Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі №760 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi



жүктеу 0.65 Mb.
бет1/5
Дата22.04.2017
өлшемі0.65 Mb.
  1   2   3   4   5
Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 760 Қаулысы

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 26) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берiлiп отырған Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасы бекiтiлсiн.
      2. «Әуеайлақтың жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 20 қазандағы № 973 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 40, 455-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


          Премьер-Министрi                       К. Мәсімов

 Қазақстан Республикасы


Үкіметінің     
2011 жылғы 2 шілдедегі
№ 760 қаулысымен  
бекітілген     

Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және
сертификат беру қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 26) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және сертификаттар беру тәртібін анықтайды.


      2. Азаматтық авиация мақсатында пайдаланылатын Қазақстан Республикасының сыныпталған әуеайлақтары (тікұшақ айлақтары) сертификаттауға жатады.
      3. Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – уәкiлеттi орган);
      2) әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификаты – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган берген, әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) оларды пайдалануға жарамдылығының нормаларына сәйкестiгiн куәландыратын құжат (бұдан әрі – сертификат);
      3) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы – Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес басқа мемлекеттің әуеайлақты (тікұшақ айлағын), әуежайды меншік құқығында не өзге заңды негіздерде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлғасы. Халықаралық әуежайдың пайдаланушысы тек заңды тұлға ғана бола алады;
      4) өтінім – өтініш берушінің сертификаттық тексеру рәсімінен өту үшін азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға жазбаша өтініші;
      5) өтініш беруші – сертификат алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға жүгінген жеке немесе заңды тұлға;
      6) сертификаттық тексеру – әуеайлақты, оның жабдықтарын, пайдалану рәсімдерін, әуеайлақты ұстау және пайдалану жөніндегі технологиялық үдерістерді, құжаттаманы, ұйымдық құрылымды, сондай-ақ өтініш беруші мамандар құзыреттілігінің сертификаттау талаптарына сәйкестігіне уәкілетті орган жүзеге асыратын тексеру;
      7) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.11.2013 № 1257 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.11.2013 № 1257 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      4. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттаудың мақсаты әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығы, азаматтардың мүлкі мен қоршаған ортаны қорғау үшін әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдалануға қойылатын жарамдылық нормаларының талаптары осы Қағиданың мақсаттары үшін сертификаттық талаптар болып табылады.
      5. Сертификат иелiктен шығарылмайтын болып табылады және ол басқа тұлғаға берiлмейдi.
      Сертификат осы Қағиданың 1, 2-қосымшаларына сәйкес оның қолданылу саласы мен мерзiмi көрсетiле отырып, бес жылға дейiнгі мерзiмге берiледi.
      6. Сертификаттарды беруді, есепке алуды, сондай-ақ сертификаттау талаптарының сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Жарық сигналды, радиотехникалық және метеожабдықтармен жарақталған әуеайлақтарды Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) І, ІІ, ІІІ санаттарының бірі бойынша сертификаттау үшін уәкілетті орган халықаралық азаматтық авиация ұйымдарының мамандарын тартуы мүмкін.
      6-1. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
      Ескерту. 1-тарау 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 25.11.2013 N 1257 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Сертификаттау тәртібі

      7. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттауды жүргізу тәртібі рәсiмдердiң мынадай ретін көздейдi:


      1) өтiнiш берушiнiң азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға сертификаттау талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттармен бiрге осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес өтiнiм беруi. Қайта сертификаттауға арналған өтінім қолданыстағы сертификаттың мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 90 күн бұрын беріледі;
      2) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес уәкілетті органның өтінiмі бойынша алдын ала бағалау және шешiм қабылдау;
      3) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган комиссиясының тиiстi жерге барып сертификаттық тексеру жүргiзуi;
      4) уәкілетті органның шешiм қабылдауы және сертификат беруі (беруден бас тартуы).
      Әрбiр кейінгі рәсiм алдыңғы рәсімнің оң нәтижелерi кезінде орындалады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.11.2013 № 1257 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      8. Өтінімге сертификаттау талаптарына сәйкестігін растайтын мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) заңды тұлға үшін – жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің* немесе анықтаманың өтініш берушінің бірінші басшысы растаған және мөрі қойылған көшірмесі;
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      2) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) әуеайлақ (тікұшақ әуеайлағы) және оның радионавигациялық құралы орналасқан жер учаскесін, құрылысты пайдалану (меншік) құқығына актінің көшірмесі;
      4) осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификатына өтініш беруші міндеттемесінің көшірмесі;
      5) пайдаланушының әуе қозғалысына қызмет көрсету және метеоқамтамасыз ету органдарымен өзара іс-қимыл жасау шарттарының көшірмесі;
      6) әуе қозғалысын басқару объектілері мен ұшуды жарық сигналымен қамтамасыз ету жүйесін ұшу кезінде тексеру актілерінің көшірмесі;
      7) радиотехникалық жабдық пен әуе қозғалысын басқару және қызмет көрсету жөніндегі диспетчер немесе радиооператор пункті жабдығының тізбесі;
      8) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) жөніндегі нұсқаудың көшірмесі, метеорологиялық қамтамасыз етудің басшылыққа алынатын құжаты, әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт сөндіру бойынша жедел жоспар;
      9) ұшуды жүргізу бойынша нұсқаулықтың көшірмесі (бірлесіп пайдаланатын әуеайлақтар үшін);
      10) инженерлік-техникалық персоналдың оқудан және біліктілігін арттырудан өткендігін растайтын құжаттардың көшірмесі;
      11) аэронавигациялық ақпарат жинағына (бұдан әрі – АІР) енгізу үшін ақпарат тарату және ақпарат алмасу бойынша нұсқаулық;
      12) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты лауазымдық нұсқаулықтардың тізбесі;
      13) әуеайлақтың жарамдылық сертификатының қолданылу кезеңінде болған авиациялық инциденттер, оқиғалар және олардың алғышарттары туралы ақпарат (өтінім қайта берілген кезде);
      РҚАО-ның ескертпесі!
      14) тармақша 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 25.11.2013 N 1257 қаулысымен.
      14) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) сертификаттау үшін алынатын алымның төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.11.2013 № 1257 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      9. Егер олар аталған құжаттаманы әзірлеуге тартылған болса, осы Қағиданың 8-тармағында көрсетілген растайтын құжаттардың тізбесіне ғылыми зерттеу ұйымдарының және тиісті құзыретті органдардың қорытындылары қоса беріледі.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.11.2013 № 1257 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      10. Осы Қағиданың 13-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган өтінім мен ұсынылған құжаттарды оны алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды және қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес қабылданған шешім туралы хабарлайды.
      11. Сертификаттаудың жалпы мерзімі өтінім берілген күннен бастап үш айдан аспауға тиіс.

3. Өтiнiмді алдын ала бағалау және ол бойынша шешiм қабылдау

      12. Өтінiмдi алдын ала бағалау кезiнде:


      1) өтiнiш берушінің заңды мәртебесiн растайтын құжаттардың болуы;
      2) өтiнiш берушінің осы Қағиданың 8-тармағында көрсетілген құжаттарға сәйкестiгi;
      3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.11.2013 № 1257 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      4) қарауға ұсынылған сертификаттау талаптарына сәйкестіктi растайтын құжаттаманың толықтығы;
      5) инженерлік-техникалық персоналды оқыту және біліктілігін арттыру жоспарының болуы белгіленеді.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.11.2013 № 1257 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      13. Өтiнiмдi алдын ала бағалау барысында уәкiлетті орган:
      1) өтiнiш берушіден өтінімде ұсынылған барлық мәселелер бойынша қосымша ақпарат сұратады;
      2) өтiнiш берушіні оларға сәйкестікке әуеайлақ сертификатталатын сертификаттау рәсiмдерi, нормативтік талаптар туралы хабардар етедi;
      3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.11.2013 № 1257 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      4) өтiнiш берушіге өтiнiмдi алдын ала бағалау барысында анықталған кемшiлiктердiң тiзбесi бар жазбаша хабарламаны және оларды жою мерзімдері белгіленген ұсынымдарды жiбередi.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.11.2013 № 1257 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      14. Өтінім бойынша ескертулер болмаған кезде немесе оларды жойғаннан кейін уәкілетті орган сертификаттық тексеру жүргізу үшін комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құру туралы шешім шығарады және күнтізбелік 15 күннің ішінде бұл туралы осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес өтініш берушіні хабардар етеді.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.11.2013 № 1257 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      15. Комиссияға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның функцияларына азаматтық авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтың) пайдалану және техникалық қызмет көрсету және пайдалануға жарамдылық нормаларын қолдау мәселелері кіретін қызметкерлері енгізіледі. Осы комиссияның құрамына консультанттар ретінде азаматтық авиация ұйымдарының қызметкерлер (мамандар) бірінші басшының немесе оны алмастыратын адамның келісімі бойынша енгізіледі.

4. Сертификаттық тексеру жүргізу және сертификат беру тәртібі  

      16. Комиссия сертификаттық тексеру кезінде сертификаттық тексеру жүргізу жеріне барады және:


      1) әуеайлақ объектілерінің, әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) геометриялық, физикалық сипаттамаларының және оның жабдықтарының әуеайлақ жөніндегі нұсқауға және сертификаттау талаптарына сәйкестігін;
      2) әуеайлақты пайдалану рәсімдерін (әуеайлақты пайдалануға дайын күйде дайындығында ұстау бойынша жүргізілген жұмыстардың толықтығы);
      3) әуеайлақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету және басқару жүйесін (пайдаланушының әуеайлақты сертификаттау талаптарына сай келетін күйде ұстау мүмкіндігін бағалау);
      4) ұйымдық құрылымды, штаттың жинақталуы және азаматтық авиация ұйымының (өтініш берушінің) басқару негізгі қағидаттарын;
      5) ұйымдастыруда және азаматтық авиация ұйымының қызметін қамтамасыз етуде басшылық құрамның, сондай-ақ тікелей ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуімен байланысты мамандардың тәжірибесін;
      6) өтініш берушінің басқа ұйымдармен тиісті арнайы жабдықтарды пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және бақылау құқығына жасасқан өзара іс-қимыл жасау шарттарының болуын, сондай-ақ авиация персоналын оқытуды;
      7) функционалдық міндеттерді қамтамасыз ету үшін өндірістік алаңдардың санының жеткілікті болуын;
      8) пайдалану техникалық құжаттардың болуын;
      9) әуеайлақ объектілерінің, азаматтық авиация ұйымдарының өндіріс жабдықтары мен құралдарының техникалық сипаттамаларын (көрсеткіштерін) қарайды, өтініш берушінің әуеайлақтың сертификаттау және пайдалану талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету қабілетін айқындауға мүмкіндік беретін өндірістік рәсімдерді тексереді.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.11.2013 № 1257 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      17. Сертификаттық тексеру мерзiмi сертификаттық тексеру жүргізуге шешім қабылданған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.11.2013 № 1257 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      18. Сертификаттық тексеру осы Қағидаға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес сертификаттық тексерудiң үлгі бағдарламасына сәйкес жүргізіледi.
      19. Сертификаттық тексерудiң нәтижелері бойынша әуеайлақтың іс жүзіндегі жай-күйі, тұжырымдар, ұсынымдар және сертификат беру мүмкiндiгі (мүмкiн еместігі) туралы қорытынды көрсетіле отырып, екі данада осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес сертификаттық тексеру актісі (бұдан әрі – Акті) жасалады. Актiге комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және ол танысу үшін өтiнiш берушiге ұсынылады.
      20. Сертификатты беру мүмкiндiгi туралы қорытынды қамтылған акті сертификат беру үшiн негiз болып табылады.
      21. Сертификатты немесе сертификат беруден бас тарту туралы шешімді ресімдеуді және беруді уәкiлеттi орган сертификаттық тексеру актiсi жасалғаннан кейiн күнтiзбелiк он күннің iшiнде жүргiзедi.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.11.2013 № 1257 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      22. Егер:
      1) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) азаматтық әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкес келмесе;
      2) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы Заңның 64-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, сертификатты беруден бас тарту жүргізіледі.
      23. Сертификатты беруден бас тартқан кезде өтініш берушіге бас тарту себептері көрсетіліп, дәлелді жауап беріледі.
      24. Мынадай:
      1) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы сертификаттау және пайдалану талаптарын сақтамаған жағдайда;
      2) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушының өтініші бойынша уәкілетті орган әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификатының қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.
      Анықталған кемшіліктер жойылғаннан және уәкілетті органға растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін сертификаттың қолданылуын қалпына келтіруді сертификаттық тексеруден кейін уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.11.2013 № 1257 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      25. Егер әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы тоқтата тұру негіздемесінің анықталған сәйкессіздіктерін жоймаса, уәкілетті орган әуеайлақтың (тікұшақ айлағын) жарамдылық сертификатын қайтарып алады.
      26. Сертификат қайтарып алынған жағдайда ол осы Қағидада көзделген тәртіппен қайтадан сертификаттау жүргізілгеннен кейін беріледі.
      27. Сертификаттың қолданысын тоқтата тұрған немесе кері қайтарылып алынған жағдайда, уәкілетті орган сертификаттың иесіне қабылданған шешім туралы хабарлайды.
      Сертификаттың қолданысын тоқтату әуеайлақтың жарамдылығына сертификат берудің Мемлекеттік тізілімінен шығарылған сәттен бастап күшіне енеді.

5. Сертификаттау талаптарынан шегіну

      28. Уәкілетті органның келісімі бойынша әуеайлақты (тікұшақ әуеайлағын) пайдалануға жарамдылығы, егер ондай шегінулер белгіленгенге барабар ұшу қауіпсіздігінің деңгейін қамтамасыз ететін қосымша шараларды енгізуімен өтелсе, нормаларынан уақытша шегінуге жол беріледі.


      Бұл ретте ұшу қауіпсіздігінің барабар деңгейін (бұдан әрі – ҰҚБД) қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылданады, сертификаттық құжаттама құрамына енгізілетін және сертификат алуға арналған өтінімге қоса берілетін қажетті құжаттама әзірленеді. ҰҚБД қамтамасыз етудің тиісті шараларын қабылдау туралы құжаттама бағалау, тәуекелді басқару әдістемесінің негізінде жасалады және оған өтініш беруші мен ҰҚБД-ны әзірлеуге қатысқан ұйым қол қояды.
      Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.11.2013 № 1257 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      29. ҰҚБД бойынша құжаттаманы әзірлеу үшін өтініш беруші (әуеайлақ (тікұшақ әуеайлағының) пайдаланушысы, иесі) тиісті ғылыми-зерттеу және/немесе өзге де құзыретті ұйымдарды тартуы мүмкін. Тәуекелді бағалау мақсатында ҰҚБД әзірлеуге дейін осы шараларға қатысты уәкілетті органнан консультация алуы қажет.
      Уәкілетті органмен келісілгеннен кейін осы әуеайлақта (тікұшақ айлағында) ҰҚБД қолданысқа енгізу туралы ақпарат он жұмыс күні ішінде әуеайлақ (тікұшақ айлағы) жөніндегі нұсқауға және аэронавигациялық ақпараттың басқа да құжаттарына енгізіледі.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.11.2013 № 1257 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      30. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сертификаттау талаптарына сәйкестігін, ұшуға жарамдылықты қамтамасыз ету жауапкершілігі әуеайлақты (тікұшақ айлағын), уақытша әуеайлақты және қону алаңдарын пайдаланудың бүкіл кезеңінде пайдаланушыға жүктеледі.
      31. Азаматтық авиация ұйымының атауы, оның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген және сертификаттау талаптарына сәйкес келмеуіне әкеп соқтырмайтын басқа да өзгерiстер болған жағдайда сертификатқа тиiсті өзгерiстер енгiзіледi.
      Сертификатқа өзгерiстер енгiзу кезiнде бұрын берілген сертификаттың тіркеу нөмiрi сақталады, ал мемлекеттік тiзiлiмнiң әуеайлақтардың жарамдылық сертификаттарының тізілімiне бұл туралы тиiстi жазба енгiзіледi.
      32. Сертификат бүлiнген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда уәкілетті орган сертификаттың телнұсқасын бередi.
      33. Сертификатқа өзгерiстер енгiзу немесе телнұсқасын алу үшін сертификаттың иесі негiздемесімен, тиiсті өзгерiстердi растайтын құжаттармен қоса еркiн нысандағы өтiнiшті және бұрын берілген сертификатты (жоғалған немесе ұрланған жағдайлардан басқа) бередi.
      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.11.2013 № 1257 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      34. Уәкілетті орган өтiнiш берушіден өтiнiш келiп түскен күннен бастап күнтізбелік жеті күн iшiнде сертификаттың төлнұсқасын бередi.
      35. Әуеайлақта ұшу-қону жолағының, рульдеу жолдарының, әуе кемелерінің тұрақ орындарының, перрондарының физикалық, геометриялық сипаттамасына, жарық сигналдық, радиотехникалық немесе метеорологиялық жабдықтарды орнатуға, қайта жаңартуға және жаңғыртуға, әуеайлақ объектілерін электрмен жабдықтауды қайта жаңартуға немесе жаңғыртуға; талап етілетін өрттен қорғау деңгейі бойынша санатты өзгертуге; ИКАО-ның 15-қосымшасына сәйкес әуеайлақтың 2, 3 немесе 4-ауданында кедергілердің құрамы мен сипаттамасындағы өзгерістерге қатысты бөлікте әуеайлақта өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, сертификаттың иесі өзгерістерді есепке ала отырып, әуеайлақ объектісінің пайдалану талаптарына сәйкестігін анықтайды және өзгерісті әуеайлақ нұсқауына енгізу үшін уәкілетті органнан мақұлдау алу үшін өтінім жолдайды.
      Өзгерістерді ескере отырып, әуеайлақтың пайдалану талаптарына сәйкестігін анықтау жұмысына қажеттілігіне қарай ғылыми-зерттеу немесе өзге де құзыретті ұйымдар тартылады.
      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.11.2013 № 1257 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      36. Өзгерістерге мақұлдау алу үшін өтінім уәкілетті органға осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген ныcанда ұсынылады. Өтінімге сертификаттық құжаттардың өзгерістерге байланысты түзетулері қоса беріледі.
      37. Берілген өтінім уәкілетті органға түскен кезден бастап он жұмыс күн ішінде қаралады.
      38. Уәкілетті орган өтінімді қараған соң және қажет болған жағдайда әуеайлақты тексереді, уәкілетті орган сертификаттың иесіне қарау нәтижелері туралы хабарлайды және қажет болған жағдайда әуеайлақтың сертификатына өзгеріс енгізеді.

6. Сертификатталған әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарды) инспекциялық бақылау      

      Ескерту. 6-тарау алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.11.2013 № 1257 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының)
жарамдылығын сертификаттау және
сертификат беру қағидасына  
1-қосымша           

ӘУЕАЙЛАҚТЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ
СЕРТИФИКАТЫ
АРД сериясы № _____

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.11.2013 № 1257 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

20__ жылғы «___» __________ берiлдi
20__ жылғы «___» __________ дейiн жарамды

1. Әуеайлақ (әуеайлақ атауы) ________________________________________


_____________________________________________________________________
2. Әуеайлақтың орналасқан жерi (әкімшілік және географиялық
координаталары) _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Әуеайлақтың иесi (заңды тұлға) ___________________________________
_____________________________________________________________________
4. Әуеайлақтың сыныбы және ИКАО коды ________________________________
_____________________________________________________________________
5. Осы арқылы әуеайлақтың азаматтық әуеайлақтарды пайдалану
талаптарына және жарамдылық нормаларына сәйкес келетіні
куәландырылады. Осы сертификаттың ажырамас бөлiгi болып табылатын
сертификатқа қосымшада қолданылу саласында көрсетілген ережелер мен
шектеулерді ескере отырып, ұшуларды орындауға рұқсат етіледі.
6. Сертификатты беру үшiн негiз: ____________________________________
Комиссияның 20   ж. «   » ____________________ қорытындысы туралы акт
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
            (сертификатты берген орган басшысының Т.А.Ә.)

МО ___________________________


          (қолы, Т.А.Ә.)

Әуеайлақтың жарамдылық


сертификатына қосымша

АРД сериясы № _______________




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет