Әож 811. 612. 045 ОҚушылардың КӘсіби қызығушылығЫН, іс-әрекетін басқарудағы педагогтың шеберлігі



жүктеу 58.58 Kb.
Дата13.06.2017
өлшемі58.58 Kb.
ӘОЖ 811. 612. 045

ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН, ІС-ӘРЕКЕТІН БАСҚАРУДАҒЫ ПЕДАГОГТЫҢ ШЕБЕРЛІГІ

Умбеталиева А.М., Қуанышбек А.Е.- 123-16 тобының студенті

ОҚМПИ, Шымкент, Қазақстан.



Summary

In the article of action mastery of teacher is in a management

Резюме

В статье рассмотриваеться действия мастерство педагога в управлении

2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасынын педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласында "педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың бүкіл жылдар бойы үздіксіз педагогикалық және психалогиялық-педагогикалық практиканы енгізу" қажеттігі көрсетілген.

Кейінгі уақытта бұрын қалыптасқан ережеден ауытқып, педагогикалық практика тек бітіруіні курстарда ғана өткізіліп келді. Қазіргі студенттер Қазақстан Республикасының Білім жэне ғылым министрлігінің 2001 жылы дайындалған мемлекеттік жалпы білім беру стандарты бойынша білім алып жатса, бұл стандартта педагогикалық практика 1-курстан басталады, Бір ерекшелігі, 2004 жылы дайындалған мемлекеттік стандартта да барлық практиканың түрлері сақталып, ол 1-курста басталып соңғы курста аяқталады.

Бұдан сал бұрын бітірген студентгерде бұл мүмкіндік болған жоқ. Мектепке тек 3-курста ғана келген студент-практиканттар бірден балалармен араласып кете алмайды, бейімделу уақыты үздікке созылды. Педагогикалық практика алдында 3-курс студенттерінен алынғак бақылау сұрақтарына алынған жауаптардан, жүргізілген әңгімелерден, мектепке баруға деген қорқынышты, сенімсіздікті, өздерінің үлкен сынға үшырауы мүмкін деген ойдың мазалауын байқадық. Студенттердің барлығы дерлік балалар өздерін қалай қабылдайды, мектеп ұжымы — «практикант» балалар арасында тығыз байланыс бола ма?! Міне, студентгердің практика алдындағы ойлары осыны қамтиды. Біздің ойымызша, бұл олардың мектеппен, оқушылармен байланысының болмағандығының нәтижесі. Егер студенттер 1-курстан бастап практикада болса, жоғары курста мұндай келеңсіз құбылыстар кездеспеген болар еді, Бұған дәлел ретіндс 1-курс студенттерінің педагогикалық практикадан кейінгі нәтижелерді талдауын келтіруге болады. Олардың күнделікке түсірген ойларынан, сонымен қатар "Мектеп - бірінші курс студентінің көзқарасымен" шығармасынан көп жағдайдың мәнін білуге болады. Студенттер күндсліктеріндегі жазбаларында көргенін сипаттап, оған талдау жасамаған, ал шығармада олар өздерінің алғашқы әсерлерін ерекше көрсетіп, практиканың маныздылығын жан-жақты, өр кырынан сипаттаған.

Студенттердің барлығы да бұл практиканың дер кезінде ендірілгенін, оның қажет екенін жазады. Олардан үзінді келтірер болсақ: "... Мен мектепке оны кеше бітірген оқушы ретінде емес, мұғалім ретінде қарап және ол жерді өзімнің болашақ жұмыс орным ретінде қабылдай бастадым" десе, келссі бір студент: "Мектеп — бұл керемет мекеме, онсыз өмір қызық болмас еді. Мен мұны практикаға барған кезден жақсы түсіндім" деп жазады.

Көптеген студенттер практика кезінде өздерін мұғалім ретінде сезінуге мүмкіндік алды, өз таңдауларының дұрыстығына көздері жетті, сабақ құрылымы туралы алғашқы түсініктері қалыптасты. Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларымен қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне үйренді. Осы қарым-қатынастар балалардың көңіл-күйіне қалай әсер ететінін, өз еңбектерінің нәтижелігін зерделеуге талпындырды. Бұл айтылғандардың барлығын студенттік аудиторияда сезіну мүмкін емсс екені айтпаса да белгілі.

Жоғарыдағы студенттер 2-курста ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі бойынша практикадан өтті. Бұл практиканың мақсаты — болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалык бағыттауды одан әрі жетілдіру, сонымен қатар оқу-тәрбие міндеттерін шешуді талдау ыңғай тұрғысынан дамыту, гылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және әдістерімен таныстыру. Демек, үздіксіз практиканы ендіру нәтижесінде студенттерді бірінші курстан бастап педагогикалық қызметке жүйелі түрде және оларды үшінші курста өтетін практикаға біртіндеп дайындаута мүмкіндік береді.

Үздіксіз педагогикалық практика жүйесі келесі кезеңдерден тұрады:

1) психологиялық-педагогикалык диагностика және тәрбие жұмысының әдістемесі бойынша практика (1-курс);

2) ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі бойынша практика (2-курс);

3) бастауыш мектептегі алғаш сабақ беру практикасы (3-курс);

4) оқу-тәрбие практикасы (4-курс).

Әр курстың студенттері үшін орындауға міндетті тапсырмалардың жүйесі анықталған. Біздің ойымызша, бұл тапсырмалар жүйесі жыл сайын психологиялық-педагогикалық циклдар пәндерінің мазмұнына қарай ықтиятталуы тиіс, яғни міндеттер жәнс студентгер іс-әрекеттерінің мазмұны біртіндеп күрделенуі қажет. Олар ең алдымен болашақ мұғалімдердің мүмкіндігінше кәсіби бағытының деңгейін кетеруді қалыптастырады (педагогикалық мамандыққа кызығушылығын, балаларға деген сүйіспеншілігін, жұмысқа жауапкершілік және шығармашылық қарым-қатынасты).

Мұғалім кадрларын кәсіби окыту жүйесінде педагогикалык, практика өте маңызды орын алады. Ол жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінің басты бір бөлігі болып табылады да, болашақ мұғалімдердің теориялық дайындығы мен практикалық іс-әрекетін біріктіруін қамтамасыз етеді.

Педагогикалық практика үрдісінде келесі міндеттер шешімін табады:

- студенттсрді мұғалім мамандығына деген қызығушылық пен сүйіспеншіліктің тұрақтылығына тәрбиелеу;

- нақты педагогикалық міндеттерді шешу барысында психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді пайдалану үрдісін терендету, бекіту;

- болашақ мұғалімдердің кәсіби іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту: педагогикалық қызметке шығармашылық, зерттеушілік ыңғайға бейімдеу.

Педагогикалық практиканың тиімділігінің негізгі шарттары - оның кәсіби бағыты, теориялық негізділігі, оқыту және тәрбиелеу сипаты, педагогикалық практиканың мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыдан қарау, жүйелілік, оны өткізудегі қажеттілік.

Сонымен қатар, қазір белгілі болғанындай, республика мектептері 2008 жылдан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшкелі отыр. Осы мәселені ескере отырып студентгерді 12 жылдық білім беру бойынша бағдарламалармен жұмыс жүргізіп жатқан мектептердегі экспериментальды сыныптарға практикадан өтуге жіберуді де қазірден бастап ойлағанымыз дұрыс.

Қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың зерттеу жұмысын жүргізуге үлкен мүмкіндіктері бар. Біріншіден, бүгінгі күні зерттеу материалдарын жинақтайтын және дифференциялайтын бірқатар объектілі бағдарланған бағдарламалар бар. Екіншіден, зерттеушіге ешқандай артық шығындарды басынан өткізбейтін тестілеуді, анкеттеуді, респонденттермен әңгіме жүргізуді, статистикалық өндеуді қамтамасыз ететін компьютерлік бағдарламалар бар. Қазіргі заманда зерттеу жұмыстарын компьютерлік бағдарламалар арқылы жүргізу кең көлемде өткізілуі мүмкін. Осыдан, біз бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған электронды зерттеу жүйесін жасау қажеттілігін айқындайық.

Болашақ мұғалім зерттеудің ғылыми аппаратын құрастыру кезінде зерттеудің мақсаттарын айқыңцау барысында және жалпы ғылыми процедурасын жасауда бірқатар қиыншылықтарға кездеседі. Ал электронды зерттеу жүйесі барысында зерттеудің анықтау іс-әрекетін қалыптастыру төмендегідей болады.

Ол үшін зерттеу мәлімет базасынан студент болашақ зертгейтін тақырыбына жақын зерттеуді тандап алуы қажет. Содан кейін сол тандаған тақырьш бойынша түрлі тапсырмалар орындалуы тиіс. Оның ішінде зерттеу мақсатын анықтауда негізгі зерттеу терминдерді қолдану немесе берілген гипотезаны өзінің зерттеу гипотезасына жақындату, ғылыми жаңалықты құрастыру жолдарын үйрену және т.б. Барлық жоғарыда аталған әрекеттердің дұрыс немесе бұрыс екенін зерттеуші болған кезде біле алады. Өйткені барлық жауаптар алгоритмдік тәсілмен құрастырылған.

Қорыта айтқанда, болашақ мұғалімнің кәсіби қалыптасуында үздіксіз практиканың алатын орны ерекше. Ол педагогикалық оқу орны мен мектеп арасындағы тығыз байланыстың нәтижесінде жүзеге асырылады. Нақты жүзеге асырудың тікелей жолы - студенттер үшін "Мектеп күнін" өткізуді қайтадан қалпына келтіру (бұрын болған). Бұл педагогикалық оқу орындарының студенттері аптаның бір күнінде толығымен мектепте болып, алдына қойған міндеттерге жетудің тікелей жолы. Өйткені, қазіргі 1,2-курс студенттері практикаға сабақтан шыккан уақытта барады, бұл кезде студентгердің қандай да бір нәрсеге үйренуге деген қызығушылығы төмен болады деп ойлаймын.


Пайдаланған әдебиеттер

1. Қоянбаев Ж.Б. - Алматы: Педагогика, 2000.



3. Сластенин В.А. и др. Педагогика: уч. пособие. - Москва: Академия, 2004.

4. Кенжебеков Б.Т. Педагогика ғылым-дарының.докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авто-рефераты. Жоғарғы оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби қүзіреттілігін қалыптастыру. - Қарағанды, 2005.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет