Әож 37. 016. 02: 004 Халықова Г. З. Жеке тұлғаның «ақпараттық мәдениеті» мен «ақпараттық құзырлығын» қалыптастыру туралы



жүктеу 85.64 Kb.
Дата11.04.2017
өлшемі85.64 Kb.
ӘОЖ 37.016.02:004

Халықова Г.З.

Жеке тұлғаның «ақпараттық мәдениеті» мен «ақпараттық құзырлығын» қалыптастыру туралы
(Алматы қаласы, Абай атындағы ҚазҰПУ)
Summury

Information culture and information competency of the specialist is considered In article. As well as main notions of the information culture of the different authors are analysed.


Қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі мамандардың ақпараттық құзырлығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру екені белгілі. Бұл мәселені зерттеуге арналған зерттеу жұмыстары да баршылық. Енді осы ұғымдарға талдау жасап көрейік.

Жоғары білім беру тұжырымдамасы мамандар даярлаудың негізін құзырлықты қалыптастыру ретінде анықтайды. Құзырлық деп – жеке тұлғаның өзара байланысқан сапаларының жиынтығын, білімі, іскерлігі мен дағдыларын, іс-әрекетінің тәжірбиелері, түсінігі мен еркін көрсететін интегративті сипаттама ретінде түсініледі. Бірнеше негізгі құзырлықты ерекшелеуге болады, оған ақпараттық коммуникациялық құзырлық (АКҚ) жатады. М. В. Лебедева мен О. Н. Шилова аппараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы құзырлықты индивидтің ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, оқу есептерін шығару, тұрмыстық, кәсіптік есептерді шығара білу қабілеті ретінде анықтайды. Авторлар ақпараттық құзырлықты қалыптастырудың базалық, жалпы және кәсіптік кезеңдерін ерекшелейді және оқу іс-әрекетінде қолданылатын ақпараттық технологиялар мен кәсіптік есептерді шығаруға технологияларды пайдалануды нақты ажыратып көрсетеді. Бұл мазмұнда ақпараттық құзырлық екі құраушының: компьютерлік сауаттылық пен компьютерлік білімділіктің жиынтығы ретінде сипатталады [1].

Е. П. Велиховтің пікірінше, компьютерлік сауаттылық информатика саласындағы бастапқы іргелі білімдерді, компьютерді пайдалануға байланысты білім мен дағдыларды ЭЕМ-нің қолданылу саласы мен мүмкіндіктерін, компьютерлендірудің әлеуметтік салдарлары туралы болжамды қамтиды [2]. Компьютерлік технологияның дамуына байланысты компьютерлік сауаттылық ұғымы өзгеріп, нақтыланды. В.А.Каймин жоғары қалыптасқан ақпараттық сауаттылықтың басты белгісін – компьютерді қолданып, өз бетімен жұмыс істеу, есептеу, жазу, сурет салу, компьютерлік техниканың көмегімен ақпаратты іздеу деп ерекшелейді [3].

Компьютерлік білімділіктің белгілері (Р.Р.Камалов және т.б.): жан-жақты дамығандық, танымал программалар мен компьютерлердің түрлерін бағдарлай білу, олардың мүмкіндіктерін білу; нақты жұмыс үшін тиімді программалық құралды таңдай білу іскерлігі; нақты программалық құралдың негізделген пікір айта білу қабілеті; жеке программалық құралдар кітапханасының болуы және оны жүргізуі; компьютерді қолданудағы оның басымдықтары мен шектеулерін түсіну болып табылады [4].

Компьютерлік білімділік ақпараттық іс-әрекет шеңберінде жеке тұлғаның білімділігі ретінде қарастырылатынын атап өткен жөн.

Мұғалімнің ақпараттық коммуникациялық құзырлығын қалыптастыру үздіксіз білім беру жүйесінің өзекті міндеттерінің бірі. Мұғалімнің ақпараттық коммуникациялық құзырлығын қалыптастырудың негізгі тәсілдері (Е.К.Хеннер, А.П. Шестаков) [5]7

- ақпаратты өңдеудің компьютерлік технологияларын теориялық және практикалық оқу;

- әртүрлі мақсаттағы (жалпы, арнайы, оқу) программалық қамтамасыз етуге үйрену және оны оқыту процесінде қолданудың мүмкіндіктерін талдау;

- пәнді оқытуда аппараттық коммуникациялық технологияларды практикалық қолданудың тәсілдерін, оны пайдаланудың тиімділігін негіздеп, дәлелдей білу;

- ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайланудың мүмкіндігін ескеретін, пәнді оқыту әдістемесін жаңарту (түрлендіру), сабақта телекоммуникация арқылы ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану тәжірбиесі мен алмасу мәдениетін қалыптастыру.

Жалпы білім беретін пәндерді оқытуда, егер мұғалім жеткілікті мөлшерде оны пайдалануға ынталы, жан-жақты дамыған, жалпы және оқу мақсатындағы программалық құралдарды меңгерген, пәнді оқытудың әдістемелік жүйесінде ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың орнын анықтай алатын болса ғана ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудың табыстылығы мен тиімділігі туралы кепілдік жөнінде айтуға болады.

Бұл ұғымдарды салыстыра отырып, компьюетрлік сауаттылық компьютермен жұмыс істеудің аналитикалық және хабардардық деңгейін, ал компьютерлік білімділік бұл ауқымды кеңейтіп, оны интерактивті және инновациялық деңгейге дейін жеткізеді деген тұжырым жасауға болады.

«Мәдениет» терминін қалай түсінетінін қарастырайық. Орыс тілінің академиялық сөздігінде бұл сөздің жеті мәні келтірілген. Біздің жағдайда төмендегі анықтама біздің талқылауға жақын:

Мәдениет – шаруашылық немесе ақыл – ой іс-әрекетінің қандай да бір саласын дамыту деңгейі, дәрежесі [6].

Бұл күндері «ақпараттық мәдениет» ұғымының бірнеше анықтамасы бар, әлеуметтанудан қоғамдағы ақпараттық мәдениеттің рөлін қарастыруды табуға болады (А.И.Ракитов), педагогикалық әдебиеттерде бұл ұғымның құрылымы, мазмұны және өлшеу жүйесі ашылады (В.А.Каймин, В.Ю.Милитарев, И.М.Яглом және т.б.), жалпы мәдениеттің құрылымындағы ақпараттық мәдениеттің рөлі, орны мен мәні анықталады (А. А. Кузнецов, С. А. Бешенков және т.б.).

К.К.Колин алғашқылардың бірі боп қоғамның жаңа ақпараттық мәдениеті ұғымын енгізді: «қоғамның ақпараттық мәдениеті өзінің қызметі мен дамуын қамтамасыз ету үшін ақпараттық ресурстарды, қазіргі информатика құралдары мен ақпараттық технологияларды қалыптастыру және пайдалану қабілетін сипаттайды [7]».

И. Г. Хангельдиева оны жалпы адамдық рухани құндылықтар басым болып есептелетін ақпаратты алу, тарату, сақтау және пайдалану салсындағы адам қызметінің сапалы сипаттамасы ретінде анықтайды [8].

Е. А. Медведеваның пікіріне сәйкес ақпараттық мәдениет – бұл адамға ақпараттық кеңістікте еркін бағдар алуға мүмкіндік беретін білімдер деңгейі, оны қалыптастыруға қатысып, ақпараттық өзра әрекеттесуді қамтамасыз ету [9].

Э. Л. Семенюк ақпараттық мәдениет деп адамның, қоғамның немесе оның белгілі бір бөлігінде ақпаратпен мүмкін болатын жұмыс түрлеріндегі жетілдірілген дәрежесі: кез келген текті ақпаратты алу, қорландыру, өңдеу, кодтау және осы негізінде жаңа сапалы ақпарат құру, оны тарату, практикалық пайдалану [10].

Жоғарыда келтірілген анықтамалар ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың білімдік құныдылығы бар екенін көрсетеді, өйткені ақпараттық мәдениет оқушылардың қоршаған әлемге, адамға, ақпаратқа, техникалық процеске және еңбекке деген біртұтас қатынасын қалыптастырады.

Ақпараттың дамуы мен пайдаланылуына байланысты әртүрлі пән салаларының маңызды бөлігі бола отырып, ол білім беру процесінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге, ақпараттық мәдениет – бұл жеке тұлғаны сипаттайтын сапа, оның еңбегінің процессі және нәтижесі [11].

Ақпараттық мәдениеттің төмендегідей компоненттерін ерекшелеуге болады:

- оқытудың мақсаттары, құралдары, объектілері, нәтижелері, ақпараттық процестері туралы білім;

- жұмыс тәжірбиесін құрйтын дағдыларға негізделген ақпараттық іс-әрекет тәсілдері;

- шығармашылық, яғни, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ақпаратты шығару;

- ақпараттық іс-әрекетке эмоционалды қатынас тәжірбиесі.

Педагогикалық зерттеулер мен тәжірбие ақпараттық технологиялардың дамуы мен пайдаланылуына байланысты пайда болған мәселе оның техникалық және әдістемелік жағымен қатар тағы бір маңызды аспектіні – гуманитарлық - қамтитынын көрсетеді.

Қазіргі өмірдің ақпараттық құраушысының маңыздылығын, жалпы әлемдік ақпараттық кеңістікте жақын арада кіру қажеттілігі мен оның кезек күттірмейтіндігін ұға отырып, бұл процесс ақпараттық мәдениеттің деңгейін жәй ғана арттырып қоймай, жалпы мәдениеттің деңгейін белгілі бір мақсатты көздей отырып, арттыратынын түсіну қажет. Әрбір студентке ақпаратты технологияларды пайдалану дағдысы ғана емес, сонымен бірге, қарым-қатынастың жалпы мәдени дағдыларын, өз іс-әрекетін жоспарлай білу және т.с.с. қажет.

Ақпараттық құзырлық пен ақпараттық мәдениеттің компоненттерін қарастыра отырып, ақпараттық технологияларды пайланау негізінде шешілетін міндеттер тобын ерекшелеуге болады. Ақпараттық міндеттер тобының ұғымы Н.М.Рыбинаның еңбектерінде қарастырылған [12]. Маманның ақпараттық мәдениетін құрайтын ақпараттық топтағы міндеттердің үш типін ерекшелейді:

- ақпараттық технологияларды пайдалануға байланысты міндеттер типі;

- ақпаратты өңдеуге байланысты міндеттер типі;

- гуманитарлық сараптау шешімін ұсынатын міндеттер типі.

Маманның ақпараттық дайындығының қалыптасу деңгейін анықтау үшін ақпарттық міндеттерді екі деңгейге бөлу қажет: ақпараттық құзырлықты қалыптастыру деңгейі - оқу пәндерінің шеңберінде шешілетін міндеттер типі және ақпараттық мәдениет деңгейі – практикалық іс-әрекет кезеңінде маман шешетін міндеттер.

Онда ақпараттық құзырлықтың деңгейін төмендегідей міндеттер тобы құрайды [13]:

- ақпарттық бөлік міндеттері;

- компьютерлік және ақпараттық техника бөлігінің міндеттері;

- операциялық жүйелер бөлігінің міндеттері;

- қолданбалы программалар бөлігінің міндеттері.

Ақпараттық мәдениет деңгейі төмендегідей міндеттерді қамтиды:

- ақпараттық технологияларды түсіну, жауап қайтару, пайдалану қажеттігін ұғынуға негізделген;

- тек ақпараттық технологияларды пайдалану үшін ғана емес, сонымен бірге, ақпаратты ғылыми ұйымдастыруды түсіну, эмпатия, құндылыққа бағыталғандыққа негізделген;

- ақпараттық технологияларды пайдалану барысында креативтілікке, рефлекцияға, импровизацияға негізделген шығармашылық топтағы;

- ақпараттық құзырлықтың базалық сипаттамаларына құндылыққа бағытталғандық пен импровизацияға қабілеттілікке негізделген зерттеу тобындағы.

Бұл кәсіптік міндеттер жиынтығы жоғары буындағы маманның тұтастай ақпараттық іс-әрекеттін анықтайды және маманның ақпараттық мәдениетінің құрылымын береді.

Сөйтіп, ақпараттық технологияларды пайдалану жағдайында қызмет істейтін қазіргі маман төмендегідей сипаттамаларға ие болуы тиіс:

- ақпараттық қоғамдағы қазіргі адамның қолданысына қажетті оқығандық деңгейі, сондай-ақ, информатика саласынан қажетті білімдер мен мағлұматтарды меңгеру деп түсінілетін компьютерлік сауаттылық;

- жан-жақты дамыған, әлемнің ақпараттық бейнесін тереңнен түсінетін және ақпараттық технологияларды пайдалана білуді ұсынатын компьютерлік білімділік;

- компьютерлік білім, жеке тұлғаның тәжірбиесі, дербес ерекшеліктерімен, оның өз бетімен білім алуға ұмтылысы, телекоммуникациялық және ақпараттық технология құралдардын пайдалану шеңберіне, шығармашылыққа, ұмтылу қабілетінің деңгейімен анықталатын ақпараттық құзырлық;

- ақпаратты пайдаланудағы жетілдірілген дәреже, ақпараттық технологияларды меңгерудің жеткен деңгейі ретінде қарастырылатын ақпараттық мәдениет.

Сөйтіп, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру мәселесі егер ол: компьютерлік сауаттылық, компьютерлік білімділік, ақпараттық құзырлық, ақпараттық мәдениет тізбегі түрінде қарастырылатын болса, онда ол тиімді шешіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Лебедева М. В., Шилова 0. Н. Что такое ИКТ - компетентность студентов педагогического университета и как ее формировать// Информатика и образование. 2004. № 3. С. 96—100.

2. Велихов Е. П. Новая информационная технология в школе//Информатика и образование. 1986. № 1. С. 18.

3. Каймин В. А. Курс информатики: состояние, методика и перспективы //Информатика и образование. 1990. № 6. С. 26—31.

4. Р.Р.Камалов и др. От информационной компетентности к формированию информационной культуры специалиста. // Информатика и образование. №2, 2005.

5. Е.К.Хеннер, А.П.Шестаков. Информационно-коммуникационная компетентность учителя: структура, требования и система измерения. // Информатика и образования. №12, 2004. С.5-9.

6. Словарь русского языка / Под ред.А.П.Евгеньевой. М., 1981.

7. Колин К. Информационная глобализация общества и гуманитарная революция // Bестник высшей школы. 2002.№8.

8. Хангельдиева И. Г. О понятии «информационная культура»// Информационная культура личности: прошлое, настоящее, будущее: Краснодар, 1993. С. 2.

9. Медведева Е. А. Основы информационной культуры//Социс. 1994. № 11. С. 59.

10. Семенюк Э. Л. Информационная культура общества и прогресс информатики //НТИ. Сер. 1. 1994. № 7. С. 3.

11. Тутолмин А. В. Теоретическая модель оптимального функционирования процесса формирования творческой готовности будущего учителя к педагогическому труду//Вестник педагогического опыта. Серия «Начальное образо-вание». С. 19—23.

12. Рыбина Н. М. Информационная подготовка специалистов на основе моделирования ситуаций профессиональной деятельности (этап среднего профессионального образования):. Воронеж, 2001.



13. Лебедева М. В., Шилова 0. Н. Что такое ИКТ-компетентность студентов педагогического университета и как ее формировать// Ин-форматика и образование. 2004. № 3. С. 96—100.






Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет