Әож ұлтаралық Қатынасты дамыту барысында оқушыларғА Әлеуметтік тәрбие беру

Loading...


жүктеу 247.65 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі247.65 Kb.
ӘОЖ

ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТЫ ДАМЫТУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕ БЕРУ

Каражигитова К.Н., Орынбасар Г.Қ.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты



Резюме

Социальное воспитание школьников в процессе развития межнациональных отношений.

Summary

During the development of international relations in the social education of childrens.
Елбасы, мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам инсти-туттары өз қызметінде Қазақстан қоғамының көп ұлтты құрамын жан-жақты ескеріп отырады. Біздің жетістіктеріміз, елімізде болып жатқан ұлттық процестерде ешқандай проблемалар жоқ деген ұғым туғызбауға тиіс. Қайшылықтар даму атаулының қайсысына болса да тән, олар бұл салада да болмай қоймайды. ұлттық саясат деп адамдардың ұлттық мұқтаждығын өтеуге, ұлттық қатынастарды реттеуге бағытталған қоғамдық, ең алдымен әлеуметтік – құқықтық әрекеттердің ерекше түрін айтады. Бұл мұқтаждықтардың табиғатын тану үшін әлі зерттеулер жүргізу керек. Дегенмен, оған азаматтық ар-намысқа тырысу, этнопсихологиялық бірлікті, табиғи – тарихи ортақтықты сезіну кіретіні анық. Ұлттық саясаттың белгіленген бағытымен, оны жүзеге асырудың шынайы механизмдері арасындағы, ұлтаралық интеграцияның идеалдық – нормативтік моделі мен қарама – қайшылықты, кейбір жағдайларда ұлтаралық өзара әрекет-тердің аясындағы процестердің тартыстық сипат ағымы арасын-дағы белгілі бір үзілістік орын алып отыр. Мұның бәрі этнок-ратизм, этникалық сепаратизм және тұрмыстық ұлтшылдықты, этникалық белгісіне қарай азаматтық құқықтарын бұзу және дискриминацияға әкеліп соқтырады. Соңғы кезде ұлтаралық қатынастардың жай-күйіне әсер ететін этноконфессиялық белгі бойынша геосаяси жікке бөліну ықтималдығы, аймақта әскери – саяси тұрлаусыздық қатерінің туындауы, діни идеяларды жамылған экстремистік, террорлық және радикалдық топтардың құқыққа қайшы әрекеті сияқты жаңа сыртқы факторлардың пайда болуы еліміздегі жағдайды ұшықтыруы мүмкін. Бүгінгі әлемде халықтардың өзара қарым- қатынасының қайшылықты процесі жүріп жатыр, олардың арасындағы байланыстар кеңеюде. Сонымен бірге әлемнің жекелеген аймақтарында өзге мәдениет және өркениет өлшемдерін қабылдамау орын алып отыр. Жасампаз ниетті әрі әділдікке ұмтылатын бірде бір жан бұл жағдайды қанағат тұта алмайды.

Сондықтан бүгін де ең басты нәрсе – бұл қайшылықтардың үнемі туындап жататын аспектілері мен қырларын көре білу, өмірдің алға қоятын мәселелердің шешімін іздеп, оларға дер кезінде дұрыс жауап бере білу. Еліміздегі ұлттық саясат әрбір Қазақстан адамына республиканың барлық ұлттары мен ұлыстарын біріктіретін биік те абзал достық және туыстық сезімі, ұлтаралық қатынастың жоғары мәдениеті, ұлтшылдық пен шовинизмнің, ұлттық шектелушілік пен ұлттық өзімшілдіктің көріністеріне кедергі келтіретін әдет – ғұрыптар мен мінез - құлықтарға төзбеушілік тән болуына мүдделі.



Тәрбиелеудің мақсатын, міндеттерін және ұстанымдарын басшылыққа ала отырып ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуде оқушыларға хабарланатын білім жүйесін анықтап алу керек . Мектепте ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуге байланысты көп жыл бұрын айтылса да, осы күнге дейін мәнін жоймаған академик Ю.В. Бромлейдің пікірін есепке алумыз қажет. «Егерде жеткіншектің санасында ұлттық және интерна-ционалдықтың тәрбиемен емес, қайта тәрбиелеумен айналысуға тура келеді. Сондықтан мектеп тек қана элементарлық геогра-фиялық білім беріп қоймай, этнографиялық білім беруде тиісті». Қазақстан жалпы білім беретін мектептер білім мазмұнының тұжырымдамасында білім мазмұнын халықтық педагогикамен, ұлттық дәстүрлердің жалпы адамзат жинақтаған мәдени құндылықтармен диалектикалық бірлестіктегі ұлттық ерекше-ліктерге сүйену принциптерін сақтау белгіленген. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі – отандық дәстүрлер, әлемдік тәжірибе және тұрақты даму қағидаттары негізнде білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту белгіленген. Мектептің оқу жоспарының пәндері құрамын және бағдар-лама мен оқулықтарды құрайтын білімдер жүйесін дұрыс анық-тау тәрбиелеушілік функциясын толық жүзеге асыруға, оқушы-ларда құқықтық, моральдық-этикалық, эстетикалық т.б. көзқа-растарды, сапаларды қалыптастыруға мүмкіншілік береді. Оқу пәндерін таңдаудың және олардың тәрбиелеушілік функциясын анықтаудың құқықтық негізі мыналар болады: Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР «Білім туралы» заңы, Қазақстанның ұлттық саясатқа байланысты тұжырымдамалары. Оқушыларда ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбие-леуде қоғамдық пәндердің мазмұнын методологиялық жағынан дұрыс анықтап және оларды мектептің оқу жоспарының компоненттерінің құрамында орналасуы үлкен мәнге ие.

Оқушылардың және жастардың қарым-қатынасы әр түрлі халықтардың мәдени жетістігін пайымдаудың, танудың, берудің және меңгерудің тәсілдері және құралдары ретінде де қарастырылады. Сондықтан білім беру мазмұнында этномәдени бағытталғандық болу керек. Халықтың мәдени байлығын, мәдениеттің дамуын өңірлік ерекшелігін көрсететін жағдайат-тарды енгізу арқылы білім мазмұнын байқауға болады. Полиэтникалық оқушылардан тұратын мемлекеттердегі этномәдени білім берудің құқықтық негізі Қазақстан Республи-касының Конституциясы және Қазақстан Республикасының «Білім беру» заңы болып табылады. Ұлттық-өңірлік компонентін қосса, мемлекеттік білім беру стандартын Заң және Конституция орнатады. Бұл Қазақстанның өңірлерінде олардың тарихын, мәдениетін, даму ерекшеліктерін қосу арқылы білім беру мазмұнын байытуға мүмкіндік береді. Нормативті құжаттардағы білім беру теориясы мен тәжірибесін талдау барысында білім беру ұлттық-өңірлік компонентті енгізуде модельді бөліп көрсетуге болады: пәнаралық, модульді, жалпы пәндік, кешенді және толықтырушы. Білім беру мәдени негізін гуманитарлық пәндер құрайды. Оларды отандық тарихи жүйелік оқу курсы (мысалы: армян халықтар тарихы), этникалық (ана тіл) тіл және әдебиет (пәндік модель) ұсынылған. Сонымен қатар білім беру процесінде ұлттық-өңірлік компоненттерінде модульдік модель қолда-нылады. Жекеленген тақырыпта, мысалы: «Ән – Қазақстан халықтарының ұлттық әндері», «Сурет салу өнері» - қытай сурет өнері, гжельск жазуы және т.б., «Технология» - киімді сәндеу, ағаш кесу және т.б.). Этномәдениет ерекшеліктері оқу пәндерінде интеграцияланады. Білім беру этномәдени бағытының мазмұны оқушылардың арнайы курстарда төменгі тақырыптардың кез-келгенін талдауына байланысты оқу процесі жүзеге асады: «Туған жердің мәдениеті және салт-дәстүрлері», «Ұлттық мәдениет», «Этнопедагогика», «Туған халықтың тарихы,әдебиеті, мәдениеті», «Ұлттық сәндік – қолданбалы өнер», «Туған жердің экологиясы» және т.б. Сонымен қатар интегралды курстар: «Елдің оңтүстігіндегі халықтарының мәдениеті», «Әлемдік діни тарихы», «Қазақстан халықтарының діни мәдениеті». Ұлттық және ұлттан тыс білім беру жүйесі арасында география мен биология орын алады. Бұл екі пән оқушыларға өзі дүниеге келген және өмір сүріп жатқан елі, жері туралы, климаттық жағдайлары және табиғи байлықтар, ауыл шаруашылығы және өндіріс саласы жөнінде, әлемдік экономикадағы орны мен рөлі, эколгиялық проблемалары және т.б. туралы білім береді. География және биология пәндері отандық мәдениет туралы берік білім берсе, жаратылыстану дүниеге көзқарастың негізін қалыптастырады. Мысалы, «Батыс Қазақстан флорасы мен фаунасы» курсы, «Батыс Қазақстан өңірінің географиясы», «Батыс Қазақстан тарихы» курстары. Білім беру мекемелерінде қалыпты әлеуметтік-ұлттық және психологиялық атмосфераны ұлтаралық қарым-қатынастың жалпы мақсатымен жоспарлы оқу және оқудан тыс әрекеттер түрінде тәрбиеленушілерді ынталандырып тарту керек. Мемлекетіміздің ұлттық саясатқа байланысты тұжырым-дамаларын және басқа құқықтық актілерді ғылыми – педагогикалық талдаудан өткізіп оқушыларда ұлттық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеудің мынадай шараларын ұсынуға болады:

1) Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеудің методологиялық және тәрбиелеу теориясын жасауға байланысты ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру;

2) Мектептік білім беру мазмұнына ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталған білімдерді енгізу;

3) Мемлекеттік білім беру стандартына оқушылардың мемлекеттік ұлттық саясаттың қағидаларын, халықтар достығын және толеранттық мінез-құлықты қалыптастыратын білімдерді қамтамасыз ететін талаптарды енгізу;

4) «Ұлтаралық қарым-қатынас психологиясы және педаго-гикасы» курсын жоғары оқу орындарына даярлау (бағдарлама, оқулық және әдістемелік құралдар).

5) «Ұлттық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу» курсын жасау мектеп оқушыларына, арнаулы орта білім беретін оқу орындарының студенттеріне, кадрлардың біліктілігін арттыратын мекемелерге бағдарламаларды және оқулықтарды даярлау;

6) Оқушыларды ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу үшін мектептің қазіргі оқу жоспарындағы пәндердің мазмұнына, мемлекеттің ұлттық саясатының қағидаларын, білімдерін және іскерліктерін енгізу;

7) Жалпыадамзаттың, ұлттықтың және ерекшеліктің бірлігі қамтамасыз етілген «Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу» тұжырымдамасын жасау және жүзеге асыру. Соңғы уақыттарда пайда болған әр түрлі білім беру жүйелерін осы тұрғыдан қарастыру қажет. Солардың ішінде АҚШ, Канада және Батыс Европаның кейбір елдерінде пайда болған жаңа педагогикалық бағыт – ғаламдық білім үлкен орынға ие болып отыр. Ол адамға, дүниеге көзқарас, дүние қабылдаудың қалыптасқан дағдыларын еңсеруге дүниесі кеңірек қабылдауын мүмкіншілік беруге тиісті. Ғаламдық білімнің мақсаты ұлттық әр түрлілік, мәдени әр тектілік, өсіп бара жатқан өзара тәуелділікке тән шектеулі ресурсты, біртұтас әлемде өмір сүруге лайық оқушыларға білім, көзқарас жүйесін беру. Шетелде көпшілік қолдаушыларға ие болып отырған осы тұжырымдама халықаралық қатынастардың қажеттілігі мен мүмкіндігіне назар аударып, әлемдік үрдістерді жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысынан түсінуге тырысады. Бұл бағыт өкілдерінің көзқарасы бойынша, ғаламдық білімді төмендегідей өлшемдердің жиынтығы деп санайтын Т.Хенви көзқарасы жақын: дүниеге еркін көзқарас, яғни әлемнің сан қилылығын түсіну, планетаның жағдайын түсіну, басқа мәдениеттерді түсіну, адамның өз еркімен таңдау жасауы. Р.Хенви моделі бойынша, білім адамға мәдени, әлеуметтік, экологиялық деңгейде байланыс жасауға, көмектесуге тиіс. Жалпы адамдық және жеке аспектілерді, философиялық толғаныс пен нақты істі байланыстырады. Бұл модельде дүниені әрбір адамның өмірімен, басқаларамен тығыз байланысты, өзара тәуелді, тұтас әлемдік қауым ретінде қарайды. Қазіргі жастар ғаламдық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін білімдерді меңгеруге тиісті.


Әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. // Егемен Қазақстан. 14 желтоқсан 2010.

  2. Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2005.

  3. Бондаревская Е.В. Национальная культура и общение. //Педагогика. №4, 1997.

  4. Философия. Құрастырған Т.Ғабитов. А., 2002.

  5. Гуревич П. Халықаралық қатынастардың социологиясына кіріспе. М., 1992.

: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...