ӘОж 811. 512. 122 Синонимдік және антонимдік перифраздардың КӨркем шығармаларда қолданылуы таймуллина Қ.Қ



жүктеу 103.83 Kb.
Дата08.09.2017
өлшемі103.83 Kb.
ӘОЖ 811.512.122
СИНОНИМДІК ЖӘНЕ АНТОНИМДІК ПЕРИФРАЗДАРДЫҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДА ҚОЛДАНЫЛУЫ

Таймуллина Қ.Қ.

(М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, қазақ тілі кафедрасының магистрі)
Аннотация

В данной статье рассматривается проблема применения синонимичных и антонимичных перифраз в художественных произведениях (на примере романа С.Муканова «Ботагоз»). Цель статьи – показать экспрессивную и эстетическую роль синонимов и антонимов, метафор, метонимов, эпитетов в создании художественного образа. Результаты исследования могут быть использованы при изучении творческого наследия С.Муканова.


Abstract

In this article the problem of application of study of synonyms and antonymous periphrases is examined in artistic works(there is "Botagoz" on the example of novel of S.Mukanov). Aim of the article - to show the expressive and aesthetic role of synonyms and antonyms, metaphors, метонимов, epithets in creation of image. Research results can be drawn on at the study of creative heritage of S.Mukanov.


Кілтті сөздер: көркемдеуіш құралдар, грамматика саласы, синикдоха, теңеу, синонимия, антонимия, перифраздар, антонимдік перифраздар, синонимдік перифраздар.
Халықпен бірге жасап келе жатқан эмоциялық мазмұны жоғары образды тіркестердің өміршеңдігін оның қолданысынан байқауға болады. Осындай образды көркем сөздердің қатарына перифраздарды да жатқызуға болады. Бірақ перифразалар жазба әдеби тілдің қатталған беттерінде қалып бара жатыр, ал бүгінгі ұрпақтың ауызекі сөйлеу тілінен жиі ұшырату қиын.

Ұлт айнасы тіл десек, тіл – халқымыздың тұрмыс-тіршілігінің, ой-сезімінің, елдігі мен ерлігінің, болмысының, дүниетанымы мен парасатының куәсі. Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес құндылығы. Ал осы тілдің сөз байлығын танытатын – көркем әдебиет.



Көркем әдебиетте тіл ерекше экспересивтік – эстетеикалық қызмет атқарады. Көркем әдебиет тілі сол халықтың сөйлеу тілінің қалыптасуына үлкен әсер етеді. Оның тіл байлығын танытумен ғана шектелмейді, тілді байытатын, дамытатын негізгі арналардың бірі болып табылады. Адамның сезіміне әсер ету үшін көркем шығармада көбінесе сөздер нақтылы тура мағынада емес, ауыспалы мағанада қолданылады. Сондықтан көркем әдебиет тілі – бейнелі, мәнерлі тіл, түрлі бояулы, сезімге әсер ететін көркем тіл болып табылады. Тілдегі көркемдеуіш құралдар – метафора, метонимия, синикдоха, теңеу, эпитет, эвфемизм – бәрі де көркем суреттің, образды жасаудың, жазушының, ақынның шеберлігінің көрсеткіші.

Көркем әдебиет тілінің көріктеуші құралдарының бірі – перифраздар. Қандай тарихи дәуiрде болмасын халықтар тiлдерiнiң қоғамдық даму барысындағы атқаратын қызметi өте зор, өйткенi ұлттық мәдени дүниенiң даму деңгейi тiлдiң даму шеңберiмен тығыз байланысты. Ал осы әдеби тiлдiң байлығын, мәдениетiн, оның көркемдiгiн, бейнелiлiгiн артыратын лексикалық категория — бұл көріктеу құралдары.



Мақалада осы көркемдеуіш құралдарының бірі – перифраздарға, оның ішінде синонимдік және антонимдік перифраздау ұғымдарына тоқталып, әр түріне мысалдар келтірмекпін.
Жалпы перифраз дегеніміз не? Перифраз немесе перифраза деген атау грек тілінен келген, ол заттаң, құбылыстың тура атын атамай, суреттеп көрсету, тұспалдап айту дегенді білдіреді [1.3б.]. Тіл білімінде Потебня А.А: «перифраза дегеніміз - суреттеу атау» («перифраза - описание») [2.217б.] деп анықтама береді. Швейцариялық ғалым Ш.Балли перифразаға берген анықтамасында «қайта айтып беру, қайтып айтып берудің кеңейтілген түрі» [3.125б.]. Қазақ тіл білімінде осы ойды айтқан З.Қабдолов «қайта айтып беру» [4. 242б.] дейді; Ә.Болғанбаев өзінің «Синонимдер сөздігі» атты оқулығының кіріспесінде перифразға былайша сипаттама береді: «Синонимдерді қолданудың тағы бір тәсілі – парафраза. Мұны кейде перифраза деп те атайды. Бұл сөздің мәнісі жеке сөздің орнына оның түсінігін сипаттап беру [5. 5 б.] дейді. «Қазақ тілі. Энциклопедиясында» перифразаға: «Перифраза (ағылшын раraphrase) – сөздің бейнелі мағынада қолдану тәсіліне жататын көркем троптың бір түрі. Перифраза затты, процесті, құбылыстың ең негізгі бір қасиетін келтірінді мағынадақолдана отырыр, соны образды түрде сипаттау, анықтау» [6.259 б.] деп анықтама берілген. 

Перифраза (грек periphrasis - айналым) – құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстап емес, соның айналасындағы айрықша белгі қасиеттерді негізге алатын ауыстыру тәсілінің бір түрі. Перифраза мәтіннің идеялық – эстетикалық және көркемдік байлығын арттырады. Мағыналық эксспресивтігін, әсерлілігін күшейтеді. Мысалы: Түз патшасы (арыстан деудің орнына), дала кемесі (комбайн), қара алтын (көмір), пәниден бақиға кетті, аққу ұшып көлге кетті (өлді дегеннің орнына) деп З.Ахметов әдебиеттану термендер сөздігінде перифразға осындай анықтама береді [7.268б.].
Қазақ тіл білімінде перифраз мәселесіне кеңірек тоқталған Р. Сыздықова көріктеу құралдарының ішінде айтылмай жүрген перифраза деп, оның себебі біртектес тронтық категорияларды бір – бірінен дәл ажыратпаудың жоқтығынан деп көрсетті. Өзінің «Абай шығармаларының тілі» деген еңбегінде Абай тіліндегі перифраздарға анализ жасап, Абай халық тіліндегі перифраздарды қолданумен қатар өмірді «бұлдыр заман»деуі: «қайта айналмас, жаңғырмас бұлдыр заман»; «сұм жалған», «қайран дәурен» деуі: «Бір қызық ісім екен сұм жалғанда, Қалжыңбасшып өткізген қайран дәурен» перифразалық тіркестердің небір ойға келмейтін түрлерін жасады дейді, мысалы «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім» деп, Абай өзі өскен ортаны, өзін қоршаған сол кездегі әлеуметтік, қоғамдық ой- пікірді айтып отырса, әбден қажыған кезін, өзінің бір жабырқау күйін ақынның «сұрғылт тартқан бейуақ» деп беруі тіпті әсерлі деп таниды [8. 102 б.] .

Осы терминнің қолданылу аясы кең. Мысалы, «перифраз» әдебиеттануда айтылады; лингвистикада – грамматика саласында (грамматикалық перифраз); аударма теориясында, шет тілдерді оқыту практикасында, лексикографияда, тіл философиясында қолданылады; сондай-ақ, бұл термин музыка саласында көп жұмсалады. Осы айтылған «перифраздың» бәрі біp мағыналы емес, бұл терминнің әр салада айтылуының өз ерекшеліктері бар, өз мақсаты, қызметі т.б. бар болады.

Грамматика саласында перифраз терминін қолданудың ертеден келе жатқан дәстүрі бар. Мұның себебін тілдің синтетикалық тұлғаларымен қатар суреттемелі аналитикалық тұлғалардың болуына байланысты деп түсіндіріп, Н.Оралбаева [9,11 б.] қазақ тілі грамматикасындағы етістіктің аналитикалық түрлерін «етістіктің перифрастикалық формалары» деп талдап көрсетеді. Айталық ойлану дегенді ойға шому деу, ұйықтау дегенді ұйқыға кету деп өзгертуді, сондай-ақ қосымша мен көмекші етістіктің мағыналас болуын жатқызады: жәрдемдес деудің орнына жәрдем ет, жымыңдады деудің орнына жымың eтті, кездесті дегенді кез болды деген сияқты етістіктің тұлғалары болады. Түрік тілдеріндегі етістіктің перифрастикалық түрлері жайында еңбектер де өте көп [10,13 б.]. Бұл жайында Ш.Баллидің еңбегінен де [3,283 б.] оқи аламыз.

Мына мысалда: Ол емтиханды мезгілінен бұрын тапсырды Емтиханды ол мезгілінен бұрын тапсырды Ол мезгілінен бұрын емтихан тапсырды десек, бұл жерде сөйлемдегі сөздер емес, синтаксистік байланыс қана өзгерген. Мұны зерттеушілер криптотип деп классификациялайды, дегенмен осындай синтаксистік өзгертулер арқылы сөйлемді түрліше беруді де перифраз деп атау жиі кездеседі. Ал енді: Мен кітапты әкемнен алдым Кітапты маған әкем беpді дегендегі алу, беру деген етістіктердің антонимдік мағынасы айтылмақ идеяны сақтай отырып, сөйлемді трансформациялауға көмектеседі.

«Синонимдік перифраздау» ұғымы құрылымдық лингвистиканың жалпы семасиология деп аталатын саласында соңғы жылдары басты орындардың біpін алып келеді. Оған мағынасын сақтай отырып, біp сөзді оның конверсивімен (жылы – суық емес), болымды, болымсыз тұлғадағы антонимімен ауыстыру (есте сақтау – ұмытпау) немесе лексикалық синонимімен (бағасы өсті – қымбаттады) тәрізді трансформациялар мысал бола алады дейді Ю.Д.Апресян [10,75-76 бб.].

Тілдің көркем шығарманы әрлендіріп-нәрлендіретін көркемдегіш тәсілдері түрлі-түрлі. Солардың қатарына синонимдер мен антонимдер сияқты лексикалық құралдар да жатады.

Синонимия – ұлттық тілдің айқындылығын, дәлдігін, икемділігін, бейнелегіштік күшін көрсететін тілдік құбылыс. Тілдегі синонимдерді пайдаланып, керегіне жаратпайтын жазушы жоқ. Ал, белгілі бір жазушының тіліндегі синонимдерге талдау жасау оның сөздерді талғап пайдалану принциптері мен өзіндік стиліне тән сөз қолдану ерекшеліктерінен біраз мағлұмат береді.

Синонимдер көркем шығарма тілінде орынсыз қайталаулар мен мезі шұбалаңқылықтардан аулақ болу үшін ғана емес, ол біріншіден және ең бастысы стильдік қызмет атқарады, мағыналық жүк көтереді. Шығарма тіліндегі экспрессивтік пен баяндау дәлдігі синонимдер арқылы жүзеге асады. Өмірлік көріністерді толыққанды етіп суреттеу, кейіпкерлердің ой-сезімдерін жеріне жеткізе дәл беру синонимдердің нәзік мағыналық айырмашылықтарын тап басып, сөз теңізінен керектісін ғана таңдап ала білетін жазушының қолынан келеді [[12,256 б.].

Синонимдік перифраздардың тарихи көркем шығарма тілінде атқарар қызметтері сан алуан.

Қай ақын, жазушы болмасын өз шығармасының әдемі, образды болғанын қалайды. Сондықтан да олар әсерлілік пен бейнелілікке мүмкіндік жасайтын тәсілдерге көбірек барады. Жазушылардың қаламын әрлей түсетін тәсілдердің ішінде басқа тәсілдер мен қатар перифразаның алатын орны айрықша. 

Тілімізде заттардың, процестердің, құбылыстардың атаулары өте көп, солардың қайсысы болмасын перифраздануға мүмкіндіктері мол. Сол мүмкіндікті молынан қолданған ақын-жазушыларымыз дакөп, мәселен, Сәкен Сейфуллин, Мұқағали Мақатаев, Мағжан Жұмабаев, Абай Құнанбаев, Сәбит Мұқанов, Тахауи Ахтанов, т.б. Осы ақындардың поэтикалық туындыларының, шығармаларының қай - қайсысы болса да - өзіндік тарихымен, тағдырымен даралануының үстінде бүкіл қазақ әдебиетінің қалыптасуына ықпал жасаған дүниелер. Осындай көркемдік күш – қуатқа ие болған шығармалардың жаңашылдық сипатына арнайы назар аударған жөн. Сонда ғана біз ақындарымыздың поэзиясының, шығармаларының мәніне терең бойлап, көркемдік иірімдерін, ажар компоненнттерін көреміз де, соның бәрі заманына обрзын сомдауға мүмкіндік бергенін анық аңғарамыз. 
Мақалада пайдаланылған мысалдар қазақ әдебиетінің әйгілі шығармасы, яғни С.Мұқановтың «Ботагөз» романынан алынған.

"... Кесел болғанда қандай! Бар бақсы-балгер, сонау Бағдат, Иран, Румнан алдырған дәрігер-дәруіштер еш ем істей алмады. Бұны кешегі балуан денелі, арыс кеуделі әлемнің тең жартысын жаулап алған Бату хан деп кім айтар?"[12,269 б.].

"...Ал адам баласын ардақтап өскен Хорват қызы бүкіл Алтын Орда қожасы Бату ханды ұнатпады, сүймеді" [12,10 б.].

"... Балдырған жас баласының денесін қара бүркіт тырбиған, имиген болат тырнақтарымен парша-паршасын шығарып, қаны сорғалаған жас етін сары ауыз балапандарына асатып жатқанын көз алдына елестете, тас жүрек Бату қабырғасы қайысып, бір орнында отыра алмай кетеді" [12,11 б.].

Қай тілде болмасын шет тілі ретінде оқыту практикасында біp сөзді немесе конструкцияны түсіндіру мақсатында оны сол тілде суреттеп айтып беруді, мысалы, жер теңгедей, аспан тебінгідей деген фразеологиялық тiркeстi «кіп-кішкентай, болар-болмас қана деген мәнде» деп түсіндіруді де перифраз деп атайды [10,7 б.].

Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Тіл-тілде көбінесе сапалық ұғымды білдіретін сөздер немесе сапалық белгісі бар сөздер өзара бір-бірімен антонимдес боп келеді.

Антонимдік перифраздау құбылысы көбінесе сапалық ұғымдармен шектелгендіктен, оның тіл-тілде синонимия, полисимия құбылысына қарағанда өрісі тар болады. Анығырақ айтқанда, синонимдес сөздер мен полисемантизмді сөздер сөздердің көптеген тобына тән құбылыс болуына байланысты тілде жиі ұшырасатын болса, антонимдер көбінесе сөздердің белгілі бір тобына тән құбылыс болуына байланысты синонимдер мен полисемантизмді сөздерге қарағанда, әлдеқайда сирек ұшырасады.

Антонимия – ең алдымен, лексикалық құбылыс; сөйлемдердің және грамматикалық нысандардың қарама-қарсы мағынада алынуы олардың құрамындағы компонент тұлғалардың қарама-қарсылығымен байланысты.

Антонимияны білдіретін лексикалық бірліктерге жалпы (инвариантты) сапа, яғни антонимдердің мағыналарында ең ақырғы шекке дейін бір-бірін жоққа шығаратын қасиеттің болуы тән: өтірік –шын, (мұнда: өтірік – шын емес; ақиқатты, шындықты ең ақырғы шекке дейін жоққа шығарады, дәл осы сияқты шын - өтірік емес; ең ақырғы шекке дейін шындықты жоққа шығарады). Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады

Антонимия бірліктері абстрактілі сипаты бар жалпы семалар арқылы ортақтасады, мысалы: ауыр/жеңіл – салмақ (сема); өткен шақ / болашақ – уақыт (сема). Арнаулы семалардың көмегі арқылы антонимдер бір-біріне қарама-қарсы қойылады, мысалы: ауыр / жеңіл қатарында көлемді, үлкен және аз, шағын масса; өткен шақ / болашақ қатарында – алдыңғы және кейінгі шақ, мерзім.

Антонимдерді бір-біріне қарама-қарсы қою, баламалы таңдау, кезектестіру, біріктестіру және олардың басқа да қызметтері антонимия үшін нақты контекстерде жүзеге асырылады: “Ішім өлген, сыртым сау...” (Абай), “Кім жас, кім қарт, Уақыт өзі іріктер...” (М.Шаханов), “Үлкенге де, кішіге де ілтипат қыл...” (М.Дулатұлы).

Антонимияның қарапайым бірлік тұлғасы ретінде сөздің лексикалық-семантикалық варианты көрінеді. Сондықтан да нақты бір көп мағыналы сөз антонимдердің әр түрлі жұптарының қатарына ене алады, мысалы: ақ-қара, ақ-арам, ұзақ-аз, ұзақ – қысқа.

Тиімді болса қазақтан қыз алып, қыз беріп кетуден де тайынбайды.

Алтын Орда хандарын өз қолымен отырғызып, өз қолымен алып тастай алатын әмірші болады [12,27 б.].

"Бұлардың көздерінің қарашықтарында кенет сұп-суық боп жана қалған кек ұшқындары жарқ етіп айқасып, тайсалып кеткен алмас қанжарлардай, сол сәтте лап етіп тұтанған да қайтадан кенет сөніп үлгерген" [12,48 б.].

"Жоқ, бұл жолы да ол шын досы жоқ, шын қасы көп Алтын Орданың ханы, көкте Құдай жалғыз болса, жерде мен жалғызбын деп, жұбайынан айырылып айдын көлде жалғыз қалған аққумен сырласуға, шер тарқатуға барған жоқ, су жағасында жалғыз отырып шешім алуға келді" [12,99 б.].

"Әзия мен Жағроптың тең жартысын тітіркенткен Айбарлы хан ертеңіне дүние салды. Дос жылады, дұшпан қуанды. Тек, хансың ба, қарасың ба, – бәрінің бірдей ақырғы төсегі меңіреу қара жер тас құшағын аша берді" [12,33 б.].

Осындай себептермен Жошы Қоңырат, Керей руларын іштей қанап жатса да, сырттай жақын ұстаған болып көрінеді [12, 27 б.].


Қорытындылай келе, антонимдік перифраздау жазушы шығармасында ерекше көріктеу амалдарына айналып тұр.

Жалпы қай қаламгердің шығармасы болмасын оның бейнелеу құралдарын, қолтаңба ерекшеліктерін жіті ажыратпай, жете танымай, ақын поэзиясына, жазушы шығармасына баға бере алмаймыз. Ал шығармаларының бойында зерттеліп, қарастырылған бейнелеуіш құралдары, тудырған тың тіркес, соны образдар ақын-жазушылардың тілдік жағынан ғана емес, стильдік жағынан да дара тұлға екендігін айқындап тұр.

Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясыны хабарлары. Тіл, Әдебиет сериясы, 1993 №1 – 35 бет 

2. А.А Потебня Из записи по теории словесности. Харьков, 1905 – 217 бет 



  1. Балли Ш. Французская стилистика. М.,1961

  2. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, 1976 – 345 бет 

  3. Болғанбаев Ә. Синонимдер сөздігі. Алматы, 1975 – 284 бет 

  4. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы. Қазақстан республикасы Білім, Мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 – 420 бет

  5.  Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. Алматы «Ана тілі», 1998 – 210 бет 

  6. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. Алматы «Санат» - 1994 – 125 бет 

  7. Оралбаева Я. Қазақ тіліңдегі етістіктің аналитикалық форманттарының полисемиялық мағынасы. – Алматы: Ғылым, 1979. – 155 б.

  8. Апресян Ю.Д. Апресян Т.А. Об изучении смысловых связей слов //Иностранный язык в школе, 1970, №4.

  9. Амандықова Г.Я. Қазақ көркем әдеби тіліндегі перифраздар. Алматы, 1999.

12. С. Мұқанов. «Ботагөз» романы.Алматы, 1967

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет