Әож 81: 372. 881 Вак 10. 02. 19, 13. 00. 02 Қытай тіліндегі қарғыс жанрының өзгешелігі

Loading...


Дата25.04.2017
өлшемі117.19 Kb.
ӘОЖ 81:372.881

ВАК 10.02.19, 13.00.02


Қытай тіліндегі қарғыс жанрының өзгешелігі.

Кенжебаева А.Ә., Кенжебаева Л.Ә. (Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясы өнертану кафедрасының магистрі)

әл –Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қаласы, Қазақстан china.aida@mail.ru


Аннотация. Берілген мақалада қытай тіліндегі қарғыс жанрына талдау жасалған, сонымен бірге қарғыс сөздердің алуан түрлі тақырыптық бояуларына көңіл бөлінеді, олардың фольклор мен қазіргі таңдағы қытай мәдениетіндегі алатын орны туралы сөз болады.Мақала этнографиялық жинақтар мен фольклорлық зерттеулерде кездесетін алуан түрлі қарғыс мәтіндеріне сүйенеді, Аталған мақаланың басты мақсаты - қытай тіліндегі қарғыс сөздерді лингвокогнитивті және лингвомәдени тұрғысынан зерттеелей отырып қытай халқының ұлттық –мәдени болмысының ерекшелігн ашу боп табылады.

Түйіндеме сөздер: қарғыс жанры, соматоним, когнитивті механизмдер, этнография, фольклор.

Қарғыс сөздер қытай фольклорының аз зерттелген жанры боп табылады. 1993 шыққан 现代汉语词典cөздікте қарғыс сөздерге мынадай анықтама беріледі: «Қарғыс (诅咒语Zǔzhòu yǔ)дегеніміз -құдірет күшіне өзіне қиянат жасаған адамдарды жазалауды өтінуден туындаған тілек» /1/. Қарғыс - жағымсыз эмоциялар тізбегін білдірудің тілдік құралдарының бірі. Қарғыс ашу-ызадан, наразылықтан туындайды, адам қатты әбден күйінгенде, азапты өіміріне жанына батқанда, не істерін білмейтін күйге түскенде қарғыс айтылады. Ғалымдар оны парапсихологиядағы тіршілік иесінің жәбірлеушіге қарсы кері әсерлі қуаты күші деп санайды.

« Қарғыс сөздер ауыз әдебиетінің мақал-мәтелдер, жұмбақтар және басқа да элементтері секілді халықтың өзін қоршаған ортасы, сол ортада нақтылы орын алатын әр заттың мәні туралы таным-көзқарасын танытады. Фольклордың мысалдар, аңыздар, ертегілер, халық өлеңдері сынды көлемді түрлерімен салыстарғанда қарғыс сөздерде берілетін ақпарат біршама жинақы әрі символды түрде беріледі. Себебі фольклордың мұндай шағын түрінде әр сөздің, іс-әрекеттің, заттың мағынасын толық түсіндіре аларлық мүмкіндіктері шектеулі, сондықтан олар өз ойын қысқаша түрде жеткізу барысында аллегориялық мәнге ие болады»/2/.

Осы күнге дейін қарғыс сөздерді зерттеу тек фольклористика аспектісімен шектеліп келеді. Қарғыс сөздерді фразеология пәні ретінде алып қарастырып ( әдеби тіл материалдары негізінде ) зерттеген ғалымдар арасынан Жу Сяолиң (英汉诅咒语比较),Жаң Чуанбяо(张传彪),Таң Жиемин (唐洁明) М.Ч. Кремшокалова, И.В.Крюкова, А. 3. Абдуллаева, А. М. Бушуй, Р. Д. Журакулова, С. Н. Муратова есімдерін атап өткен жөн. Қарғыс сөздер осы күнге дейін тек фольклор жанрының бір түрі ретінде қарастырылып келсе, қазіргі таңда тіл білімінің зерттеу нысаны ретінде енді-енді зерттеліп, жүйелеу жұмыстары қолға алына бастады.

Әр елдің қарғысы міндетті түрде белгілі бір залалды әрекеттерге толы салт жоралармен сүйемелденіп отырған. Қарғыс сөздердің қайнар көзі өкпе-реніштен бастау алады, жәбір көрушінің ашу-ызамен Қарғыс ауызекі жанрының түріне жатады, ол арқылы белгілі бір халықтың мәдениетінің толыққанды келбетін, когнитивті санасын, рухани құндылықтарын көруімізге болады. Ауызекі сөйлеу дискурсының жанры әралуан кезеңдерде өмір сүрген, мәдени дамудың түрлі асуларын басынан өткерген халықтың дүниетаным, санасы, ұлттың мәдениеті, тыныс-тіршілігі турасында мол мағлұматтар бере алады. Көпеген жылдар бойына қытай тіліндегі қарғыстар лингвистикалық зерттеулердің назарына ілінбей келді, көбінесе біз олар туралы мағлұматтарды фольклорлық және этнографиялық еңбектерден кездестіре аламыз. Олардың қатарына Тек өткен ғасырдың 90 жылдарынан бастап Қытай тіліндегі ең алғашқы қарғыстар ежелгі «Жырнаманың» ішіне енетін «Атжалман» атты өлеңде «诗经 相鼠 » кездеседі: «相鼠有皮,人而无仪。人而无仪,不死何为?». Мұнда халық өзін қанаған үстем тап өкілдеріне арнап шығарған қарғыс айтқан екен: «Тышқанның қаратып күніне зар қылып бізді күніге, ажалды неге құшпайсың?».

Мағыналық бағытына қарай қытай тіліндегі қарғыс сөздерді төмендегідей топтарға бөлуге болады:

1.Жәбірлеушіге тәңірдің қаһарын туындатуын тілеген қарғыс сөздер: “天杀的” (сөзбе сөз аударсақ: ажалың аспаннан келсін деген мағынаны береді, яғни тәңірі ажал құштырсын деп беруге де болады); “短命的 (өмірің қысқа болсын); “该死的”(өлім келгір); “该雷劈的; 归西 ( сөзбе сөз аударсақ : батысқа аттанғыр, батыс деп отырғаны қытай ұлтының дүниетанымында өлім дегенді білдіреді, күннің батқан жағы өлім ұғымымен тікелей байланысты, сонымен бұл тіркес: өлімге аттан, ажалың келсін дегенді білдіреді); 断了气 (демің үзілсін),劈死; 死货!找死!死催的!浮尸!上西天!挺了尸!见鬼!(Сайтан алсын!) 完蛋了!玩完了!一命鸣呼!去死!短命鬼!

2.Қытай тілінде әсіресе өлімнің түріне бағытталған қарғыс сөздер ерекше орында тұр: “千刀万剐”, “五马分尸” (Денең бес тарапқа шашырасын!), “五雷轰顶” (Төбеінен бес түрлі жай түсін), 被车撞死 (Арбаның астында қалып жаншылып өл!); 生癌癌死( оба келсін!); 刀劈火烧 (Пышаққа кескіленіп, отқа жан!); “万箭穿心” (Он мың жебе жүрегіңді тесіп өтсін); “扒他的皮” (Терісің сыдырылсын !); 闪电劈死 (Жай оты жарып өлтірсін!) ; 砸死 (жаншылып өл!); 不得好死; “杀千刀的” (сөбе сөз аударсақ: мың пышаққа түс!) ; 过车轧 (арбаның астында қал!) ;吃枪子 (оққа ұш, оқ жастанғыр!),当炮灰 (нақақ құрбан бол!)你这个杀千刀的!饿死 (Аштан өл!);撑死 (Астан жарылып өл);气死 (Ашудан жарлып өл!);被车撞死 (арба астында мыжылып қал!);劈死(шауып өлтірілгір!) ;掐死 (Қылғынып өлгір!);

3.Aр мен тән азабына,ауруға бағытталған қарғыс сөздер: 半身不摄 (); 让你耳聋; 让你眼瞎; 让你缺胳膊短腿; 口舌生疮 ; 翻白眼;烂舌头,打断你的腿,祝你脑子生虫,骨头发脓! (Сүйегің шірісін!) 半夜做噩梦( Сөзбе сөз аудармасы: Жарым түнде қорқынышты түстер көр! Ұйқың қашсын!) 病的起不来炕!(Дерттен орынңнан тұра алмай қал!)发疯!(Жынданып кеткір!) «Қытай ұлтының танымында көрертінін көріп, жасарын жасап, қартайып барып өмірден өту және аспан әлеміне, яғни о дүниеге атттану да қуанышты оқиға боп саналған. Ал өз уақытынан бұрын әсіресе қалыптан тыс жағдайда қиналып өлу- басқа түскен терең қайғы боп саналған. Сондықтан қытай тіліндегі қарғыс сөздерді өлім әдістерінің әралуан түрлілігіне ерекше ән берілген»./3/

4.Өлгеннен кейінгі тағдырына байланысты қарғыс бар:起你的皮 (терісің сыдырылғыр!),骨肉为泥 (ет-сүйегің балшыққа айналсын),和你的血(қаның шашылсын!),碎尸万段 (мәйітің он мың бөлікке ұсақталсын),下地狱 (тозаққа түс),下油锅 (май қазанда қайна),下黄泉(көрге түс, сөзбе сөз аударсақ : сары бұлақта жат, «сары бұлақ» қытай мәдениетінде адам қайтыс болғанда тұратын тұрағы, негізі құдықты тереңдеп қазған сайын сары лай түстес суды көруге болады деп есептейді қытайлықтар, сондай ақ мәйітті де жердің терең қойнауына тапсырғанда оларды «сары бұлақ», яғни о дүние күтіп тұр деп есептейді. Сары бұлақ– о дүние ұғымымен терең байланыстырылған. Мағынасы - Көрге түс!)死的猪啦狗扯 (Өлген соң ит пен шошқаға жем бол!);死于路 (Жол үстінде қаза бол);抽你的筋 (Сіңірің тартылсын!);烂了(мәйітің шірісін!);臭了( Өлігің сасып кетсін!);永世不得超生 (Өлгеннен соң қайта жаратыла алма!);

5.Сондай-ақ адамның өзіне бағыттаған қарғыс түрін де бөліп қарауға болады:

我若干了这种事,甘愿电打雷劈 (Егер осыны мен істесем, төбемнен жай түссін!) адамның өзіне бағыштаған қарғыс екінші жақтың оның айтқан сөздеріне деген күмәнді сейілту мақсатында айтылады.

6.Ұрпаққа бағытталған қарғыс: 断子绝孙 (Ұрпағың үзілсін!)生子没有屁眼 (Айналшығы жоқ перзент көр!)

7.全家死光光! (Отбасыңмен түк қалмай қырыл!) 老光! (Түк қалмаңдар!)

8 Сондай-ақ қытай мәдениетінде қарғыс сөздің отбасындағы әйел адамға, әсіресе сол отбасының әз анасына бағышталған қарғысы ең ауыр жаза болып танылған: 守活寡! (Жесір қал!) 老处女!(Кәрі қыз боп қал!)

Қарғыстың ауызша сөйлеу дискурсында мәтіннің мағынасына байланбай, белгілі бір эмотив функциясын орындау мақсатында да қолданылады, мәселен:

该死的! 你为什么你没有说一句话就走了?Өлім жұтқыр-ау, неге бір ауыз сөз айтпай кетіп қалдың?

你这个该死的家伙,这些年死到哪儿去了?Құрып кеткір жүгермек-ау, бірнеше жылдар бой қайда жоғалып кеттің?

你这个小妖精,我想死你的!

这该死的会真是没完没了! Құрып кеткір жиналыстың шеті мен шегі жоқ қой!

真该死!我没赶上末班火车! Құрып кеткір, соңғы рейске кешігіп қалғанымды қарашы!

Әдетте бұл сөйлемді тыңдаушы жақ өзіне бағытталған тікелей қарғысқа қарағанда белгілі жағдаятта көңілі толмаған жанның сөздеріндегі ренішті білдіретін эмоцианалды компонент ретінде қабылдайды. Оның үстіне мұндай сөздерді бағыттаушы тек өзінің жақындарына ғана айта алады, ал жақындарына ешкім жамандық тілемейді. Мәтіндегі эмоцияның күшеюі немесе қарғыс сөздер қолданылған құрылым ауызекі-сөйлеу дискурсында жиі кездесетін құбылыс. Алайда мұны бағыттаушы жақ қарғыс тілеуші ретінде қабылданбайды.

Қарғыс мәтінін бағалау немее қабылдауда бейвербалды әдістер үлкен роль атқарады: ырғақ, ишара, ым жасау, белгі беру, қасты керу, т.б. Аталған әдістер кейде айтылған сөйлемнің мәнінін жұмсартып немесе шиеленістіріп жібереді. Мұндай әдістер қолданылмаған жағдайда бұл фразалардың қандай мағынада қолданылып отырғанын аңғару қиынға түседі. Белгілі жағдайларда қарғыс алғыс секілді күрделі мәтіндік құрылымдар ретінде іске асады.

Қытай тіліндегі қарғыс сөздерде жиі кездесетін соматонимдер ішінен: 眼«көз», 口舌«тіл», 脑子 «ми», 耳«құлақ», 腿«сирақ», 骨头«сүйек» көп кездеседі. Мәселен: «让你眼瞎» (Көр соқыр бол!); 翻白眼 (көзіңе шел қаптасын!) 让你缺胳膊短腿 (аяқ-қолың сынсын!); 打断你的腿 (аяғың сынсын);口舌生疮 (тіліңе бөртпе шықсын); 烂舌头 (тілің шірісін! ); 祝你脑子生虫 (миыңа құрт түссін),骨头发脓 (сүйегің шірісін), 骨肉为泥 (ет-сүйегің балшыққа айналсын !), 让你耳聋 (тас керең бол !). Адам өміріндегі маңызды роль атқаратын дене мүшелерінің ішіндегі ең нәзік бөліктері ретінде – көз, тіл, құлақ, аяқ-қол болғандықтан қытай тіліндегі қарғыс сөздерде өте көп қолданылады.

Берілген мысалдарды талдау барысында байқағанымыз-– тіптен ең қарапайым қарғыс сөздердің өне бойынан бояуы қою шыққан мәдени мазмұнның сан түрлі қырларына көз жеткізіп, бай мағлұмат алуға болады. Қарғыстың шығу тарихы ұзақ, эмоционалдық бояуы қанық, олар арқылы белгілі бір ұлттың когнитивті санасының картинасын жан-жақты таныта алады..Тіл білімінде қарғыс мағыналы сөздердің классификациясын жасаған ғалымдар арасынан И.В.Крюкованы атауға болады/4/, ал қытай ғалымдары ішінен қарғыс сөзінің табиғаты туралы мерзімді басылымдарда мақала жазған ғалымдар қатарында - Жаң Чуанбяо,Чжаң Имиң (张宜民), Лю Фугын (刘福根),Чжоу Жоң(周荣),Жияң Миңсию(姜明秀) бар.

Біз қытай тіліндегі қарғыс жанрының өзіндік айшықтарын зерттеу барысында төмендегідей төмендегідей тұжырымдар жасадық:

1. Қарғыс сөздер ұлттың өмір сүрген ортасы, тұрмыс-салты, эстетикасы, шаруашылығы, пәлсапасы, наным-сенімімен тығыз байланыста. Олардың тақырыбы алуан түрлі және рулық, отбасылық дәстүрлермен, дүниетаным айнасымен етене қарым-қатынаста болады.

2.Қолданыс аясына орай қарғыс сөздер іштей бірнеше топтарға бөлінеді: жалпы тұрмыстық қарғыс сөздер, фольклордағы қарғыс сөздер, наным –сенім аясындағы қарғыс сөздер, әлеуметтік және т.б.

3. Қарғыс сөздердің басым бөлігі халықтың дәстүрлі дүниетанымын, менталитетін танытатын шығармалар боп табылады.

4. Қытай тіліндегі қарғыс сөздер перформативті қарғыс, тілек –қарғыс, қастық қарғыстар деп бөлінеді.

ХХІ ғасырда қарғыс жанры да біршама өзгерістерге ұшырап, қолданыс аясы тарылып барады, алайда тарихи тамыры тереңде жатқан бұл жанр жойылып кетуі мүмкін емес. Қытай ғалымы Гуо Шынчиң: «Қарғыс сөздер- қоғамдық құбылыс. Олар ұлттық мәдениеттің тамырына тереңінен бойлап, қалыптасқан. Қарғыс сөздердің келбетінен қытай ұлтының мәдениетін, ұлттық мінезін, тіпті діни танымын, этикасы мен рухани құндылықтарының толық картинасын көруге болады», -дейді /5/. Қазіргі таңда оның негізінде жаңаша сатиралы- юморлық шығармалар туындауда. Сондықтан қарғыс сөздер әлі де зерттелуді, лингвистикалық қырынан жан-жақты зерделеуді талап ететін тілдік құбылыстардың бірі деп айтуымызға болады.

Әдебиеттер

1 现代汉语词典, 商务印书馆 1993 年 北京 1544 页

2 Соснина А. А. Животный код в проклятиях и благопожеланиях (на материале новогреческого языка). - М. , 2012 ,66

3 Крюкова И.В. Речевой акт проклятия и лексико-грамматические средства его осуществления:автореф.дис.… канд. филол. наук. – Ставрополь, 2011. – 20 с.

4 郭深青. 汉语詈语及其文化底蕴。宝鸡文理学院学报 (社会科学版),2012年 12月 第4期

5 Сол әдебиетті қараңыз.

References

1 Xiandai hanyu cidian, shangwuyinshuguan. 1993 nian, Beijing 1544

2 A.А. Sosnina Jivotny kod v prokliatyah I blagopojelaniyah (na material novogrcheskogo yazyka): М. , 2012 -66 p.

3 I.V.Кriuкоvа Rеchеvоi аkt рrоklyatii I lексiko-grаmmаticheskie srdstva еgо оsushestvleniya. – Stavrapol, 2011. – 20 p.

.

4Guo Shenqing. Hanyu liyu ji qi wenhua diyun. Baoji wenli xueyuan xuebao (Shehui kexueban),2012, di 4 qi



5 Sol adebietti karanez.

Кенжебаева А.А.



Специфика жанра проклятий китайцев.

В данной статье дается анализ жанра проклятий китайского языка, а также выявлено тематическое разнообразие проклятий, их функционирование в фольклоре и в современном быту китайцев. Работа построена на основе текстов проклятий, сохранившихся в различных сборниках, этнографических и фольклорных исследованиях. Cтатья преследует цель провести исследование проклятий в китайском языке, в рамках лингвокогнитивного и лингвокультурологического подходов и выявить национально-культурную специфику китайского народа.



Ключевые слова: жанр проклятий, соматоним, когнитивные механизмы, этнография, фольклор.
Kenzhebaeva А.А.

The specifics of the genre of Chinese curses.


This article is given an analysis of Chinese imprecation styles and found out thematic range of this imprecations, their   usage in folklore and in modern Chinese language. The work was based on the texts of imprecations, preserved in different collections of ethnographic and folklore studies. The article aims to conduct a research of imprecations in Chinese language, within linguo-cognitive  and linguo-cultural approaches and identify the cultural identity of Chinese people.

Keywords: genre curses somatonim, cognitive mechanisms, ethnography, folklore.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...