ӘОЖ: 547 (075. Е) КӨмірсутектерді модульді оқыту төлепова А.Ү., Өскенбай Л. «Химия» мамандығының студенттері

Loading...


Дата22.06.2017
өлшемі66.87 Kb.
ӘОЖ: 547 (075.Е)

КӨМІРСУТЕКТЕРДІ МОДУЛЬДІ ОҚЫТУ
Төлепова А.Ү., Өскенбай Л.- «Химия» мамандығының студенттері

Кулумбетова О.К. – ғылым магистрі, оқытушы

Ибраимов Ш. – х.ғ.к., доцент

«Сырдария» университеті
Резюме

Подготовка учителя к традиционному уроку заключается, как правило, в тщательном отборе учебного материала, установлении в нем логических связей, компоновке его в виде схематических таблиц удобных для наглядного восприятия учащихся и т.д. в этом случае школьникам достаточно легко усвоить предлагаемое учебное содержание, однако, такой материал не способствует развитию творческого потенциала личности.

Summary

Preparation of teacher consists to the traditional lesson, as a rule, in the careful selection of educational material, establishment in him logical connections, to arrangement of him as schematic tables comfortable for evident perception of students etc. in this case to the schoolchildren easily enough to master the offered educational maintenance, however, such material does not assist development of creative potential of personality.
«Модульдік технология» - шығармашылық – жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Шығармашылық- өте күрделі психологиялық процесс. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – шығармашылық. Мұғалім өз шығарамашылығы арқылы оқушы шығармашылығын ұйымдастырады. Ал менің мақсатым – оқушыға оқу үрдісін ұйымдастыру барысында шығармашылықтың маңызын білдіру, баланың басқаға ұқсамайтын қабілетін ашу, топпен жұмыс істеу, өз бетімен шығармашылық қабілетін дамыту.  [1]

Модульдік оқыту технологиясының басты маңыздылығы – оқыту процесінде оқушы мұғалімнің берген нұсқауы бойынша көзделген мақсатқа өз бетінше іздену нәтижесінде қол жеткізеді. Ол үшін төмендегiдей ережелердiң сақталуы талап етіледi:

1.    модульдiк бағдарлама мұғалiмдi оқытудың ақпараттық функциясынан босатып, кеңес берушiлiк-үйлестiрушiлiк функцияларын атқаруына жағдай жасайды;

2.    модульдiк бағдарлама педагог пен оқушының бiрлесе отырып, тиiмдi оқыту жолдарын таңдап алуына жағдай жасауы тиiс;

3.    педагог модульдiк бағдарламаны педагогикалық басқарудың кейбiр функцияларын өз мiндетiне алады, сонда бұл функциялар өзiн-өзi басқару функциясына ауысады.

Осындай жеке тұлғаның дамуына бағытталған оқыту технологиясына жасалған талдаулардың нәтижесінде, біздің көзқарасымыз бойынша, оқу-тәрбие процесін гуманизациялауда тиімдісі – М.М.Жанпейісова ұсынған интерактивтік модульдік оқыту технологиясы.

Бұл технологияның ерекшелігі – білімді меңгеруге емес, жеке тұлғаның таным қабілеттері мен таным процестерін арнайы жасалған оқу және танымдық жайлар арқылы дамытуға, жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі көрсетуін, маңыздылығын анықтауға, өзара қарым-қатынас, ойын арқылы шығармашылық қажеттіліктері мен белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша) дамытуға бағытталуы.

Интерактивтік модульдiк оқыту технологиясы  басқа оқыту түрлерi мен тәсiлдерiнен түбегейлi түрде айрықшаланады:

1.    Оқыту мазмұны аяқталған, дербес, кешендi модульдермен берiледi, модульдер сонымен қатар ақпарат қоры әрi оны меңгертудiң әдiстемелiк нұсқауы болып табылады.

2.    Оқу процесiнде педагог пен оқушының өзара бiрлескен әрекетi де модульдер арқылы iске асырылады, олар әрбiр сабаққа алдын ала дайындалуда белгiлi бiр деңгейге саналы түрде өз бетiмен жетудi қамтамасыз етедi.

3.    Модульдiк оқытудың мәнi: оқу процесiнде педагог пен оқушы арасында субъект-субъектiлiк қарым-қатынас басымдығының қалайда сақталуы талап етiледi.

Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласын реформалаудағы мақсат – оқушылардың шығармашылық бейімделуіне сәйкес бағдарлы, сатылы білім алуларына жағдай жасау болып отыр. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін жаңа инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың қажеттілігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. 

Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан – жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, рухани, азаматтық келбетінің ұйымдастыруына көмектеседі. [2]

Орта білім беруді дамыту тұжырымдамасының басты мақсаты оқушылардың талдау, синтездеу әрі логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Білім берудің маңызды шарты – оқу процесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, өздігінен білім алуға құштарлығын дамыту. Оқуға қызықтырудың басты элементтерінің бірі – нәтижеге жетуге ынталандыру. 

Білімнің міндетті деңгейін меңгеру мақсатында модульдік оқыту технологиясы кеңінен қолданылуда. Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген. Модульдік оқытудағы негізгі мақсат – оқушының өз бетінше қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін — өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету. 

Модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу модулі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан және оқушы іс — әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады. 

Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.  [3]

Оқу модулі үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлесу және қорытынды бөлімдерден тұрады. 

Кіріспе бөлімінде оқытушы:
-оқушыларды оқу бөлімнің жалпы құрылымымен, мазмұнымен таныстырады. 
-оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды 
-тірек схемаларға сүйене отырып

модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын түсіндіреді. 


Сөйлесу бөлімінде келесі қағидалар сақталуы тиіс: 
-оқу материалын біртұтас беру қағидасы 
-«өсу» бағытымен оқып – үйрену қағидасы 
-«қайта оралып отыру» қағидасы. 
Сөйлесу бөлімінде оқытудың белсенді формалары қолданылып оқушының білімді өздігінен жүзеге асыруы қалыптастырылады. [4]
Ұсынылған ойындардың бәрі оқушылардың бір – бірімен еркін қатынас жасауына, тақырыпқа бірнеше қайта оралу арқылы және оны түсіну дәрежесімен білімді жетік білу дәрежесіне көтеріледі. Оқу материалын жақсы меңгеруге, қарапайымнан күрделіге, жай тапсырмадан ізденіске өтуге мүмкіндік береді. 
Қорытынды бөлім – оқушылардың сөйлесу бөліміндегі танымдық қызметі барысында қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бақылауға, тексеруге және бағалауға арналған.

Модулдік оқыту технологиясын химия сабағында қолдану үлгісін қарастыралық. 


Модуль 

Тақырыбы: Қаныққан көмірсутектер (Алкандар) 


Модулдің құрылысы Сағат саны Модуль мазмұны Ескерту 
Модулге кіру 
Кіріспе 1 – ші сабақ

1. Сабақтың мақсаты, міндеттері мен 


таныстыру 
2. Алкандарға шолу лекциясы 
3. Тірек – схемалармен таныстыру 
Оқушының дәптеріне жазуы 
Тақырыпты қалыптастыру, жетілдіру сабақтары

Сөйлесу 
2 – ші сабақ Метанның құрылысы 


1. Тірек – схемалармен жұмыс істеу 
2. «Оқыту» ойындары 
— «сергіту» 
— «жұбын тап» 
— «көкпар» 
3. Оқушының жеке жұмысы. 
Топпен және жеке жұмыс 
3 – ші сабақ Алкандардың гомологтық қатары, изомериясы, номенклатурасы 
1. Тірек – схемалармен жұмыс істеу 
2. Оқыту ойындары 
— «сергіту» 
— «ойлан тап» 
— «химиялық эстафета» 
— «сөз жұмбақтар» шешу 
3. Оқушының жеке жұмысы

Топпен және жеке жұмыс 


4 – ші сабақ Алкандардың химиялық қасиеттері 
1. Тірек – схемалармен жұмыс істеу 
2. Оқыту ойындары 
— «сергіту» 
— «белгісіз затты анықта» 
— «бәйге» 
3. Жеке жұмысы – 
— деңгейлік тапсырмалар 
Топпен және жеке жұмыс 
5 – ші сабақ Зертханалық жұмыс 
1. Метанды алу 
2. Алкандардың химиялық қасиеттері 
3. Орындалған жұмысты тапсыру 
Жеке жұмыс

Қорытынды



6 – шы сабақ .Оқушылардың білімін бағалау 
1. Жеке жұмыс 
— деңгейлік тапсырмалар 
— сәйкестігін анықтау, ретпен 
орналастыру тест тапсырмалары 
ойдағы жұмбақ 
2. Қорытынды

Жеке жұмыс 


7 – ші сабақ .Оқушы білуі тиіс 
Алкандардың молекулаларының құрылысындағы жалпы заңдылықтар: 
— сапалық және сандық құрам 
— атомдар арасындағы байланыстар арасындағы түрі 
— молекулалардың кеңістік конфигурациясы
Модульдік технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. [6]

Қазіргі уақытта елімізде әлемдік білім кеңістігіне бағыт алған жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Мемлекет мәртебесін анықтауда қазіргі заманғы білім жүйесі негізгі фактор болып отыр. Сондықтан дамыған елімізде мектептердің жаңа техникалық құралдармен жабдықталуына үлкен мән беріліп отыр.



Осыдан түйгенім: жаңа технология элементтерімен дәстүрлі әдістерді сабақтастыра жүргізген сабақ өз шыңына жетеді. Ал оқушы сол білім шыңына шығу үшін жоспарланатын тапсырмалар мен қолданылатын әдістер әрбір мұғалімнің шеберлігімен, өмір мен тұрмыстың күрделілігіне қарамастан қаншалықты өз жұмысын сүйетініне байланысты.
Әдебиеттер

1. Көшімбетова С. Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары. п.ғ.к., дисер., Тараз, 2004, 113б.

2. Инновациялық қорлардың даму кезеңдері // Педагогикалық кадрларды дайындаудың қазіргі заманғы өзекті мәселелері: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. - Шымкент; Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ, 2007. - 5т.- 128-131б.

3. Қазақстан экономикасындағы инновациялық кәсіпкерліктің маңызы және оны басқаруды жетілдіру // Педагогикалық кадрларды дайындаудың қазіргі заманғы өзекті мәселелері: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. – Шымкент: Қ.Ясауий атындағы ХҚТУ, 2007. - 238-241б.

4. Инновациялық қызметтің даму жолы және оның бүгінгі жағдайы // КазЭУ Хабаршысы. - Алматы, 2008. - №4. - 120-125б.

5. Инновациялық қызметті дамытудың өңірлік ерекшеліктері // Қазақстанның ғылыми әлемі. – Шымкент, 2008. - №3. -97-105 бет.



6. Инновация саласындағы озық тәжірибе // КазЭУ Хабаршысы. - Алматы, 2009. - №2. - 135-140 б.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...