазушылық бейнесі адами абзал қасиеттерден өрілген азамат, ойы мен сөзін өзінің адамгершілік кеңістігінде тоғыстырады. Өмірді сүю арқылы адамзаттың бәрін жақсы көретін қаламгерлерге тән адами ізгі сапалар Әзілхан Нұршайықов дүниетанымына негіз болғандығын байқаймыз. Өзінен бұрынғыларын құрметтеу, өзінің замандастарын сыйлау, кіші буынға ізет білдіру сияқты азаматтық ұстанымдары арқылы жалпы оқырмандарын жақсылыққа үндейді, ізгілікке шақырады.

Халыққа танымал жазушының қарастырған тәлім-тәрбиелік ой-пікірлеріндегі ұрпақ тәрбиесінде дәріптелер аталмыш жоғары сапалар шынайы адамгершілік қатынастарға: достық, сыйластық, адалдық, инибаттылық пен кішіпейілділік, салауаттылық т.б. адами қасиеттерге негізделуін көздегенділігі байқалады. Жоғарыда айтылған Әзілхан Нұршайықов шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды саралай келе, түйетін тұжырымды ой: жас буынды өзі өмір сүріп отырған қоғамның алдында тұрған мақсат-міндеттерге қызмет ету жолында адамгершілік пен ізгілік аясында тәрбиелеуді басты ұстаным етіп, адамды сүюді басшылыққа алу – жазушы шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеяның негізі мәні.

Әзілхан Нұршайықов шығармашылығындағы тағылымдық ой-пікірлердің мәнін педагогикалық тұрғыдан ашып, оның гуманистік идеяға негізделгендігі – білім мазмұнына жаңаша гуманистік парадигмалар енгізу болып табылмақ..

Сондықтан да жазушы шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың мазмұндық сипаттамасы кеңінен қарастырылады да оны оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің жолдары ғылыми педагогикалық-тәжірибелік тұрғыдан көрсетіледі.

Әзілхан Нұршайықов шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың қалыптасуын тарихи-педагогикалық негіздерге:

- Абайдың ақындық мектебіні дамытқан аймақтық әлеуметтік институт ретінде ықпалы;

- Еліміздегі саяси-әлеуметтік жағдайдың жаңа тұрпатқа көшіп, кеңістікидеологияның үстемдік етуі;

- Ұлы Отан соғысына қатысуы арқылы Отаншылдық, елжандылық, ерліккеүндеу, батырлықты дәріптеу шығармаларының тууына әсері;

- Білім ордаларындағы ұстаздары мен ойшыл-ағартушылардың, әлем классиктерінің шығармалары және әдебиет кеңістігіндегі ұстаздары мен замандастарының ықпалымен және әдебиет кеңістігіндегі ұстаздары мен замандастарының ықпалымен үздіксіз ізденісі, жетілуі, шыңдалуы;

- Қайта өрлеу жылдарында еңбекті ту ету, адамгершілік, еңбекқорлық, достық, махаббат, адамды сүю идеяларының насихатталуы;

- Қазақстанның дербес, тәуелсіз ел болуына байланысты жаңа буынның болашағына деген жауапкершілік, ұлттық мәденметті құндылық деңгейіне көтеру, ұрпақтар арасындағы сабақтастық мәселелерін жатқызуға болады.

Жазушының бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өз идеяларын насихаттық үлгіде таратуын айрықша атап айтуымызға болады. Ақпарат және ақпараттық технологияның идеологиялық қызметінің педагогика ғылымы мен білім беру мекемелері үшін маңызы ерекше. Әзілхан Нұршайықовтың осы қызметі де тәлім-тәрбиелік идеяларды шығармашылығында басшылыққа алуына негіз болды. Журналист-жазушының белгілі бір дәрежеде қоғам тынысына үн қосуы арқылы қоғамдық тәрбиеге үлес қосады. Ақпараттық-инновациялық бағыттағы жұмыстарға журналист-жазушының атсалысуы заңды. Ескерерлік мәселе, жазушының жас күнінен қоғамдық өмірдегі оқиғаларды шынайы түрде көрсетуге бағытталған әрекеті деректер жинауы және оның күнделік жүргізуі ақпараттық нақтылыққа бағытталғандығын танытады. Тәлімгер-жазушының шығармашылығындағы тағылымдық идеяларының мазмұны – жалпы адамзаттық құндылық идеяларын басшылыққа алып, адамгершілік пен ізгілікті негізделген мінез-құлқы және іс-әрекетін медениет деңгейіндегі қарым-қатынаста көрсететін ұлттың ұрпағын тәрбиелеу.

Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылық мұрасында тәрбиенің сан алуан бағыттары (еңбексүйгіштік, патриотизм, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, өзін-өзі тану, махаббат, т.б.) қамтылғаны анықталды. Мұның бәрі жеке тұлғаның адами болмысын, яғни тұлғалық қасиеттерін, рухани-адамгершілік бейнесін қалыптастырады, заман талабына сай жан-жақты кемелденуіне игі ықпал етеді.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Қазақстан – 2050» стратегиясы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халықтарына Жолдауы. «Арай» газеті, 20 желтоқсан, 2012 ж. №51 (375) 5-6 бб.

2. ҚР Білім туралы заңнама. Заң актілерінің жиынтығы. – Алматы: Юрист, 2008. – 216 б.

3. Нұршайықов Ә. Таңдамалы шыармаларының он томдығы. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2005.
Тіркеу формасы


  1. Тегі, аты-жөні: Рустембеков Марат Кулесбекович

  1. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:

  2. Мекеме, лауазымы: ТарМПИ, Мәдени тынығу жұмысы және хореография кафедрасы, оқытушы.

  3. Мекен-жайы: Төле би 62, қ. Тараз, 080000

  4. Телефон:

  5. E-mail: -

  6. Факс: -

8. Мақала тақырыбы: ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫ

9. Секция 3. Педагогика, этнопедагогика



10. Керекті техникалық құралдар: -

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет