Этнодизайнның композицилық шығармашылық КӨркемдік ерекшеліктері



жүктеу 232.97 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі232.97 Kb.
УДК-747.012

ЭТНОДИЗАЙННЫҢ КОМПОЗИЦИЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


ҚР дизайнер одағының мүшесі аға-оқытушы

УЛМИРА НҰРЛАНОВА НУРЛАНКЫЗЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік Университеті, Түркістан, Қазақстан

ulmira_1980@mail.ru
Түйіндеме

Этнодизайн композициялық шығармалардың көркемдік ерекшеліктерін анықтау қазіргі кездегі өнер саласындағы сұраныс пен қоғам дамуы барысындағы қажеттіліктен туындайды. Көптеген дизайнерлер мен суретшілер көркем шығармашылық үшін сурет салудың орнын ерекше бағалайды. Этнодизайн бейнелеу өнерінің бір саласы ретінде оның көркемдік ерекшеліктерін тану бағыттарын анықтауда бейнелеу ережелері мен заңдылықтарын анықтау бағытында ұлы суретшілер, дизайнерлер мен өнертанушылардың қазіргі заман талабына сай сұранысқа қажет екені көрсетілген.

Кіліт сөздер: Этно, этнодизайн, эргономика, образ, форма, пропорция, модель пластина, дизайн, конструктор, силуэт, фольклорлық үрдістері.

Аннотация

Этнодизайн составных произведений искусства в области современного искусства, чтобы определить характеристики спроса и существует необходимость в процессе развития общества. Для многих художников, дизайнеров и искусства высоко ценит важность рисунка. Этнодизайн в качестве художественного признания в области искусства на выставке в определении правил и законов великих художников, дизайнеров и искусства, что вам нужно, чтобы соответствовать требованиям современного спроса.

Ключевые слова Этно, этнодизайн, эргономика, образ, форма, пропорция, модель пластина, дизайн, конструктор, силуэт, фольклорные тенденции


Annotation

Etnodizayn composite works of art in the field of contemporary art, to determine the characteristics of demand and a need for the development of society. For many artists, designers and art appreciates the importance of the drawing. Etnodizayn as artistic recognition in the field of art on display in determining the rules and laws of the great artists, designers and art that you need to comply with modern demands.

Keywords: Ethno ethno design, ergonomics, image, shape, proportion, pattern plate, the design, the designer, silhouette, folk tendencies

Этнодизайн композициялық шығармалардың көркемдік ерекшеліктерін анықтау қазіргі кездегі өнер саласындағы сұраныс пен қоғам дамуы барысындағы қажеттіліктен туындайды. Этнодизайн бұйымдарын бағалау үшін, бұлардың көркемдік ерекшеліктерін бағалайтын критерийлерін анықтауды қажет етеді. Бұл көрсеткіштерді анықтауда біз бейнелеу өнерінің түрлі салаларында еңбек еткен даңқты суретшілердің, өнер зерттеушілерінің пікірлерімен санасу, оларды негізге алу қажеттігі туындауда.

Сонымен қатар этнодизайн бұйымдарының көркемдік ерекшеліктерін анықтау мақсатындағы зерттеу нәтижесі дизайнды жасау ережелері мен заңдылықтарын жүйелеуге мүмкіндік береді.

Көптеген дизайнерлер мен суретшілер көркем шығармашылық үшін сурет салудың орнын ерекше бағалайды. К.П.Брюллов «Суретші болудың алдында, сурет сала білу қажет, себебі, сурет өнердің негізін құрамдайды»,-деп есептеген.

Орыс кескіндемешісі және педагогі П.П.Чистяков «Жоғары, нақты кескіндеме өнері ғылым сыз өмір сүре алмайды. Ғалым жоғары көтеріле келе өнерге айналады»,-деп көрсеткен.

Суретші-педагог А.А.Дейнека « ...бейнелеу өнерінің кез келген түрінің шығармалары сияқты, кескіндеме де күні бұрын ойластырылады»,-деп есептейді. Бұл жерде суретші болашақ картинаның құрылымы мен түсі, орындалу техникасы жайында жоспарлауды, оны ой елегінен өткізу қажеттігін көрсетеді. Бұл сынды шығармашылық ой дизайн өнеріне де тән екендігін тануға болады. Этнодизайнерлік жобалау үшін алдынала жобалау қажеттігін көрсетеді. Жобалаудың нәтижелі болуы жоспарлы түрдегі жұмыстың сапалық көрсеткіші екенін білдіреді.

Кеңестік көркемдік білім берудің негізін қалаған суретші-педагог Д.Н.Кардовский «Кескіндеме мен суреттің жаттығуларының негізгі форма болып табылады. Бейнелеу өнерінің барлық түріне қатысты нәрсе, ол пластикалық форма. Осыдан келіп, кескіндеме мен сурет мектебінің негізгі форманы бейнелеу заңдылықтарын оқып үйреніп болуға тиіс»,-деп айтқан.

Сондықтан этнодизайн моделін жасауға жаттығудың негізгі форма ретінде алынады. Форма дизайн өнеріндегі негізгі көрсеткіш болып табылады. Этнодизайн бұйымдарының негізгі құрамдаушы элементі формаға сүйенеді. Форма сипаты, бұйымға деген сұраныс пен қажеттілікке байланысты анықталады.

Өзінің композиция туралы пікірлерінде картина кеңістігін ұйымдастыру үшін ғылыми негізделген ұстанымдар қажеттігіне Г.С.Савицкий (1887-1949) ерекше көңіл бөлген. Г.К.Савицкий «Картина туралы» атты еңбегінде композициялық орталық ұғымына ерекше мән берумен қатар «тепе теңдік», «холстың толуы», бейнелердің байлығы ұғымдарын композиция заңдылықтары деп есептейді. Ол «ең бағалы композиция, одан еш нәрсені алып тастауға немесе бірдеңені қосуға болмайтын композиция» деп көрсеткен. Сонымен қатар ол «форма мен мазмұнды композициядағы маңызды белгісі ретінде таниды.

Швейцария суретшісі фердинанд Ходлер (1853-1913) «Түс затты сипаттайды және диффиренциялайды, ол тіпті безендіру ұтымдылығымен көрінеді. Бояудың ғажаптығы бәрінен бұрын оның аккордтарында, бірғана түстің нюанстарының қайталануында»,-деп анықтаған. Бұл анықтама бізге этнодизайн бұйымдарының мәнін ашудағы түстің рөлін айқындай түседі. Этнодизайн бұйымдарының түсі тұтыну қажеттігі мен сұранысынан бастау алады. Түс бұйымның образын ашуға қызмет етеді. Түстің байлығы оның аккордтары мен нюанстары байлығымен сипатталады.

Италиялық ғалым, сәулеткер суретші Альберти Леон Батиста (1404-1472) «Кескіндеме туралы үш кітап» атты еңбегінде «... жазықтық бетінің композициясынан денедегі әсемдік деп аталатын туындайды. Дене бетінің үлкен немесе кіші, шығыңқы немесе ойыс болуы мүмкін»,- деп көрсеткен. Сонымен қатар ол дене мүшелеріне ерекше мән берген. Ол кейбір дене мүшелері бір біріне жақсы сәйкес келеді. Бұл сәйкес келу өлшемдері, орналуы, түрі, түсінің барлығының бірғана сұлулыққа сәйкес келуі тиіс екендігін көрсетеді. Әр дене мүшесінің атқаратын қызметі болады, әр мүше іс-әрекетсіз қалмауы керек деген ойды айтады. Ол дене мүшелерін, композиция элементі ретінде қарастырады. Л.Альберти дененің қозғалысына ерекше мән беріп қарайды. Денелердің сызықтардың қозғалысының бір бірін қайталамауының қажеттігіне мән беріп қарайды. (Мастера искусств об искусстве-М.,1966.-Т.2.-С.34-55).

Бұл, бізге этнодизайнда формалардың, түстердің сызықтардың орынсыз қайталанбауын ескертеді. Орынсыз қайталану көркемдік сапаға кері әсері бар екенін аңғартады.

Даңқты суретші-педагог Александр Михайлович Соловьев (1886-1966) «пропорция әр түрлі өлшемдердің бір біріне және тұтасқа қатынасын білдіреді»,-деп анықтаған. Пропорциялық өлшемдердің сұлулықты беру мүмкіндігін анықтайтынын айтады. Суретші педагог жарық пен көлеңкенің градациясы мынандай түрде болады: көлеңке, рефлекс, жартылай көлеңке, жарық, жылтыр дақ,- екендігін ескерткен. Жарық көлеңке құбылысы зат сұлулығының белгісі ретінде таниды.

Италия кескіндемешісі, мүсінші, сәулетші ғалым және инженер Леонадо да Винчи (1452-1519) «әрбір дененің бетіндегіге түске, оның қарсы бетіндегі заттың түсінің қатысы бар. Әрбір дененің бетінің бөлшегі, түсі оған қарсы тұрғандардың әр түрлі түстерімен қатысты», -деп таныған. Бұл этнодизайн бұйымы бөлшектерінің түстерінің бір-біріне әсері, жалпы бұйым көрінісіндегі түстердің сипатын байыта түсетін әсемдік көрсеткіш ретінде бағаланатынын аңғартады.

Даңқты суретші Б.В.Иогансон (1893-1973) «жарық және қараңғының контрасты – композиия тәсілі»,-деп көрсетеді. Жарық пен көлеңкенің деңгейлерінің бір-біріне қатынасы, зат формасын анықтап, оның образын ашуға қажетті көркемдік ерекшеліктің бірі ретінде тануға болатынын бағдарлайды. Ол «өнердің шығармаларының қайсысы болмасын, ол тұтас болу шарт»,- екендігіне назар аударған. Бұл нұсқау этнодизайн бұйымының формасының тұтастай болуы қажеттігін көрсететін талап ретінде тануға бағыт бағдар береді. (171 бет)

Көрнекті суретшіс және педагог Александр Александрович Дейнека (1899-1969) «Сурет сала біл» атты суретті өз бетінше меңгерушілерге, мұғалімдерге және үйірме жетекшілеріне арналған еңбегінде бейнелеудің жарық пен көлеңке заңдылығы қатарына бірқатер түсініктерді қосады. ...Мұндай ережелердің қатарына біз пропорция туралы ілімді... симметрия, ритм, статика және динамика, сондай-ақ перспектива заңдылықтарын қосамыз деген.

А.Дейнека екі және үш өлшемді бейненің құрылымын беру үшін қажетті негізгі ережелер немесе заңдылықтар ретінде мыналарды ұсынады:

1.Қандайда табиғи форма немесе адам денесі, пропорция, организм тұтастығы мен оның бөліктерінің гармониясынан құралуы ережесі.

2.Бейненің қарама-қарсы бетінің тепе-теңдік бірлікте болуы, тең бөлшектермен бөлінуі ережесі.

3.Композицияның пластикалығын шешуде статика мен динамика (тыныштық пен қозғалыс) ережесі.

4.Үлкен және кіші формалардың, тыныштық пен қозғалыстың, контраст пен өшірілудің, жарық пен көлеңкенің кезектесу заңдылығы ережесі.

5.Перспектива заңдылығы.

6.Алтын қима-денені бөлшектеу заңдылығы.

7.Нұсқа өлшемін кішірейту немесе үлкейту масштабы.

Көрнекті иллюстратор, станоктың графика шебері Александр Михайлович Лаптев(1905-1965) композицияның конструктивтік-пластикалық шешімінің шынайы заңдылықтары ретінде мыналарды көрсетеді:


  1. Композиция рамкасымен шектелетін жазықтықтың шектеулі шеттері.

  2. Кеңістік пен сюжеттік әрекеттің шектері.

  3. Тұтастық.

  4. Компоненттер өлшемдерінің үйлесімділігі немесе ритм мен пластина

  5. Көру орталығын табу.

Белгілі суретшісі, кітап иллюстрациясының шебері Евгений Адольфович Кибрик «Композиция – барлық бөліктері бөлінбейтін байланыста өзара байланыста болатын заңды құрылымдалған организм. Осы байланыс пен өзара бағыныштылық суретшінің идеялық ойымен анықталады. Ой табиғатына тән құрылымдық идея композицияның пластикалық негізін береді»,-деген.

Е.А.Кибрик композиция заңдылықтары туралы былай дейді «...олар объективті, олар қандай мектеп, қандай бағытқа, ағым мен суретшілердің шығармашылық даралығына да бағынышты емес, олар тек қана өнер табиғатының бөлінбес бір бөлігі. Мұны мен композиция заңдылығы деп ойлаймын»,-деп тұжырымдаған.

Өнер шығармасындағы көркемдік ерекшеліктердің бірі – идеялық. Өнердегі идеяның тақырыпта емес, ол бірінші кезекте суретшінің өмірге деген қатынасында, бұл суретші қолға алған, оның өнерінің мазмұнын құрамдайтын барлық тақырыпта көрініс табады,-деген. Суретші шығармашылық ойдың алғашқы сатысы интуиция және талдау деп бағалаған.

Ол, көркемдік шығармашылықтың бірінші кезеңі – интуитивтік, келесі кезең орындалғанды талдау. Тек қана интуиция мен талдау гармониялық біріккенде ғана үйлестірілген, аяқталған шығармны жасауға болады. ...шығармашылық интуицияға деген қабілет суретшінің дарындық белгісі. ...шығармашылық үдерістің схемасы мынандай: интуиция-талдау-интуиция.

Суретші Е.А.Кибрик «Тұтастық композицияның барлық элементі, өзара бағынышты және байланысты бола отырып, суретші ойының жүзеге асуына жұмыс істейді. Сонымен, тұтастық композицияның бөлінбеуі, қосалқылардың орталыққа бағынуын, композицияның басты заңдылығы деп ойлаймын»,-деген.

«Көркемдік образ – өмір көрінісіндегі бірғана тамшы. Композициялық дәлдік образдық біріктіру күшін береді, оның көркемдік әсерін ұлғайтады. Композициядағы «сан» сияқты кеңістікті образдық трактовка жасаудың ерекше маңызы бар», екендігін айтқан.

Өмірдегідей картина жазықтығында көп адамдарды көбейткенмен, мұның нәтижесінде картина, ойсыз сипаттау болып шығатындығына көз жеткізген.

Суретші Е.А.Кибрик жаңашылдық туралы: өмірдің өзі шексіз қозғалыстан тұратыны сияқты, жаңаларды тудырып отырады. Реалистік өнер – өмірдің эстетикалық ашылымы. Өнердің стимулі-қоршаған бірігулер таңқаларлық жаңа нәрселердің ойда жоқтан пайда болуы. Өнердегі шын мәніндегі таңқаларлық – бірінші жасалынғанның күтпеген жерден пайда болуымен ерекшеленеді.

Жаңашылдық – композицияның өте қымбат сапасы. Бірақ өнердегі жаңашылдықтың әдейі жасалуынан жаман нәрсе жоқ. Композиция тек қана мазмұнды және ұтымды болуымен қатар жаңа болуы тиіс. Композицияда ештеңе де, қайталанбауы тиіс. Бірінші кезекте – силуэттер екендігіне ерекше көңіл бөлген.

Композицияның бейнелілігі негізге алынған контрастарға байланысты болады. Композицияда тек қана әртүрлілік, контраст қана емес онымен қатар қарамақарсы мынандай элементтер біріктіріледі: көлем мен жазықтық, жарық пен көлеңке, үлкен мен кіші, жақын мен алыс, жылы және суық түстер сонымен қатар сюжетті құрайтын контраст жағдайлар болып табылады, деп анықтаған.

К.Ф.Юон тембр мен нюанс туралы қажетті пікірлер айтқан. Тембр – кескіндемедегі бөліктің немесе тұтастықтың өзіндік ерекшелігі бар түстердің құрылымын анықтайтын түсінік. Тембр –кескіндеменің нәзік ерекше қасиеті. Нюанс –бейнеленген түстің өте нәзік дақтары,-деп анықтаған.

Валер – француздың дәстүрлі термині кескіндеме шығармасының жетістіктерін талдау барысында қолданатын термин. Ол түстің қандайда бір қасиетін білдірумен қатар, түстердің сапасы, жарықтық және техникалық-фактуралық жағын сондай-ақ кескіндеменің өзін де сапасын көрсетеді. (Юон К.Ф. Өнер туралы. – М.,1959. – 1т. – С.111-113).

(Каменова Е. Какова цвета радуга. М.; Детская литератур, 1975, - 167 с.с ил.)

«Кемпірқосақтың түсі қандай» деп аталатын бейнелеу өнерінің әр түрлі ұғымдарымен терминдерінің мәнін түсіндіретін анықтамалқта «Контур сызық дегеніміз адамның, жануарлардың немесе заттың сыртқы көрініс сұлбасын беретін сызық» деп анықтаған.(79 бет). Кейбір суретте контур қосымша сызық емес қосалқылары алып тасталған, тек қана негізгілері қалдырылған, нысанның формасын, көлемін және қозғалысын беретін мүмкіндігі ретінде көрінеді. «Картинаның бейнелігі, суретшінің картина жазықтығына адамдарды және оны қоршаған заттарды, шығармадағы басты ойды көрерменге түсінікті етіп шеберлікпен орналастыру болыптабылады» (76 бет) КСРадуга. Бұл композиция өнері. Композиция латынның «композитно», шығарма немесе «құрастыру» деген ұғымдыбілдіреді.

Картинадағы әр түрлі түстердің үйлесімділігі – колорит деп аталады. (74 бет).

Суретші – колорист үшін маңыздысы түс, оның басқа түстермен үйлесімділігі.

Пропорция латынның «пропорто» «өлшемдес» және зат бөліктерінің ұзындығы бойынша өзара сәйкестігімен анықталады. (134 б). Адам дене мүшелерінің ара қатынасы бойынша өте күрделі. Оның барлық бөліктері гармониялық қатынастары бар.барлық адамдардың өлшемдер қатынастары бірдей емес. Мысалы, бойы кіші адамның басы үлкен болып көрінсе, биік адамның басы кішкентай болып қабылданады.

Грецияның даңқты мүсіншісі Поликлит «Канон» атты кітабында Дорифор мүсінінің пропорциясы дұрыс деп есетеген. Ол адам басы денесінің 1/7 бөлігін, бет пен қол саусақтары 1/10, ал аяқ 1/6 өлшемдер, негізгі дұрыс пропорциялық өлшем ретінде алған. Мұндай пропорциялық сұлулық қатынастарға байланысты әр халықта, әр дәуірде әр түрлі пікірлер мен көзқарастар болды.

Жанрлық және тарихи композициялардың, пейзаждар мен портреттер авторы, композиция теориясын зерттеумен айналысқан, орыс, кеңес суретшісі – Константин Федорович Юон (1875-1958) кескіндеме мен оның техникасы туралы бағалы пікірлер айтқан. Бл пікірлер этнодизайн бұйымдарын жобалау мен безендіруге қажетті материал ретінде қабылданады.

Өнер шеберлерінің пікірлерін жинақтай келе формаға байланысты мына ұғымдарды алға шығару қажеттігі туындайды: форманың үлкен бөліктері, кіші бөліктері, форманың өлшемдері, форманың жазықтық бетінің сипаты (шығыңқы, ойыс) форма материалы, форма бетінің фактурасы, форманың тұтастығы, форманың түсі, форманың кеңістік ортамен қатынасы.

Модельге байланысты мына ұғымдар ерекше бағаланады: модельдің сыртқы формасы, модельдің жеке бөлшектерінің формасы, модельдің қызметі, модельдің түсі, модельдің безендірілуі, модельдің жаңашылдығы, тұтастығы т.б.

Этнодизайн бұйымдарының композициясын жобалау барысында сақтауды талап ететін көрсеткіштер: жазықтық, пропорция, форма мен мазмұн, уақыт, симметрия, ритм, статика мен динамика, перспектива, алтын қима, жоба идеясы, композициялық орталық, композицияның негізгі элементтері, композицияның қосалқы элементтері, интуиция мен талдау, контраст, қозғалыс, жаңашылдық, бейнелілік, тепе теңдік, тұтастық, композицияның пластикалығы т.б. болып анықталады.

Көркемдікті қабылдаудағы суреттің орны.

Көрерменге түстің физиологиялық әсеріне көңіл аудару.

Композицияның түстік құрылымын ұйымдастыру ерекшеліктері.

Этнодизайнның бұйымдарының көркемдік ерекшеліктерін тануда көрсеткіштерін анықтаудың орны ерекше. Этнодизайн бейнелеу өнерінің бір саласы ретінде оның көркемдік ерекшеліктерін тану бағыттарын анықтауда бейнелеу ережелері мен заңдылықтарын анықтау бағытында ұлы суретшілер, дизайнерлер мен өнертанушылардың пікірлерінің маңызы арта түседі. Зерттеушілер дизайнерлер дизайнның жаңа моделін (жобасын), моделін жасаушылар мен өндірісшілер деп екі бағытта қарастырылады. Дизайн ұғымы 1990 жылдарға дейін біздің елімізде көркемдік құрастыру ұғымымен байланысты қарастырылса, мұнан кейінгі жылдары ауқымы кеңейіп, жаңа модель жасау, оны өндіру іс-әрекеттерімен байланысты таныла бастады. Дизайн түрлері сәулет, киім, көлік, жиһаз, транспорт,этнодизайн түрлері жайлы ақпараттармен көбейе түсуде. Этнодизайннан көркем бұйымдарды талдау дизайнмен бейнелеу өнеріне қатысты ұғымдар мен түсініктер, заңдылықтар мен ережелердің мәні түсінумен байланысты анықталады.

Жарық пен көлеңкезаңдылықтары мен ережелері: жарық, көлеңке, жартылай көлеңке, түсіп тұрған көлеңке, рефлекс, жылтыр дақ өлшемдеріне бөлінеді. Бұлардың этнодизайн бұйымдарын жобалау барысында басшылыққа алынатын түсініктер.

Көрнекті кеңес өнертанушысы Михайл Владимирович Алпанов (1902-1986) «Кесіндеме композициясы» атты еңбегінде, кескіндеме мен композиция шығармаларына өнертанымдық сипаттама береді. Кескіндеме тарихына, кескіндеме теориясына, кескіндеме сынына қатысты бағалы пікірлер айтқан. Ол «Симметрия белгілі құрылымдық бөліктерінің айналық сәйкестілігі. Ритм – белгілі мотивтің бірнеше интервал арқылы үкен немесе кіші өлшемге қайталануы»,- деп көрсеткен.

ХІХ ғасырдағы екінші жартысындағы даңқты көркемдік сыншысы, суретші Иван Николаевич Крамской (1837-1887) колорит жайлы бағалы пікірлер айтқан. Ол «... Колорит тар мағынада алғанда, біз айтатын қар жамылған үйдің шатыры. Колорит кең мағынада алғанда қосалқы түстердің үйлесімділік заңдылығына құрылған, тұтас полотноның жалпы гормониясы»,-деп анықтаған. Бұл тұжырымды этнодизайн жобаларының түстер қатынасын тану мен бағалау үшін қажетті көрсеткіш ретінде тануға болады.

Суретші – педагог Д.Н.Кардовский «форма деген кубке, шарға, цилиндрге т.б. ұқсас геометриялық денелердің біріне немесе бірнешеуіне сәйкестік сипаты бар масса», - деп тұжырымдаған.

Этнодизайн бұйымдарының формасының көркемдік ерекшелігін тануға оның жеке бөліктерінің бір біріне сәйкес келуін, олардың үйлесімді сәйкес келуі басты көркемдік сапа ретінде қабылданады.

Этнодизайнерлік жобалау

Дизайн – бұл өндіріс бұйымдарын көркемдік-техникалық жобалау үдерісі мен нәтижесі, олардың кешені мен жүйесі, тұтастай алғанда жасалатын нысандардың, ортаның адамның тұтыну, эстетикалық қасиетсінуі мен неғұрлым толық сәйкес келуіне бағдарланатын шығармашылық әдіс.

(Володаева Н.А. Творческий процесс в дизане одежды: теория и практика.//Преемственность традиций культуры и искусства в мировом пространстве. Сборник докладов. МНПК. Нац.акад. искусс. им Т.Жургенова. Алматы. – 2008. – С.274.)

Қазіргі көрнекті дизайнерлер мұны имидждік коллекцияларды жасау барысындақолданумен қатар өндірістік және коммерциялық ұтымды бұйымдарды жасау үдерісінде қолданылады.

Қазіргі дизайнның эталоны болып жобалаудың синтетикалық әдісі деп аталатын келесі кезеңдерден тұратын әдістер есептеледі:



  1. Дизайндық шешім қабылдауды талап ететін жағдай, кәзіргі бар үлгілердің, киім эталонының – оның формасы, пішімі, материалы, тұтастай мода образының технологияны нығайту немесе күрделендіру бойынша өзгертуге деген қажеттіліктің пайда болуы. Киім дизайнының кейбір облысында бұл проблема жұмысшылар, космонавттар, спорттық форма және т.б. киімдерінің талдаулары болып қалыптасады. Мысалы, 2012 жылы Олемпиада ойындарына арнап, костюм жобалау Қазақстанның дизайнерлер алдында жаңа костюм жобалау жаңа талаптарын қойды.

  2. Қоғам санасында жаңа конструктивтік, көркемдік ұстанымдық шешім қажеттігі туралы ой қалыптастыру. Бұл жағдайда дизайнердің қатысуынсыз, проблеманы шешудің ұтымдылығы аз алғашқы қадамы қабылданады. Бұл кезеңдегі маңызды уақыт дизайнердің әлеуметтік тапсырысты «қабылдау» болып табылады. Фэши дизайнның бұл жағдайында да кейбір жеке моменттерді қарап шығумен қатар, бұл кезең де конструкцияға және бұйым технологиясына қатысты модаға прогноз жасаумен, мода талабын зерттеумен тікелей байланысты.

  3. Әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асуы үдерістің ең жауапты кезеңі.

Көркемдік жобалаудың өзі біріншіден мәселені талдау мен ой елегінен өткізу, бұйымның формасымен, материалымен, түсімен, тұтынушылар психологиясының ерекшелігімен, дайындау үдерісінің технологиясымен, мода талаптарымен, қолданыс аясымен арасындағы байланысымен қосып бірнеше кезеңдерге бөлуге болады.

Бірінші кезең – жобалау нысаны жайлы жағдайды қорыту, ой елегінен өткізу үдерісі.

Екінші кезең – мәселе бойынша визуалдық әсерді теориялық материалды, тәжірибені жинақтау немесе - дайындық кезеңі.

Үшінші кезең – жинақталған материалды талдау мен ой елегінен өткізу, алғашқы эскиздеу, образ, форма, идея іздеу. Бұл үдеріске логикалық ойға, ассоциациялық іс-әрекетке жауапты болып табылатын мидың жарты шарында идея қайта өңделіп жатады. Бұл әлі танылып бітпеген инкубация кезеңіне сәйкес келеді. Инкубациялық қызметтің нәтижесі инсайт – таңжарықтық пайда болуы, жауаптың интуитивтік жауабының табылуы болып табылады.

Төртінші кезең – идеяны жасап шығару және нақтылау кезеңі, бөлшектерді жаса және оны түсініктеу.

Бесінші кезең – конструктивтік, техникалық шешімін табу және бұйымды материалда жүзеге асырудың қорытынды ізденісі. Бұл кезеңде дизайнер өндіріс ерекшелігіне байланысты әдепкі шығармашылық ойдан едәуір қайтуы мүмкін.



  1. Алынған «өнімнің» әлеуметтік талаптарының көрсеткіштері ретінде танылатын оның функционалдық, тұтынушылық, эрганомикалық және эстетикалық қатынасы жағынан жеткен жетістікті бағалау.

Идеялық жобаланған бұйым осы талаптардың бәрін ұсақ түйегіне дейін қанағаттандырады, сондықтан сын мен алдын ала қамдастырылған қимыл – кәсіби дизайнердің маңызды сапасы болып табылады. Бағалау алғашқыда минуттық іс болып көрінгенмен, жобаның белгілі кемшіліктерін табуға арналған салмақты уақытты талап етеді. Бұл жағдайда құлаған және қате кеткендердің өзінің тәжірибелік сабақ болатын жақтары болуы мүмкін.

Моделдің бір бөлшегін өзгертіп, оған жаңа форма бергеннің өзінде моделдің немесе дизайнердің қызметінде тіпті дұрыс болмай шығуы жиі болуы мүмкін.

Елестетулерді объективтендіру дизайнда өте маңызды, бұл бір тақырып көлемінде немесе бірдей шығармашылық бастауларды таңдау барысында ауқымды концептуальдық шешім шығаруға мүмкіндік туғызады. Әртүрлі дизайнерлердің коллекцияларында бір ғана тақырып, әр түрлі көрініс табады. Форманың автономиялығын сақтау барысында, ол конструкциямен өзара байланыста болатындықтан дизайн, стилизацияның барлық түрлерінен бөлектенеді. Конструкция «қатынастары» арқылы форма спектрі анықталады. Форма «қатынастары» кострукцияға әсер етеді. Көпшілік тұтынушылардың жоба бойынша білдірген тұтынушылық және эстетикалық сұраныстарына сәйкес «қатынас» шарттарын анықтайды.

Адамның образы аяқ киім, аксессуарлар,безендіру бұйымдарынан құралатындықтан шын мәніндегі костюмді жасау үдерісіне әр түрлі маманданудық дизайнерлері араласады. Сондықтан, текстил дизайны негізгі құрамдаушы материал ретінде киім моделін жобалауда бірінші орынға шығарады.

Дизайн – жобалаудың барысында функционалдық немесе эстетикалық құндылықтың қайсысы біріншілікті алуы мәселесі қаншама рет қойылғанымен оны нақтылы жауабы әлі күнге дейін жоқтың қасы. Бірақ функционалдық немесе эстетикалық қатынастың біріне басымдық беру туралы қалыптасып, көп таралған қарым-қатынас бұйымының қолданыс мүмкіндігімен анықталу болып табылады.

Этникалық немесе тарихи костюм дәстүрін қолданудың көкейкестілігі, кәзіргі дизайнде кейде ой елегінен өткізу немесе кейде асығыс қабылданылуында болып табылады, бірақ бір ғана модалық бағытта ауқымды үлкен санды, әртүрлі шешім болуы мүмкін және дәстүрлі форма, шығармашылық қайта құрамдау өз кезегінде классикалық үлгі болып шығады. Ткен дәуір бірдің есімізде пішу және сызық, үлкен стильдер туралы түсініктер қалдырды. Онсыз бүгінгі мода қалай болып шығатыны белгісіз болар еді. Бұл саналы деңгейдегі өткеннің көрінген образы,-деп көрсетеді ресей дизайнері И.Ялышева (170). Валинтин Юдашкин бұл коллекцияның тақырыбы халықтың өмірі мен мәдениетінен туады. Қазіргі көрнекті дизайнерлер бұл фактлерді мойындап, имидждік коллекциялар жасау барысында қолданумен қатар, өндірістік, коммерциялық ұтымды бұйымдарды жасау барысында басшылыққа алады.

Дизайн шығармашылық үдеріс ретінде интуицияға және батыл ойларға сүйенеді, бірақ интуиция және батылдық қазіргі дәуірдің әлеуметтік, техникалық және мәдени дамуына сай келетін терең де универсалдық білімге ғана негізделеді. Костюмдегі стиль дегеніміз киім образының толық қанды шығуын қамтамасыз ететін бейнелеу әдстері және көркемдік мүмкіндіктері.

Моделдеу – әртүрлі әдістер мен тәсілдер арқылы бұйымның формасын құрау үдерісі.

Модель (латын сөзінен шыққан) – сериялық өндіріске арналған бұйым үлгісі.

Пластина (грек) форманың бір бағыттан екінші бір бағытқа өту сапасы.

Форма (латын сөзі) – заттың өлшемін, геометриялық түрін, массивтігін, жарық көлеңкесін, фактурасын түсін білдіретін заттың көлемді-кеңістіктік сипаты.

Эргономика (грек) – адамның әртүрлі іс-әрекетті орындауды кедергісіз қамтамасыз ететін, және адам денесі құрылымы заңдылықтарымен қоса есептелетін, еңбек үдерісіне қолайлы жағдай туғызуды зерттейтін ғылыми пән. (Бердник Т.О. Моделировение художественное оформление одежды.Учебник. Ростов.Н/Д: фенникс, 2001.-352с).

Дизайн (ағылшын сөзі) – жобалау, сызу, ойлану деген мағынаны береді. Ол өндірістік әдіспен тұрмыстық бұйымдарды жасап шығару және заттың ортаны лайықты қолдануды қалыптастырумен айналысады.

Жобаның образы – дизайнер жасаған тұрмыстық немесе өндірістік заттың қолданыс және тұтынудың әртүрлі факторы есептелген көркемдік формасы.

Мода жасауға көптеген өнер мен техника саласындағы мамандар қатысады. Моданың суретші-дизайнерлері киімдегі жаңа эстетиканы қалыптастырады, жаңа форма мен образдарды ойлап шығарады.

Конструктор – моделерлер пішу жүйесі және жаңа конструкцияларды жасап шығарады.

Инженер – технологтар бұйым жасаудың жаңа технологиялық әдістерін табады.

Моделердің көркемдік ойын материалды қолдану арқылы пішушілер мен тігіншілер жүзеге асырады. Сондықтан мода қазіргі костюм саласындағы кәсіпқой мамандардың қатысуымен жасалатын өнер түрі деп айтуға болады.

Бұйымның сызықтарының өзіндік ерекшеліктері болады. Бұйым формасының сызықтары бұйымның мәніне сай мынандай түрлерге бөлінеді:

Силуэттік сызықтар –заттың сыртқы контурын суреттейді, олар форманы ішкі бөлшектерін нақтылау емес форма туралы жинақтық елестетуді білдіреді.

Конструктивтік сызық – форманың жеке бөлшектерінің кейбір бөліктерінің қалайша байланысып тұтастықты білдіретін тігіс сызығы, т.б. көріністерді білдіреді.

Безендіру сызығы – бұл безендіру бөліктерінің бөлшектерді, сонымен қатар өрнектердің конструктивтік сызықтармен бірлігі конструктивтік –безендіру сызығы деп аталады.

Мода кең мағынада алғанда заттың сыртқы көрінісіне байланысты талғамды осы талғамның өзгеруімен байланысты көріністі білдіреді.

Тар мағынада мода – бұл киім формасының жиі ауысуы. Моделер В.Зацев моданы тұрақтылығы болмағандығы үшін кіналауға болады,-деген.

Мода алғашқы костюм шыққаннан бастап өмірге келді. Өнертанушылар моданың шығуын кеш орта ғасыр нақтырақ айтқанда ХІV- ХV ғғ. Басы деп түсіндіреді.

Мода адамдардың қоғамдық саяси өмірін білдіреді.Костюм формасы әр уақытта өнердегі стиль дамуымен байланысты.

Моделдеу және конструкциялау

Кандайда бұйым болмасын жасамас бұрын, біріншіден оның көркемдік жобасы, немесе оның эскизі жасалады – бұл кезең көркемдік конструкциялау деп аталады; екіншіден, базалық конструкцияның немесе негіздің сызбасы мен есебі жасалады – бұл сызықтық есептік конструкциялау; үшіншіден, есептеу мен бүрме макеті арқылы жинақ,нокеткі қалта, қиындыларды орындау жұмыстарын техникалық моделдеу деп аталады. (26 бет) (Егорова Р.И.Монастирная В.П. Учись шить. М.,Просвещение. 1989 – 160с. 8 л. Ил. : ил.)

Жобалау барысында фактураны есепке алудың орны ерекше.

Фактура – материалдың сыртқы сипатын көзбен қабылдау. Ол жұмсақ, бедерлі, күнгірт, жылтырақ т.б. болуы мүмкін. Пішін бетінің фактуралық шешімі бәрінен бұрын болашақта бұйымның қолданылуына байланысты болады.

Фактура пішіннің құрылымдық қарым-қатынасын көрсетеді, тектоникалық сипатына, бұйымның жеке бөліктерінің үйлесімділік ерекшеліктеріне рең береді, иллюзиялы түрде маңыздылығын, жеке бөліктерімен элементтерінің өлшемін өзгертуі де мүмкін. Бұйым композициясының өз заңы мен ережелері болады. Ол кез келген бұйым түрінде орындалуы тиіс.

Бүйым компазициясы мен композициялық құралдарының мақсатқа бағынушылығын келісімділік заңы нақтылайды. Оларды бұымның орналуы мен пішіннің органикалық бірлігі; материалдың пішінге және бұйымгың арналуына сәйкестігі.материал мен сәндік әрлеу бірлігінің киім арналуы мен пішінге сәйкестігі. Осыдан келе әрлеу сипаты, оның түрлері мен орындалу техникасы анықталады.

Бұйым композициясындағы өлшем шамалылығы келесі факторлардың және бұйым элементтерініңсандық арақатынасымен анықталады: олар бұйым көлемнінің жарасымдылығы және дене бітімінің шамалылығы материалдық түсі мен фактурасы; бұйым бөліктері; әрлеулер болып табылады.

Жобалау барысында нысан формасының құрылымы маңызды орын алады; Симметрия және статика, ассиметрия және динамика түсініктері бір-бірімен байланысты. Статика – кеңістіктегі тұрақты пішін жағдайы. Тұрақты қалып пішін бөліктерінің тепе-теңдігімен (ереже бойынша, костюм вертикальдық ось симметриясымен тұрақты қалыпта) сипатталады. Динамика – қозғалыстың, дамудың, өзгерістің белсенді шарты, яғни пішіннің біржақты бағыты болып табылады.

Бұйымның пішінінің бірінші түрі – басты пішін, екіншісі – сәндік бұйымдық деп аталады.Сәндік бұйымдық пішін жеке өзі қызмет ете алмайды. Сонымен бұйым компоненттеріне пішін (форма), силуэт, конструктивтік және декоративтік сызықтар, түс, бұымның жеке бөліктері, декор жатады. Композициялық әдістерге пропорция, статика, динамика, симметрияғ ассиметрия, ырғақ, қарама-қайшылық жатады. Бұлар жобалау үдерісінде басшылыққа алатын негізгі тіректер ретінде қарастырылады.

Жоба жасау барысыда композиция маңызды қызмет атқарады. Кез келген бұйымның бейнелілік шешімі композициялық орталық арқылы айқындалады. Бұйымның композициялық орталығының нақты айқындалуы негізгі бұйым қызметіне байланысты.

Кез келген бұйымның композициялық орталығы болады. Композицияның күрделі түрлерінде бірнеше композициялық орталық болуы мүмкін, олар өзара байланысты болғанымен, олардың арасында жетекші орталығы болады. Композиция осы көрсетілген заңдылықтар мен ережелер сақталғанда ғана тұтас болуы мүмкін, себебі композиция тұтастығы бүкіл компоненттердің байланысына құрылады. Композиция тқтастығында артық элементтің болуы мүмкін емес. Сонымен бұйымның көркемдік сапасы пішіндегі барлық элементтердің бірлігіне келісімділігіне, пропорционалдығына, композициялық орталығына және тұтастығына байланысты болады.

Сән (мода) – латынның «модус» деген сөзінен шыққан. Ол өлшем, тәсіл, іс-қимыл бейнесі деген ұғымды білдіреді. Сән белгілі немесе басқа да бір талғамның уақытша үстем болуы. Киім – бірінші қажеттілікзат. Сән – әлеуметтік, экономикалық құбылыс. Адам қоғамының дамуына, жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады.

Қазіргі сәнді, демократияшыл деуге болады, себебі қазіргі таңдау идеясы мен еркіндіктің көптігімен, яғни әртүрлі стильдерімен, пішіндерімен, үлгілерімен ерекшеленеді.

Қазіргі кезде сәнде екі бағыт айрықша көзге түседі: ол –ретро-спективалы (өткенге бағытталған) және перспективалы (болашаққа бағытталған).

Силуэт – француздың силует сөзінен шыққан. Ұзындығы мен ені бойынша адам фигурасының пропорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралардың (тікбұрыш,трапеция,үшбұрыш,сопақ т.б.) бірін беретін киімнің кез-келген бөлігінің сыртқы пішіні. Олар тік силуэт, белдес силуэт, сопақ силуэт, Х-силуэт, трапеция силуэт және жартылай жантайған силуэт болып бөлінеді.

Пропорция дегеніміз – көйлектің ұзындыңы мен енінің жакеттің ұзындығы мен белдемше ұзындығының бұйымның тұтас көлеміне қарай әр бөлшек мөлшерінің ара қатынасы.

Сәндегі маңызды ұғымның бірі – стиль. Стиль грек сөзі. Ол мәнер, сипат, ерекшелік деген мағынаны береді. Киімде бірнеше: классикалық, романтикалық, спорттық, фольклорлық (этникалық) стильдер болады.

Классикалық стиль – келісті, іскерлі, элегантты, өзгермейтін стиль. Классикалық стильдің заттары: ағылшын жакеті, тік тар белдемше, ерлердікі секілді шалбар және т.б.

Романтикалық стиль – киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдалану.

Спорттық стильге демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы киімдер жатады.

Фольклорлық (этникалық) стиль – халықтық дәстүрлер сипатындағы осы заманғы киімдер фольклорық сипаттағы киімдер сәнділігімен ерекшеленеді. Онда халықтық кестелер, құрастырылмалы ою-өрнектер, қол жұмысының көптеген элементтері кеңінен пайдаланылады.

Ертеде рухани және материалдық қажеттіліктен туындаған өнер түрлерін тек қана көненің көзін жоғалтпау мақсатында ғана жинап, зерттеп қоймай, оларды бүгінгі күн талабына сай дамыта түсу тұрғысынан да қарастырудың қажеттігі арта түсуде (3) (Асанов С. Қазақтың ұлттық киімдері: Каталог –оқулық. –Астана: фолиант, 2008. -152 бет.).

Этнодизайнер С.Асанованың «Қазақстың ұлттық киімдері» атты еңбегінде ұлттық киімдердің қазіргі заман талабы мен сұранысына сай жаңашаланған моделдері берілген.

Ұлттық киімді көркемдік талдау барысында киімдер дайындалатын материалдар, киімдер формасы, көлемі, пропорциясы,костюм мен оның сән әшекейлерінің композициясы, колорлық шешім мен түр-түс символикасы, ою-өрнектердің құрылымдық жүйесі, кестеленуі, киімдердің мерекелік-сәнділік қызметі мен қолданылуы қызметі негізгі көркемдік сапа көрсеткіштері ретінде алынады.



Әдебиеттер

1. Ералин Қ.Е «Этнодизайн» (оқу құралы) Түркістан 2014.

2. Қамақов А. Казахское декоративно-прикладное искусстава как средство эстетического воспитания. М., 1983.

3. ..Ералин Қ., Нақбаева А. Ежелгі костюм тарихы. Түркістан. Тұран. 2007.

4. Тәңірбергенов М. Графика, Шымкент,2004.

5.Жолдасбекова С. Қазақ сәндік қолданбалы өнері арқылы оқушылардың эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру. Алматы,1993.

6. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері.- Алматы: Қазақстан1995;
7. Жәнібеков Ө. Қазақ киімі. Альбом. – Алматы: Өнер, 1996.
8. «Қазақ энциклопедиясы», 2006. 8 том.

9. Әмірғазин Қ. Қазақ қол өнері А..., 1996

10. Зайцев. В.М. Моданың өзгеріп тұруы М., 1995

11. Орехов Г.Н. Өндірістік графика М., 1988



12. Тәкішева Г.А.,Асанова Б.Е. Киімді көркем безендіру. Алматы.2008

13. Пармон. Ф.М. Өндіріс үлгілірін көркем модельдеу М., 2011

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет