Әож 330 Әмірбекұлы Е. э.ғ. д., профессор



жүктеу 128.68 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі128.68 Kb.
ӘОЖ 330 Әмірбекұлы Е.

э.ғ.д., профессор,

ҚазЭҚХСУ проректоры
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ОРТАСЫ
Аннотация. Қазіргі таңда әлемдік экономиканың көшбасшыларына айналып, жоғары технологиялар саласы мен инновациялық жүйені дамытудың озық үлгісін көрсете білген бірқатар елдер бар. Бұл елдер шикізатты алу мен оны алғашқы өңдеу үрдісін қамититын индустриалдануға дейінгі, сондай-ақ шикізатты толық өңдей отырып, одан дайын өнім жасауға дейінгі үрдістерді қамтитын индустриалды кезеңдердің барлығынан өтіп, енді жоғары технологиялар мен инновацияларға негізделген постиндустриалды экономиканы жасақтаумен, оның басым бағыттарын жетілдірумен айналысуда. Басқаша айтқанда, олар қосылған құн тізбегін толық қалыптастырып, ғылыми сыйымды, әрі инновациялық сипаты бар өнімдер мен қызметтерді нарыққа ұсынып келеді.

Кілт сөздер: индустриялық-инновациялық қызметтің субъектілері, инновацияларды қалыптастыратын және жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, технологиялық парк, технологияларды коммерцияландыру орталығы, салалық конструкторлық бюро, инновациялық кластер, технологиялық бизнес-инкубатор, инновациялық қор, инновациялық қызметті реттеуге қатысатын мемлекеттік органдар, ұлттық даму институттары, инновациялық кластерлер, аймақтық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, индустриялық аймақ
Әлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерін игеруге және оны ұтымды пайдалана білуге талпынған мемлекеттер үшін бүгінгі уақыттағы басты мәселе индустриалды-инновациялық экономиканы қалыптастыру болып отыр. Индустриалды-инновациялық экономиканың басты ерекшелігі – ғылыми сыйымды, технологиялық өңделу деңгейі жоғары өнімдерді шығаруға икемді өндірістік және инновациялық инфрақұрылымның болуы.

Бәсекелік ортада ұлттық экономиканың қуатты болуын қамтамасыз ету еліміздің негізгі ұстанымдарының біріне жатады. Нарықтың үдемелі және өзгермелі сұранысын тез қанағаттандыру инновациялық әдістерді пайдаланумен ғана жүзеге асатыны белгілі. Сондықтан да, ұлттық экономиканың жедел және тұрақты дамуы еліміздегі инновациялық орта мен инновациялық жүйенің нәтижелі жұмыс істеуіне тікелей тәуелді деуге толық негіз бар. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт-бағдары» аттыҚазақстан халқына арнаған Жолдауында «Адамзат Үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз. Цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да көптеген ғылыми жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін трансформациялап,  күнделікті ақиқатқа айналады. Біз осынау үдерістердің белсенді қатысушылары болуға тиіспіз» деп атап өтті.

Міне мұның барлығы да отандық инновациялық ортаны дамытудың тиімді тетіктерін қалыптастыруды қажет етеді. Өйткені, тек дамыған инновациялық жүйесі қалыптасқан ел ғана инновациялық ортаның толыққанды қатысушысы бола алады. Бұған қоса, инновациялық әлеуеті дамыған елдер болашақтың бағдарын елдегі табиғи ресурстарға қарап емес, адам капиталының, оның интеллектуалдық қуатының шамасына, инновациялық өнім, қызмет, сапалы жұмыс жасай алатын өнеркәсіптік, өндірістік инфрақұрылымның мүмкіндіктеріне, ғылыми-зерттеу, ғылыми-ізденушілік орталықтарының шамасына қарап айқындайды.

Бүгінгі күннің тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыратын және дамытатын негізгі фактор – мемлекеттің инновациялық саясаты болып табылады. Сондықтан да, біздің еліміздегі инновациялық ортаның дамуында мемлекеттің алатын орны ерекше.

Қазақстан Республикасында тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында инновациялық ортаны қалыптастыру мақсатында көптеген заңдық құжаттар қабылданғанымен, өкінішке орай, олар өз нәтижесін бере алмады. Қазіргі кезде, еліміздің инновациялық-индустриялық дамуын және экономиканың әртараптануын қамтамасыз мақсатында «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жүзеге асырылуда.

Бүгінгі күні Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына негізделген индустриалды-инновациялық экономиканы ынталандырудың қазақстандық тәсілі жетілу үстінде деп айтуға болады. Оның негізгі ерекшелігі болып Қазақстан экономикасының индустриалды-инновациялық дамуын ұлттық экономиканың басымдықтары мен әртараптануына байланыстырып дамыту саналады.



Қазақстан Республикасының «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» заңына сәйкес елімізде индустриялық-инновациялық қызметтің субъектілеріне- экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын  не отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және сыртқы нарықтарға жылжыту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жатқызылған.

Инновацияларды қалыптастыратын және жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар ретінде ғалым-зерттеушілер, жеке конструкторлар, инженерлер, технологтар, ақпаратты-бағдарламашылар, интеллектуалды меншік иелері, сондай-ақ, инновациялық нарықты зерттеу жұмыстарымен, инновациялық бизнес-жобаларды дайындаумен, инновациялық жобаларды жүзеге асыруға қажетті құрал-жабдықтарды таңдаумен және жеткізумен, инновациялық сипаттағы өндірістік үрдістерді жоспарлаумен және осы үрдістерді іске асырумен айналысатын кәсіпорындар, ғылыми-зерттеу, ақпараттық-талдау, инжиниринг және трансферт орталықтары мен консалтингтік орталықтары және басқа да ұйымдар қызмет етеді.

Технологиялық парк - технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрған, индустриялық-инновациялық қызметті іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатын бірыңғай материалдық-техникалық кешені бар аумаққа меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иелік ететін заңды тұлға.

Технологияларды коммерцияландыру орталығы - технологияларды коммерцияландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға, ғылыми ұйымның, жоғары оқу орнының немесе дербес білім беру ұйымының құрылымдық немесе оқшауланған бөлімшесі.

Салалық конструкторлық бюро - материалдық-техникалық кешенге иелік ететін, жаңа немесе жетілдірілген тауарлар өндіруді ұйымдастыруда индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне жәрдемдесу үшін технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрған заңды тұлға.

Инновациялық кластер - өзара іс-қимыл жасау және қолда бар мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалану, білім және тәжірибе алмасу, технологияларды тиімді беру, орнықты әріптестік байланыстарды жолға қою және ақпарат тарату арқылы индустриялық-инновациялық қызметті ынталандыруға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің, индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерінің бірлестігі.

Технологиялық бизнес-инкубатор - инновацияны құру, қорғау құжаттарын алуға өтінімдерді рәсімдеу және инновациялық жобаны дайындау үшін жеке және заңды тұлғаларға құқықтық, ұйымдық, ақпараттық және өзге де қызметтер ұсыну жөніндегі іс-шараны жүзеге асырушы заңды тұлға.

Инновациялық қор - инновациялық жобаларды және инфрақұрылымды қаржыландыру, сондай-ақ инновациялық қызмет саласында қызметтер көрсету арқылы инновациялық қызметтің дамуына жәрдемдесетін заңды тұлға.

Инновациялық қызметті реттеуге қатысатын мемлекеттік органдар ретінде Қазақстан Республикасының Үкiметі, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Индустриялық-инновациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесі, Технологиялық саясат жөніндегі кеңесі, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар саналады.

Ұлттық экономиканы дамытудағы индустриялық-инновациялық ортаның маңызын анықтау үшін біз оларды бірнеше маңызды блокқа бөліп қарастырғанды жөн көрдік:



  1. Ұлттық даму институттары -қызметінің басты мақсаты индустриялық-инновациялық даму және кәсіпкерлікті қолдау саласындағы жобаларды іске асыру болып табылатын қаржылық, консалтингтік, инновациялық, сервистік ұйымдардан тұрады.

Олар экономиканың бәсекеге қабілеттілігін, отандық тауар өндірушілердің бәсекелік әлеуетін тікелей мемлекеттік қолдау есебінен (бюджеттік қаржыландыру арқылы) тиімді мемлекеттік-кәсіпкерлік әдістер мен бизнеспен әріптестік жасау құралдарын қолдану арқылы арттыру мақсатын көздейді.

Ұлттық даму институттарының негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

- бәсекеге қабілетті экономиканы жасақтауға бағытталған экономикалық (өнеркәсіптік) даму стратегиясын жүзеге асыруға ықпалдасу;

- жеке бизнесті қолдау, ынталандыру және серіктестік орнату жолымен отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттіліктерін арттыруға ықпалдасу;

- тәуекелді бөлу негізінде нарықтың дамымаған секторларына жеке капиталды тартуға ықпалдасу.

Бұл міндеттердің барлығы да даму институттарын мемлекеттік қолдаудың мамандандырылған ұйымдары екенін көрсетеді.

Аса ірі мемлекеттік активтерді біріктіру туралы мәселені біржолата шешу үшін бірқатар корпорациялардың мемлекеттік акциялар пакетін және жергілікті жерлерде белсенді жұмыс істеу үшін жеті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны жаңа холдингке беру ұйғарылды.

Жаңа холдинг әлемдегі табысты холдингтер санатына еніп, өңірлік те, сол секілді жалпы елдегі индустриялық-инновациялық серпінділіктің локомотиві болуға тиіс. Сондай-ақ бұл холдинг қолда бар ұлттық активтерді басқарып қана қоймай, оларды құратын да тиімді компания болуы тиіс.

Аталған холдинг мемлекеттік активтерді басқару құқына ие бола отырып, отандық нарықтағы қаржыландыруды қажет ететін серпінді инвестициялық және инновациялық жобаларды анықтаумен, сондай-ақ, белгіленген тәртіптерге сай ол жобаларды қаржыландырумен, болашағы бар инновациялық өнімдерді өткізетін «нарық қуыстарын» зерттеумен де айналысады деп күтілуде. Әрине, бұл жерде басты назар инновациялық жобалармен айналысуға қызығушылық туғызатын және оны қаржыландыруға қабілеті бар жеке секторды осы мақсатқа ынталандыру тетіктерін іске асыруға бағытталуы тиіс. Себебі, инновациялық жүйедегі мемлекеттік саясаттың мақсаты осы мақсатты жүзеге асыру үшін ұйымдық және экономикалық, соның iшiнде инвестициялар тартуды қамтамасыз ететiн жағдайлар жасау арқылы инновациялық қызметтi ынталандыру болып табылады.


  1. Инновациялық кластерлер.Кластердің негізгі мазмұны географиялық тұрғыда бір-біріне жақын орналасқан және өзара байланысты кәсіпорындардың, құрал-жабдықтармен, жабдықтармен, мамандандырылған өндірістік қызметтермен қамтамасыз етушілердің, инфрақұрылымның, ғылыми-ізденушілік орталықтардың, жоғары оқу орындарының және басқа да ұйымдардың нақты бір шаруашылық нәтижеге қол жеткізуге негізделген және жекелеген компаниялардың, сол кластердің, аймақтың немесе жалпы мемлекеттің бәсекелік артықшылықтарын арттыруға бағытталған тобын құру.

Жаңа тұжырымдамаға сәйкес, Қазақстандағы кластерлік саясат екі бағытта шоғырланатын болады. Біріншісі - дәстүрлі экономика секторларындағы ұлттық кластерлер (мұнай мен газды өндіру және қайта өңдеу технологияларының кластері, металлургия кластері, машина жасау кластері, химия өнеркәсібі кластері, туристік кластер, жеңіл өнеркәсіп кластері, агроөнеркәсіптік кешен кластері, көліктік-логистикалық кластер, балама энергетика кластері). Екіншісі - «Болашақ экономикасы» секторындағы кластерлер («Назарбаев университеті» ДБҰ кластері, «Инновациялық технологиялар паркі» кластері).

3) Аймақтық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және бизнес қағидаттарының негізінде ел өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында құрылып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 16 әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызмет етуде, олар:



  • «Ақтөбе» ӘКК» ҰК» АҚ (Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ.);

  • «Алматы» ӘКК» ҰК» АҚ (Алматы қ.);

  • «Атырау» ӘКК» ҰК» АҚ (Атырау облысы, Атырау қ.);

  • «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ (Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ.);

  • «Есіл» ӘКК» ҰК» АҚ (Ақмола облысы, Көкшетау қ.);

  • «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ (Алматы облысы, Талдықорған қ.);

  • «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ (Манғыстау облысы, Ақтау қ.);

  • «Қызылорда» ӘКК» ҰК» АҚ (Қызылорда облысы, Қызылорда қ.);

  • «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ (Батыс Қазақстан облысы, Орал қ.);

  • «Павлодар» ӘКК» ҰК» АҚ (Павлодар облысы, Павлодар қ.);

  • «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ (Қарағанды облысы, Қарағанды қ.);

  • «Солтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ (Солтүстік Қазақстан обл., Петропавл қ.);

  • «Тараз» ӘКК» ҰК» АҚ (Жамбыл облысы, Тараз қ.);

  • «Тобол» ӘКК» ҰК» АҚ (Қостанайоблысы, Қостанай қ.);

  • «Шымкент» ӘКК» ҰК» АҚ (ОңтүстікҚазақстаноблысы, Шымкент қ.);

  • «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ (Астана қ.).

Бүгінгікүні ӘКК-лерактивтердітиімдібасқаратын, инвестицияларды тарту арқылы өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті ынталандыратын, бәсекеге қабілетті тұрақты өндірістерді қалыптастыратын катализатор болып табылатын өңірлік даму институты ретінде қызмет жасайды.

Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қатысуымен акционерлік қоғам нысанында құрылған заңды тұлға. Ол мемлекеттік – жеке әріптестік қағидаттарында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырады, оның тапқан табысының бір бөлігі өз қызметін жүзеге асырып отырған өңірдің халқының мүддесінде әлеуметтік, экономикалық немесе мәдени жобаларды іске асыру үшін қайта инвестицияланады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар – өз қызметін өндірістен және тауарлар мен қызмет сатудан табыс табу мақсатында ұйымдастыратын, кәсіпкерлік қызметін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және бизнес қағидаттары негізінде жүзеге асыратын тұрлаулы бизнес құрылым. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың коммерциялық корпорациялардан басты айырмашылығы - олар алынған пайданы өздері мүддесін көздеп құрылған сол өңірдегі халықтың әлеуметтік, экономикалық немесе мәдени мақсаттары үшін қайтадан жұмсайды.



  1. Негізгі мақсаты ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа заңды тұлғалардың пакетін (қатысу үлестерін) басқару болып табылатын Ұлттық басқарушы холдингтік компаниялар. Бұл компаниялардың қызмет ету қағидасы мемлекеттік-жеке әріптестік шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Мемлекет өз тарапынан қаржылық, инфрақұрылымдық, салықтық, тарифтік, заңдастыру жеңілдіктерін ұсына отырып, олардың дамуын қолдаса, көшбасшы компаниялар экономиканың «локомотивтері» ретінде шағын және орта бизнестің жетілуіне, басқа да салалардың дамуына мультипликативті түрде әсер ете отырып, кәсіпкерлердің серпінді жобаларды жүзеге асыруын ынталандырулары тиіс.

4) Арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар.Арнайы экономикалық аймақ-қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын, дәл белгіленген шекаралары бар Қазақстан Республикасы аумағының бір бөлігі.

Сыртқы экономикалық байланыстарды жандандыру, аймақтарды тез дамыту, экономика салаларын қолдау және әлеуметтік мәселелерді шешу, инвестициялар, технологиялар, қазіргі заманғы менеджмент тарту, жоғары тиімдік және бәселестік қабілеті бар өндірістер құру мақсаттарында Қазақстан Республикасында 9 арнайы экономикалық аймақ құрылды, олар:



  1. «Астана – жаңақала» Астана қаласында;

  2. «Ақтаутеңіз порты»Маңғыстауоблысында;

  3. «Инновациялықтехнологияларпаркі» Алматы қаласында;

  4. «Оңтүстік»ОңтүстікҚазақстаноблысында;

  5. «Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі» Атырау облысында;

  6. «Бурабай»Ақмолаоблысында;

  7. «Павлодар» Павлодар қаласында;

  8. «Сарыарқа»Қарағандыоблысында;

  9. «Қорғас – Шығысқақпасы» Алматы облысында;

  10. «Тараз химиялық паркі»Таразқаласында.

Әлемдіктәжірибе АЭА құрухалықаралықтауарайналымыныңөсуі, инвестициялардыңшоғырландыруы, экономикалықпроцестердіңтереңделуінәтижесіндеэкономиканыңқарқындыөсуінеәсерететінфакторлардыңбіріболыптабылады.

Индустриялық аймақ - коммуникациялармен қамтамасыз етілген, мемлекет жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өнеркәсіп объектілерін орналастыру және пайдалану үшін беретін ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жер.

Индустриалды аймақтарда орналасқан кәсіпорындардың инновациялық өнімдерді өндіруі міндетті емес, яғни олардың қызметі дәстүрлі өндірістерге негізделе береді, бірақ бұл аймақта міндетті түрде өнім өндіру үрдісі орын алуы тиіс.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, индустриалды аймақтарда орналасқан көптеген кәсіпорындар кейіннен дәстүрлі өндірістен инновациялық өндіріске ауысып, қызметтерін жаңа технологиялар мен ғылыми білімдерге негіздей бастайды.

Мемлекеттің мұндай аймақтарды құру мақсаттарына, сондай-ақ бұл бағыттағы халықаралық тәжірибеге сай аталған аймақтар шеңберінде салықтық, кедендік жеңілдіктер қолданылатын болады. Мәселен, «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА-да қызмет етушілер үшін мынандай қолайлы жағдайлар қарастырылған: корпоративтік табыс салығынан босатылу; 100% шетелдік қатысу мүмкіндігі; импортталатын және экспортталатын тауарларға кеден салығының салынбауы; капитал салымына шектеудің болмауы; қосылған құн салығынан босатылу; жер және мүлік салықтарының салынбауы және т.б.



Әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы №874 Жарлығымен бекітілгенҚазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. - www.government.kz

  2. Қазақстан Республикасының «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы №534-IV заңы. - http://adilet.zan.kz/

  3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы. - www.akorda.kz

  4. Әмірбекұлы Е. Инновациялық бизнес: оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2015. – 240 б.

  5. Фатхутдинов Р.А. Инновационный менеджмент: учебник. – СПб.: Питер, 2008. – 448 с.


Резюме

В данной статье рассматриваются центры индустриально-инновационного развития национальной экономики: субъекты, класстеры, технологические бизнес инкубаторы, инновационный фонд, институты национального развития, корпорации, индустриальная зона и т.д.


Summary
This article discusses centers of industrial-innovative development of the national economy: actors, klastery, technology business incubators, innovation Fund, national development institutes, corporations, industrial zone, etc

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет