Есеп комитетінің жұмысы туралы есепті, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тексеру комиссиялары жүргізген мемлекеттік қаржылық



жүктеу 170.54 Kb.
Дата15.05.2017
өлшемі170.54 Kb.
Республикалық бюджеттің

атқарылуын бақылау жөніндегі

есеп комитеті Төрағасының

2013 жылғы «__» _______

№___ бұйрығына қосымша
Есеп комитетінің жұмысы туралы есепті, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тексеру комиссиялары жүргізген мемлекеттік қаржылық бақылаудың нәтижелері туралы ақпаратты дайындау және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну жөніндегі

стандарт

Мазмұны


  1. Жалпы ережелер

  2. Стандарттың негізгі принциптері

  3. Есеп пен ақпараттың құрылымы

  4. Есеп пен ақпараттың мазмұны

  5. Есеп пен ақпаратты қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну тәртібі

  6. Қосымшалар (есептілік нысандары)



  1. Жалпы ережелер




  1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (бұдан әрі – Есеп комитеті) жұмысы туралы есепті, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тексеру комиссиялары жүргізген мемлекеттік қаржылық бақылаудың нәтижелері туралы ақпаратты дайындау және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну жөніндегі стандарт (бұдан әрі – Стандарт) есептің нысаны, құрылымы мен мазмұны, сондай-ақ Есеп комитетінің жұмысы туралы есепті және тексеру комиссиялары жүргізген мемлекеттік қаржылық бақылаудың нәтижелері туралы жинақталған ақпаратты (бұдан әрі - есеп) қалыптастыру мен ұсынудың тәртібі жөніндегі талаптарға бірыңғай әдіснамалық тәсілді қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

2. Стандарт мемлекеттік қаржылық бақылаудың принциптері мен стандарттарына сай келеді және Есеп комитетінің жұмысы мен тексеру комиссиялары жүргізген мемлекеттік қаржылық бақылаудың қол жеткізген нәтижелері туралы жоғары сапалы ақпаратты уақтылы дайындауға және ұсынуға арналған.

3. Осы Стандарт Есеп комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне, Есеп комитетінің мүшелеріне және «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – Орталық) қолданылады.



  1. Осы Стандарт мынадай негізгі құжаттардың негізінде әзірленді:

  1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;

  2. «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздғы № 917 Жарлығы;

  3. «Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 788 Жарлығы.




  1. Стандарттың негізгі принциптері




  1. Стандарттың негізгі принциптеріне мыналар жатады:

  1. анықтық және сенімділік принципі – ақпараттың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға құжаттық сәйкестігі, сондай-ақ қателер мен бұрмалаушылықтардың болмауына байланысты ұсынылған ақпаратты шыншыл ақпарат ретінде пайдаланудың мүмкіндігі;

  2. толықтық пен айқындық принципі – есепті кезеңдегі барлық іс-шараларды көрсету және қаржылық бақылаудың нәтижелілігі мен тиімділігіне қол жеткізуді көрсете отырып ақпаратты баяндаудың айқындығы;

  3. сыйысымдылық принципі – әртүрлі кезеңдегі және түрлі сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ақпаратын салыстырудың мүмкіндігі;

  4.  уақтылылық принципі – анық ақпаратты жедел жинау, есепті дайындау және белгіленген мерзімде ұсыну;

  5. жариялылық принципі – құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып Есеп комитетінің есептерін міндетті түрде жариялау.



  1. Есептің құрылымы




  1. Есеп мынадай бөлімдерді қамтиды:

I. Кіріспе;

II. Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңдегі бақылау қызметінің негізгі қорытындылары:



  1. Есеп комитетінің;

  2. облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тексеру комиссияларының (бұдан әрі – тексеру комиссиялары);

III. Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметін жетілдіру жөніндегі ақпарат:

талдамалық қызмет;


әдіснамалық және құқықтық;

Есеп комитетінің өзара іс-қимылы;


мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;


VI. Қорытынды бөлік

Тұжырымдар мен ұсыныстар.




  1. Есептің мазмұны




  1. Есеп Есеп комитетінің жұмысын сипаттайтын деректерді және тексеру комиссияларының есепті кезеңде жүргізген мемлекеттік қаржылық бақылауының нәтижелілілігі мен тиімділігінің көрсеткіштері көрсетілген нәтижелері туралы жинақталған ақпаратты қамтиды.

  2. «Кіріспе» деген бөлімде есепті ұсынудың негізі мен мақсаты, сондай-ақ Есеп комитетінің есепті кезеңдегі қызметінің негізгі бағыттары бойынша оның қысқаша мазмұны көрсетіледі.

  3. «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңдегі бақылау қызметінің негізгі қорытындылары» деген бөлімде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңдегі қызметі туралы ақпарат көрсетіледі, соның ішінде:
  1. Есеп комитеті бойынша:


бақылау қызметінің қорытындысы жөніндегі ақпарат, соның ішінде:

есепті кезеңде жүргізілген бақылау іс-шараларының, тексерілген объектілердің саны жөніндегі, бақылаумен қамтылған республикалық бюджет қаражатының сомасы, республикалық бюджет қаражатын жұмсау кезіндегі және республикалық бюджетке түсетін түсімдерді атқару кезіндегі бұзушылықтардың сомасы жөніндегі ақпарат;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры қаражатының пайдаланылуын және мемлекеттік төтенше бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі ақпарат;

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылау жөніндегі ақпарат (Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі немесе тапсырмасы болған жағдайда);

акциялары (қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың тиімділігін бақылау жөніндегі ақпарат;

бақылау объектілерінің есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылау жөніндегі ақпарат;

анықталған қаржылық бұзушылықтар (мемлекетке келтірілген залал, Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының бюджет қаражатын пайдалануға байланысты ережелерін бұзушылықтар және өзге де бұзушылықтар);

бақылаудың нәтижелері бойынша шаралар қабылдау жөніндегі ақпарат, соның ішінде:

мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтамауының анықталған фактілері жөнінде ұсынымдар, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарды тағайындаған тұлғаларға оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар жіберу туралы ақпарат;

Есеп комитетінің ұсынымдары мен тапсырмаларының орындалуы туралы ақпарат;


Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларының орындалуы туралы ақпарат;

есепті кезеңдегі өз қызметінің бағыттары бойынша тиімділігі туралы ақпарат;


Есеп комитетінің есепті кезеңдегі қызметінің бұрынғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғандағы маңызды көрсеткіштері жөніндегі ақпарат көрсетіледі.

Есеп комитетінің бақылау қызметі туралы ақпарат мемлекеттік органдардың, өңірлердің, квазимемлекеттік сектордың, бағдарламалық құжаттардың, экономика салаларының және мемлекеттік басқару салаларының бөлінісінде ұсынылуы мүмкін.


Бұл ретте орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуын бағалаудың нәтижелері бойынша мыналар көрсетіледі:

орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге, сондай-ақ стратегиялық жоспарлардың, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың нәтижелеріне қол жеткізуі жөніндегі ақпарат;

мемлекеттік, салалық бағдарламаларды және стратегиялық жоспарларды іске асырудың тиімділігі жөніндегі ақпарат;

қоғамның қанағаттанушылығы жөніндегі ақпарат;

бағдарламаларды және стратегиялық жоспарларды іске асыру кезінде сақталуы.

Уақтылы ұсынылған жағдайда, осы бөлімде Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның бақылау қызметінің нәтижелері де ескерілетін болады.



  1. тексеру комиссиялары бойынша мынадай мәліметтер көрсетіледі:

тексеру комиссияларының есепті кезеңдегі және бұрынғы жылдың осыған ұқсас кезеңіндегі бақылау қызметінің қорытындылары, соның ішінде:

өткізілген бақылау іс-шаралары жөнінде (бақылау үлгілері бөлінісінде);

қамтылған бақылау объектілерінің (жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері) саны жөнінде;

бақылаумен қамтылған қаражат көлемі жөнінде (есепті кезеңде және өткен екі қаржы жылында мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік секторда);

анықталған қаржылық бұзушылықтар (мемлекетке келтірілген залал, Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының жергілікті, соның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төменгі тұрған бюджетке нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер, байланысты гранттар, жергілікті атқарушы органдардың қарыздары, мемлекет активтері түрінде бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға байланысты ережелерін бұзушылықтар және өзге де бұзушылықтар):

анықталған бұзушылықтардың саны және жалпы сомасы жөнінде (бюджет қаражатын жұмсау, мемлекет активтерін пайдалану, мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде, бюджетке түсетін түсімдер бойынша);

есепті кезеңде қалпына келтіруге жататын және қалпына келтірілген сомалар жөнінде;

ақпаратты көрсете отырып бақылаудың нәтижелері бойынша шаралардың қабылдануы:

құқық қорғау органдарына іс жүргізу шараларын қабылдау үшін берілген материалдардың, соның ішінде іс жүргізу шешімдері қабылданған, әкімшілік не қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім шығарылған және қосымша тексеру жүргізіліп жатқан материалдардың саны жөнінде;

(әкімшілік, тәртіптік) жауапкершілікке тартылған лауазымды адамдардың саны туралы;

орындалған ұсынымдар мен тапсырмалардың бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша қабылданған ұсынымдар мен тапсырмалардың жалпы санына шаққандағы үлесі жөнінде;

лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтамауының анықталған фактілері бойынша ұсынымдардың саны жөнінде, сондай-ақ мәслихатқа енгізілген тиімділік бақылауының нәтижелері жөнінде;

Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын жетілдіруге бағытталған іс-шаралар жөнінде;

тексеру комиссиялары қызметінің бір қызметкерге (бақылаушыға) шаққандағы тиімділігінің көрсеткіштері жөнінде ақпарат көрсетіледі.

10. Осы бөлімде 4-тоқсанның немесе жылдың қорытындысы бойынша «Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша республикалық бюджеттің атқарылуын бағалау» деген жеке кіші бөлім қалыптастырылады, онда бақылау-талдау іс-шараларының нәтижелері көрсетіледі, соның ішінде:


1) түсімдер бойынша:

республикалық бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ республикалық бюджеттен түсімдер сомаларының қайтарылуын, салықтық және кедендік әкімшілік етудің тиімділігін бақылау жөнінде ақпаратты;

2) шығыстар бойынша:

бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бөлінісінде есепті кезеңдегі талдамалық деректерді және бюджеттің атқарылмау себептерін қамтитын республикалық бюджеттің атқарылуы туралы қысқаша талдамалық есепті, сондай-ақ мыналарды:

республикалық бюджет қаражатын, соның ішінде нысаналы трансферттерді және кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, концессиялық жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыруды, сондай-ақ мемлекет кепілгерліктері мен активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылау жөніндегі ақпаратты;

республикалық бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау жөніндегі ақпаратты;



квазимемлекеттік сектор субъектілерінің оларға бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдаланудың қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкестігін бақылау жөніндегі ақпаратты қамтиды.
  1. «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметін жетілдіру жөніндегі ақпарат» деген бөлімде:

талдамалық қызмет:

мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы зерттеулер;

әдіснамалық және құқықтық қызмет:

мемлекеттік қаржылық бақылау саласында әзірленген әдіснамалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілер;

тексеру комиссияларына әдіснамалық көмек көрсету;

Есеп комитетінің Қазақстан Республикасының Парламентімен өзара іс-қимылы;

бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс;

халықаралық ынтымақтастық;

Есеп комитетінің мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы;

Есеп комитеті мен қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөнінде ақпарат көрсетіледі.


  1. «Қорытынды бөлік» деген бөлімде мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде жүргізген бақылау және талдау іс-шараларына негізделген әрі республикалық бюджеттің атқарылу тиімділігін арттыруға, қаржылық тәртіпті нығайтуға бағдарланған Есеп комитетінің тұжырымдары мен ұсыныстары көрсетіледі.




  1. Есепті қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну тәртібі




  1. Есепті қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну тәртібі Есеп комитетінің жұмысы туралы есепті және тексеру комиссиялары жүргізген мемлекеттік қаржылық бақылаудың нәтижелері туралы жинақталған ақпаратты қалыптастыру мен Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынудың нысаны, мерзімі мен рәсімдері жөніндегі талаптарды айқындайды.

  2. Есеп комитеті есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Президентіне тоқсан сайын есеп ұсынады.

  3. Есеп мыналардан тұрады:

  1. титулдық парақтан - 1 парақ;

  2. есептің мазмұнынан – 1 парақ;

  3. есептен – 45 параққа дейін;

  4. қосымшалардан – 15 параққа дейін.

  1. Титулдық парақта есептің атауы, сондай-ақ оны дайындауға және ұсынуға жауапты мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.

  2. Есепте нәтижелері бойынша Есеп комитетінің қаулылары қабылданған аяқталған бақылау іс-шаралары туралы ғана ақпарат көрсетіледі.

  3. Есепте республикалық және жергілікті бюджеттерде бекітілген, сондай-ақ мемлекетке келтірілген залалдың анықталған және өтелген сомалары, бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бюджет заңнамасы бұзушылықтарының және өзге де қаржылық бұзушылықтардың сомалары алғашқы он таңбалық белгіге дейінгі дәлдікпен мың теңгеде (кестелік материалдарда миллион теңгеде) көрсетіледі.

  4. Есептің мәтіндік форматы мынадай талаптарға сәйкес ресімделеді:

қаріп – Arial, қажет болғанда Times New Roman қарпін пайдалануға болады;

қаріптің мөлшері – 16, қажет болғанда 14-қаріпті, ал кестелік материалдарда 12-қаріпті пайдалануға болады;

жоларалық интервал – 1,5, қажет болғанда 1,0-ді пайдалануға болады;

беттің жиектері: сол жағы, жоғарғы және төменгі жағы – 2,5 см., оң жағы – 1,5 см.;

абзацтық шегініс – 1,27 см.;

сөздер тасымалданбайды;

бетерді нөмірлеу – жоғарғы жағының ортасына, бірінші бетке нөмір қойылмайды.

Есеп мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырылады.



  1. Есепте Есеп комитетінің қызметі туралы ақпарат 15 машина жазба параққа дейін болуы (қосымшаларды есептемегенде) және қызметтің маңызды көрсеткіштері 1-қосымшаға сай көрсетілуі тиіс.

  2. Есеп комитетінің құрылымдық бөлімшелері, Орталық есепті қалыптастыруға құжаттар мен материалдарды Қазақстан Республикасының Президентіне Есеп комитетінің жұмысы туралы тоқсандық есепті және мемлекетік қаржылық бақылаудың басқа органдарының қызметі туралы ақпаратты дайындауды қамтамасыз етуге жауапты Есеп комитетінің құрылымдық бөлімшесіне парақтары нөмірленген қағаз тасығышта және ЭҚАБЖ-ны пайдалану арқылы электрондық құжат түрінде мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады.

  3. Есеп комитетінің құрылымдық бөлімшесі атқарылған жұмыс туралы ақпаратты есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей 2-қосымшаға сәйкес Бөлімге ұсынады. Қажет болғанда Бөлім ақпаратты ұсынудың өзге де мерзімін белгілей алады.

  4. Бөлім жүргізілген мемлекеттік қаржылық бақылаудың нәтижелері туралы тексеру комиссияларынан алынған ақпарат негізінде жинақталған ақпаратты есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей 3-қосымшаға сай жасайды және тексеру комиссиялары қызметінің негізгі көрсеткіштерін 4-қосымшаға сай қалыптастырады.

  5. Тексеру комиссиялары жүргізген мемлекеттік қаржылық бақылаудың нәтижелері туралы жинақталған ақпарат қысқаша және мазмұнды баяндалып, осы стандарттың негізгі принциптеріне сай болуы және 10 машина жазба параққа дейін (қосымшаларды есептемегенде) болуы тиіс, сондай-ақ жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі тұжырымдар мен ұсыныстарды қамтуы қажет.

  6. Құпия режимде жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтай отырып ұсынылады.

  7. «Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша республикалық бюджеттің атқарылуын бағалау» деген жеке кіші бөлім жөніндегі ақпарат 5 машина жазба параққа дейін (қосымшаларды есептемегенде) болуы тиіс.

  8. «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар жөніндегі ақпарат» деген бөлім 10 машина жазба параққа дейін (қосымшаларды есептемегенде) болуы мүмкін және «Қорытынды бөлік» деген бөлім 5 машина жазба параққа дейін (қосымшаларды есептемегенде) болуы тиіс.
  9. Орталық сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар жөніндегі ақпаратты 5-қосымшаға сай жасайды және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Есеп комитетіне ұсынады.


  10. Бөлім құрылымдық бөлімшелерден, Орталықтан және тексеру комиссияларынан алынған ақпарат негізінде есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 2-күнінен кешіктірмей есепті қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Президентінің атына ілеспе хат (бұдан әрі – ілеспе хат) дайындайды. Қажет болғанда Бюджет кодексінің 141-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Есеп комитетінің есебіне мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтамауының анықталған фактілері бойынша, соның ішінде тиімділікті бақылаудың нәтижелері бойынша ұсынымдар, сондай-ақ Мемлекет басшысы тағайындаған лауазымды адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар қоса берілуі мүмкін.

  11. Бөлім есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 4-күнінен кешіктірмей құрылымдық бөлімшелермен, Есеп комитетінің мүшелерімен және Есеп комитетінің аппарат басшысымен есеп пен ілеспе хатты келіседі және оларды Қазақстан Республикасы Президентінің атына жолданатын Есеп комитетінің шығыс құжаттарына редакциялық сараптаманы қамтамасыз етуге жауапты Есеп комитетінің құрылымдық бөлімшесіне редакциялық сараптамаға және қажет болғанда мемлекеттік тілге аударуға жібереді.

  12. Қазақстан Республикасы Президентінің атына жолданатын Есеп комитетінің шығыс құжаттарына редакциялық сараптаманы қамтамасыз етуге жауапты Есеп комитетінің құрылымдық бөлімшесі есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 8-күнінен кешіктірмей есеп пен ілеспе хатқа редакциялық сараптама жүргізеді және қажет болғанда оларды мемлекеттік тілге аударады.

  13. Бөлім есеп пен ілеспе хатты есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 9-күнінен кешіктірмей Есеп комитетінің Төрағасына қол қоюға ұсынады.

  14. Қазақстан Республикасы Президентінің атына жолданатын Есеп комитетінің шығыс құжаттарына редакциялық сараптаманы қамтамасыз етуге жауапты Есеп комитетінің құрылымдық бөлімшесі Есеп комитетінің Төрағасы қол қойған есеп пен ілеспе хатты есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізеді.

  15. Қазақстан Республикасы Президентінде Есеп комитеті Төрағасының жеке қабылдауын ұйымдастыру кезінде есепке берілетін ақпаратпен бірге Есеп комитетінің мүшелері құрылымдық бөлімшелермен және Орталықпен бірлесіп мынадай мәліметтерді Бөлімге қосымша ұсынады:

нормашығармашылық қызметтің жай-күйін;

басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың ұйымдастырылуын;

бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын;

кадрлық жұмыстың жай-күйін (персоналды басқару, штаттардың жасақталуы, қызметкерлер құрамы, біліктілікті арттыру, персоналды іріктеу және ынталандыру);

Есеп комитетінің қызметіндегі проблемалық мәселелерді және оларды шешу жөніндегі ұсыныстарды;

жұмыс процесін оңтайландыру және Есеп комитеті қызметінің айқындығын арттыру мақсатында ақпараттық технологиялардың қолданылуын;

атқарушылық тәртіпті, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын;

олар бойынша Есеп комитеті жауапкер болған күшіне енген сот актілерінің санын, солардың ішінде Есеп комитеті әрекеттерінің заңсыз деп танылғаны жөніндегі актілердің санын;

және өзге де мәліметтерді.

35. Есепке берілетін қосымша ақпараттың көлемі 2 машина жазба параққа дейін құрайды (қосымшаларды есептемегенде).



Қосымша ақпаратқа слайдтар да қоса берілуі мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет