Әож 811. 512. 122 Әбдіқұлова Раушан Мәмиқызы

Loading...


жүктеу 85.78 Kb.
Дата03.04.2017
өлшемі85.78 Kb.
ӘОЖ 811.512.122

Әбдіқұлова Раушан Мәмиқызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан

Оспанова Гулмария Турысбековна

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан

Мотивтік талдау негіздері

Аннотация

Мақалада қазақ әдебиеттануында мотив мәселесін зерттеудің маңыздылығы танылады. Мотив туралы ұғымды талдауда ғұлама А. Байтұрсынов еңбегіндегі және мотивті әдебиет пен фольклорға қатысты жүйелеу үрдісі бойынша жазылған С. Қасқабасов, Ш. Сәтпаева, Ш.Ыбыраев, А. Жақсылықов , Е. В. Корнеева, Н. И. Колодина, Ж. Сыдықова зерттеулеріндегі тұжырымдар басшылыққа алынады. Қазіргі қазақ прозасындағы, поэзиясындағы мотивтік тұрғыда талдаудың енді ғана қалыптаса бастағандығы сөз болады. Мотив туралы тұжырымдардың қайшылығы жан-жақты қарастырылады. А.Н. Веселовскийден бастау алатын мотив туралы пайымдаулардың В.Е. Хализев, В. Я. Пропп, О.М. Фрейденберг, В. Томашевский, Б. М. Гаспаров еңбектерінде дамытылғаны кеңінен сипатталады. Алайда қазақ әдебиетттануында мотивтік талдауды жолға қоюдың қажеттігі қарастырылады. Жалпы қазақ әдебиеттануында әралуан ақын-жазушылардың шығармашылық жүйесінің түйісу тұстарын мотивтік талдау арқылы айқындау өзекті мәселе сипатында танылады.


Тірек сөздер: мотив, сарындама, поэтика, сюжет, вариация, фабула, лейтомотив.
Мотив (moveo) – латын етістігі, «қозғаймын» деген ұғым береді. Мотив термині тек әдебиеттануда ғана емес, тілтану, заң, психология және басқа ғылым салаларында қолданылады. Әдебиеттануға «мотив» ұғымы музыкадан келді деген пайымдар кездеседі. Әдебиеттануда мотив мәселесін зерттеу ерекше маңызды болып табылады Өйткені, мотивтік тұрғыдан талдау көркем мәтінді жаңаша қырынан пайымдауға, атап айтқанда, оны нақты автордың мәтіндер жүйесіне, сол кезеңдегі әдеби дәуірге тән элемент сипатында қарастыруға мүмкіндік береді.

Алайда, мотивтің әдебиеттану термині ретіндегі мән-маңызын айқындау оңай емес. Ғұлама А. Байтұрсынов мотив терминін арнайы қолданбағанмен, ауыз әдебиетіндегі мазмұны, мағынасы, қызметі жағынан мотивке жақын мәндегі ұғымдарды қарастырады:«Сарындама (сарын сөз) саласы. Сарындама үш тарау: 1. Салт сөзі. 2. Ғұрып сөзі. 3. Қалып сөзі» [1,422 ] Қазақ әдебиеттануында мотивті әдебиет пен фольклорға қатысты жүйелеу үрдісі қалыптасып келеді. Мәселен, С. Қасқабасов, Ш. Сәтпаева, Ш.Ыбыраев, А. Жақсылықов , Е. В. Корнеева, Н. И. Колодина, Ж. Сыдықова сияқты тағы басқа көптеген ғалымдардың еңбектерін атауға болады. Дегенмен, қазіргі қазақ прозасын, әсіресе поэзияны мотивтік тұрғыда талдау енді ғана қолға алына бастады десек те болады.

Зерттеушілер мотив туралы сөз қозғағанда, тарихи поэтиканың негізін салушы А.Н. Веселовскийдің әйгілі «Историческая поэтика» еңбегіндегі мотив жайлы алғашқы пайымдауларын дәйім алға тартады. Әдебиет теоретигі В.Е. Хализев: «Так, А.Н. Веселовский в своей незавершенной «Поэтике сюжетов» говорил о мотиве как о простейшей, неделимой единице повествования, как о повторяющейся схематической формуле, ложащейся в основу сюжетов (первоначально – мифа и сказки)» [2,280],- деп жазады. А. Н. Веселовскийдің бұндай мотивтерге сұлу қызды әлдекімнің алып қашуы, оны күшпен немесе тапқырлықпен тауып алу, күнді әлдекімнің ұрлауы т.с.с. мысал етіп келтіргені белгілі. Осындай мотивтердің әралуан тайпалар ортасында өздігінен туатынын айта келіп, олардың біркелкілігін немесе олардың ұқсастығын алмасумен түсіндіруге болмайтындығын, керісінше олардың тұрмыс-тіршілік шарттары мен оларда қалыптасқан психикалық үдерістердің біртектілігімен түсіндіру керектігін ескертеді. Сондай-ақ, ғалым мотивтің мынадай қарапайым формуласын көрсетеді: « а+b: жауыз кемпірдің сұлу қызды жеккөруі – оған өмірге қауіпті тапсырма беруі» . Осы формуланың әр бөлігінің түрін өзгертуге, әсіресе b-ның өсуге қабілетті екенін дәлелмен көрсетеді. А.Н. Веселовскийдің тұжырымдауынша, мотив өсіп, ұлғайып, сюжетке айналады, сюжет мотивтер жиынтығы болып табылады.[3, 301]. Бұл айтылғандардан ғалымның мотивті сюжетпен тығыз байланыста қарастырғанын түсінуге болады. Мотив те, сюжет те тарих айналымына енеді: бұл ұлғайып отыратын идеялық мазмұнды беру формалары. Осы талапқа жауап бере отырып, сюжеттер вариацияланады: сюжетке бірнеше мотивтер кірігеді, немесе сюжеттер бір-бірімен тоғысады.[3, 305]. Мотивтер, Веселовскийше, тарихи тұрақты және шексіз қайталанып отырады.[3,281] Түптеп келгенде, мотив сюжетпен тығыз байланысты, сюжет мотивтер жиынтығы болып табылады. В. Я. Пропп та мотивті сюжеттік сарындармен байланыста қарастырады

Әлем әдебиеттануында мотивтің мәні қаншалықты кең болса, ол жөнінде қалыптасқан теориялық тұжырымдар да соншалық қайшылықты деуге болады. А.Н. Веселовкий тұжырымдарына О.М. Фрейденберг, В. Томашевский, В.Я. Пропп сияқты ғалымдардың сын көзбен қарағанына көз жеткізуге болады. [3,400-401/]

Көрнекті орыс ғалымы М. Бахтин «Эстетика словесного творчества» (1986) деген еңбегінде сюжет пен мотивтерді көркемдік сипатта байланыстырып, маскарадтық мотивтер табиғатын ашып береді.[4] Маскарадтық мотивтер өзін-өзі таныту әлеміне құрылады.

Шетелдік ғалымдар Р.Уэллек, О. Уоррен «Теория литературы» еңбегінде : «Мотив – қайталанып отыратын сөз, сөз тіркесі, оқиға, зат және идея. Көбінесе, мотив термині әдеби шығармаларда қайталанып кездесіп отыратын оқиғаларды білдіру үшін қолданылады. Мысалы, кедейдің кенеттен байып кетуі»[5,230]. Ал, «Аналитика художественного» (2001) деген еңбегінде мотивті шығарма фабуласының элементі ретінде қарастырады, фабуланы барлық мотивтер жиынтығы деп пайымдайды. Белгілі орыс ғалымдары В. И. Тюпа мен Е. К. Ромодановская: «Мотив - это прежде всего повтор. Но повтор не лексический, а функционально-семантический»,-деп жазады.[6,15] Б. В. Томашевский, Р.Уэллек, О. Уоррен мотив пен лейтмотивтің («лейтмотив» неміс термині – жетекші мотив деген мағынаны білдіреді) тығыз байланыстылығын ескертеді. Лейтмотив деп бір шығарма ішіндегі қайталауды айтуға болады. Ол мәтіннің қандайда бір компонентін күшейтуге қызмет етеді.

Мотив терминіне әйгілі орыс ғалымы Б. М. Гаспаров: «В роли мотива может выступать любой феномен, любое смысловое "пятно" – событие, черта характера, элемент ландшафта, любой предмет, произнесенное слово, краска, звук и т. д.; единственное, что определяет мотив – это его репродукция в тексте», - деп кеңінен анықтама береді [7, 30]. Ғалым мотивтің мәтін өріліміндегі «қозғалмалы компонент» екенін және оның тек басқа компоненттермен тоғысу үдерісінде өмір сүретінін, оның ерекшеліктері әр жолы қайтадан өсіп отыратынын, өзін-өзі талдау үдерісінде және әрбір жаңа қадам сайын, жалпы мағыналық өрілімнің әрбір өзгерісі сайын түрленетінін айрықша айтады.[7,301/]

Жалпы, мотивтің ең басты сипаты оның бір немесе бірнеше шығармада, жеке шығармашылықта қайталанып отыратындығы. Зерттеуші Н. Е. Меднис: «Мотив, при его огромной эстетической и семантической значимости в художественном тексте, не имеет собственной очерченной телесной оболочки. Он являет собой нечто вроде души, которая в конкретном тексте может обретать сюжетное, временное, пространственное или какое-то иное воплощение, не замыкая себя при этом в жестко обозначенных границах»,-деп атап көрсетеді.[8,79] Анығында, ғалым мотивке сюжетке қатысты анықтама береді. Қорыта келгенде, мотив сюжет құраудың негізі, композиция түзуде белсенді қызмет атқарады, мотив оқиға барысымен, кейіпкер әрекеттерімен, сезім құбылыстарымен, салт нұсқаларымен тығыз байланысты.

Егер мотивті көбіне прозалық шығармаларға қатысты сөз еткен зерттеушілер пікіріне сүйенер болсақ, сюжет элементі немесе нақты бір танымал дәстүрлі сюжет сипатында түсінуге болады. Зерттеушілердің пайымдауынша, мотив зат немесе дерексіз құбылысты білдіретін көбінесе архетиптік, мәдени танымға және авторлық семаға ие символикалық мәні бар жеке сөз болуы да мүмкін.

Мотивке анықтама беруде көбінесе прозалық шығармаларға қатысты тұжырымдарды қарастырғанымыз рас. Өйткені, поэзияға қатысты зерттеулер орыс әдебиетінде болмаса, қазақ әдебиеттануында жоқтың қасы деуге болады. Дегенмен, көркем шығарманы мотивтік тұрғыда талдауға байланысты тұжырымдардың әрқилылығы байқалады. Бұл мотив теориясының қалыптасып болмағандығын, мотивке нақты анықтама берудің қиындығын көрсетеді.

Мәселен, поэзиядағы жалғыздық мотиві орыс әдебиетінде А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов пен М. И. Цветаева лирикаларына қатысты зерттелгені белгілі. Жалғыздық мотиві Абайдан бергі ақындардың бәрінде де ұшырасатынына күмән туғызуға болмайды. Бірақ, олардың мотивтік талдау тұрғысынан зерттелмегені белгілі. Мысалы, әралуан ақындардың шығармашылық жүйесінің түйісу тұстарын мотивтік талдау арқылы айқындау зерттеушілердің қызығушылығын туғызуға тиіс. Біздіңше, жалғыздық мотиві қазақ лирикасына қатысты арнайы сөз болған емес. Егер бұл мәселені қазақтың біртуар ақыны Мұқағали Мақатаев лирикасы төңірегінде қарастырар болсақ, Мұқағали лирикасының философиялық мазмұнынан адамның жатсырауы мен жалғыздығы мәселесі, өмірдің мәні, жақсылық пен жауыздықтың мәңгілік күресі, үндестік пен үйлесімсіздік мәселелері көрініс берері анық.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Байтұрсынов А. «Ақ жол»: Өлеңдер мен тәржімелер, публ. Мақалалар және әдеби зерттеу /Құраст. Р. Нұрғалиев. –Алматы: Жалын, 1991. – 464 бет.)

  2. Хализев В.Е. Теория литературы: Учебник/ В.Е. Хализев.– 4-е изд., испр.и доп.– М.: Высш. шк., 2005 – 405 с.

  3. Веселовский А.Н. Историческая поэтика/Вступ.ст. И.К. Горского; Сост., коммент. В.В. Мочаловой. – М.: Высш. шк., 1989. – 406 с. – (Классика литературной науки)

  4. Бахтин М. М. Эстетика словесного творчества. 2-е изд. - М.: Искусство, 1986. - 445 с.

  5. Р.Уэллек, О. Уоррен. Теория литературы. – М.: Прогресс, 1978. – 325с.

  6. Тюпа В. И., Ромодановская Е. К. Словарь мотивов как научная проблема // Материалы к "Словарю сюжетов и мотивов русской литературы": От сюжета к мотиву. Под ред. В. И. Тюпы. Новосибирск: Институт филологии СО РАН, 1996. - С. 3-15.

  7. Гаспаров Б. М. Язык, память, образ. Лингвистика языкового существования. Текст. / Б. М. Гаспаров — М.: Новое литературное обозрение, 1996.-352с.

  8. Меднис Н. Е. Мотив воды в романе Ф. М. Достоевского "Преступление и наказание" // Роль традиции в литературной жизни эпохи. Сюжеты и мотивы. Новосибирск, 1995. - С.79-88.


Резюме

В статье рассматривается проблема исследования мотива в казахском литературоведении. В основу исследования мы взяли труды А.Байтурсынова, а также различные рассуждения о литературном мотиве и фольклоре труды С.Каскабасова, Ш.Сатпаевой, Ш.Ибраева, А.Жаксылыкова, Е.В.Корнеевой, Н.И.Колодина, Ж.Сыдыковой. В статье рассматривается различные понятия об исследовании мотива. Первые рассуждения о мотиве были в трудах А.Н.Веселовского, потом развивались в исследованиях В.Е.Хализева, В.Я.Проппа, О.М.Фрейденбурга, В.Томашевского, Б.М.Гаспарова.



Summary

In article the problem of research of motive in the Kazakh literary criticism is considered. We took A. Baytursynov's works, and also various reasonings on literary motive and folklore in a research basis S. Kaskabasov, Sh. Satpayeva, Sh. Ibrayev, A. Zhaksylykov, E.V.Korneevoy, N. I. Kolodin, Zh. Sydykova's works. In article it is considered various concepts about research of motive. The first reasonings on motive were in A. N. Veselovsky's works, in researches V.E.Khalizeva, V. Ya. Proppa, O. M. Freydenburga, V. Tomashevsky, B. M. Gasparov developed then.



Сведения об авторе

Ф.И.О.

Имаханбет Райхан Сахыбекқызы

Место работы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет

Должность

доцент

Ученая степень, звание

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Почтовый адрес с индексом

050065 Алматы қ., Школьный-2 ықшамауданы , 7 үй, 2 пәтер

Контактный телефон

87053308950

Электронный адрес

rauabdi@mail.ru

Раздел журнала

Әдебиеттану

Тема доклада на двух языках

Мотивтік талдау негіздері

Основы мотивного анализа




Сведения об соавторе

Ф.И.О.

Оспанова Гулмария Турысбековна

Место работы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет

Должность

оқытушы

Ученая степень, звание

Гуманитарлық ғылымдар магистрі

Почтовый адрес с индексом

050065 Алматы қаласы, Шаңырақ -1 ықшамауданы, Бабыр көшесі №36 үй

Контактный телефон

87012305225

Электронный адрес

Maryama70@mail.ru

Раздел журнала

Әдебиеттану

Тема доклада на двух языках

Мотивтік талдау негіздері

Основы мотивного анализа




: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...