Еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 118.02 Kb.
Дата28.05.2017
өлшемі118.02 Kb.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
        1. Еуразия гуманитарлық институты



А.У. Ильясова


«Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығына арналған

курстық жұмысты орындау бойынша

әдістемелік нұсқаулар

Астана - 2017

  1. Кіріспе

Курстық жұмыс – студенттердің өзіндік ғылыми жұмысы және заманауи ғылыми зерттеулерді қолдануды талап етіледі. Курстық жұмыс рефераттық, ғылыми-теориялық немесе ғылыми-практикалық сипатқа ие.

Тіл теориясы бойынша курстық жұмыс – практикалық материалмен бақыланатын мәселелердің теориялық талдауын қамтитын лингвистикалық зерттеудің бастапқы тәжірибесі болып табылады. Ол өзіндік ғылыми-зерттеу дағдысын қалыптастырады: ақпаратты іздеу, ғылыми әдебиетті зерттеу, зерттелетін тақырып бойынша материалды сыни іріктеу және талдау, стандартты әдістеме мен тәртіптерді қолдануды ұйымдастыру, студенттің шығармашылық ойлауын дамытуға мүмкіндік береді.

Тіл теориясы бойынша курстық жұмыс 5В011900 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының студенттерімен оқылатын теориялық пәндерге негізделеді: тіл теориясы, теориялық грамматика, теориялық фонетика, лексикология және стилистика.

Курстық жұмыстың мақсаты:



  • оқытылатын пәндер және жалпы тіл теориясы бойынша студенттің теориялық білімін тереңдету және кеңейту;

  • зерттеу жұмысы дағдысын қалыптастыру: зерттеу нысаны мен пәнін анықтау, мақсат пен міндеттерін қою, ақпараттық іздеуді ұйымдастыра білу, талдау, жалпылау, тұжырым жасау;

  • студентке алған теориялық білімін практикалық міндеттерді шешуде қолдануды үйрету.

Тіл теориясы бойынша курстық жұмыс дипломдық жұмысты (жоба) жазуға дайындықтағы алғашқы бөлім болып табылады.

Зерттеу тақырыбын зерттеуді ары қарай жалғастыруда кеңейтуге және бітіру біліктілік жұмысын жазуға болады.

Курстық жұмыс студенттің өзіндік жұмысына бөлінген сағатпен орындалады.

Әдістемелік нұсқаулардың мақсаты – студенттерге курстық жұмыстың тақырыбын дұрыс таңдауға, жұмыстың жоспарын құруға, теориялық әдебиеттерді іріктеу және зерттеу бойынша өзіндік жұмыстың әдістемелік тәсілдерін анықтауға, нақты материалдарды іріктеуге, өзінің зерттеуінің нәтижелерін дұрыс рәсімдеуге және оларды көпшілік алдында сөз сөйлеуде ұсынуға көмектесу.


2. Курстық жұмыстың міндеттері
Курстық жұмысты жазудағы негізгі міндеттер:

- студенттің салыстырмалы тіл білімі, тіл теориясы және аралас пәндер аясындағы білімін кеңейту және тереңдету;

- практикалық міндеттерді шешуде теориялық білімін қолдану іскерлігін жетілдіру;

- студенттің ғылыми әдебиетпен өзіндік жұмыс дағдысын жетілдіру.

Курстық жұмыс – шетел тілдері кафедрасында дайындалған ғылыми тақырыппен, арнайы пәндердің дидактикалық принциптерімен тығыз байланысты студенттің өзіндік шығармашылық жұмысының бір түрі.

Курстық жұмысты жазу барысында студент өзіндік ғылыми-зерттеу жұмысы, нақты теориялық-практикалық мақсатты шешу дағдысын бекітуі және жетілдіруі тиіс. Курстық жұмысты дайындаудағы негізгі міндет студенттердің ғылыми ізденіс және шығармашылық, өзінің зерттеуінің нәтижелерін көпшілік алдында сөз сөйлеуде ұсына білу, өзінің пікірін дәлелді қорғау қабілетін дамыту.

Курстық жұмысты жазу барысында студент:

- кестеге сәйкес ғылыми жетекшінің кеңесіне баруға;

- жұмыстың сәйкес кезеңдерін орындағаны жөнінде ғылыми жетекшіге жүйелі есепберуге;

- библиографиялық көрсеткіш және каталогты, Интернет желісін қолдану арқылы тақырып бойынша әдебиетті (дереккөз) зерттеуге;

- зерттеліп отырған мәселенің қазіргі жағдайын әдебиетке шолу түрінде мазмұндауға;

- тақырып бойынша материалды жинау мен талдаудың негізгі әдістерін білуге;

- қажетті материалды жинап және талдауға;

- әдебиеттерді зерттеу және практикалық мысалдарды талдау негізінде тұжырым және қорытынды жасауға;

- курстық жұмысты рәсімдей білуге міндетті.
3. Курстық жұмыс тақырыбын таңдау
Курстық жұмыстың тақырыбын оқытушылар дайындайды және кафедра мәжілісінде бекітіледі. Курстық жұмыстың тақырыптары оқу жоспарындағы оқытылатын пәндердің ең өзекті мәселелерін көрсетеді, оның негізгі мазмұнына және мақсатты нұсқауына, сонымен қатар мамандар даярлауға бағытталған жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына жауап береді.

Курстық жұмыстың тақырыбын таңдауда келесі кезеңдерді анық көз алдына елестетуі тиіс:

а) зерттеу нысанын (нақты нені, қандай тілдік құбылысты талдау күтіп тұрғанын);

б) зерттеу бағытын, оның әдістерін (құрылымдық, семантикалық, функционалдық немесе кешенді тәсіл). Нақты әдістеме және лингвистикалық зерттеулердің негізгі бағыттары бойынша И.В. Арнольд «Основы научных исследований». – М.: Высшая школа, 2012. Изд-е 4. Главы 1 – 3; кітабынан қараңыз.

в) болжамды, яғни мәселені және оның мүмкін болатын шешімін.

Курстық жұмыстың тақырыбына қойылатын талаптар:

- айқын ойды тұжырымдау және ғылыми мазмұны болуы тиіс;

- жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында анықталған бакалаврды даярлаудың теориялық және практикалық талаптарына жауап беруі тиіс;

- қазіргі ғылымның бағыттылығы мен келелі мәселелерін ескеруі тиіс;

- студенттерді кафедра оқытушыларының ғылыми келелі мәселелері бойынша зерттеуге тарту.

Курстық жұмыстың тақырыбы «Теориялық фонетика», «Теориялық грамматика», «Лексикология», «Тіл теориясы», «Стилистика» курстары аясында қандай да бір теориялық мәселені тұжырымдауы тиіс. Тақырып нақты болуы тиіс, оның атауы оқулықтағы бөлім атауын қайталамауы керек.

Материалды жинау және оны өңдеу:

Таңдалған зерттеу тақырыбы негізінде студент оқытушымен бірге мақсатты, міндеттерді және зерттеу әдістерін нақтылайды, тақырып бойынша әдебиеттерді іздеу бағытын (жүйелі каталог бөлімдерін, Интернет-сайттар және т.с.с.) анықтайды, материалды жинау тәсілдерін және оны өңдеудің негізгі процедураларын анықтайды. Теориялық және практикалық материалды іздеу кезінде басты назарды библиографиялық тізімді дұрыс рәсімдеуге аударған жөн (материалды бастапқы жинау кезінде библиографиялық деректі дұрыс тіркеу қажеттігіне ерекше көңіл аудару).

Тақырып бойынша дереккөздерді зерттеу ауқымды болуы тиіс. Оқулықтан алынған деректермен шектелмеу керек, ғылыми журналдарда жарияланған монографиялар мен мақалаларды міндетті түрде қолдану керек. Студент әдебиеттерді ғылыми кітапхана каталогы, библиографиялық көрсеткіш және анықтамалық, Интернет желілерінің көмегімен өз бетінше іздейді.

Әдебиеттерді зерттеу нәтижесінде мәселенің қазіргі жағдайы жайында түсінік қалыптасуы тиіс және қолда бар қайшылықтар мен шешілмеген міндеттер анықталады.

4. Курстық жұмыстың құрылымы және рәсімдеу тәртібі
Тіл теориясы бойынша курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады: теориялық және практикалық. Теориялық бөлімде студент тіл теориясы саласындағы тақырыптардың бірін таңдап өз бетінше ойлай білуді көрсетуі, әртүрлі ғалымдардың теориясын және көзқарастарын салыстыруы және талдауы, өзінің жұмысының нысаны мен пәнін ескеріп, дәлелді тұжырымдар жасауы тиіс. Практикалық бөлімде студент курстық жұмыстың тақырыбы бойынша өзінің практикалық қызметін сипаттауы тиіс: студенттің маманданғанына байланысты, бұл бағдарлама құру, мақаланың немесе шығарманың талдауы, материалды өңдеу және т.б. болуы мүмкін. Студент тек кітаппен жұмыс жасау ғана емес, сонымен қатар меңгерген теориялық білімін практика жүзінде қолдана алатындығын көрсетуі тиіс.

Курстық жұмыстың көлемі 25-30 баспа бетті құрауы тиіс және келесідей рәсімделеді: қаріп - Times New Roman, кегель – 14, интервал – бір жарым, жоғары, төмен жағынан – 2 см., сол жағынан – 3 см., оң жағынан 1,5-2. Абзац 1 см. Мәтінде сілтеме: [1, 53б.]. Теориялық бөлім 10-15 бетті, ал практикалық бөлім – 15 бетті құрауы тиіс.

Курстық жұмыстың құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:

1. Титул беті.

2. Кіріспе.

3. Негізгі бөлім.

4. Қорытынды.

5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

6. Қосымша (қажет болған жағдайда).

Титул бетінің рәсімделуін 1 қосымшадан қараңыз.

Кіріспеде келесі негізгі бөлімдер көрсетіледі:

- тақырыптың жалпы тұжырымдамасы;

- таңдалған тақырыптың теориялық және практикалық мәні, оның өзектілігі;

- мәселенің өңделгендігінің деңгейі;

- автор алдына қойған зерттеудің нақты міндеттері;

- автор алдына қойған міндеттерді қалай шешетіндігінің түсіндірмесі, ашылатын мәселелердің логикалық жүйелілігінің негіздемесі, зерттеудің жалпы реті және жұмыстың құрылымы;

- жұмыста қолданылған ақпарат көздері.

Кіріспе қысқа (1-3 бет) және анық болуы тиіс. Оны жалпы фразалармен толтырмаған жөн. Бастысы, оқып отырған адам жұмыстың неге арналғанын, автор өзіне қандай міндеттер белгілегенін тек түсінуі тиіс.

Негізгі бөлім параграфқа бөлінетін тараулардан, тармақтарға бөлінетін параграфтардан тұрады. Кез келген бөлімнің атауы курстық жұмыстың атауымен толық сәйкес келмеуі (олай болмаған жағдайда, басқа бөлімнің болуы артық болады), ал кез келген параграф бөлімнің атауын қайталамауы тиіс.

Жұмыс жоспарын күрделендірмеген жөн. Курстық жұмыста нақты екі бөлімді қарастырған дұрыс.

Қорытындыда автор жасаған негізгі тұжырымды анық қисындап мазмұндаған жөн. Тұжырым қысқа және жұмыстың мазмұнымен тығыз байланысты болуы тиіс. Сәйкес бөлімдердің негізгі тұжырымын қайталауға болады, бірақ жалпы жүргізілген зерттеудің нәтижесі бойынша қорытынды жасауға тырысқан артығырақ.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі белгіленген тәртіп бойынша рәсімделеді. Ол мәтінде сілтеме жасалған барлық әдебиетті, сонымен қатар сілтеме және ескертпе жасалмаған, қалай болғанда да қолданылған маңызды дереккөздердіқамтиды.

Қосымша, жұмыс құрылымының бұл элементі міндетті болып табылмайды. Автор үлкен кестелерді және статистикалық материалды көп көлемде қолданғандақосымшаға енгізген жөн. Негізгі бөлімде мұндай материалға орын беру жұмысты оқуды қиындатады. Әдетте, қосымша енгізілген осындай ақпаратқа, мәтінде тек сілтеме жасаған жеткілікті.

Курстық жұмыс баспа түрінде рәсімделеді. Жұмыс тілі анық, түсінікті, мазмұндау – қисынды және жүйелі болуы тиіс. Барлық грамматикалық, стилистикалық қателер мұқият тексеріліп, түзетіледі.


5. Библиографиялық тізімді рәсімдеу
Пайдаланылған әдебиеттер тізіміне библиографиялық ізденіс кезіндегі студент танысқан барлық жұмысты емес, тек теориялық тұжырымдама жасауға қолданылған, ол сілтеме жасаған жұмыстарды кіргізген жөн.

Тізімде әдебиетті дереккөзге дәйексөз келтіру ретімен орналастырады, мысалы:



  1. Соссюр Ф.Де. Труды по языкознанию. - М., 2001. - 654 с.

  2. Антрушина Г.Б. Лексикология английского языка: учеб.пособие для студентов / Г.Б.Антрушина, О.В.Афанасьева, Н.Н.Морозова. – 3-е. изд., стереотип. – М.: Дрофа, 2001. – 288 с.

  3. Волкова Л.В. Особенности газетных заголовков в аспекте прагматики (на материале английских газет) // Сборник ЕАГИ «Образовательно – инновационная и социокультурная политика в Казахстане и сопредельных территориях: опыт, проблемы и перспективы». - Астана, 2005. – С. 385-387.


6. Курстық жұмыс мәтінін рәсімдеу
1. Курстық жұмыстың жалпы көлемі пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшаны қоспағанда машинамен басылған мәтін 25-35 бетті құрауы тиіс.

2. Мәтін стандартты А 4 (210х297) форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт-қалыпты, кегель 14 Times New Roman қолдану ұсынылады.

3. Курстық жұмыстың (жобаның) мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағынан - 30 мм, жоғары және төменгі жағынан - 20 мм, оң жағынан - 15 мм.

4. Барлық беттер иллюстрация мен қосымшаны қосқанда тура нөмірленеді. Титул бетіне нөмір қойылмайды, бірақ жалпы нөмірлеуге кіреді. Беттер төменгі жағының ортасына қойылатын араб цифрларымен нөмірленеді.

5. Бөлім атаулары мен келесі мәтіннің арасындағы аралық екі интервал болуы тиіс. Әр бөлімді жаңа беттен бастаған жөн.

6. Жолдың ортасына орналасқан бөлім атауынан соң нүкте қойылмайды, астын сызуға және бөлім атауындағы сөзді тасымалдауға болмайды.

7. Абзац - 1,25 см.

8. Курстық жұмыста мәтіндік сілтеме қолданылады – бұл мәтіннің соңындағы жолға тікелей қатысты дереккөзге қойылатын сілтеме. Мәтіндегі әдеби дереккөзге сілтеме төртбұрышты жақшада, бірінші әдебиеттер тізіміндегі дереккөздің нөмірі, кейін сол дереккөзден алынған мәліметтің беті жазылады, мысалы: [10, 22 б.].


7 Курстық жұмысты қорғау
Курстық жұмысты көпшілік алдында қорғау кафедра мәжілісінде қатаң белгіленген уақыт кестесі бойынша комиссияның қатысуымен өтеді. Жұмыс қорғауға дейін кем дегенде бір апта қалғанда кафедраға тапсырылады. Курстық жұмысты белгіленген мерзімге дейін тапсырмаған студенттер қорғауға жіберілмейді.

Студентке өз жұмысының негізгі жағдайын айту үшін бес-жеті минут беріледі, сонымен қатар алдын алажазылғансөйлейтін сөзінің мәтінін және көрнекі материалын қолдануға болады. Студент сөз сөйлеп болғаннан кейін, қатысушылар студентке зерттеу тақырыбы бойынша сұрақ қоюға құқылы. Жауаптар қысқа, анық және сұрақтың мәні бойынша болуы керек.

Курстық жұмысты бағалаудағы негізгі критерийлер, оған қойылған талаптардан туындайды. Мұндай критерийлерге төмендегілер жатады:

1) Талдаудың тереңдігі, көтеріліп отырған мәселелерді түсінуі.

2) Қарастырылып отырған мәселеге өз бетінше, шығармашылық тұрғыдан қарауы.

3) Ең жаңа фактологиялық және статистикалық материалды қолдануы.

4) Автордың курстық жұмыста қойған барлық міндеттерінің толық шешімі.

5) Материалды мазмұндаудағы сауаттылық, қисындылық.

6) Рәсімдеу сапасы.

8 Курстық жұмыстың бағасы
Курстық жұмыс келесідей үлгіде бағаланады: «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз». Баға курстық жұмысты қорғау негізінде қойылады.

«Өте жақсы» деген баға курстық жұмысқа қойылатын барлық талаптарды толық орындағанда, жүргізілген зерттеудің нәтижелерін сенімді қорғағанда, өзінің пікірін сендіре дәлелдеген кезде қойылады.

«Жақсы» деген баға рефераттық бөлімін жоғары деңгейде орындағанда, зерттеу бөлімі мен тұжырымдары жеткіліксіз дәлелді болғанда, бірақ автор жұмысының нәтижесін анық мазмұндаған кезде қойылады.

«Қанағаттанарлық» деген баға курстық жұмысқа қойылатын талаптарды жарым-жартылай орындағанда қойылады. Сонымен қатар, автор мәселенің мәнін толық ашпаған, зерттеу бөлімін жете орындамаған, бірақ қол жеткізген нәтижелер практикалық жұмыста қолдану үшін ұсынылуы мүмкін.

«Қанағаттанарлықсыз» деген баға жұмысқа қойылатын талаптар орындалмаса қойылады. Автор курстық жұмыстың жағдайын қорғай алмайды, оппоненттердің сұрақтарына дәлелді жауап бермейді. Курстық жұмысқа «қанағаттанарлықсыз» баға алған (немесе жазбаған) студент оқу жоспарын орындамады деп есептеледі.

Курстық жұмысты қорғауда комиссия қойған баға түпкілікті және қайта қаралмайды.

Қорғалған курстық жұмыстар кафедрада белгіленген мерзімге дейін сақталады және авторға қажет болған жағдайда белгілі мерзімге берілуі мүмкін.

1 қосымша

Титул беті
Еуразия гуманитарлық институты

Шетел тілдері кафедрасы


Тіл теориясы бойынша

курстық жұмыс

Тақырыбы________________________________________________________________________________________________

(тақырыптың атауы)

Орындаған: _____________________тобының

студенті _____________________________

(аты-жөні)


Ғылыми жетекшісі:

_______________________________

(ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы)

_______________________________



(аты-жөні)


Астана 20____

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет